Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ақпарат жинаушылар

<<Бекітемін>>
директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
_________Ерманова М.Б.

Сабақ жоспары №4
Пәні: <<Операциялық жүйелер және қолданбалы бағдарламалар>>
Күні: <<_____>>_____2016 ж. Топ: ТБ-28
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат жинаушылар. Жаңарған жетістіктер.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Білім алушыларды ақпаратты жеткізудің, өңдеудің және сақтаудың техникалық құрылғыларымен таныстыру;
Дамытушылық: Білім алушыларғ а күнделікті қабылданатын ақпаратты жүйеге
келтіруге үйрету; ақпаратты классификациялауды үйрету,компьютермен жұмыс жасау
қабілетін дамыту;
Тәрбиелілік: Білім алушыларды тиянақтылыққа, бір-бірінің пікірін тыңдап, өз ойларын айта білуге, өздігінен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тапсырма орындау.
Оқыту құралдары: ДК, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, <<Ақпарат жинаушылар. Жаңарған жетістіктер>> тақырыбында слайд-шоу.
Пәнаралық байланыс: <<Информатика>> пәні

Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандысып, құралдарын түгендеп, компьютерді іске қосып, сабақты бастаймын.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Ақпараттың қандай түрлері бар?
3. Ақпарат жинаушыларға нелер киреді?
4. Ақпарат жинаушылар дегенде нені түсінесіндер?
5. Ақпарат немен өлшенеді?
6. Адам ақапаратты қалай сақтайды?
7. Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтіріңдер?
III. Жаңа тақырып :
Ақпарат өзімен-өзі болмайды.Ол іздестірудің ,жинаудың, сақтаудың, жеткізу мен өң-деудің және пайдаланудың барысында, басқаша айтқанда, ақпараттық процестерде айқындалады.
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады.
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал-компьютер. Ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған аппараттық және бағдарламалық құралдар кешенін компьютер деп атайды.
Ақпаратты автоматты түрде өңдеу-адамның қатысуынсыз өңдеу, бұл кезде компью-тер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді
Кірістік мәліметтердің түрі мынадай болуы мүмкін ;

Мәтіндік ақпарат :
Оқулықтағы мәтін, дәптердегі шығарма,ауа райын болжау,радио арқылы хабар т.б.
Сандық ақпарат;
көбейту кестесі, арифметикалық мысал, хокей ойынындағы есеп т.б.
Графикалық ақпарат :
Суреттер,схемалар, сызбалар, фотосуреттер т.б
Музыкалық (дыбыстық) ақпарат :
дыбыстар, музыка, сөз.
Бейне ақпарат
түрлі түсті графика, дыбыс, фильмдер, екі және үш өлшемді жылжымалы объектілер.

Компьютердің аппараттық құралдары:
- кодтауға және мәліметтер мен бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсетілуде ұсынуда арналған енгізу құрылғыларынан;
- ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды, аралық есеп-теулердің нәтижелерін сақтауға арналған компьютер жадынан;
- мәліметтерді өңдеудің және өңдеу процесін басқарудың негізгі құрылғысы- процессордан;
- өңдеу нәтижелерін кері кодтауда және оларды адамға қолайлы түрде шығарып беруге арналған шығару құрылғыларынан;
бұл барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратын ақпараттық кеңарнадан тұрады.
Мәліметтерді бағдарламалармен өңдейді. Бағдарлама-нұсқаулар тізбегі, оларды орындау барысында компьютер белгілі әрекеттер жасайды немесе мәліметтерді өңдеу мәселесін шешеді.
Бағдарламалық құралдар әртүрлі мақсатттарға арналған бағдарламалар жиынты-ғы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды.
Олар:жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған; бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.
Мәтіндік, графикалық, дыбыстық , сандық, бейнелік мәліметтерді өңдеуге ар-налған, редакторлар мен бағдарламалар бар.
IV. Бекіту.
1 тапсырма. Кестені толтыр.
Ақпарат жинауашылар
Түрлері
Сипаттамасы

1. Ақпаратты дискетке көшіру жолдары?
2. Дискілерді пішімдеу қалай жүзеге асырылады?
3. Ақпарат тасымалдаушы деген не?
4. Дискетке қанша ақпарат сияды?
V. Қорытынды. Сабақты қорытындылап, студенттердің білімдерін бағалау.
VI. Үй тапсырмасы: Ақпарат жинаушылар бойынша жаңарған жетістіктер бойынша мәліметтер толықтырып,дәптерге жазып келу.

Пән оқытушысы: Ахметова М.Б.

Ұқсас жұмыстар
Монғол шапқыншылығы оқу
Алтын орда. 7-класс. Қазақстан тарихы
Педагогтың жобалаушылық-зерттеушілік әрекеті
Оқушының өзіндік жұмысы
Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік құрал
Ақпаратты тасымалдау
Ақпаратты беру, ұсыну және өңдеу
Ақпарат түрлері. Сабақтың мақсаты
Информатика. Ақпарат. Ақпараттың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Ақпарат түрлері
Пәндер