Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мақсатты келер шақ

Алматы облысы Алакөл ауданы
Бибақан негізгі орта мектебі
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Амирханова Ж.А
Мақсатты келер шақ
Мақсаттары:
Білімділік:Етістіктің шақтары туралы білімдерін кеңейту.Келер шақтың бір түрі мақсатты келер шақ,оның жасалу жолы туралы мысалдар келтіре отырып түсіндіру.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін,зейінін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру.Етістіктің шақтарын ажырата білуін,сөйлем құрау дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру.Отаншылдыққа, ,тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі:аралас сабақ
Сабақ әдіс-тәсілі:түсіндіру,талдау,сұрақ-жауап,тест жұмысы
Сабақ көрнекілігі:кесте,тірек сызба,сөзжұмбақ,семантикалық карта
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
1.Сынып оқушыларымен сәлемдесу,түгендеу
2.Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау
3.Оқушылардың зейінен сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Күннен шуақ аламыз.
Жан-жағыма қарап ап,
Аздап күліп аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз
.Сабаққа дайындық
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болмағым,бақытым,дара тілім.
- Міне,балалар,кемеңгер ғұлама ақындарымыздың тілі-туған тіліміз - қазақ тілі сабағымызды бастаймыз
<<Қайталау-оқу анасы>> парағы
Миға шабуыл
Етістік дегеніміз не?
Етістіктің шақтары туралы не білесіңдер?
Осы шақ, келер шақ, өткен шақ дегеніміз не?
Келер шақ нешеге бөлінеді?
Болжалды келер шақ дегеніміз не?
Тақтада мысалдар берілген көп нүктенің орнына керекті болжалды келер шақты қойып жазамыз.
1.Оқысаң ...,
Оқымасаң ....
2.Ерінбеген етікші ...,
Ұялмаған өлеңші ....
Керекті сөздер:озарсың,тозарсың,болар.
<<Жаңа сабақ құпиясы>> парағы
Жаңа сабақ: Мақсатты келер шақ
Жаңа сабақты тірек сызба арқылы түсіндіремін
Мақсатты келер шақ - қимылдың іс- әрекеттің келешекке мақсат етіле орындалатынын білдіретін келер шақ түрі.
Етістіктің түбіріне
-мақ, -мек,-пақ, -пек,-бақ, -бек жұрнақ жалғану арқылы жасалады
Мысалы:Мен ауылға бармақпын. Ол ерте кетпек
Етістіктің - мақ, -мек,-пақ,-пек,-бақ, -бек, жұрнағынан кейін - шы, -ші жұрнағы арқылы да мақсатты келер шақ жасалады.
Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-шы-мын
Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі
Жақ Жекеше Көпше
І бармақпын, бармақшымын бармақпыз, бармақшымыз
ІІ бармақсың, бармақшысың бармақсыңдар,бармақшысыңдар
бармақсыз, бармақшысыз бармақсыздар, бармақшысыздар
ІІІ бармақ, бармақшы бармақ, бармақшы
<<Кітап - досың, ақылшың>> парағы
Жаттығу жұмыстарын орындау
119 - жаттығу. Оқып шығып,мақсатты келер шақты тауып,қалай жасалғанын түсіндіріңдер.
Үйренбек - - бек жұрнағы арқылы жасалған, түбірі - үйрен, салт етістік.
Саумақ - - мақ жұрнағы арқылы жасалған, түбірі - сау, салт етістік.
Болмақ - мақ, түбірі - бол, салт етістік.
Шашпақ, ашпақ - - пақ, түбірлері - аш, шаш - салт етістік.
Кетпекші - пек,- ші жұрнақтары арқылы, кет - салт етістік.

120 - жаттығу.
Сергіту сәті.
121 - жаттығу (ауызша).
Білімді мыңды жығар парағы
* Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ
* Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес
* Ақылды қара қылды қырық бөлмек,
Әр нәрсеге өзіңдей баға бермек
* Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек,
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек
ҮІІ. Семантикалық кестемен жұмыс
Сөздер Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
Жыртып жүр +
Жазып отыр +
Барар +
Айтыппын +
Оқыған едік +
Келесіңдер +
Барғанмын +
Келіп отыр +
Келіп кетпек +

Үйге тапсырма: Ережелерді жаттау
Оқушыларды бағалау: сабаққа қатысуына байланысты бағалаймын.

Ұқсас жұмыстар
Етістік. 7-сынып. тиси технологиясы бойынша сабақ
Біріктірілген сыныптарға арналған қазақ тілінен ашық сабақ
Етістіктің шақтары. 11 сынып
Шемішке шақсаң шақ, шапшаң шақ
Етістік шақтарын қайталау, 7-сынып
Болжалды келер шақ
Қазақстандық калмыков. етістіктің шақтарын қайталау
Асханада. етістіктің келер шағы
Алтын қақпаның тапсырмалары
Қазақ тілінен бақылау жұмыс дәптері
Пәндер