Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Экономикалық зияткерлік ойыны


Қарағанды облысы
Шет ауданы
Жарық орта мектебі
Тәжібаева Ғ.М.
Шабланбекова Ж

Тақырыбы: Экономикалық зияткерлік ойыны.
Мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы
білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Ойын барысы 5 адамнан тұратын 3 топ қатысады.
I- айналым. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6
сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ұпайлар қорын
жинайды.
II- айналым. Экономика- қазақ мақалдарына
III- айналым. Эконономикалық майталмандар.
IV- айналым. Қазыналы рыноктаға терминдер.
Техникалық құрал: компьютер, проэктор, жылжымалы экран.
Бағдарламалық жабдық: POWERPOINT- жасалған слайдтар, бағалау парағы.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Экономикалық зияткерлік» атты ойынға қош келдіңіздер! Ойынымыздың
алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.( Эксперт
төрағасы мен мүшелерімен таныстыру).
Эксперттер мына шкала бойынша бағалайды.
|№ | I | II | III | IV |
| | |[pic] | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |

Алдараңызда өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициясымен ерекшеленген әр топтың
білімді оқушылары. Әр топ, топ басшысын сайлайды. Әр топқа кезекпен сұрақ
беріледі.
«Адам байлығының ішіндені ең тамашасы- білім»- деген екен шығыс ғұламасы
Әбу-р- Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығымызды көрсетейік.
Әр топқа кезекпен сұрақ беріледі, сұраққа 1 мин ішінде жауап беру, жауап
бере алмаса қарсы топ айтып өздеріне қосымша ұпай жинайды.

І. Білім аукционы
1. Тауар құнының ақшалай көрінісі (Ақша)
2. Елдегі жалпы бағаның өсуі (инфляция)
3. Акционерлік қоғам пайдасына төленетін төлем (дивидентер)
4. Бірдей өнімді өндірушілер арасында, оны көбірек сатып алушыларға сату
мүмкіндігі үшін жүретін жарыс (бәсеке)
5. Мына сөздерге назар аударыңдар: шығын, станок, кіріс, жұмыскерлер, ақша,
шикізат, табыс, тауарлар. Ақшадан бастап осы сөздерді экономикалық жағдайға
сәйкестендір.

Жауабы.
Ақша-жұмыскер-шикізат-станок-тауарлар-табыс-шығын-кіріс.
6. Келесі топқа: жұмыскер, кеден, табыс, салық, дивиденд, процент, кіріс,
кәсіпкер, мемлекет, акционер, өзара байланысы бар сөзді тап.
Жұмыскер-табыс, кәсіпкер-кіріс, акционер-дивиденд, банкир-процент, мемлекет-
салық.
7. Сендерге шашыраңқы сөздер берілген, оны бастапқы экономикалық байланысы
бар сөз құрастыр: циклдік, тауар, аралас, балама, борыш, жұмыссыздық,
экономика, белгісі, мемлекетік, құн. ( Циклдік жұмыссыздық, тауар белгісі,
мемлекеттік борыш, аралас экономика, балама құн)
8. Абсолютті, балансы, әлемдік, дербес, экономика, басымдылық, төлем,
рынок, иелік, дәстүрлі.
( Абсолютті басымдылық, төлем балансы, әлемдік рынок, дербес иелік,
дәстүрлі экономика)
Осымен І айналым аяқталды. Қорытындысын эксперт тобынан сұраймыз.
« Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, алғыр сөз» – адамның ең жоғары қасиеті »
- деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп ұпайы бар топтан
бастаймыз.
ІІ – айналым. Экономика – қазақ мақалдарында.

1. Жылай-жылай ........ қазған,
Күле-күле ......... ішер. ( арық, су )

2. Арық қазған ...... ішер,
Араздасқан ...... ішер. (су, у )

3. Аузың айтқанды ........ істе (қолмен)

4. Еңбексіз ......... сөнген көмір. (өмір)

5. Түйменің ........ күні жоқ. (инесіз)

6. Күшіне сенбе, ........ сен. (ісіңе)
ІІ – айналым Қорытындысын эксперт тобынан сұраймыз.
Енді, «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда
қапы қалып жүрмейік»,- деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі айналымға
көшейік.в
ІІІ – айналым. Экономикадағы майталмандар.
1. Экономикадағы ең көрнекті кәсіпкердің бірі: а) Адам Смит; ә)
Абрахам Маслоу; б) Мейнард Кейнс; в) Акио Морито ( В )
2. Экономикалық жаңалықтары үшін ........ «экономика әкесі» деп атаған:
А) Мейнард Кейнс; Ә) Адам Смит; Б) Вильям Вонг; В) Бреди Лендон
(ә)
3)Жарнамаға қалай дұрыс қарау керек кітаптың авторы:
А) Мейнард Кейнс Ә) Адам Смит Б) Вильям Вонг В) Карл Хеес (В)
4) Социология облысының маманы (адамның барлық қажеттіліктерін зерттейтін):
А) Абрахам Маслоу Ә) Адам Смит Б)Мейнард Кейнс В) Акио Морито (Ә) әр топ өз
жауаптарын қағазға түсіреді.

Эксперт топтары бағалап бітсе , қорытындысын айтуын сұраймыз.
Енді біз ең соңғы айналымға көшеміз.
IV-айналым. Қазыналы рыноктағы терминдер. Тапсырманы әр топтың тез құру
әрекетімен есептеледі.
|1 |К |А |Ц |Я |И |
|2 |Н |В |А |С |А |
|3 |Р |Б |Ж |А |И |
|4 |Е |Д |Т |Е |Б |
|5 |И |Е |Р |Д |Л |
|6 |О |К |Н |П |У |

Акция, аванс, биржа, дебет, дилер, купон.

Эксперт тобынан IV-ай налым қорытындысымен жалпы ойын қорытындысын
сұраймыз. Елбасы Н. Ә Назаврбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын –
бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзді әрқашан да
жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік
сайыстарда өз білімізбен биіктерден көріне берейік.
Елбасы Н. Ә Назарбаевтың алдағы 10 жыл ішінде Қ.Р. «Бәсекеге барынша
қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы бәрімізге мәлім.


Ұқсас жұмыстар
Модульдік оқыту бойынша тақырыптық жоспар
Сынып сағаты
Сұрақ Ана тілі
Ұлттық тәрбие
Тәрбие бағыттары
Компьютердің негізгі құрылғылары
Мектеп тәлімгері
ІІІ тур
Функционалдық сауаттылық - білім берудің жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі
Тәрбие жоспары. 9 сынып
Пәндер