Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық
Арқалық политехникалық
колледжінің тәрбиешісі
Искакова Майра Болатовна
Тәрбие көзі - болашақ бастауы
А.С. Макаренко: <<Тәрбие баламен сөйлесумен оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие- тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі өнеге көрсетуінде деген екен.>>
Қазақстан - тәуелсіз мемлекет.Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді де,тәрбиелі ұрпақ.Білімді ұрпақ - егеменді елдің берік тірегі.Біз білімді ұрпақ,білімді тұлға дегенде рухани жан дүниесі бай,білімі мен біліктілігі жоғары талап-талғамы терең,салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыратын тұлғаны айтамыз.Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз,сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік , ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батылдық, отансүйгіштік, т.б. қасиеттер болуы тиіс.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан.
деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі жас ұрпақ өмір шыңынан өз орнын табуы тиіс.Ол үшін адам ең әуелі өзін-өзі тануы және өзгеге өзін таныта білуі тиіс.
Адамның рухани сұлулығының басты белгісі-адамгершілік тәрбие.Жеке тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеу үшін тәрбиенің кешенді бағыттары бір-бірімен тығыз байланыста қатар жүреді.Біз бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін ұрпаққа біліммен қоса тәрбиені де қатар беруіміз қажет.Біз аспан әлеміндегі сан мыңдаған жұлдыздар ішінен жарқырап көзге түсетін және ол ағып кетпейтін жарық жұлдыздарды ерекше көре аламыз.Ендеше, біз де бала бойына жауапкершілік,адалдық,сыпайылық,жанашырлық,өзара көмек,өзара келісім,ақ ниеттілік сияқты ұлы қасиетті сіңдіре білсек,бала неге осы жұлдыздай жарқырап көрінбеске.
Кешенді он екі бағыттың ішінен адамгершілік тәрбиеге тоқталып отырмын.
Адамгершілік - адам өмірінің рухани негіздерін құрайды ,ойластырады,болжайды.Бұл жайды және адамзат құндылығын қалыптастырады . <<Адам жолында екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы ағыстар бар.Бір ағыс адалдыққа жетелесе, екіншісі мейірімге талпынтады>> деген Леккидің сөзіне жүгінсек,біз баланы сөзсіз мейірімге тәрбиелеуіміз керек.Ал адам бойына мейірімділік,
адамгершілік-отбасы, қоршаған орта,қоғамдық немесе саяси өмір
арқылы сіңіріледі.Енді осы мейірім қазыналарына жеке-жеке тоқталып өтсем.
Отбасымен қарым-қатынас
<<Тәрбие - тал бесіктен басталады>> - дегендей баланың алғашқы тәрбиесі де, өнегесі де осы отбасына қарап қалыптасады.Отбасындағы әке мен шеше өз елінің нағыз азаматын өсіру үшін,өздері де елінің өнерін,мәдениетін,салт-дәстүрін , тарихын толық меңгерген болуы тиіс.Осы тәрбиені ала отырып,бала отбасындағы үлкен мен кішінің орнын біліп, <<Үлкенеге - құрмет,кішіге - ізет>> ету керектігін жадында сақтайды.
В.А Сухомлинскийдің тілімен айтқанда: <<Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін>>. Себебі жанұя мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын бірігіп анықтайды және құрады. Сондықтан да педагогикалық әрекетте тәрбиешінің бала тәрбиесіндегі міндеттерінің көлемінің сан алуандығына байланысты ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңызы ерекше.Сондықтан да ата-аналар баларды тәрбиелеу ісінде колледжбен қарым-қатынас , тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп қарауы тиіс. Оқу тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мұғаім ынтымақтасып жұмыс істеулері тиіс.Дұрыс тәрбие-балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға-мұғалім.
Қоршаған орта
Қоршаған орта- ол біздер мен сіздер.Бала қоршаған ортаға қарай тез бейімделгіш болады.Сондықтан балалар арасындағы қарым-қатынаста әдептілік,сыпайылық, адалдық орнату керек.Жалпы балаларға қоғамдық орындарда өзін-өзі қалай ұстауы керектігін,яғни , баланың қоршаған дүниеге деген көз қарасын дұрыс қалыптастыруымыз қажет.
Қоғам және саяси өмірмен ұштастыру.
Баланы қоғамның саяси өмірмен ұштастыру үшін ақпарат құралдарын тереңірек пайдаланған жөн. Балаларға баяндай отырып,еліміздің қазіргі ішкі және сыртқы саяси жағдайларын және елбасының жолдауларын түсіндіріп жеткіземіз.Бұл жұмыстар арқылы баланың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін , өзінің жеке құқығын қорғау қабілетін дамытамыз.Бала бойында, салауатты өмір салтын қалыптастыру кез-келген мұғалімнің де ата-ананың да негізгі міндеті болуға тиіс.Сонда ғана біздің болашағымыз дені сау шыныққан шымыр ұрпақтан тұратын болады.Ал мұндай ұрпақ бар жерде еш нәрседен қорықпауға болады.
Ұлттық құндылықтармен азықтандыру
Балаларды ұлттық құндылықтармен азықтандыру кезінде халқымыздың мақал-мәтелдері және шешендік сөздері,өлең,жыр-дастандардың атқаратын маңызы зор.Ұлтттық құндылықтармен азықтандыру дегеніміз-баланы ұлтының тарихымен,мәдениетімен,салт-дәстүрімен терең таныстыру және меңгерту әрбір ұстаздың міндеті.Баланың салт-дәстүрге қызығушылығын дамытып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға жол сілтеу.Әрбір мақалдың мән-мағынасын түсіндіру,өлең жыр-дастандарды жадында сақтау арқылы адамгершілікке тәрбиелейміз.
<< Ғылымда ілгері ұмтылғанмен,адамгершілікке ақсап жатса,ондай адамның алға басуынан гөрі кері кетуі тезірек.>> Аристотель.
Егер біз ғұламалардың еңбектеріне жүгінсек ,осы пікіріміздің дұрыстығына көз жеткіземіз.Оған Әл-Фарабидің <<Адамға ең бірінші білім емес , рухани тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білімадамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі>> - деген сөзі дәлел.
Демек, бүгінгі таңда педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыта оқыту болып табылады.
Егерде жеке тұлғаның рухани - адамгершілігін дамыта оқыту баланың мектеп табалдырығын аттаған сәтінен бастап жүзеге асырылса,онда қоғамның әлеуметтік қажеттілігін өтейтін рухани бай тұлға қалыптастыра аламыз.
Осындай ұлы тәрбиелер мен өнегелі үлгілердің, жан-жақты білім берудің арқасында мақсатымыз-нәтижеге бағытталған білімге жетеміз.Елбасының жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан жолдауына сай парасатты ұрпақ,өнегелі ұл мен қыз тәрбиелейміз.
<<Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі>>- дейді Әл - Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz