Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Абайдың Көзімнің қарасы әні

Орғара Тоғжан Мақсұтжанқызы
Өндірісте оқыту шебері
Қостанай облысы Арқалық қаласы
<<Арқалық политехникалық колледжі>>

<<Абай мұрасы-халық ұлағаты>> (тағылымды кеш)
Мақсаты:
* Абай шығармашылығын жас ұрпақтың <<жүрегіне терең бойлатып>>,
Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;
* <<Сөз патшасы-өлең>> құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту,
ой-қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
* Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау.
Тоғжан: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, әдебиет сүйер қауым,
білім нәріне құмар студенттер!
Ғасыржан: Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға А.Құнанбаевтың шығармашылығына арналған
<<Абай мұрасы-халық ұлағаты>> атты тағылымды кешке қош келдіңіздер!
Эпиграф: <<Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс>>.
Тоғжан: Абай мұрасы -- қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.
Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.
Ғасыржан: Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді.
Тоғжан: Ақын шығармалары- оның қазақ әдебиеті тарихында ерекше орны бар классик ақын екендігін дәлелдейді. М.Әуезов Абайды <<Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі>> деп атауы да жайдан жай емес.
Ғасыржан: 80-жылдардың орта кезінен бастап Абай ақындық жолға біржола бет бұрады. Бұл кездегі өлеңдері-толысқан ой-сананың жемісі.
Айттым сәлем қаламқас - Ғасыржан
Жүргізуші: Бүгін бізге қонаққа А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның 2 сынып оқушысы мектеп ішілік Абай оқуларының бас жүлдегері Рамазанқызы Раминаны шақырамыз.
Ғасыржан: Абай жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы жа аз болмаған. Ол халық тәжірбиесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді.
Музыкалық номер: Абайдың <<Көзімнің қарасы>> әні.
Тоғжан: Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерді, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда аса үлкен еңбек сіңірді.
<<Көркем сөздің асылы-поэзия>> деп жоғары бағалай отырып, ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы жаңа көзқарасын білдіреді.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Өлең сөздің патшасы сөз сарасы, Ғылым таппай мақтанба /Мақпал, Сұлушаш пен Әділханның өлеңдері. /
Ғасыржан: Абай-сазгер. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған 30-дан астам әні бар, 3 күйі бар. Бүгінгі таңда нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.
Абайдың <<Желсіз түнде жарық ай>> әні
Ғасыржан: Табиғат лирикасы - Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі.
Ақын неғұрлым данышпан болса, соғұрлым табиғатпен терең араласып, оның құшағына тұтас қамтып алады. Табиғатты адаммен, ортамен барынша байланыстыра көрсетеді.
Тоғжан: Абай - данышпан, Абай - кемеңгер. Ол орыс әдебиеті классиктерінің, Европаның бірталай ақындары мен ғалымдарының, ежелгі заман даналарының туындыларымен танысады. Солар арқылы әдеби білімін, дүниетанымын кеңейте түседі.
Ғасыржан: Абай - әдебиеттегі шебер аударма жасаудың үлгісін көрсетті. 70-80 шақты аудармалары өзге тілден дәл, нақ аударылған.
Ғасыржан: Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі - ол Абайдың қара сөздері.
Абайдың қара сөздері - көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл-өнеге, өсиет, ғибрат сөздер. Жалпы қара сөздер саны 46. Оның 46-сы аяқталмаған. Абайдың қара сөздері өз кезі үшін де, бүгін де бағасы зор.
Абайдың 17 қара сөзі /бейнеролик/
Тоғжан: Абайдың шығармашылығын аса жоғары бағалаған А.Байтұрсынов: <<Абай - қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ>> деп жазды.
Ортаға Бектұрсынова Маяны сегіз аяқ әнімен шақырамыз.
Абай атасына арнаған өлеңдерін оқу үшін колледждің өндірісте оқыту шебері Жанат Альжановна келіп отыр. Сонымен қатар тобымыздағы Альбина мен Назеркеде <<Абай>> атамызға өз арнауларын оқиды.

<<Кім?>> өлеңі Ботагөз.
Ғасыржан: Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!

Тоғжан: Құрметті, әдебиет сүйер қауым! Абайдың шығармашылығына арналған тағылымды кеш соңына жетті. Поэзия әлемінде келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Кіріктірілген сабақ
Көзімнің қарасы
Абайға арнап өлең шығару
Абайдың музыкалық мұрасы
Абай өлеңдерінің жатқа айту
Абайды оқы-таңырқа жайлы ақпарат
Құйрықты жұлдыз
Абай өлеңдеріне иллюстрация жасау
«абай дәстүрі және шәкәрім»
Абай жолындағы әйелдер бейнесі
Пәндер