Ерте жас тобының сөйлеуді дамыту бойынша технологиялық карта №23: Біз көңілді көжекпіз

«Ерте жас» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметіннің

технологиялық № 23 картасы

Тобы: « Ерте жас тобы»

Күні: 20. 01. 2017 жыл

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: « Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: «Біз көңілді көжекпіз»

Мақсаты: Балалардың тілдік қорын молайту, сөздіктерді дұрыс айтуға және өз ойын еркін білдіруге, сөздерді қайталауға дағдыландыру.

Әдіс-тәсідері: тосын сәт, жұмбақ, қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, сөйлету, сұрақ-жауап, қимылды ойын, мадақтау.

Көрнекілігі: суреттер, жұмсақ ойыншықтар

Сөздік жұмыс: сәбіз, көжек, қоян

Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Қызмет кезеңдері:

Мотивациялық

Ұйымдастырушы

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылсын

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Ал қанекей бәріміз

Сәлем -дейік үлкенге

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста ауа -райы қандай болады?

-Қыста не жауады?

-Қардың түсі қандай болады?

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар сәлемдесу сәтін қосыла айтады

-қыс мезгілі

-суық, аяз болады

-қар жауады

-ақ болады

Қызмет кезеңдері: Іздену ұйымдастырушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Жұмбақ:

Екі ұзын құлағы

Секіріп ол шабады.

-Балалар мына ойыншықтардың ішінен кім маған қоянды тауып береді?

Тәрбиеші балаларға қоянды көрсете отырып, түсінік береді және дене мүшелерімен таныстырады, қоянның баласы көжек екенін айтып өтеді.

Тосын сәт:

Қоян көжегімен келеді.

Қоян: -Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен таныдыңдар ма? Мен кіммін?

-Менің түсім қандай?

-Менің құлағым қандай?

-Балалар, ал мен немен қоректенемін?

-балалар мынау менің көжегім, қайталап айтайықшы?

-балалар менің көжегімнің қарны ашып тұр, оған сәбіз жинауға көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші : -Қане, балалар олай болса көжекке көмектесейік, өоян секілді секіріп, анау тұрған бау -бақшадан сәбіз жинап келейік.

Қимылды ойын:

«Сәбіз жина»

Қоян: -Балалар сендерге көп-көп рахмет, енді біз үйімізге кетейік, сендер жинап берген сәбіздерді көжегіме пісіріп берейін, сау болыңдар балалар .

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы -қырлы жерлермен

Ыртқып -ыртқып жүгірді

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан тоңпандап

Көжегі екен өзінің .

Балалардың іс-әрекеті:

Қоян

Біреу шығып қочһянды тауып береді

-қоян

-ақ

-ұзын

-сәбіз

-көжек

-иә

-балалар ойын ойнағысы кеп дайындалады

- Сау болыңыздар

-балалар сергіту сәтіне қатынасты(қимылдармен жасап)

Қызмет кезеңдері: Рефлексивті коррекциялаушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Суретпен жұмыс:

-Балалар біз бүгін немен таныстық, бізге кімдер қонаққа келді?

-Енді балалар бәріміз мына суретке назар аударайық?

-Мына жерде қоянның қандай мүшелері жоқ екен, қараңдаршы?

-Дұрыс айтасыңдар балалар!

-Қане, кім маған қоянның құлағын тауып береді?Біреуі шығып қоянның құлағын тауып береді?

-Балалар сендердің құлақтарын қане?

-Ал, енді кім маған қоянның қолын тауып береді?Екінші бала шығып қоянның қолын тауып береді?

-Ал сендердің қолдарын нешеу?

-Балалар енді қоянның қандай дене мүшелері жетіспейді?

Дұрыс айтасыңдар, балалар.

-Ал, енді қоянның аяғын кім тауып береді?

Үшінші бала шығып қоянның аяғын тауып береді.

-Балалар енді сендердің аяқтарын қане?

-Міне балалар көрдіңдер ме, қоянның да сендер сияқты екі ұүлағы, екі көзі, екі қолы, екі аяғы бар екен.

-Міне, балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде жақсы, өте тамаша қатынастыңдар.

-Енді балалар қонақтармен қоштасар сәтте келіп қалды, қане бәріміз қонақтарға сау болыңдыздар деп айтайық.

Балалардың іс-әрекеті:

-Қоян көжегімен келді

Құлағы, қолы, аяғы

-Құлақтарын көрсетеді

-қолдарын көрсетеді

-ағяғы

аяқтарын көрсетеді

Сау болыңыздар .

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қоянның түсін, дене мүшелерін және көжегімен танысты.

Түсінеді : Қоянның немен қоректенетінін, қалай секіретінін түсінеді.

Қолдана біледі: Тілдік қоры дамыды.


Ұқсас жұмыстар
Балапан тобының ерте жас балаларға арналған көркем әдебиет технологиялық карталары
Тіл дамыту бойынша технологиялық карта: Түлкі мен тырна ертегісі
Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Көңілді қыс
7-сынып биологиясы. Технологиялық карта №3 (ауызша): §23 Гүлді өсімдіктердің маңызы және топтарға бөлінуі
Көңілді ойындар тақырыбындағы сенсорикаға арналған технологиялық карта: түстер мен көлемге қарай топтастыру арқылы ұсақ қол моторикасы мен ұйымшылдықты дамыту
Технологиялық карта бойынша ағаш балға жасау технологиясы
Мектепалды даярлық тобы: Сан құрамы тақырыбы бойынша технологиялық карта
Информатика пәнінде деңгейлеп-саралап оқыту: технологиялық карта және сыни ойлауды дамыту
Математика пәні бойынша технологиялық карта: Қызыл телпек бізде қонақта
Сөйлеуді дамытуға арналған оқу қызметі: Көңілді көліктер - көліктердің түрлері мен қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz