Жан жүрек сыры: ата-ана мен баланың қарым-қатынасын нығайтуға арналған психологиялық жаттығулар

«Үлкен Дихан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы Алиясилова Камчат Жунсақынқызы

«Жан жүрек сыры»

Мектеп өміріндегі ең маңызды, жауапкершілікті талап ететін жұмыстардың бірі-ата-аналар жиналысын өткізу. Жиналысты қалай қызықты, әрі пайдалы өткізуге болады?

Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Сәлемдесу . Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір - бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.

1 нұсқа . Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір - бірімізге күлімсірей қарайық

2 нұсқа. Бір - бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.

3 нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу. Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар? Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала, жанұя, отағасы, т. б. )

Көңіл- күйді анықтау . Ата-аналар өздеріне ұнаған түстерін таңдайды. Сол түстердің мағынасын айту. ) Барлық ата - аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.

Ата-аналарға сұрақтар:

1. Балаңыздың аты - жөні . . .

2. Балаңыздың ең жақын досы . . .

3. Сүйікті пәні . . .

4. Сүйіп тыңдайтын әні . . .

5. Сүйікті тағамы . . .

6. Жақсы көретін түсі . . .

7. Көзінің түсі . . .

8. Аяқ киімінің өлшемі. .

9. Шаршағанда не ашуланғанда демалатын орны . . .

10. Жақсы көретін мұғалімі . . .

11. Балаңыздың туған күні?

12. Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?

13. Балаңыздың парталас көршісі кім?

Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар! Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз оған қазір жан береміз. Қатысушыларға қағаздан жасалған жүрекшелерді беріп, оған балаларына қандай жылы сөздер айтады соны жазу тапсырылады. (айналайын, ботам, жұлдызым, т. б. )

Қалай ойлайсыздар? Жанданды ма? Неліктен?

Ең бастысы сүйе білу керек, жылылық, мейірімділік керек. Әр уақытта балаңыздың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік, біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық! Әр ошақтың жылулығы түсінуден, денсаулықтан, махаббаттан, сыйластықтан құралады.

Балама ақ тілек.

Ата-аналар қағаздан жасалған ақ жүрекке өз балаларына арнаған тілектерін стикерге жазып іледі.

Қорытынды .
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі, - деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екен. Бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.

Назарларыңызға көп- көп рахмет!


Балаңыздың ең жақын досы . . .

Сүйікті пәні . . .


Сүйіп тыңдайтын әні . . .


Сүйікті тағамы . . .


Жақсы көретін түсі . . .


Көзінің түсі . . .


Аяқ киімінің өлшемі.

Шаршағанда не ашуланғанда демалатын орны . . .


Жақсы көретін мұғалімі . . .

Балаңыздың туған күні?


Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?

Балаңыздың парталас көршісі кім?

Балаңыз қандай өлшемді аяқкиім киеді?

Балаңыздың сүйікті асы қандай?

Балаңыз кеше қандай баға алды?

Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?


Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?


Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

Балаңыздың ең жақын досы кім?


Ұқсас жұмыстар
Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған психологиялық тренинг
Ата-аналарға арналған ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту семинар-тренингі
Ата-аналарға арналған отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған психологиялық тренинг
8-сынып ата-аналар жиналысының СТО жобасы арқылы әзірленген сценарийі: ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту
Баланың бас ұстазы - ата-ана: мектеп пен отбасының тиімді қарым-қатынас модельдері
Отбасы - тәрбие мектебі: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың психологиялық тренингі
Жасөспірімдер мен ата-аналардың қарым-қатынасын түзету: мектеп психологының әдістемелік тәжірибесі
Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынас: бірлескен тәрбие мен психологиялық қолдау
Мен және жанұям: ортаңғы буын оқушыларының ата-аналарына арналған тренинг - ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Баланың дамуы мен тәрбиесінде ата-ана мен мұғалімнің рөлі: ата-аналарға арналған тренинг
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz