Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ислам - бейбітшілік діні

Жат ағымдардың кесірі
Соңғы оң жылдың ішінде діни ағымдар, олармен байланысы бар
экстемистік құбылыстар туралы естиміз. Осы бағытта әр түрліэкстримистік және терористік ұйымдар пайда болып, жаһандық қауіпсіздік үшін үлкен қауіп төндіруде. Бұл мәселе бүкіл әлемге ортақ індет болғандықтан және ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен ішкі саяси тұрақтылығы үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналуда. Еліміздің тыныштығы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" Мерзімді даму стратегиясының 7 басымдылығының алғашқы екеуіне тікелей байланысты фактор болып табылады. Сондықтан біз бұл мәселені қозғаудамыз. Бүгінгі айтылатын екі ұғымның да исламға ешқандай қатысы жоқ. Ислам сөзі арабтың тыныштық, бейбітшілік деген ұғымды білдіреді.
Діни экстремизм - діни жамылғы жамылған, діни қызығушылыққа мемлекеттік құрылымға күш қолдану арқылы, билікті күшпен басып алу, мемлекеттің тұтастығына, егемендігіне нұқсан келтіретін, осы мақсатқа сәйкес діни қастандықты қоздыратын іс-әрекет. Діни экстремизм - бұл діннің шекті көзқарас пен іс-әрекетке бағытталуы. Осындай экстремизмнің негізін күш қолдану, қатыгездік, агрессия құрайды.
Діни экстремизм - бұл діни ықпалдастырылған іс-әрекет, осы мақсатта діни қастандықты, жеккөрушілікті қоздырушы, егемендікті және мемлекеттің территориялдық біртұтастығын бұзуға бағытталады.
Соңғы уақытта елімізде жауыздық әрекетттерін жасап, жұрттың тыныштығын бұзған теріс ағымда жүрген жастардың әркекеті де діни білімсіздіктен шыққан айдан анық көрінуде. Сол себепті, қазіргі таңда жастарымыздың діни білімді болуы және де жат ағымдардан сақ болуы өте маңызды.
Ислам - бейбітшілік діні. Кешегі ата-бабаларымыздың да ұстанған дінімен жүріп өткен жолы, қастандық пен зомбылыққа итеретін емес, керісінше, мейірімділік пен бауырмалдыққа итермелейтін дін еді. Пайғамбарымыздың <<нағыз момын өзге адамға тілімен де, қолымен де зиян тигізбеген адам>> деген мүбарак сөздері шынайы мұсылман адамның келбетін айқындап отыр.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлының <<Жастар біздің болашағымыз>> дегендей, бүгінгі күндегі жастармыздың жат ағымның жетегінен еріп кетпей, олардың санасында дұрыс идеологияның қалыптасуына, теріс бағытта ұстанып жүрген діншілердің олжасына түсіп қалмай, болашақ тәуелсіз елімізге адал қызмет ететін азаматтардың қатарында өсулеріне барынша ат салысуымыз қажет.

Ұқсас жұмыстар
Діни ағымдардан аулақ болайық
Тегіміз Түркі, дініміз - Ислам
Ислам діні, ислам сөзі дегенді қалай түсінесің
Ислам дінінің пайда болуы және таралуы жайлы ақпарат
Ислам дінің бес парызын ата
Қазақ халқының алғашқы сенімдері
Қыз бала тәрбиесі туралы
Ислам дініндегі шариғат сөзінің мағынасы
Күнтізбелік жоспар 9 сынып дінтану негіздері
Ислам дінінің ерекшелігіне назарларын аудару
Пәндер