8-сыныпқа арналған Батыр Баян поэмасының тарихи-әлеуметтік негізі


Уақыты:
Қазақ әдебиеті
Сынып:8
Уақыты:: Сабақ тақырыбы:
Қазақ әдебиеті: «Батыр Баян» поэмасының тарихи-әлеуметтік негізі
Уақыты:: Жалпы мақсат:
Қазақ әдебиеті:

А) білімділік: М. Жұмабаев шығармашылығын өз бетінше ізденіп оқуға, поэманы түсінуге және талдай білуге қалыптастыру. Тарихи деректер мен поэма мазмұнын астастыра отырып, Баян бейнесін аша білуге үйрету.

Ә) дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ойлау және көркем де дәйекті сөйлеу қабілеттерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Өз ой пікірлерін оралымды, дәлелді жеткізуге, ізденімпаздыққа қалыптастыру.

Б) тәрбиелік: Баян әрекеттерін бағалау, талдау барысында, Абылайдың тұлғалық сипатын ашуда оқушы бойында патриоттық сезімді ояту. Бауырмалдыққа, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.

Уақыты:: Пәнаралық байланыс:
Қазақ әдебиеті: Қазақстан тарихы, музыка, кино өнері
Уақыты:: Оқу нәтижесі:
Қазақ әдебиеті:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау

Уақыты:: Сабақта қолданылатын материалдар:
Қазақ әдебиеті: Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа Мағжан суреттері, плакаттар, ойындар, семантикалық карта, сызбалар, әдеби деректер
Уақыты:: Оқыту әдістері:
Қазақ әдебиеті: , алдын ала тапсырма беру, талдау, зерттеу

Ұйымдастыру бөлімі:

  • Оқушыларды түгендеймін;

Сабаққа дайындығын тексеремін

Оқушыларды 3 топқа бөлемін.

Оқушылардан «Батыр Баян» поэмасының мазмұнын сұрап, құрылысына қарай талдатамын.

І . Шығарманың басталуы

«Батыр Баян» поэмасы Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін толғаудан басталады.

ІІ. Шығарманың дамуы

Ақын бұл жерде Баянды Абылай ханның сүйікті батыры, қалың жолға қаймықпай барар жолбарысы дейді.

ІІІ. Шығарманың шиеленісуі :Тұтқын боп келген қалмақ қызы мен Ноян әрекеті. Баян батырдың ыстық сезімі.

IV. Шығарманың шарықтау шегі

Қалмақ еліне қашып бара жатқан екі ғашықты Баянның өлтіруі . Баян ішкі ойы екіге бөлінеді. Бірі - айыптайды, екіншісі - ақтайды.

VI. Шығарманың шешімі Батырдың өз үкімі.

Баянның ерлік қылықтары, іс-әрекеті баяндалады. Баян батырға көрсетілген ерекше құрмет.

Поэмаға талдау жасау

«Топтастыру стратегиясы

  1. Абылайға, Баянға, Ноянға мінездеме

Поэма ұнады ма?

. -Поэмада батыр Баянның тарихи бейне екендігі қалай берілген?

-Жаны жаралы Батырдың жан толғанысы қалай берілген?

  1. Абылай хан туралы не білеміз?

Кинодан үзінді көрсетіліп, оқушыларға сұрақ қойылады

Сұрақ: Әсерің қандай? Сен Баянның орнында болсаң не істер едің?

Бес жолды өлең (қорытындылау)

Шығарма кейіпкерлеріне 5 жолды өлең құрастыра отырып, мінездеме беру.

Үлгі:

Кім? Зат есім (1 сөз)

Қандай? Сын есім (2 сөз)

Не істеді? Етістік (3 сөз)

Сөз тіркесі (4 сөз)

Синоним (1 сөз)

Үйге тапсырма: «Батыр Баян» дастаны

«Қалқаман - Мамыр» дастанымен салыстыру

Бағалау: Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма:


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz