Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қоян сүйек

Тәрбиеші: Искакова Кунсулу Туребаевна
Білім саласы: Әлеуметтік
Кіші саласы: Экология негідері
Тақырыбы: Жануарлар әлемі
Сабақтың мақсаты: 1 Жабайы жануарлар мен үй жануарлары туралы ой қиялын дамыту,
Жағдаят жолдарын шешуді үйрету,
2 Байланыстырып сөйлеу,тіл байлығын дамыту,антоним сөздерді дамыту,
3 Балаларды жануарларға деген қайырылымдылыққа тәрбиелеу,
Көрнекіліктер: Кеме макеті, жабайы жануарлар мен үй жануарларының төлдерінін суреттері,
Билингвальді комп: Жануарлар - животные
Сабақтың барысы: Біз қандаймыз,қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжеуді білмейміз
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым,
Күлімдеп шыққан күнге!
(Шапалақта қуанайық)
Балалар бүгінгі күніміз ерекше, біз орманға аралға барамыз, аралға кемемен барамыз балалар (кемеге мінеді)
Тәрбиеші: Сендер қандай жануарларды білесіндер?
Балалар: -Қоян, қасқыр, сиыр, қой т,б,
Тәрбиеші:: -Ия міне біздер аралға келдік, біз келген аралда әртүлі жануарлар мекендейді екен,
Балалар: Жануарлар жабайы және үй жануарлары болып бөлінеді екен ғой,
Ал мына жерде үй жануарлары мен жабайы жануарлардың төлдері араласып кетіпті.
Қане, балалар жануарлар мекендейтін аралдың жақсы жағын айтайықшы,
Балалар: Аралда көптеген ағаштар бар,сондықтан ауасы таза, аралға жуынуға болады,
Саңырауқұлақтар көп екен, балықтар бар екен, аралда әдемі құстар, көбелектер ұшып жүр,
гүлдер өсіп тұр, Тәрбиеші: Ал енді балалар әрдайым жақсы бола бермейді ғой, аралдың жаман жағын айтайықшы.
Төлдер кішкентай аралға батып кетуі мүмкін, оларды жабайы жануарлар жеп қояды,
Егерде олар ауырып қалса,ешкім көмектеспейді,себебі дәрігерлер жоқ.
(осы кезде төлдердің дауысы естіледі мә-мә, бізді жабайы жануарлар жегелі жатыр)
Тәрбиеші: Ой балалар енді қалай құтқарамыз, төлдерді жабайы жануарлар жеп қояды ғой,
Маған бір ой келді, төлдерді біз сыйқырлап тез өсірейік, сендер қалай ойлайсыңдар,
Ол үшін қандай сөз айту керек,
Балалар: 1,2,3,төлдер тез өс!
(сиқырлы сөзден кейін д/о `'Төлдер қандай жануарларға айналғанын ата'' )
Ол үшін;Бұзау өскенде қандай жануар болады? -- Сиыр
Құлыншақ -------------------------------------------?--Жылқы
Қозы---------------------------------------------------? -- Қой
Лақ-----------------------------------------------------? -- Ешкі
Бота-----------------------------------------------------? -- Түйе
Марғау--------------------------------------------------? -- Мысык
Күшік----------------------------------------------------? -- Ит болады
Міне біз төлдерді өсірдік,енді өздері жабайы жануарлардан сақтанады,
Тәрбиеші: Мына жерде жабайы жануарлар тамақ жегілері келіп тұр, менің қолымда алма бар мана алып шығып едім,
Қалай ойлайсыңдар қандай жануарлар алма жейді екен, ол үшін д/о `'Кім немен қоректенеді ''?
Сызба арқылы тамақтандырамыз
Аю алма
Қоян сүйек
Түлкі саңырауқұлақ
Қасқыр сәбіз
Тиін печение
Кірпі бал

Сергітіу сәті;
Қимылды жаттығу,
Мен бір жануардың суретін көрсетемін, сіздер қимылын көрсетесіңдер,
Аю қорбандайды
Қоян секіреді
Түлкі жылмандайды
Қасқыр ырылдайды
Тәрбиеші: Балалар мына арал тұрғындары бақытты, тоқ,т ыныш өмір сүріп жатыр. Бірақ,оларға бір нәрсе жетіспейтін сияқты. Ол не екенін кім айтады?
Балалар: ''Достық''
Тәрбиеші: Олай болса үй жануарлары мен жабайы жануарларды достастырайық
1 -- бала;Ит,мен сені түлкімен достастырғым келеді,Ол өйткені үлпілдек,қу,шапшаң,
2 -- бала;Аю,мен сені сиырмен достастырғым келеді,Өйткені ол қоңыр түсті,Түстері ұқсайды,
3 -- бала;Қоян,мен сені ешкімен достастырғым келеді,Өйткені ол ақ түсті анқау,
4 -- бала;Кірпі,мен сені жылқымен достастырғым келеді,Өйткені ол шапшаң,әдемі,жүйрік,
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар,енді аралдағы жануарларәрі қарай дос болады деп ойлаймыз,
Дос туралы мақал білесіңдерме балалар?
Балалар: Досы көпті, жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Тәрбиеші: Міне,балалар біз өте қызықты саяхат жасадық енді балабақшамызға қайтайық
/кемеге отырып қайтады/
Тәрбиеші: Біз қайда бардық?
Балалар: Жануарлар аралына
Тәрбиеші: Біз жануарларға қандай жағдай жасадық?
Балалар:Оларды достастырдық,
Тәрбиеші: Саяхат ұнадыма?
Балалар: Иә,ұнады.
Тәрбиеші: Сіздерге көп рахмет! Сау болыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Ақшақар достарын күтеді
Планеталардың жүретін жолы
Табиғатты аялайық жайлы ақпарат
Балықтар жайлы ақпарат
Сүйек өңдеу өнерінің түрлері
Сүйек типтері және олардың байланысуы
Сүйектің сынуы
Суйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Сүйек сынғанда, буын шыққанда және байламдар созылғанда алғашқы көмек көрсету
Балалардың туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу
Пәндер