Затқа қарап бейнелеу (натюрморт): сабақ жоспары

Күні:

Сынып:

Сабақтың тақырыбы: Затқа қарап бейнелеу (натюрморт)

Сабақтың түрі: Жазықтықта бейнелеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде заттың өзіне қарап бейнелеуге баулу. Затты бір - бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету. Көркем бейнелеу ерекшеліктерін түсіне білу, композиция құра білу дағдыларын дамыту. Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысында игеруге тиісті проблемалар: пішін сұлулығы пропорциясы, түстін үйлесімділік.
Көрнекі құралдар: Арнайы қойылым заттары, бояулар түсінің реттік тәртібін көрсететін суретшілер шығармаларының иллюстрациялары т. б.
Оқушылар үшін: ақ қағаз, акварель бояу, қыл қалам, су құятын ыдыс, карандаш бояулар езуге араластыруға қажетті ақ түсті пластикалық тақтайша. (15х15см) (палитра)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тізім бойынша үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1. «Натюрморт» дегеніміз не?
2. «Натюрморт» қай елдің сөзі, мағынасы қандай ұғымды білдіреді?
3. «Натрюморт» қай ғасырда, қай елде алғаш пайда болды?
4. Қағаз бетін қалай таңдап аламыз?
5. Колепоновка дегеніміз не?

Сұрақтардың жауабы:
1. «Натюрморт» дегеніміз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген көркем шығарма.
2. «Натюрморт» - француз сөзі дәлме - дәл мағынасы. «Өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.
3. «Натюрморт» алғаш рет УІІ ғасыр басында Голландияда пайда болды.
4. Қағаз бетін заттар мен бұйымдардың көлеміне байланысты таңдап аламыз. (тігінен немесе көлденеңінен)
5. Компоновка дегеніміз - орындалатын жұмыста жоспарлау. Яғни қағаз бетіне дұрыс орналастыру.

Оқушыларға қойылатын талаптар:
1. Заттың суретін бір - бірімен салыстыра отырып бейнелеу.
2. Әр затты өзінің табиғи түсімен бояу.
3. Жарық пен көлеңкені ажырата отырып бояу.
4. Жұмыс барысында (бояу барысында) заттың көлемін көрсете білу.

Практикалық жұмыс:
Жұмыс барысында оқушыларды қадағалап, ұдайы көмек көрсетіп отыру. Оқушыларға заттар мен бұйымдардың көлемін салыстырып, бояу түстеріне көңіл бөлдіртіп талдау жасату.
- пішіні қандай заттар?
- Бояу түстері қандай деген сұрақтарды қоя отырып, жұмыс істеулеріне көмектесу. Суретін салып болған оқушылардың жұмысын тексеріп, қателер болса түзетіп отыру. Оларға салынған суретті бояуға рұқсат етіп, жұмыстарын жалғастыру. Сабақ барысында жұмысы дұрыс бағытта орындалған оқушының жұмысын сынып оқушыларына көрсетіп отыру

Сабақты қорыту:
Сабақ соңына қарай оқушының жұмысына таңдау жасап, бағалау.
1. Берілген бұйымдармен, заттардың дұрыс белгіленуі
2. Бояу түстерінің үйлесімділігі.
3. Бояу арқылы заттардың көлемін көрсете білулері. т. б.
4. Оқушылардың жұмысын бағалау.
Үйге тапсырма:
Заттын өзіне қарай бейнелеу. Екі - үш заттардан тұратын натюрморт.


Ұқсас жұмыстар
2-сынып бейнелеу өнері: Күзгі бұтақ - затқа қарап графикалық натюрмортты салу
Бейнелеу өнері мен сызу пәні: Натюрморт жанры бойынша сабақ жоспары
Ертегіге саяхат және натюрморт: бейнелеу өнері сабақтарының жоспарлары
4-сыныпқа арналған бейнелеу өнері сабағы: Натюрморт - ыдыс-аяқтың формасы мен жарық-қөлеңкені бейнелеу
Бейнелеу өнері сабақ жоспары: портрет жанры және штрих техникасы арқылы натюрморт
5-6 сыныптарға арналған бейнелеу өнері: күзгі пейзаж және натюрморт (акварель, гуашь)
Кескіндеме өнері: натюрморт жанры бойынша сабақ жоспары
Қыш ыдыс пен алма: натюрморт салу бойынша сабақ жоспары
Штрихтау (натюрморт) бойынша аукцион форматындағы сабақ жоспары
3 «А» сыныпқа арналған бейнелеу өнері сабақ жоспары: Спорттық бұйымдарды бейнелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz