Қазақстан Республикасының Президенті: рөлі, міндеттері және конституциялық құзыреті

Қазақстан Республикасының Президенті

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Қазақстан Республикасы Президентінің атқаратын қызметі, міндеттері, құзыреті туралы түсінік беру. Мемлекетіміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірінен мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Топтық өзіндік жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың құжатпен жұмыс істеу, іздену, өз ойын айту қабілеттерін дамыту. Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу тәртібін үйрету.

Тәрбиелігі: Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау, топтық жұмыс, ой толғау, картамен, тестпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтің кітаптары, жолдаулар, интерактивті тақта, кестелер, карта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сыныпты 3 топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушыларға тест таратып, интерактивті тақтадан дұрыс жауабын көрсетіп, өздеріне тексерту. Қатемен жұмыс жасау.

Үй тапсырмасын тексеруге арналған тест сұрақтары.

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының басты міндеттеріне қайсысы жатпайды?

А. Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу,

Ә. Табиғатты қорғау;

Б. Үздіксіз білім алу;

В. Қазақстан Республикасын қорғау.

2. Конституциялық міндеттер құқықтық міндеттердің қайсысына жатады?

А. Негізгі;

Ә. Балама;

Б. Қосымша;

В. Азаматтық.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабының 2-тармағында қандай мәселе қаралған?

А. Салық төлеуге міндетті;

Ә. Отанды қорғауға міндетті;

Б. Тарихи ескерткіштерді қорғауға міндетті;

В. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті.

4. Қазақстан Республикасы Конституциясының қай баптарында азаматтардың міндеттері жазылған?

А. 34-38 баптар;

Ә. 16-20 баптар;

Б. 36-42 баптар;

В. 9-75 баптар.

5. Қазақстан Республикасын қорғау - әрбір азаматтың міндеті деп қай бапта жазылған?

А. 34-бапта;

Ә. 35-бапта;

Б. 36-бапта;

В. 37-бапта.

6. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында азаматтардың қандай міндеті жазылған?

А. Заңдарды сақтау және құрметтеу;

Ә. Салық төлеу;

Б. Табиғатты қорғау;

В. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу.

7. Қазақстан Республикасы Конституциясының қай бабына «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған?

А. 34-бапта;

Ә. 15-бапта;

Б. 1-бапта;

В. 3-бапта.

8. Төленетін салықтың мөлшерін және оны жинау ережелерін кім белгілейді?

А. Президент;

Ә. Парламент;

Б. Үкімет;

В. Жергілікті басқару органдары.

9. Қандай азаматтардың әскери міндетінен босатылу мүмкіндіктері бар?

А. Студенттердің;

Ә. Денсаулығы нашар азаматтардың;

Б. Әскери қызметкерлердің;

В. 50-жасқа толмаған ер адамдар.

10. Азаматтың конституциялық міндеті не?

А. Еңбек ету;

Ә. Адамның өмірі мен денсаулығына нұсқан келтірмеу;

Б. Имандылықты сақтау;

В. Мемлекеттің заңын сақтау, өзіне жүктелген міндетті орындау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жоспары:

1. Қазақстанда президенттік институттың енгізілуі.

2. Қазақстан Республикасы Президенттігіне ұсыну тәртібі.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің қызметі, құзыреті, өкілділігі, құқығы.

Жаңа сабақты қазақ халқының мемлекеттік тарихынан Президенттік басқаруға дейінгі тарихына шолу жасаудан бастау.

Интерактивті тақта арқылы:

1. Қазақстанда Президенті қызметінің тарихы.

2. Қазақстанда Президентіне ұсыну тәртібі.

3. Қазақстанда Президентінің өкілдігі.

4. Қазақстанда Президентінің құқығы.

5. Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтің өмірбаяны туралы түсінік беріліп, көрсетіледі.

Жаңа сабақ бойынша 3 топқа тапсырма беріледі. Тапсырманы орындау үшін оқушылар оқулық пен Қазақстан Республикасының Конституциясын пайдаланады.

1-топқа тапсырма:

Президенттің қызметі.

2-топқа тапсырма:

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қызметі мен қасиеттерін топтастыру стратегиясы.

1-топтың тапсырманы орындауы:

Мемлекет басшысы

Мемлекет пен халық атынан сөйлейді.

Ішкі және сыртқы саясатты жүргізеді және басшылық жасайды.

Халық алдында ант қабылдайды.

Парламент қабылдаған заңдарға қол қояды.

Жарлықтар мен өкімдер шығарады.

Белгілі жағдайда заң қабылдай алады.

ҚР Прези- Халықаралық келіссөздер жүргізеді. Халықаралық шарттарға қол қояды.

дентінің Үкіметке, жергілікті атқару органдарына тікелей ықпал етеді.

қызметі Үкіметтің құрылымын анықтайды.

Үкімет мүшелерінен ант қабылдайды.

Үкіметтің маңызды отырыстарында төрағалық етеді.

Мәжіліске заң жобасын енгізу туралы үкіметке тапсырма береді.

Үкіметтің кейбір шешімдерінің күшін жояды.

Облыстық әкімдердің есебін тыңдап, тапсырма береді.

Парламентті таратып жібере алады.

Жылына бір рет халыққа жолдау жолдайды.

Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді.

Республиканың азаматтығын бекітеді.

Азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асырады.

Қазақстан халықтары Ассамблеясын құрады.

2-топтың тапсырманы орындауы:

3-топтың тапсырманы орындауы:

Әнұранның авторы

ҚР-ның Президенті ЕҚЫҰ-ның төрағасы

Жазушы Дүние жүзі қазақтары

қауымдастығының

Жоғарғы сот төрағасы

Кеңесінің төрағасы ҚР-ның бас

қолбасшысы

І-топ өз тапсырмасын қорғағаннан кейін Елбасымыздың жолдаулары, әсіресе соңғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауына түсінік беріледі.

ІІІ-топтың жұмысынан кейін Н. Ә. Назарбаевтің кітаптарымен таныстырып, мұғалім өзі толықтырып отырады.

Жаңа сөздермен жұмыс:

1. Президент - латын тілінен аударылған. Алда отырған, басшы деген мағына береді. Басқарудың республикалық формасындағы елдердің сайланып қойылатын мемлекет басшысы, сонымен бірге кейбір қоғамдық мекемелердің жетекшісі.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті және Үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері және Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: ұғымы, адам және азаматтың құқықтық мәртебесі, мемлекеттік органдар
Азаматтардың негізгі міндеттері: конституциялық-құқықтық негіздері
Астана қаласы және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы тәрбие сабағы
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Мен - елімнің патриотымын патриоттық әндер байқауы
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні: Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі, қызметі және патриоттық тәрбие
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған құттықтау хат және 70 жасқа арналған патриоттық ән
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz