Адам көркі - ақыл

Тәрбие -жат жұрттан әкеліп жаба салатын жабу емес!
«
Біздің білім беру жүйеміз, қоғамдық ғылымдар әлі күнге еуроцентристік рельспен жүріп келеді. Сол модельден шықпаймыз. Біз Тәуелсіз елміз, өзіміздің салт-санамызға негізделген ұлттық білім беру жүйесін қалыптастырып, жаңа модельде білім беруіміз керек. Егер Еуропаның педагогикасы мықты болса олар азбас еді. Біз балаларымызды әлі сол Еуропаны аздырып, тоздырған педагогикасымен оқытып келеміз. Дереу арада педагогикамыз ұлттық шығыстық рельске түсуі тиіс. Түптің түбінде біз бұған саналы түрде барамыз».
Мекемтас Мырзахметұлы
«Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады
». Мәлік Ғабдуллин
«
Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды
» Мұстафа Шоқай
«Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасында шын мақсатын түсіне алмайды
Мұхтар Әуезов
«Санадағы сасық ойлар мен салттағы сорақы сырқаттарды тазалайтын рухани дәрі табылар ма екен, шіркін!Мұндай дәрі дәрмек, қазақта болып па еді?
Жәй ғана дәрі емес, іргелі ілім де болған. Амал нешік, оның бәрі, алақаныңда тұрғанымен, оны қашан игеріп, керектеніп, көріп едің?Енді немене, түс көрдің бе, Аруақ аян берді ме?
Кешір, көке!? . . . Жастар тәрбиесі уысымнан шығып бара жатқан осынау шақта шыққан жан айқайым ғой!Көріп-білген, жаратып жаныңа түйгенің болса, қағида етіп мұрат тұтқаның болса, тәлім етіп бауланған өнегең болса, айтып кет, беріп кет, көрсетіп кет, ағатай!?»(
Жас қазақтың жалбарынуынан
)
Бүгінгі адамдар кісілік болмысқа тән мінез-құлықтан ауытқып, адамдық қалыптың сыртынан көрінетін жайлар қомақтырақ көрінетіндіктен ғылым мен білім шың басына шыққан ғасырда адамзат қолы жеткен ақыл-ой, материалдық жетістіктерге барынша қуанғанымен «сауатты жабайылық» деңгейінің көтерілу себептері мен салдарына адам-зат алаңдаулы. Әлемдегі барлық елдер мұны ертерек(өткен ғасырдың ортасында) аңғарып, тығырықтан шығар жолды жанталасып іздеп, әр ел өз хал- қадерінше шешіп келеді. Мысалы, Японияда, Кореяда, Англияда, Финляндияда, Америкада т. б. елдерде кәзірдің өзінде басқаға үлгі боларлық үрдістер қалыптасты.
Осы кезең Қазақ елі үшін тәуелсіздік алу, өтпелі шақты дұрыс басып өту, жаңа тұрпатты мемлекет құру қатарлы тым күрделі міндеттерді бастан кешкен мезгілмен сәйкес келді. Екінші жағынан, қоғам өзгерді, заман өзгерді дегендейін адамдардың өткен шақтағы сенім-нанымы, ой-санасы, мұрат тілегі өзгеріске ұшырап, олардың жөні бірден жұрт жүре-гіне қонып, миына сіңіп болғанша, санада кейбіреу үшін тұрақсыз ойлар туындады, кей-біреу үшін қоғамдық сана сүзгісінің жоқтығынан нелер ой-сана, түйсік-түйін орын алды. Ал, жастар жағының ортасында, ата дәстүрімен ісі жоқ, иен кеңістік, жеңіл-желпі құмарлық сезім басымдылық алды.
Міне мұның бәрі, санамызға сасық ой туғызды, салтымызға сорақы қылықтар әкелді, . мінезімізді бүлдірді, жанымызды күйдірді
.
Тәрбие жүйесінде жаһандану процесіндегі шиеленіспен байланысты бірқатар проблемалар байқалады:-балалар мен оқушы жастардың бұқаралық мәдениет құндылық-тарына, сапасы төмен бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратына және интернет- сайттарға бағдарлануы; -қатыгездікті насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге, алкоголь және есірткі қолдануға әуестенуі, оқушылар арасындағы жезөкшелік немесе «балалы балалар» пайда болуы:-еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі; -отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлері рөлінің төмендеуі; -әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, бүлдіргіш секталарға қатысу және т. б. Мұндай жағдайдың бірден бір себебі тәрбиені
әлеуметтік құбылыс және мақсатты процесс ретінде жете бағаламаушылық, оны басқаруға, бақылауға тиісті міндет екенін, мемлекет тұрғысынан, әлеумет тұрғысынан мойындамаудың кесірі
болып табылады. Сонымен, қазіргі жағдайда тәрбиенің «кеңестік» үлгісі тиімсіз болып қалды және адами құндылықтарға негізделген, жаңа жағдайлар мен талаптарға жауап беретін
тәрбиенің мұраттары мен қағидаларын алға шығарып
, ғылыми негізде
жасақталған әдіс тәсілдерді қолдану арқылы
, тәрбиелеу амал-айласын өзгерту керек. Бұл өзгерістің теориялық негізі-
тәрбиелеу қазақ ілімі
екені белгілі.
Білім берудегі шет елдердің озық тәжірибесі мен технологияларын, әдіс -тәсілдерін игеру өте дұрыс-ақ. Бұл жағынан оқу-ағарту жүйесіндегі оңды өзгерістер мен табысты технологиялардың бере бастаған нәтижесі оның келешегі зор екенін аңғартады. Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта білім-ғылым саласында неше түрлі өзгерістер мен түрлдендірулер болып жатыр. Олардың іске асырылу жолында, кедергілер мен кемшіліктер, адасулар мен ауытқушылықтар, абайсыздық пен асығушылықтар да көп кезігуде. Оның басты себебі-Әлемдегі білім беру, тәрбие жүйесін тиянақтандыруда өзіндік ерекше заңдылығы бар. Соның бірі-. әрбір онжылдықта, білім беру мазмұнын жаңартып отыру қажеттігі. Жаңарған білім мазмұнын игертуге сәйкес келетін мектептерді қайта құрып, оларды оқу-құралдар мен материалдық тұрғыдан қанымдау тақауырланады. Осы әрекет, қоғам дамысынан, оқу-ағарту ісін үнемі кейін тарта береді. Одан құтылудың жалғыз жолы ғылымды жылдам қарқынмен, алда болатын реформаларға бағыттап, дамытып отыру қажет. Кәзіргі Қазақстан Республикасының ғылым-білім саласындағы реформалар, ешбір ғылми негізі жоқ, қотарма болғандықтан нәтижеге жете алмай келеді. Ал, Қазақстанның педагогика ғылымы он-онбес жылмен ілгері жүруіден қалып, кейін кеткен.
Оқыту мен тәрбиелеу қаншама біте қайнасқан бірлікте болғанымен, дәл тәрбиелеу ісі- шет жұрттан көшіріп әкеліп, жаба салатын жабу емес. Мәлік атамыз: «
Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады
». десе, тәрбие хәкімі М. Мағжан:«
Әрбір ұлттың бала тарбия қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тарбиясы баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тарбияшы, сөз жоқ, ұлт тарбиясымен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, ұстаз баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті
»-
дейді.
Қоғамдық тәрбиенің күллі саласындағы тәрбиелеу үрдісіне негіз боларлық, тәрбиелі жұрттың үлгі-өнегесімен иық тіресетін, терезесі тең келетін ілім қазақта барма еді?
Тәрбие оқулықтарын жазған Ж. . Баласағұн, Ы, Алтынсарин, Қ. Абай, Ж. Жұмабаев, Б. Момышұлы, М. Әлімбаев т. б
ғұламалар ешбір ілімге, қағида, ережеге сүйенбей жаза берді деп ойлайсыз ба?Олар өздерінен бұрыңғылардың айтып, жазып кеткен
тәрбиелік ілімдеріне сүйенумен қатар
өздері де жаңа ілім жасап, оны ғылыми тұрғыдан негіздеп отырған
. Соның бірі, әрі бірегейі, бүгінгі біздің тәрбиелеу жүйемізді тығырықтан алып шығар, іргелі ілім-«
Адам болу»-Абай ілімі
.
Абай негізін салған, Шәкерім дамытқан, Жүнісбек жүйеге келтірген, Мағжан мадақтаған, Мұхтар қолдаған «Адам бол»-Абай ілімінің түп тамыры мен даму өрісіне өз деңгейімде түсінік бергенім дұрыс шығар. Алайда менің сөзімді, кім-елеп ескерсін. Сондықтан, зерттеушілердің түйіндерінен үзінді келтіргенім жөн. Бұл ілімнің түп-тамырына үңілгенім-оның тірегінің мықты әрі тереңде екенін, даму өрісін шолғаным-Әлемдегі тәрбиелік ілімдердің ешқайсысынан кем емес екенін, барлығымен иық тіресіп, терезесі тең түсетінін аңғарту болмақ.
Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана“
Атаның баласы болма, адамның баласы бол… жақсылығың көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін”
деген гуманистік ой-пікірді қуаттауы еді. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері Ж. Руссо, Конфуций, : К. Д. Ушинскийдің ой-пікірлерімен терең қабысып жатыр. Абайда да адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті таным бар. Ол өзіне дейінгі Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қ. Яссауидің
кемел адам жайлы ой-пікірлерін әділет пен ақылдың сын таразысына салып, тұжырымдар жасады.
VIII-IX ғасырда түрік халықтарының мінез-құлықтары, ой-танымын жолға салу әрекеті Әл-Фараби ұстанған
моральдық-этикалық ілімінде
парасатты адам (инани фазыл) туралы танымында жатты. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты философиялық трактатында «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «
Жүрек-басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес»
-дейді. Әл-Фараби түрік әлемінде өз танымының негізі ретінде жүрекке шешуші мән беруі-Абай негізін қалаған
«толық адам» ілімінің
түп төркіні қайда жатқандығын білдіретін құнды дерек көздеріне жатады. Ал, Әл-Фарабидің бұл ілімінің түп-төркіні қайда жатыр?«Адамзат ойшылдарының әр кезең, дәуірлерде айтылып жүрген тұжырымдарының түпкі түйіні, темірқазығы - Аристотель жасаған қорытынды. Аристотельдің пікірінше, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық -
ізгілік пен қайырымдылық
. Бұлар - кісіліктің өзегі мен өзі. Өзінің ғана қамын жеу өзімшіл, қайырымсыз адамдар мен жан-жануар, жәндік, құс атаулыларға тән болса, өзгеге жақсылық, қайырым жасай білу - адамдықтың белгісі. Демек адам болу қайырымды болу арқылы келеді. Дәлірек айтқанда, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық -
қайырымдылық.
Ал қайырымдылық пен адамгершілік егіз, бірінсіз бірінің бар болуы, болмысқа айналуы мүмкін емес. Әр нәрсе де өзінің мәнімен, өзіндік қасиетімен қадірлі, құнды әрі бар бола алады. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті -
адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі абзал болмақ.
Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан әуелі ауаны, одан қоректі, кейін киімді, есі кіре келе ақыл-ой, білімді, дүние, мансапты, тағы басқа өзі қажет етіп тұтынатын әр түрлі игіліктерді іздеумен болады. Адам өмірі әр түрлі арнайы таңдап алынған игіліктерсіз жалғаса алмайды. Өйткені Алла ғана ешнәрсеге мұқтаж емес, адамзат баласы материалдық, рухани игіліктерсіз өмір сүре алмайды. Осы орайда адамзат баласы
Абай айтатын жан қалауы, тән қалауымен түрлі-түрлі игіліктерді қажет ету, тұтыну, иелену әрекетімен өмір сүреді.
Ал адамның қалауына ерік берер болсақ, ондай игіліктер жүздеп саналады.
Мәселе өмірді мәнді, адамды абзал, абыройлы ететін игілікті танып, таңдап, сол оңды, жөнді игілікпен өмір сүре білуде.
Аристотель адамзат баласының қажет етіп тұтынатын көптеген игіліктерін жинақтап үш-ақ топқа бөледі. Бір ерекшелігі, Аристотельдің игіліктерді жанға қатысты және тәнге қатысты деп жүйелеуі Абайдың жан қалауымен, тән қалауы туралы іргелі ойына негіз болғанға ұқсайды. Сөйтіп Аристотель игіліктерді жанға қатысты, тәнге қатысты және сыртқы игіліктер деп үш топқа бөледі. Жанға қатысты игіліктерге Аристотель ақыл мен қайырымдылықты жатқызады да, тамақ, киім, байлық, мансап, атақ-даңқ т. б. секілді өзге екі топқа кіретін игіліктерді ақылдылық пен қайырымдылыққа жеткізер баспалдақ, көмекші санайды әрі жанға қатысты ақыл мен қайырымдылықты барша игіліктердің ішіндегі ең абзалы, ең биігі, ең қадірлісі деп біледі
. Ал ақыл мен қайырымдылықтың адамдық болмыс пен адамгершілікті жасайтыны белгілі. Адамның ділін, болмысын құрайтын ақыл мен қайырымдылықтан өзгелердің бәрі де қосымша, жанама түрде қажет болғанымен, адамның болмысы мен қасиетін танытатын адамгершілігін қалыптастыра алмайды. адамзат қауымында киелі, қасиетті саналатын құт-береке, бақыт ұғымы Аристотель пікірінше, қайырымдылық, адамгершілік ілімімен табысады.
Әл-Фарабидің жоғарыды көрсетілген философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші» қара сөзінде өзінің логикалық жалғасын тапқан. Абайдың осы сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:-Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім, -депті. Бірақ билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет, -депті. Осы үшеуің бір кісідей менің айтқанымдай табыссаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды»-деген қорытындыға келеді. « . . .
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, -
деп Абай айтқандай, жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдері бар рухтың мекені-тәлімгердің жүрегі болуға тиіс Бір қызығы «он жетінші» қара сөз бен «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі ақыл, қайрат, әділет, шафқат (жүрек) секілді басты ұғымдардың барлығы да Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігіндегі»
«жауанмәрттілік»(ақыл
) деп аталатын төрт түрлі кейіпкерге балама ретінде суретте-летінін байқауға болады:1. Әділет-Күнтуды2. Дәулет(қайрат) - Айтолды уәзір3. Ақыл-Өгдүлміш уәзір 4. Шафқат-Одғұрмыш (қанағат, рахым) . Ал А. Ясауи ілімінде: «
Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты-топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді.
Осылайша А. Ясауи дүниетанымында «
дертті адам», «топырақ адам», «кемел адам», сондай-ақ, «ғарип адам» тұлғалары дәріптеледі
. Хикмет жолындағы «дертсіз адам» адамдық сезімнен жұрдай, қара басының қамын күйттейтін жан. Дертті адамның А. Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “
Білімің-шырақ, халің -пілте, көз жасың-жағатын май
” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, қайрат-жігерімен одан шығар жол іздейді. А. Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты -
Хаққа құлшылық ету (ибадат
) . Бұл ибадат - Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Өйткені А. Ясауи ілімі - дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашық (махаббат) жол.
Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды
. Сондықтан да А. Ясауи «Қай жерде ғарип көрсең һәм дем болғын» дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді Міне, Абайдың
«толық адам» туралы танымы да
Сократтан басталатын Платон, Аристотельдегі «
сүюді сүйеніш еткен адам
», Қытайлардың дао іліміндегі «
әбден жетілген адам»,
Шығыс ойшылдары мен суфизмдегі «
пенделіктің кәмалаттығына ұмтылған адам»,
атап айтар болсақ, Әл-Фарабидегі
«Кемел адам»,
Ж. Баласағұнның дастанында көрініс тапқан
«Жауанмәрттілік» ілімі
және А. Ясауи дүниетанымындағы «
дертті адам», «топырақ адам», «ғарип адам»
секілді тұлғаларымен сабақтасып жатыр. «Адам болу оңай іс емес.
Тек ерік-жігері мықты адам ғана адамдықтың шыңына
жете алады»(Иоганн Вольфганг фон Гёте) Осы жерде Мекемтас Мырзахметұлының мына сөзі еріксіз ойға оралады. «Абай неге өмір бойы зарлап өтті? Пенделік көзбен қарағанда, олай ететін жөні жоқ еді ғой. Ештеңеге мұқтаж болған емес, сонда неге зар иледі? Оны қынжылтқан халқының қасіреті, бодандық тағдыры. Он сегіз жыл би, болыс болған ол биліктің ішкі құпиясын, бізді сорлатқан саяси әдісін терең танып білген. Содан кейін патшаға телеграмма жіберіп: «Мынау сайлау елді бүлдіріп жатыр. Сіз генерал-губернаторларға бұйрық беріңіз, болыстарды тағайындап қойсын», деген ойын жеткізді. Патша олай істемейді, өйткені ол «сексеуіл әдісін» қолданып отыр. Бұл әдісті Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Сперанский ұсынған. Ол патшаға жазған қызмет хатында: «Қазақтың даласында сексеуіл деген ағаш өседі екен, балталаса жарылмайды, шеге қақса кірмейді, бірақ сексеуілді сексеуілге ұрса быт-шыты шығады. Осы сексеуіл әдісін қазаққа қолданайық» депті. Міне, Ресей империясының бізге қолданған басты саясаты осыған негізделген. Әр болыста 12 ауыл болады, ол 12 ауыл әр түрлі рудан болуы шарт, содан кейін 4 ауылнай, 4 би сайланады, тағы да онбасы, елубасы лауазымдарын қосқанда, шамамен 270-тей қызмет орны болады. Қазақтарды соған таластырады. Аш иттерге майлы сүйекті лақтырып жібергенде бәрі бірден бас салады емес пе?! Дәл осы секілді қазақтар да қызмет үшін итше таласты, осыдан келіп қазақтың мінезі бұзылды. Мұны көріп, сезген Сұлтанмахмұт Торайғыров:Абай тұсы қазақтың бұзылғаны, Қаралыққа айналып қызыл қаны…Ақ пейіл бауырмалдық қалып кетіп, Желбуаз «сұрқия» боп қызынғаны. Мас болып партияға қызып алған, Даланың табиғатын бұзып алған, Елдігіне, жеріне әм дініне, Құрылды талай тұзақ, талай қақпан»-, деп қамыға жырлады. Мұндағы тұзақ дегені - миссионерлік саясат. Яғни шоқындырып, орыстандыру болды. Ал қақпан дегені - бізді қасіретке ұрындырған сексеуіл әдісі. Мінез-құлқымыз түзелер емес, Абай осыны көрді. Қалай еліме жәрдем етемін деп, халқына
ем үшін толық адам ілімінің негізін
сала бастады, бірақ аяқтай алмай кетті. Тек
рухани өзегін жүйелеуге ғана үлгерді.
Әуезов білсе де айта алмады, себебі бұл ілім тікелей дінмен байланысты болатын.
Абай
адамдықтың биік деңгейін иманмен өлшеген
. Өзінің қара сөздерінде «
Толық мұсылман болмай -толық адам болмайды
» деп, кесіп айтқан. . А. Болатбекқызының мына бір ой түйінін келтіруді жөн көрдім. « Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер малшашпақ - Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой - Бес асыл іс, көнсеңіз»-деп, жаман мен жақсының ара жігін бөліп, талдау жазған Мүмкін дәл солай қабылдау керек шығар . . . ? Бірақ мен өзімше бір талдау жасадым. Өлеңде бір реттілік заңы байқалады. Мысалы: Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ . . . Бәрі осы өсектен басталады. Әңгіме болсын деп өсек айтамыз. Ал өтірік қосылмаса өсектің дәмі келмейді. Өсек пен өтірікті қатар айтқан адам мақтанудан да құр қалмайды. Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті. Тірлігі бар адамның өсек айтуға да уақыты болмасы сөзсіз! «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын». Тағы да Абай!Жұмысссыз, жалқау адам «бекер мал шашпағанда» қайтеді. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рахым ойлап қой . . . Таудай талапсыз армандарға жету екіталай. Талап бар, енді мақсатқа жету үшін еңбек, жай еңбек емес, терең оймен ұштасқан еңбек керек. Осы үшеуі болған жерде нәтиже де болуы сөзсіз. Сол нәтижеге қанағат етіп, адамдарға қол созып, рақым ойлап қоюды да ұмытпау керек. Әрине, бұл тек менің өз ойым ғана . . . !Адам болу туралы ой танымын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде көп нәрсенің төркінінен хабар беруі себепті М. Әуезов бұл өлеңді «Абайдың
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz