Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ақша қызметтері

Сабақтың тақырыбы: Ақша мәні, шығу тарихы мен қызметтері
Сабақтың мақсаты: Ақшаның пайда болу тарихы, негізгі қызметтері мен қасиеттері туралы тиянақты білім беру және жалпы түсініктер қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:Білім алушыларға ақшаның мәні, шығу тарихы, негізгі қасиеттері мен қызметтері және оның ел экономикасында алатын орны туралы кең көлемде білім беру.
Дамытушылық: Оқыту кезінде студенттердің танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, сөйлеу мәнерін, ғылыми тілде сөйлеу дағдысын, жадын, ынтасын, қиялы мен қабылдауын т.б. танымдық қабілеттерін, жіктеу, өзара байланыс, қорытынды шығару, топтық, ұжымдық жұмыстарда қарым - қатынас дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: Тәуелсіз еліміздің жан-жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, ұлтжандылық, экономикалық тәрбие, ғылыми дүниетанымын, тұлғаның ұлттық, жалпы адамгершілік құндылықтарды қолдануда жауапкершілікпен шешім кабылдауға тәрбиелеу,өзіндік пікірін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру,оқуға деген саналы - белсенді, жауапкершіліктік қатынасты қалыптастыру, беру.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту сабағы.
Сабақтың түрі: Интеллектуалды ойын сабағы.
Технология: Ойын технологиясы элементтерін қолдану
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, баяндау, иллюстративті әдіс, қосымша материалмен, оқулықпен жұмыс, ғылыми материалдармен, дидактикалық материалдармен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, пікір алмасу, ауызша, жазбаша әдіс
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы, Саясаттану және әлеуметтану негіздері, Қоғамтану, Математика, Философия негіздері
Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның Конституциясы, интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме және баспасөз материалдары.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару.
2. Мақсат қою және оқу іс-әрекетіне қызығушылықты ояту, мотивациялау.
3. Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу.
ІІ. ЖБНИ- 30мин.
ІІІ. Бекіту кезеңі. <<Қазыналы арал>> интеллектуалды ойыны. Қазыналы аралға барар жол картасы:
а) <<Белес>>
ә) <<Асу>>
б) <<Шөл басу>>
в) <<Өткелден өту>>
г) <<Алтын сандық>>
ІҮ. Қорытындылау кезеңі
Ү. Бағалау кезеңі
ҮІ. Үйге тапсырмасы <<Ақша мәні және оның пайда болу тарихы>>, <<Ақша түрлері мен қызметтері>> тақырыбында материалдар жинақтап келу.
ҮІІ. Рефлексия

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
2) Мақсат қою және оқу іс-әрекетіне қызығушылықты ояту, мотивациялау: сабақтың мақсатын хабарлап, білім алушылардың назарын сабаққа аудару, эксперт тобы құрылады. (Сабақ барысында қолданылатын <<Қазына аралына барар жол>> ойынының элементтерімен таныстыру)
3) Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу

Сабақтың эпиграфы:
<<Ақша - бұл бізге қалған бесеуінің рақатын көруге
мүмкіндік беретін алтыншы түйсік>>
Оноре де Бальзак
ІІ. ЖБНИ кезеңі
Дәріс жоспары:
1. Ақша - тауар өндірісінің категориясы: пайда болуы және мәні. Ақша теориясы
2. Ақша қызметтері
3. Ақша айналысының жүйесі, мазмұны мен белгіленуі. Ақша айналысы мен ақшаның эволюциясы

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің қоғамдық қатынастарын тудыра отырып тауар нысанын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық нысанға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. <<Айырбас құны - тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өздігінен өмір сүретін тауар, ол - ақша>>.
Кез келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол - Нумизматика деп аталады. Онда тиындар, құйма ақша кесектері, т.б.ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде 18-ғасырдың 2-жартысында пайда болды, оның негізін салушы - Вена нумизматигі И.Х.Эккель.

Құнның ақшалай нысанының жалпыға бірдей нысаннан айырмашылығы
Құнның ақшалай нысанының жалпыға бірдей нысаннан айырмашылығы

Тауар жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін жергілікті нарықтың шеңберінде ғана емес, кең көлемде атқарылады
Тауар жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін жергілікті нарықтың шеңберінде ғана емес, кең көлемде атқарылады
Жалпыға бірдей эквиваленттің рөлі бір тауарға жекелей қатысты
Жалпыға бірдей эквиваленттің рөлі бір тауарға жекелей қатысты

Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі-ақша пайда болды.Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі сауда - саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда: мәселен, ертедегі гректерде, римдіктерде, славяндарда, моңғолдарда- мал, Скандинавияда, ертедегі Русьте-аң терісі, Қытайда-шай, Абиссинияда- тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды.
Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасында қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені металл, әсіресе алтын, күміс өзінің табиғи қасиетінің (біртектілігі, бөлінгіштігі, қолайлылығы, сақталғаштығы ) арқасында Ақша ролін атқаруға өте лайықты болды. Тарихи деректерге қарағанда жезден және күмістен жасалған ақша белгілері біздің жыл санауымыздан 3мың жыл бұрын Азия елдерінде пайдаланылған. Ресей тарихында металл ақша ретінде ІХ ғасырдан бастап қолданылды.
Оны кез-келген тауарға айырбастыру мүмкіндігі туды. Демек металл ақшаның пайда болуы ақша тарихында жаңа бір тарихи бастау кезеңі болды.
Алғашқы металл тиындар Грекия мен Кіші Азияда күмістен соғылған. Бертін келе алтын, күміс сияқты асыл металдарға мықты болу үшін мыс қосқан металл ақшалар шығарыла бастаған.
Металл ақшаны жасап шығару құқығы, әдетте, мемлекеттік өкімет билігінің қолында болған. Оның оң бетін аверс ,ал сол бетін реверс деп айырған.Жазулар оның екі бетінде де кездеседі. Олар тиын шығарған елдердің немесе үкімет органдарының белгілерін, монархтың аты мен мансабын , тиын сарайының ,тиынды шығаруға жауапты адамның атын, тиынның құнын, шыққан уақытын т.б.көрсеткен. Және оң бетінде мемлекеттік өкіметті немесе оның гербі ,ал сол бетінде оның бағасы шыққан жері мен жылы берілген.
Қазақстанда металл ақша негізінен орта ғасырларға жататын көне қалаларда, обаларда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылды.
Қазақ елінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуына байланысты металл ақша жасау қажеттігі ертеден қолға алынғанын бүгінде тарихи деректер дәлелдеп отыр.
ҮІ-ҮІІІ ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құйыла бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері ҮІ-ҮІІІ ғ-дың 1-жартысында дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде арыстан бейнесі бейнелеген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен бірге Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Отырарда ақшаның құйылғаны туралы 1967 жылы Самарқанд қоймасы ашылған соң анықталды. Осы қоймадан Х ғасырдағы Фараб теңгелері табылған. Біріншісі, сәл ұмытылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер болса, екіншісі бетінде садақ бен шаршы түріндегі түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын меңзеген рәміз) бейнеленген теңге болған.
Б.з. 704-706 ж. Таразда арнайы теңгелер құйылып, айналымға енгізілген. Оның бетінде <<Түркеш қаған теңгесі>> немесе <<Түркінің көк ханының теңгесі>> деген анықтама жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекеттің дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме болған.
Тарихи деректер Қарахан әулетінің билік құрған тұсында Қазақстан мен Орта Азияда сауданың күшті дамығандығын көрсетеді. Осыған орай ақша шығару мен ақша айналымы кең етек алған. Әсіресе, мыс, күміс,ақшалар көп шығарылған.
ХІІ-ғасырдың 2-жартысы мен ХІІІ ғ-ң басында теңгелердің Отырардан шығарылуы Қазақстан жерінде сауда-саттықтың дамуына ерекше үлес қосқан. Ол дәуірде мыс,алтын, ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен бағаланып, сауда айналымына енген. Сөйтіп Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарында Отырар ақшасы көптеп тараған. 1271ж ақша айналымына енген жаңа реформа бойынша алтын ақша орнына күміс ақшалар көбірек қолданысқа енгізіледі. Бұл күміс ақшалар Қазақстаннның Тараз, Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірленіп шығарылған.
Сонымен қатар ақша тарихында Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек , Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелерінің Жетісу мен Түркістаннан бастап Еділ жағалауына дейін таралғаны белгілі.
Сарайшық қаласынан табылған нумизматикалық деректер ХІІІ ғ.аяғы мен ХІҮ аралықты қамтиды.Ол жерден табылған көне теңгелер Өзбек ханның билігінің алғашқы жылдарында Сарай қаласынан шыққан. Осы кезеңдегі өзгерістер ақшалардың сыртқы түрінде өз ізін қалдырды. Күміс теңгелерде ислам дінінің енуі ,орнығуы күмістеңгелер - дирхемдерде сунниттік сенімнің белгісі мен құранныңалғашқы жолдарыныңжазылуынан көрінеді. Теңгелерде <<Кутлуг булсун>> деген көне түркі сөзі яғни <<Құтты болсын>>деген тілек жазылған. Сондай-ақ бет жағында <<билік, байлық, ержүректіліктің белгісі болып табылатын- сұңқар,алдыңғы аяғын көтерген, арқасынан күн шығып келе жатқан арыстан>> бейнелері берілген. Олардан тағы басқа да жануарлар бейнесін, тартымды, геометриялық және өсімдік тәріздес оюлармен қатар зодиак белгілерін көруге болады.
Ал ХІҮғ.ортасында шығарылған теңгелердің көбінде әрленген екі басты бүркіт пен алты жапырақты гүл бейнесі берілген. Бұл теңгелер ақша айналымында көп жүрген. Олардың көптеп шығарылуы жеке сауданың дамығанын, Алтын Орда қалалары тұрғындарының ауқатты өмір сүргенін көрсетеді.
Сарайшық Қырымнан Хорезмге дейін, одан шығыс пен оңтүстікке созылып жатқан ірі магистраль бойындағы қала ретінде дамыған. Сол себепті қалаға ең жақын сауда орталығы - Хорезмнің теңгелері айналымда басқаларға қарағанда көп болған. Мұнда Тоқты ханның атынан Хорезмде шығарған күміс теңге хижраның 694 жылымен мерзімделген, онда <<Әділ тоқты>> деген жазу жазылған. БұлСарайшықта табылған теңгелердің ең көнесі. Хорезмнің теңгелері бедер салынуымен, ірі салмағымен және көркемдігімен ерекшеленеді.Ал жергілікті Сарайшық теңгелерінде көп жапырақты гүл немесе <<Сарайджук қаласынан шығарылған>> деген жазу болған.(Мұндай теңге түрлерін Сіз біздің <<Архелогия>> мен <<Алтын Орда << залындағы экспозициядан да көре аласыз)
Қазақстан Егемен ел аталғаннан кейін тарихымыздың жаңа парақтары ашылды. Өйткені ертеден қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша әрбір елдің жеке елдік нышандары болуы тиіс. Олар: елдің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Осы мемлекеттік нышандарға қарай сол елдің қайсы ел екені әркімге айқын болады. Нышандар жеке бір мемлекеттікі болғанымен, оның халықаралық мәні зор. Нышандар мемлекетаралық қарым-қатынастарда үлкен ресми роль атқарады. Сондықтан Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін өзіміздің Елтаңбамыз , әнұраны белгіленіп, ұлттық валютамыз дүниеге келді.. Астанамыз Сарыарқа төрінен оз орнын тапты.
1993 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы <<теңге>> айналысқа шығарылды. Бүгінде еліміздің ұлттық валютасы Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі болып табылады.
Қазақстан өз төл ақшасын жасау үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды ағылшынның <<Харрисон>> атты фирмасы қолға алды. 1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев"Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы"жарлық шығарды.
Ұлттық валютаны <<теңге>>, ал оның жүзден бір бөлігін <<тиын>> деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.1993 жылы 15 қарашада Ұлттық теңге айналымға енгізілді.Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: <<Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет>>,- деді.
Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі <<Харрисон және ұлдары>>фабрикасында басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Бір аптаның ішінде олар Лондонға 18 рет ұшып барып-қайтып келген. Жаңа валютаның айналысқа енгізілуінің көрші елдерден құпия ұсталғаны сонша барлық құжаттарда Президент Резиденциясының құрылысы үшін құрал-жабдықтар тасылуда деп жазылған. Алғашқы теңгелер жер асты қоймаларынан елдің барлық банктеріне 8 күн ішінде жеткізілген. 1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шықты. Қарашаның 12-сіндегі Президент Жарлығынан 3 күннен кейін теңге айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада таңғы 8.00-де басталып, 20 қараша күні 20.00-де аяқталды. Ұлттық банк алғашқыда 1 теңгені сол кездегі 1000 рубльге бағалаған. Кейін еліміздің саяси және әлеуметтік, мемлекетаралық қатынастары ескеріліп 1 теңге 500 рубль болды. Ал бірінші айналымға енген 1 теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны 4,35 теңге болды.
Әр мемлекеттің ақшасы оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін анықтайтын нышан. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың т, б суреттері салынды.
1 теңгеде - әл Фараби
3 теңгеде - Сүйінбай
5 теңгеде - Құрманғазы
10 теңгеде - Шоқан
20 теңгеде - Абай
50 теңгеде - Әбілқайыр хан
100 теңгеде - Абылай хан
Теңге дизайнерлерінің бірі - Прага сәулет институтының түлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы Х.Ғабжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы алаш азаматтарының бейнесін берудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, қосымша күрделі бедер - бейнелер банкноттарды қолдан жасаудан қорғайды, екіншіден тарихи тұлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықтап тұрады.1995 жылы Алматыда өз банкнот фабрикамыздың тұсауы кесілді. Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып шығарады.
2006-2011жылғы банкнот фабрикасы ұлттық ақшаның түрлерін басып шығарды.
Теңге 2006 жылы өз бейнесін өзгертті. 2006жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді. Барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат нышандарының бейнелері кіреді.
Банкноттардың бет жағында, ортаңғы бөлігінде"Астана-Бәйтерек" монументі қазіргі заманғы сәулеттің конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкноттың ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналды сандық белгісі жазылған."Бәйтерек" ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ жоғарғы бөлігінде - мемлекеттік жалау бейнеленген. Банкноттың төменгі бөлігінде сенімді шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдика ашық алақан бейнеленген. Оң жақ төменгі бұрышында тігінен номиналы 200, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге деп жазылған.
Теңгенің сипаттамасы - 2006 ж
200 теңге. Басым түсі:сарғылт - жасыл. Мөлшері:126х64мм
500 теңге. Басым түсі:көкшіл - сұр. Мөлшері:130х67мм
1000 теңге Басым түсі:сарғыш - қоңыр. Мөлшері:134х70мм
5000 теңге Басым түсі: күңгірт қоңыр - қызыл. Мөлшері:142х76мм
10000 теңге Басым түсі: күлгін - көк. Мөлшері:146х79мм
2011 жылы 25 мамыр Ислам конференциясының ұйымдарындағы Қазақстан өкілдігіне арналған теңге
Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына
Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығына
2010 жылы 1мың теңгелік көкшіл - жасыл
2011 жылы Қысқы Азия ойындары
2011жылы Тәуелсіздікке арналған теңге түрлері
2011жылы қарашаның 15-і Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгенің қолданысқа енгеніне 18 жыл толды.
Өскемендегі теңге сарайы.Айналымдық теңге, коллекциялық теңге, жетондар. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің басты атрибуты - ұлттық валюта күні.
<<Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге - бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны>>. Н.Ә.Назарбаев.
Қазіргі күні бұл қағаз ақшалар металл ақша түрлерімен ауыстырылды.
Ақшаның негізгі қасиеттері
Ақшаның негізгі қасиеттері

Ажыратым-дылығы
Ажыратым-дылығы
Тұрақтылығы
Тұрақтылығы

Ықшамдылығы
Ықшамдылығы
Бөлінімділігі
Бөлінімділігі

Ұзақ мерзімділігі
Ұзақ мерзімділігі
Біртектестігі
Біртектестігі

Қазақстан Республикасында ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымынан шығару ісін Қазақстан Ұлттық банкі жүзеге асырады.Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. Ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы, яғни арнайы Қазақстан Теңге сарайы бар. Онда қағаз ақшалармен қатар арнайы сапамен күміс ақшалар шығарылады. Таза салмағы 24гр, 37 гр т.б әртүрлі болып жасалатын бұл ақшалар қазақ өмірінің тарихынан мәлімет береді. Мысалы , қазіргі уақытта айналыста жүрген қазақтың көне саз аспабына арналған <<Домбыра>>, ұлттық аңшылық кәсібінің құрметіне <<Бүркітші>>, <<Ғасырлар пернесі>> сияқты әр түрлі тақырыптарда шығарылған күміс ақшалар бар. Бүгінде оларды Қазақстанның Ұлттық Банкілерінен алуға болады. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді.

Ақшаның атқаратын қызметтері
Ақшаның атқаратын қызметтері

Дүниежүзілік ақшалар
Дүниежүзілік ақшалар
Қазына жинау құралы
Қазына жинау құралы
Төлем құралы
Төлем құралы
Айырбас құралы
Айырбас құралы
Құн өлшеуіші
Құн өлшеуіші

Ақшаның атқаратын қызметтері

1.Ақшаның - құн өлшемі екенін көрсетеді.
Ақша құн өлшемі ретінде <<құнды көрсету үшін, яғни мөлшер жағынан аттас, сапасы жағынан бірдей және саны жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын көрсететін>> материал қызметін атқарады.
2.Ақшаның - айырбас құралы екенін дәлелдейді.
Бұл қызметінде ақша айналыста дәнекер рөлін атқарады. Тауар өндіруші өз товарын сатқаннан кейін басқа тауарды сатып алуды кідіртіп,ақшаны айналысқа жібермей өз қолында ұстауы мүмкін. Айналыс құралы ретінде ақша өткінші сипатта болады: демек ол қолдан-қолға өтеді. Т-А-Т; А-Т-А; -деген заңдылыққа сүйенеді.
3.Ақша-төлем құралы.
Тауарлар нақты ақшаға сатылып қана қоймай,сонымен бірге несиеге сатылады.Сатып алушы ақшаның орнына өз тарапынан борышқорлық міндеттемелер береді.Осы міндеттеменің мерзімі жеткен соң ақша төленеді,сөйтіп ақша төлем құралы қызметін атқарады.
4.Ақша-қазына жинау және қорлану құралы
Ақша жалпыға бірдей байлықтың бейнесі болғандықтан,оны кез келген уақытта кез келген уақытта кез келген тауарға айналдыруға болады.

5.Дүниежүзілік айналыста ақша ең алдымен төлем ретінде қызмет атқарады
Дүниежүзілік нарықта ақша халықтардың төлем қаржысы ретінде төлем балансының сальдосын өтеуге,халықаралық төлем қаржысы ретінде шетелден нақты ақшаға тауар алу кезінде бір елден екінші елге көшірудің құралы ретінде қызмет етеді.

Ақшаның құнсыздануы инфляцияға әкеліп соғады.
Ақшаның теориялары
Ақшаның теориялары

металдық
металдық
сандық
сандық
металдық
металдық
номиналистік
номиналистік

Түрлі елдерде бірнеше ғасырлар бойы ақшаның рөлін әртүрлі заттар атқарып келді. Жылдар өткен сайын жалпылама баламалық рөлді алтын атқаратын болды.

Алтынның қасиеттері
Алтынның қасиеттері

икемділігі (портативтілігі)
икемділігі (портативтілігі)
сапасының біртектілігі
сапасының біртектілігі

бөлінгіштігі
бөлінгіштігі
сақталғыштығы
сақталғыштығы

Алтын - сирек кездесетін және еңбек шығындарын көп қажет ететін металл.
Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементері болады. Ақша жүйесінің типі -- бұл ақшаның қандай нысаны болуын сипаттайды. Осыған байланысты, ақша жүйесінің төмендегідей типтерін бөліп қарайық.

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------
Ақша жүйесінің типтері

* металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;
* несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.

Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:
* Биметализм;
* Монометаллизм.

Ақша айналысы -- шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша жүйесінің элементтері:

1. Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда - теңге.
2. Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.
3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.
4. Эмиссиялық жүйе - айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.
5. Ақша жүйесінің институттары - ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.
6. Валюталық паритет - екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.

--------------------------------------------------------------------------------
Қазіргі ақша жүйесі мынадай элементерден тұрады: ақша бірлігі, ақша түрлері және эмиссиялық жүйе.
Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:
- металл ақшаның айналыс жүйесі - айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.
- несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі.
Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады. Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және терісінше өтеді. Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Ақша массасының көлемі көптеген факторларға тәуелді, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан. Ақшаның ұсынысы - бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Ақшаға сұраныс - оның айналыс құралы және жинау құралы қызметінен туындайды. Ақша массасының динамикасына көп факторлар әсер етеді. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономисі Фишер келесі формуланы ұсынады:
M :: V = P :: Q
мұнда: M - айналыстағы ақшаның саны;
V - ақшаның айналыс жылдамжығы;
Р - бағаның орташа деңгейі;
Q - барлық тауарлар мен қызметтердің саны.
Ақшаның ұсынысы елдің Орталық банкі бақылап отырады, яғни тіркелген дәрежеде қолдап отыруға тырысады. Сондықтан ақша ұсынысының қисығы тік сызық түрінде болады.
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында саяси экономияда номинализм үстемдік ете бастады. Бірақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы - оның объектісіне қағаз ақшалар жатады.

Қызықты мәліметтер <<Ең.ең.ең...>>
Ең ежелгі қағаз ақша б.з. 812 ж. Қытайда пайда болған болған.
Ең алғашқы электронды ақша - 1918 АҚШ Федералдық банкі ақшаны
телеграф арқылы аударған.
Ең қымбат алтын ақша- салмағы 250 кг тұрады,құны-3,7 млн. доллар, Жапонияда жасалған.
Ең ерекше ақша - Африка елдерінде жасалады. Бұл монеталар 2000 жылы Замбиде Сидней олимпиадасы құрметіне орай шығарылды.
Ең табиғи ақша- каури бақалшықтары немесе фарфорлы ұлулар. Ақша орнына 3500 ж. бұрын Қытайда пайдаланылған.
Ең ірі номиналды валюта - 2008 ж.Зимбабведе жасалған, 14 нөлден тұрады.

ІІІ. Бекіту кезеңі. <<Қазына аралы>> интелектуалды ойыны
Енді сабағымызды пысықтау үшін <<Қазына аралы>> интелектуалды ойынымызды бастаймыз. Ал, қазына жолына барарда бізге көптеген кедергілерден өтуге тура келеді. Сонымен, біз алғашқы кедергімізге тап болдық десек те болады.
а) <<Белес>>
<<Белестен>> өту үшін ақпараттық қағазды толтыру керек:


Ақпарат көрсеткіші
Ақпарат
1.
Ұлттық валюта атауы:

2.
Туған жері:

3.
Туған айы, күні, жылы:

4.
Жасы:

5.
Авторлар тобы:

6.
Алғашқы шығарылған орны:

7.
Номиналдары:

ә) <<Асу>>
Біз жолда <<Шөлімізді басу>> үшін интерактивті тақтада берілген әлемдік нарыққа қатысушы ірі елдердің валютасын сәйкестендіруіміз керек.


Мемлекет
Ақша бірлігінің реттік саны
Ақша бірлігі
1.
Қазақстан

1. Лира
2.
Ресей

1. Доллар
3.
Қытай

1. Иен
4.
Жапония

1. Теңге
5.
Франция

1. Юан
6.
Италия

1. Марк
7.
Америка

1. Дирхам
8.
Индия

1. Рубль
9.
Араб біріккен әмірлігі

1. франк
10.
Германия

1. Рупия

б) <<Шөл басу>>. <<Ең.ең.ең...>>. Сынақ хат.
Деректерді орнына орналастырыңыз - Қытай, Жапония, Африка, АҚШ, Қытай, Зимбабве:
1. Ең ежелгі қағаз ақша б.з. 812 ж ............. пайда болған болған.
2. Ең алғашқы электронды ақша -1918 ............. Федералдық банкі ақшаны
телеграф арқылы аударған.
3. Ең қымбат алтын ақша - салмағы 250 кг тұрады, құны-3,7 млн. доллар, ............. жасалған.
4. Ең ерекше ақша - ............... елдерінде жасалады. Бұл монеталар 2000ж
Замбиде Сидней олимпиадасы құрметіне орай шығарылды.
5. Ең табиғи ақша - каури бақалшықтары немесе фарфорлы ұлулар. Ақша орнына 3500ж. бұрын ............. пайдаланылған.
6. Ең ірі номиналды валюта - 2008 ж. .............. жасалған, 14 нөлден тұрады
Жауап кілті:

1.
2.
3.
4.
5.
6.
Қытай
АҚШ
Жапония
Африка
Қытайда
Зимбабве
в) <<Өткелден өту>>
Шарты: Білім алушылар әр мақалды мағынасына қарай толықтырып, құрастыр уы керек, түсіндіруі шарт.
1. Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.
2. Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
3. Теңге тиыннан,
Ынтымақ ұйымнан.
4.Базар ақшалыға базар,
Ақшасызға назар.
5. Ар - намысы таза адамның ақшасы аз болады.
г) <<Алтын сандық>>
<<Ақшаның атқаратын қызметтері>> туралы семантикалық картаны толтырыңыз:
р/с

<<Ақшаның атқаратын қызметтері>>
Ақшаның - құн өлшемі екенін көрсетеді
Ақша-төлем құралы
Ақшаның - айырбас құралы екенін дәлелдейді

Дүниежүзілік айналыста ақша ең алдымен төлем ретінде қызмет атқарады
.Ақша-қазына жинау және қорлану құралы
1.
Ақша құн өлшемі ретінде <<құнды көрсету үшін, яғни мөлшер жағынан аттас, сапасы жағынан бірдей және саны жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын көрсететін>> материал қызметін атқарады.

2.
Тауарлар нақты ақшаға сатылып қана қоймай,сонымен бірге несиеге сатылады. Сатып алушы ақшаның орнына өз тарапынан борышқорлық міндеттемелер береді.Осы міндеттеменің мерзімі жеткен соң ақша төленеді,сөйтіп ақша төлем құралы қызметін атқарады.

3.
Бұл қызметінде ақша айналыста дәнекер рөлін атқарады. Тауар өндіруші өз товарын сатқаннан кейін басқа тауарды сатып алуды кідіртіп,ақшаны айналысқа жібермей өз қолында ұстауы мүмкін. Айналыс құралы ретінде ақша өткінші сипатта болады: демек ол қолдан-қолға өтеді. Т-А-Т; А-Т-А; -деген заңдылыққа сүйенеді.

4.
Дүниежүзілік нарықта ақша халықтардың төлем қаржысы ретінде төлем балансының сальдосын өтеуге,халықаралық төлем қаржысы ретінде шетелден нақты ақшаға тауар алу кезінде бір елден екінші елге көшірудің құралы ретінде қызмет етеді.

5.
4 Ақша жалпыға бірдей байлықтың бейнесі болғандықтан,оны кез келген уақытта кез келген уақытта кез келген тауарға айналдыруға болады.

ІҮ. Қорытындылау кезеңі
Ақша - тауар өндірісі мен айырбастың даму қарқыны бойынша жалпыға бірдей эквивалент түрінде бөлініп шыққан тауар. Ол барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді. Ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды. Кез - келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады.
Ү. Бағалау кезеңі. Эксперт тобының жұмысы (сараптау және бағалау).
ҮІ. Үйге тапсырма. <<Ақша мәні және оның пайда болу тарихы>>, <<Ақша түрлері мен қызметтері>> тақырыбында материалдар жинақтап келу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08. 1993ж.
2. Жолдасова Г.А. Экономика негіздері. Астана: Фолиант 2008 ж.
3. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе <<А-Полиграфия>> 2004 ж.
4. Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев. Экономикалық теория. Алматы 1999 ж.
5. Н.Әпсәләмов, Қ.Т.Исабеков. Ө. Сұлтанов. Экономикалық теория негіздері.Алматы-1999ж.
6. В. Крымова. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы-2003
7. А.Мельникова <<Твердые деньги>>, Москва,1973ж

ҮІІ. Рефлексия
Фразаны аяқта
Бүгінгі сабақта менің білгенім ....
Маған қызықты болғаны .....
Мен мынаны түсіндім .....

Ұқсас жұмыстар
Банк жуйесі
Ақша теориясы
Банктік қызметтер. 9сынып
Ақша қызметтері және түрлері
Ақша дегеніміз не?
Мемлекет бюджеті және отбасы бюджеті
Мемлекеттік бюджет
Жарнама плакаттары
Электрондық кестеде формулалар енгізу. Атқаратын қызметтері
Салықтық база - салық салуға жататын табыстардың тұрақты мөлшері
Пәндер