Құстар - біздің досымыз: экологиялық тәрбие мен тіл байлығын дамытуға арналған сабақ жоспары

Тақырыбы: Құстар - біздің досымыз
Мақсаты:
1. Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат беру.

2. Құстар туралы мақал - мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы оқушылардың тіл байлығын арттыру.

3. Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар - біздің досымыз!» нақыл сөздер.
Әдісі: әдеби - монтаж, түсіндіру, ойын.
Сабақтың барысы:

  1. Топқа бөлу.

«Қарлығаш» тобы, «Аққу» тобы, «Көгершін» тобы.

1 - бөлім «Құстар - біздің досымыз!» («Топтастыру» әдісі)

2 - бөлім Құстар әлемінде (Жұмбақтар шешу)

3 - бөлім «Артық болмас білгенің» Қызыл кітапқа енген құстар
4 - бөлім “Табиғат сырын құстар да біледі” (Халық болжамдары)
5 - бөлім «Біле жүргенің артық болмас» қорытынды сөз.

1 - жүргізуші
Құрметті ұстаздар, ата - аналар. Қадірменді достар! Хош келдіңіздер!
Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!

Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.

Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт - береке күнімен

2 - жүргізуші
Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар - біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.

Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат -- шадыман көктемің
Шаттық болсын қашанда

1-бөлім. «Топтастыру» әдісі бойынша топтар

2 - бөлім Жұмбақтар шешу
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)

Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
(үкі)

Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)

Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)

Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)

Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)

3 - бөлім «Артық болмас білгенің» қызыл кітапқа енген құстар туралы мәліметтер жинап, айту.
4 - бөлім. «Табиғат сырын құстар да біледі” (Халық болжамдары)

1 - жүргізуші
1. Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.

2. Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
3. Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
4. Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
5. Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
6. Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
7. Шағала келсе сең бұзылады.
8. Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

5 - бөлім «Біле жүргенің артық болмас» қорытынды сөз.

Көктем жаршысы, адамзаттың досы болған құстарды аялайық, оларға қамқоршы болайық. Қалықтап ұшқан құсты көз алдыңа елестетші . . . Еліміздің болашағы - білімді ұрпағымда. Білім аспанында құсша шарықтап ұш. Елімізде тыныштық болып, бейбітшілктің ақ құсы аспанда шарласын. “Ендеше білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын. ”


Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі тәрбие: Құстар - біздің досымыз (ашық сабақ)
Ашық сабақ жоспары: Құстар біздің досымыз (балабақша)
Арқалық түзеу мектебінің Экология апталығына арналған Құстар - біздің досымыз экологиялық ойын бағдарламасы
Құстар - біздің досымыз: мектептің білім беру-тәрбиелік сайыс бағдарламасы
Құстар - табиғаттану мен экологиялық тәрбие сабақ жоспары
Бөкей Орда ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіндегі ашық сабақ: Құстар - біздің досымыз
Балалардың логикалық ойлау мен тіл байлығын ойын арқылы дамытуға арналған сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған сабақ: Кітап - біздің досымыз
3-сынып: Әқиллиқ Патимә ертегісі арқылы тіл байлығын дамытуға арналған сабақ жоспары
Құстар - біздің достарымыз: балабақшадағы оқу-тәрбие сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz