Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тренинг тақырыбы

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі

<<КЕЛІСЕМІН>> <<БЕКІТЕМІН>>
Директордың ҒӘІ Директордың ОІ
жөніндегі орынбасары жөніндегі орынбасары
________ Дыбысова Р.Т. ________Қуатова Р.Х.
<<_____>> __________2017 ж <<______>> __________2017 ж

<<Менің кәсіби өсуімдегі тәлімгер көмегі>>
тақырыбындағы жас мамандар арасында тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған апталығының аясында өткізілетін психологиялық тренингтің жоспары

Тақырыбы: <<Өмір құндылықтары>>

Курс: 2 ДП - 15Б

Дайындаған: Утешова Гулмира Очиловна, колледж педагог-психолог.

2017 жыл, сәуір

Тренингтің тақырыбы: <<Өмір құндылығы>>

Тренингтің мақсаты:
1.Әр жеке тұлғаның өз ортасында, өзге ортада еркін сезіне алуға, айналасындағылар мен қарым-қатынас орнатуға жаңа мүмкіндік табу.
2. Өз ойын ашық жеткізуге бір-бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу;
3. Жеке тұлғаның өзін тануы, жан-дүниесін басқара алуы, өмірдің мәнін ұғынып, өмірдегі өз орнын таба білуге ықпал жасау;
4. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психолоиялық - педагогикалық жағдай жасай отырып, өмірдің құндылығын ұғындыруға тәрбиелеу.

Тренингтің түрі: психологиялық тренинг сабақ.

Қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, А3 қағазы, түрлі-түсті қағаздар және т.б.

Тренинг ережесі жасау:
1. Өз ойын ашық айту
2. Өзгенің пікірін құрметтеу
3. Шынайылық
4. Белсенді әрекет ету
5. Өз сезімін басқара білу
6. Уақытпен санасу
7. Жазалау

Кері байланыс түрлері <<Алма ағашы>> әдісі

Оқушыларға тренинг басында екі түсті "алма" беріледі. Тренинг соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті АЛМА - мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл - күйім көтеріңкі. Қызыл түсті АЛМА - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл - күйім жоқ.

<<Өрмекші торы>> жаттығуы
Жүргізуші сөзі: Біз басқа адамдардың арасында өмір сүреміз. Басқа адамдардың пікірі біздің өзіміз туралы білімімізді молайта түседі. Кейде өзіміз туралы ойларымыз қоршаған адамдардың пікірімен сәйкес келеді, келмеуіде мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Өрмекші торы жаттығуы өзімізге басқа адамдардың көзімен қарауға көмектеседі.

<<Тренингтің тақырыбын тап>> әдісі
Қатысушыларға тақырыпқа байланысты бірнеше сөз беріледі. Ортаға шығып екі студент тақырыпқа байланысты сөздерді іс-қимыл арқылы баяндайды.

Тренинг тақырыбы: <<Өмір құндылығы>>
Адам - ең жоғарғы құндылық. Еліміз егемендік алғаннан кейін адамды ең жоғары құндылық ретінде бағалау қалыптаса бастады. Адамның бар құндылығы - оның өмірі. Ол адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т.б.
Адамның өмір сүру барысындағы қолданатын тәсілінде оның түрлі қажеттіліктері, ақыл-ойының қалыптасуы, еркіндік жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыруы және болжамы анықталады. Оның іс-әрекеті және сол арқылы адамның қалыптасуы мен дамуы өз шешімін табады. Адам- дүниені өзгертуші күш.
Орыс жазушысы К. Г. Паустовский: <<Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады>>;
Куба жазушысы, саяси қайраткер Х.Марти: <<Адам бола білу - ең қиын мамандық>> - деп жазған. Ең ұлы жеңіс- өзіңді-өзің жеңу. Өзіне-өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан мықты.

<<Құймақ>> жаттығуы

<<Топтық жұмыс>> сұрақ - жауап әдісі
Өмір мәні неде?
Біз өмірдің мақсатын қалай табар едік?
Өмірге разы болуым үшін не істеуім керек?

Өмір туралы өсиет әңгіме

<<Мен және менің қымбаттыларым>> жаттығуы

<<Мінезіңізді анықтайық>> арттерапиясы

<<Ми батпақ>> жаттығуы

<<Қандай алманы таңдайсыз>> жаттығуы

<<Алма ағашы>> кері байланыс.

Қорытынды:
<<Өмір деген - бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін - ұлы бекет жолдағы>>. /М.Мақатаев/
<<Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау>> /Дж.Неру/

Алладан сезіне жүріп күнді ұлық,
Жақсы адам болам деген, тұрды үміт.
Жасымыздан жасанды болмас үшін
Керек бізге қариядан құндылық.
Құндылықтан саналы ой, жиғам дерек,
Үлкенменен кішіні сыйлау бөлек.
Құнды сөзден құнды қалдық қалу үшін
Адамдарға ең бірінші - Имани тәрбие керек.

Ұқсас жұмыстар
Келіспеушілікке кіріспе
Заманауй кітапхана және ақпараттық кеңістік
Бақытым да,байлығым да-отбасым ( тренинг сабақ)
Сиқырлы жұмыртқа
Псиологиялық тренинг, оның мақсаты, ережелері мен заңы
Лагерьдегі қызықты күн
Психологиялық тренинг
"дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі" ұстаздар арасындағы тренинг
"мен және менің ортам " тренинг сабақ 9-10-11 сынып
Дүниетану пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспар. 2 сынып
Пәндер