Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ тарихының әліппесі

Жалпы білім беретін мектептердің 6-7 сынып оқушыларына арналған <<Тарихи таным>> факультативтік курсының бағдарламасы.
Түсінік хат
1. <<Тарихи таным>> факультативтік курсының оқу бағдарламасы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған ережеге сәйкес әзірленді.
2. Курсты оқытудың мақсаты - оқушылардың төл тарихымыздың әліппесін оқып білу арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.
3. Курсты оқытудың міндеттері:
а) әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат дамуына үлес қосқан <<Ұлы Дала>> қағандықтары, көсемдері туралы білімін қалыптастыру әрі жетілдіру;
ә) оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, ондағы тарихи тұлғалар туралы біле отырып, өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;
б) тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру;
4. Курсты оқыту барысында төмендегі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
а) <<Қазақстан тарихымен>>, <<Ұлы Дала>> төсінде болған тарихи оқиғаларды білу;
ә) <<Географиямен>>, тарихи оқиғалардың болған территориясы, тарихи тұлғалардың шыққан жері туралы білу;
б) <<Қазақ әдебиетімен>>, орта ғасырлардағы ғұламалардың және Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының тарихи шығармаларымен танысу.
5. Күтілетін нәтиже:
Қазақ даласындағы ежелгі мемлекеттер, қағандықтар, тарихи тұлғалар, өркениеттер туралы материалдарды оқып үйрене отырып оқушылардың танымдық өрісі кеңейеді, өзіндік пікірі қалыптасады.
Рухани мол қазына жинақтайды, тарихи деректермен жұмыс жасауды үйренеді.
Өмірге деген белсенді, саналы көзқарасы қалыптасады.
6. Курсты аяқтау формасы: әр тоқсанның аяғында сынақ тапсыру (талдау, зерттеу, өзіндік жұмыс, тест негізінде).
7. Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1сағат, оқу жылына 34 сағат.

Реті
Сабақ тақырыбы
Сағат саны
Өтілу түрі
1
Кіріспе. <<Тарих>> ұғымы
1
Әңгіме-сұхбат
2
Сақ әулеті
1
Презентация
3
Ғұн ұлысы
1
Дәріс
4
Түркілер қағанаты
1
Сайыс
5
Ұйғыр қағанаты (Шығыс түркілері)
1
Дәріс
6
Хазарлар
1
Әңгіме-сұхбат
7
Авар қағанаты
1
Сайыс
8
Бұлғар қағанаты
1
Ізденіс
9
Қорытынды сынақ (Терминдермен жұмыс)
1
Талдау
10
Жужандар
1
Дәріс
11
Қараханидтер
1
Презентация
12
Қарахан ескерткіштері
1
Сайыс
13
Наймандар мен керілер
1
Кестемен жұмыс
14
Хорезмшах мемлекеті
1
Ізденіс
15
Салжұқ сұлтандығы
1
Презентация
16
Қорытынды сынақ (Өзіндік жұмыс)
1
Талдау
17
Қыпшақтар (Половецтер, дештілер)
1
Дәріс
18
Ұлы Жібек жолы
1
Зерттеу
19
Моғол әулеті
1
Ізденіс
20
Бабыр шах
1
Әңгіме-сұхбат
21
Орта Азия қалалары, мәдениеті
1
Сайыс
22
Моңғолдар қазақ жерінде
1
Дәріс
23
Ұлы қаған Шыңғыс
1
Дәріс
24
Алтын Орда, Ақ Орда
1
Ізденіс
25
Ұлы Темір ұлысы
1
Сайыс
26
Қорытынды сынақ (Зерттеу)
1
Талдау
27
Қазақ хандығы
1
Презентация
28
Жәнібек пен Керей
1
Дәріс
29
Қасым, Мұрындық хандар
1
Сайыс
30
Есім жәнеТәуке хан
1
Дәріс
31
Абылай және Кенесары хан
1
Кестемен жұмыс
32
Қазақ халқының мәдениеті
1
Дәріс
33
Қазақ шежіресі
1
Әңгіме-сұхбат
34
Қорытынды сынақ ( Терминдермен жұмыс)
1
Талдау

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қ. Жалайыр. <<Шежірелер жинағы>>. Алматы, 1997 жыл
2. Ч.Мусин. <<Қазақстан тарихы>>. Алматы, 2000жыл.
3. <<Қазақ тарихы>> әдістемелік журналдары 2014-2016 жылдар.
4. <<Қазақ тарихының әліппесі>>. Алматы, <<Қазақстан>>-1995жыл
5. <<Көшпелілер тарихы>>. Алматы, 1995 жыл
6. Н.Ә.Назарбаев.<<Тарих толқынында>>. Алматы, 2002жыл.
7. Гумилев Л. Н. <<Көне түріктер>>. Алматы, 1994 жыл.
8. Б. Қожабекұлы. <<Тарихи таным>> Алматы, 1994 жыл

Қожанов Бауыржан Аманжолұлы,
Б. Соқпақбаев атындағы орта мектептің тарих, құқық пәндерінің мұғалімі.
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Нарынқол ауылы

Ұқсас жұмыстар
Абайтану курсы
Ахмет байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық мұрасы
Ақпаратты кодтау туралы
Әріптер қалай пайда болған
Тіл ұлттың жаны лездеме
Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері және басқа ғылымдармен байланысы
Ә.Дүйсенбиев Не деу керек Буын
Жер тарихының шежіресі
Ежелгі дәуір әдебиеті
Қыз бала одан
Пәндер