Ертегілер еліндегі ғажайып математика - Маша мен аю ертегісі арқылы бастапқы математикалық түсініктер мен санау дағдыларын дамыту

Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі ғажайып математика»

Мақсаты: Білімдерін тиянақтау.

Білімділік: балалардың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, ертегі желісі бойынша берілген тапсырмаларды дұрыс орындай білуге, сандарды тура және кері санай білуге үйрету.

Дамытушылық: лонгикалық ойындар арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ойынды шарты бойынша ойнай білуге, ұйымшыл, шапшаң болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Слайд бойынша суреттер көрсету.

Тәрбиеші: - Балалар бүгін бізде ерекше оқу іс - әрекеті. Бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері.

Балалар: Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің ісі ғой.

Ал, кәнекей, бәріміз.

Сәлем, - дейік үлкенге.

Қайырлы таң, қонақтар!

Қайырблы таң, балалар!

Тәрбиеші: - жарайсыздар, балалар! Ендеше орындарымызға жайғасып алайық.

-Бүгін біздің өтетін оқу іс - әрекетіміз: көркем әдебиет және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

-Ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Ертегілер еліндегі ғажайып математика».

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: -Көктем мезгілі.

Тәрбиеші: -Көктем мезгілінде неше ай бар?

Балалар: -Үш ай бар.

Тәрбиеші: - Қане атап беріңдерші?

Балалар: - Наурыз, сәуір, мамыр.

Тәрбиеші: -Жарайсыздар, балалар!

-Балалар, сендер қандай ертегілерді білесіздер?

Балалар: - «Бауырсақ», «Жеті лақ», «Қызыл телпек», «Шалқан», «Маша мен аю».

Тәрбиеші: -Ендеше «Маша мен аю» ертегісін тамашалайық.

-Ертеде Маша мен аю болыпты. Машаның үлкен зәулім сарайы болыпты. Ол үлкен сарайда жалғыз тұрыпты.

Маша: -Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: -Сәлеметсізбе!

Тәрбиеші: -Маша сәлеметсіңбе! Балалар Машаға не болған көңіл - күйі жоқ қой.

-Маша саған не болды? Өңің қашып кетіпті ғой.

Маша: -Мен зәулім сарайда жалғыз тұрып шаршадым. Ішім әбден пысып кетті. Мен өзіме адал әрі жақсы дос іздеп жүрмін. Енді не істер екенмін.

Осы сәтте біреу есік қағады.

Тәрбиеші: -Балалар есік қағып тұрған кім болды екен, мен қарайын.

Аю: -Кім бар мұнда? Рұқсат болса кірейін.

Тәрбиеші: -Сәлеметсің бе, аю! Сен мұнда қайдан жүрсің?

Аю: -Сәлеметсіңдерме, балалар! Менің паналайтын жерім жоқ. Қазір көктем мезгілі ғой. Жаңбыр жиі жауып, тау шыңындағы қарлар еріп апаным жермен жексен болды. Енді қатты ұйқым келіп тұр, мен осында ұйықтап алайыншы.

Тәрбиеші: -Аю сен жақсы келдің, Маша өзіне жақсы дос іздеп жүр. Одан да машамен дос болсаңшы.

Маша: -Маған ұйықтайтын емес, асыр салып менімен ойнайтын дос керек.

Тәрбиеші: -Маша міне саған ойнайтын доста табылды.

Аю: -Маша мен сенімен дос болайыншы.

Маша: -Аю сен менімен дос болғың келсе, менің саған қояр шартым бар. Мен саған 5 тапсырма беремін, соның барлығын орындасаң ғана сарайға кіргізіп, сенімен дос боламын. Ендеше тапсырмаларды орындауға дайынсың ба?

Аю: -Тырысып көрейін. Сен мені қатты қинама.

-Балалар, сендер маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: -Балалар аюға көмектесеміз бе?

Балалар: -Иә, көмектесеміз.

1 - тапсырма.

Маша: Алма ағашта 3 алма,

Қандай жақсы жесе алма.

Үшеуінде де жеп қойсаң,

Қалады сонда неше алма?

Аю басын шайқап ойланып тұрады.

Тәрбиеші: -Балалар барлық алманы жеп қойсақ қанша алма қалады?

Балалар: -Ешқандай алма қалмайды.

Аю: -Маша ешқандай алма қалмайды.
Маша: -Жарадың аю. Ал, енді екінші тапсырмамды орындап көр.

2 - тапсырма.

1 - ден 3 - ке дейін тура санап берші.

Аю: -Балалар мен санауды білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Қане балалар барлығымыз бірге 1 - 3 ке дейін санайық.

Балалар аюмен бірге санайды.

Тәрбиеші: -жарайсыздар, балалар!

Маша: -аю кезек үшінші тапсырмаға келді. Дұрыстап ойланып жауап бер.

3 - тапсырма.

-Ал, енді сен маған санамақ айтып берші.

Аю: -Балалар мен өзім айтып көрейін. Машаны бір таңқалдырайын.

Санамақ: Бір дегенім бесік,

Шықтың содан өсіп.

Екі дегенім елім,

Өзен, туым, көлім.

Үш дегенім үміт,

Үміт артар жігіт.

Тәрбиеші: -Жарайсың, аю! Маша аю өте тамаша санамақ айтты, балалардың көмегінсіз өзі айтып берді.

Маша: -Иә, аю өте батыл екен.

Аю: -маша сен мені қинай бердің ғой, мен сәл ұйқымды ашып, балалармен бойымды жазып алғым келіп тұр.

-Балалар шаршадыңдар ма?

Балалар: -Иә, шаршадық.

Маша: - Олай болса манің төртінші тапсырмам өте қызықты. Ендеше экранға назар аударайық.

4 - тапсырма.

Сергіту сәті: видео ролик арқылы.

Тәрбиеші: -Жарайсыздар, балалар!

Маша: -Өте тамаша, көңіл - күйлерің көтеріліп, тапсырманы жақсы орын дап шықтыңдар. Аю соңғы тапсырмам қалды.

5 - тапсырма.

-Мына геометриялық пішіндерді орнына орналастыр.

Аю: -Балалар маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: -Көмектесеміз.

Тәрбиеші: -Балалар алдарыңда ақ қағазда пішіндердің суреті бейнеленген. Ал табақшадағы пішіндерді ақ қағазда орналасқан орнын мұқият қарап, дұрыс орналастыруларың керек.

Аю: -Балалар мен баражатырмын.

Аю мен балалар тапсырманы орындайды.

Маша: -Болдыңдырма балалар, енді мен тексеріп шығамын.

Маша барлық балалардың жұмысын тексеріп, өте жақсы жасалған жұмыстарды көріп қуанады.

Маша: -жарайсыңдар, балалар, аю! Аю сен барлық тапсырманы жақсы орындап шықтың. Адал дос болуға лайық екенсің, ендеше жүр екеуіміз менің үлкен сарайыма барып бірге тұрайық.

Аю: -Маша екеуіміз балалармен ойын ойнайықшы.

-Балалар ойын ойнаймыз ба?

Балалар: -Иә, ойнаймыз.


Ұқсас жұмыстар
Мектепалды даярлық тобына арналған Шалқан ертегісі негізіндегі кеңістікті бағдарлау мен бастапқы математика сабағы
Шаршаны санау: логикалық есептер арқылы математикалық ойлауды дамыту
Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған Білімпаздар еліндегі Математика патшалығына саяхат атты театрландырылған математикалық бағдарлама
Он көлеміндегі сандардың құрамын пысықтау: 1-10 тура және кері санау, ауызша есеп дағдыларын дамыту
Математика сабағы: Математикалық кәсіпкер ойыны арқылы экономикалық ұғымдар мен логикалық дағдыларды дамыту
Дайындық тобының математикасы: бауырсақ ертегісі арқылы математикалық білімді тиянақтау
№37 Бәйтерек балабақшасының оқу іс-әрекет жоспары: Ертегілер еліне саяхат - Үйшік ертегісін сахналау арқылы тілдік және шығармашылық дағдыларды дамыту
Үйшік ертегісі: сызықтар мен нүктелер арқылы үйшікті бейнелеу және негізгі түстерді ажырата білуді дамыту
Бауырсақ ертегісі негізінде жұптық рөлдік ойын арқылы балалардың тілдік, ойлау және әлеуметтік дағдыларын дамыту
Ғажайып математика: 5-ке дейінгі санау және геометриялық пішіндерді меңгертуге арналған балабақшада оқу-іс әрекетінің ашық жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz