Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Смирнов №3 орта мектебі
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Даурен Талғатұлы Сапаровтың
шығармашылық есебі

<<Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен болады бақытты өмір>>- деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай мектептің басты міндеті - бастапқы білім берумен қатар жан - жақты жарасымды жүйелі интеллектуалды рухани тәрбие беру және олардың денсаулығын мықты етіп өсіру. Қазіргі таңда дене шынықтыру пәнін оқыту өзіндік жүйесімен ерекшеленеді. Соған байланысты денешынықтыру сабақтарын оқушыларға игерту мақсатында ең бірінші ерекшелік - ол сабақ беруде оқытудың басты ұйымдастыру формасы болып табылады.
Дене шынықтыру мұғалімінің даярлық кезеңі әрбір сабақты жекелей және оқу - тәрбие процессін тұтастай сапалы жүргізу жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол оқу жылына арналған оқу - тәрбие жұмыстарының жоспар - графигін, әр тоқсанның жұмыс жоспарын, әр сабақтың сабақ конспектісін жасауды, оқытудың әдістері мен құралдарын іріктеп алуды қарастырады.
Басқасын айтпағанда балалардың сабаққа қатысуының өзі мұғалімнің беделіне байланысты. Оқушылар әдетте, әсіресе жоғары сынып балалары сабақта көбірек өз бетінше, еркін ойнағанды жақсы көреді. Сондықтанда оларға еркіндік беріп, керек уақытта ғана ақыл кеңес беруге болады.<<Жай мұғалім баяндайды, қарапайым мұғалім түсіндіреді, ал ұлы мұғалім құлшындырады>> деп Артур Уильям бекер айтпаған.
Сабақ берудегі алдыма қойған мақсатым - білім алушының денсаулығын нығайту, жалпы спорттық ойын түрлерін жетілдіру және ұлттық ойынның мәртебесін көтеру. Шығармашылық көзқарас, жаңаша жұмыс істеу - рухани парасаттылық рухта тәрбиелеудің бірден - бір жолы. Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында денешынықтыру пәні барысында қозғалмалы халық ойындарын жиі қолданамын. Атап өтсем <<Бір топ үйрек>>, <<Кім жылдам>>, <<Қамалды қорғау>>, <<Бестас>>, <<Мәреге кім бұрын>>, <<Қашпа доп>> сияқты қимыл - қозғалыс ұлт ойындарын бастауыш сынып оқушылары өте белсенді түрде қызыға қатысады. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану сапалы білім негізі. Осы мақсаттарды жүзеге асырғанда оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Оқушылардың танымдық деңгейін арттыруға болады. Мысалы өзімнің дене шынықтыру сабағының гимнастика бөлімінде акробатикалық жаттығулар кешенін техникалық құралдармен қашықтықтан оқыту арқылы өткіземін.
Сабақ үстінде спорттық дайындығы жақсы оқушы басқа оқушылармен жұмыс жасап, пән мұғаліміне көмегін тигізеді. Сабақты <<комплексті түрде өткізудің тиімділігі, негізінен оны өткізудің әдістемелік тәсілдерге байланысты>>. Әр жаттығуды орындағанда, оның адам ағзасына қаншалықты пайдасы бар екендігін оқушылар біліп отырса, олардың жаттығудағы белсенділігі артады. Нәтижесінде оқушылардың спорттық шеберліктері шыңдала түсіп, өз беттерімен спорттың жекелеген бір түрімен шұғылдануына себепкер болады. Сонымен бірге өзімнің үнемі ізденіспен, әртүрлі әдіс - тәсілдерді пайдалану іс тәжірибием бойынша <<комплексті сабақ>> өткізудің тиімділігінің нәтижесінде негізгі тәсілдерінің бірі сабақ үстінде, әсіресе гимнастика бөлімінде жаңа тапсырмалар өткенде оқушыларды мүмкіндік болғанша көбірек топқа бөлемін.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Д.Т.Сапаров

Мектеп директоры: С.В.Садвокасов
Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Д.Т.Сапаров

Ұқсас жұмыстар
Спорт –мемлекетті көтерер сала
Тапқыр достар сайысы туралы ақпарат
Дене шынықтыру сабақтары
Апталықтың ашылуы
Құмалақ ұту ережесі
Орта және қысқа мерзімді сабақ жоспары
Отбасылық сайыс
Допты екі қолмен төменнен қабылдау
Эстафеталық ойын
Гимнастика бөлімі. бекетті сабақ. 8-сынып
Пәндер