Махаббат қызық мол жылдар романы

Сабақ жоспары
Ә. Нұршайықов"Махаббат қызық мол жылдар"
романындағы әйел тағдыры
АИ1 Әдебиетті оқу және түсіну;
АИ5 Автор мен кейіпкер табиғатын түсіну
Ұсынылған шығарманың тақырыбы мен мазмұнына анализ жасайды
Автордың негізгі ойын сол заманғы өмірмен байланыстырып, заман көрінісін түсінеді.
Оқушылардың барлығы: шығарманың тақырыбы мен мазмұнына анализ жасайды;
Оқушылардың көпшілігі: автор мен кейіпкер табиғатын талдай отырып түсінеді;
Оқушылардың кейбірі: автордың ойын сол замандағы өмір оқиғасымен байланыстырып сипаттайды.
Жетістік
критерийлері
Көркем шығарманың тақырыбы мен мазмұнына романды түсініп оқу арқылы анализ жасай алады;
Автордың негізгі ойын сол заманғы өмірмен байланыстырып сипаттайды;
Заман көрінісін кейіпкерлер арқылы түсінеді.
Тілдік
міндеттер
Оқушылар түсінеді және сипаттайды . . .
Құдай-ау, қайда сол жылдар , Махаббат, қызық мол жылдар,
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:
Менің байқағанымдай, . . . Менің ойымша, . . . Мен . . . ойлаймын
Осыған дейін
меңгерілген білім
Сабақтың бастапқы
кезеңі
5 мин
10 мин
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды шеңберге отырғызу; «Бүгінгі сабақты неден және қалай бастасақ?» деген сауал тастау арқылы оқушылардың ойларын біліп аламыз да, онда сабақты
«Сырласу клубы» деп ұйымдастырамыз.
Қызығушылықты ояту
Шығарма туралы «1 пікір»
Шығарма ұнады ма? Несімен?
Романның атына қызықтыңыз ба? Неліктен?
Ұнаған эпизод болды ма? Ол қандай эпизод?
Алдыңғы шығармалардан өзгешелігі бар ма? Дәлел.
Автор туралы көзқарасың қандай? Мен үшін . . .
Бұл кейіпкерлер туралы не айтасыз?
Өзі ақжарқын, кішіпейіл, адамгершілігі мол келіншек.
Бірден сыпайы сырбаз мінезімен өзін танытатын кім еді?
Сөйлесіп, көңіл көтеруге де жарамайтын адам.
Махаббатқа адал, шынайы сезім иесі . . .
Дәулетті әрі жиеркенішті әрекетімен танылған образ.
- Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын және жетістік критерийлерін таныстыру.
Сабақтан не күтіледі:
Автор мен шығарма туралы толық білетіндіктерін байқата алады.
Шығарма кейіпкерлерін оның мазмұнымен байланыстыра отырып баяндайды.
Жағдаятты сұрақтар дайындап, оған көркемдік тілмен жауап береді.
Ә. Нұршайықов
«Махаббат қызық мол жылдар» романы
Парақтар (А4)
маркер
Сабақтың ортасы
5 мин
20 мин
15 мин
10 мин
5 мин
5 мин
Мағынаны тану
«Әдеби шеңбер» әдісімен
Белгілеуші- шығарманың тақырыбы мен мазмұнына сай маңызын эпизодтарды табады.
Талқы себепшісі- сұрақ құрастырады.
Байланыстырушы- эпизодтағы көріністі шынайы өмірмен байланыстырады.
Қорытындылаушы- берілген үзінділердің немен аяқталғанына тоқталып, автордың позициясын анықтайды.
Суреттеуші- шығарманың бір кейіпкерін суреттеп жеткізеді.
Тапсырма
Белгілеуші
- Шығарманың алғашқы бөліміне көз жүгіртіп, романның жалпы тақырыбы мен мазмұнына қатысты ең маңызды бөліктерін атайды. (Олар қызықты, күлкілі, ой тудырарлық болуы да мүмкін) . 2.
- Бөліктерді өз топтарында дауыстап оқиды және олардың маңыздылығын талқылайды. Сыныппен бөлісіп, соның ішінен ең ұтымды деген бөліктерін таңдап алады.
Талқы себепшісі
1. Талқылайтын әдеби шығарма туралы маңызды деген 4-5 сұрақ құрастырады. Бұл сұрақтарда шығарманың тақырыбы мен берілген үзіндінің қамтылуын қадағалау керек. Құрылған сұрақтар талқыға және сараптамаға себеп болатын ашық сұрақ болуы тиіс.
2. Талдау кезінде жеңіл болу үшін осы сұрақтарға жауаптарын жазады.
Байланыстырушы
- Берілген үзіндіден сол заман көрінісі мен шынайы өмір арасындағы көріністердің байланысын анықтайды. Бұл оқиғаларға өзінің жеке өмірінен, мектепте болып жатқан іс-шаралардан, басқа адамдар өмірінен, күнделікті жаңалықтардан алынуы мүмкін.
Қорытындылаушы
Берілген үзінділердің мазмұнын қорытындылайды, шығарма композициясына тоқталады және шығарманың маңызды жерлерін атап өтеді. Шығарманың негізгі тақырыбын ашады. Автордың позициясын анықтайды.
Суреттеуші
Мәтінге қатысты нақты немесе абстрактілі сурет салады. Сурет салу қабілеті бұл жерде басты емес; мәтіннің басты оқиғасын немесе кейіпкерін суреттеп жеткізе алуы маңызды. Мультфильм бейнелерін, диаграмма, сызбанұсқа, кесте арқылы беруге де болады. Қойылатын талап: салған суреттері арқылы мәтін мазмұнын аша білу керек.
Сынып оқушылары тапсырманы қорғайды
Қалыптастырушы бағалау
Жетістік критерийлері арқылы бағалап шығады.
Тапсырма
Жұптық жұмыс .
1-топ: «Махаббат қызық мол жылдар» романын оқығаннан кейінгі алғашқы талқылау пікіріңіз.
«Қосу» (+) «Несі ұнамды?» сұрағына жауап беретін 5 дәлел табыңыз.
«Алу» (-) «Несі ұнамсыз?» сұрағына жауап беретін бірнеше дәлелдер мен ойларға мысалдар келтіріңіз.
«?» - « Несі қызық?» сұрағына жауап беретін дәлелдер мен ойларды дәлел келтіріп айтыңыз.
Кері байланыс . Өз пікірлерін қалыптастыра отырып сөйлейді.
Үйге тапсырма
«Махаббат қызық мол жылдар» романының 2-3-4-бөлімдерін оқып, ең қызықты эпизод пен ең ұнамды кейіпкер туралы өз ойын жазу әрі құпия сұрақ дайындап келу.
http://aldiyar. kz/index. php?option=com_content&view=article&id=1032:2012-02-03-14-00-52&catid=8:2011-03-03-16-34-22&Itemid=138
Абай Құнанбаев
« Есіңде бар ма жас күнің» өлеңі
Соңы
5 мин
Рефлексия
«Телеграмма». Сабақтың өзіне ұнағанын тұсын Бас бармаққа салып жазады. Ұнаған кейіпкерге 2 сөйлеммен тілек жаза алады.
Қосымша ақпарат
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.
Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?
Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?
Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?
Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты) ?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты) ?
1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz