Ағылшын тілі мұғалімі Бабакова Анар Оралбайқызының шығармашылық есебі: инновациялық оқыту әдістері мен педагогикалық нәтижелер

C:\Users\с\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_0066.jpg

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирнов №3 орта мектебі ағылшын тілі пәні мұғалімі

Бабакова Анар Оралбайқызы

Шығармашылық есеп

Диплом бойынша мамандығы: шет тілі мұғалімі

Бітірген оқу орны:

М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі

Еңбек өтілі: 10 жыл

Біліктілік санаты: ІІ

Менің пәнді оқытудағы мақсатым-

Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Алдыма қойған міндеттерім-

* Қазіргі жаңа технология түрлерін сабақ түріне, оқушының жас ерекшелігіне сай таңдай отыра, оқушылардың білімін арттыру;

* Оқушылардың өз бетімен ойлауы мен қиялына тиімді жағдай жасау және өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау;

* Ынтымақтастықпен жұмыс жасайтын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын бүгінгі заманға сай азамат тәрбиелеу;

* Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.

Мектеп проблемасы - Жас ұрпақты тәрбиелеуде білім мазмұнын жаңарту арқылы Қазақстанның болашағы зерделі тұлғаны қалыптастыру

Әдістемелік бірлестік проблемасы - Оқу - тәрбие үрдісінде жаңашыл технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білімділік, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Мен өз мақсатым мен міндеттерімді жүзеге асыру -

2009 жылдан бастап Смирнов №3 орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып қызмет атқардым. «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп орынды айтқан педагог К. Д. Ушинский. Сол себепті «білгенімнен білмегенім көп» дей отыра, білім саласындағы қандай да болса жаңалықтарды назардан тыс қалдырмай, үнемі ізденіс танытып, білімімді шыңдап келемін. Қысқа мерзімді курстарға барып, жаңалықтардан хабардар болып, өз мектебімде бөлісіп, жиі тәжірибе алмасудамын. 2014 жылы Петропавл қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында

«Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту», 2015 жылы «Шетел тілі пәні бойынша оқушылар біліміндегі ақауларды жою үшін оқытудың интерактивтік әдістерін қолдану» тақырыптарында өткен курстарға қатыстым.

Жүйелі жұмыс, нәтижелі еңбегімнің арқасында марапаттарға ие болдым.

Марапаттарым:

  • Халил Алишер -аудандық ағылшын тілі пәнінен олимпиадасынан 2 орын жеңімпазы (2016ж. ), облыстық олимпиаданың қатысушыcы (2016ж. ) .
  • Сейтказиева Мадина - аудандық ағылшын тілі пәнінен олимпиадасынан 3 орын жеңімпазы ( 2016 ж. ) .
  • Мүсен Бақытгүл- «Тіл-тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасы аудандық кезеңінің 3 орын иегері,
  • Сейткозиева Альбина - «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұқсастығы мен айырмашылықтары» атты ғылыми жобалар сайысынан аудандық кезеңінің ІІІ орын иегері (2016ж) .
  • Сейтказиева Мадина - «Тіл-тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасы аудандық кезеңінің белсенді қатысушысы (2016 ж),
  • Жеңіс Тамирлан, Ілияс Эльмира, Бауыржан Мадина халықаралық «British bulldog» 3 орын жеңімпаздары (2016 ж) .
  • Сейтказиева Альбина-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі -Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн аясында өткізілген облыстық шығарма байқауының қатысушысы.

Менің педагогикалық ұстанымым-

«Ұстаздық ету уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау».

Жан Жак Руссо.

Әрбір сабақ- мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да, әр сабағымды жоспарлағанда білімділік, тәрбиелік мақсаттарға көңіл бөліп, оқушылардың білім-біліктілік дағдыларын, шеберліктерін дамытуда көрнекі құралдарды және бейне роликтерді сабақтың әрбір кезеңінде қолданамын. Оқушылардың шығармашылық қабілетін ашуға, ізденуіне көп көңіл бөлемін. «Шайнап берген ас - ас болмайды» дегендей, сабақ процесінде материалды дайын күйде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс-тәсілдерді таңдап отырамын. Соның нәтижесінде ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар, жеке адам болып қалыптасады. Сабақ процесінде түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді, жас ерекшеліктерін ескере отырып қолдану - оқушының танымдық қызығуын арттырып, зейінін тұрақтандырады. Сонымен қатар, әрбір сабақты психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруды көздеймін. Яғни оқушылардың ішкі жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, білім алуға деген құлшынысын, қызығушылығын ояту, баланың өз пікірін, ашық айтуға дағдыландыру. Ол үшін: Оқушының өз бетімен ойлауы мен қиялына жағдай жасау; Ойлау мен қиялданудың нәтижесінде жаңа білім мен іскерлік қалыптастыру; Мәнерлеп сөйлеу, кестелер толтыру, тірексызбалар құру, ойындар жүргізуге талпындыру.

Жоғарыда аталған курстардың да мен үшін ықпалы зор болды. Әр түйген жаңалықтарымды іске асыру нәтижесінде баланың шығармашылығын шыңдап, пәніме қызықтырып, оқушылардың танымдық әрекетін арттыруды, әр оқушының бойындағы жеке қасиеттерін дамытуды көздеймін. Әрбір өткізген сабақтарымда оқушылар өздігінен ізденіп, тығыз қарым-қатынаста, өзара бірін-бірі толықтыра отырып білім алады. Қазіргі таңда мұғалім бағыт-бағдар беруші. Берілген тапсырмаларды өздігінен игеріп, бір-бірін бағалай отыра, ойларын еркін айта отыра бір-біріне деген сенімі арта түседі. Ал өзім оқушылардың психологиялық деңгейін түрлі әдістер арқылы саралап, сараптап отырамын

Білім жолында өз тәжірибеммен бөлісу мақсатында бірнеше мектепішілік, аудандық, облыстық семинарларға қатысып, баяндамалар оқып өз еңбегімнің жақсы бағаланғанына көзім жетті.

Ұстаз еңбегі шәкірті арқылы бағаланады.

«Ұстазы жақсының- ұстамы жақсы» демекші, оқушыларым аудандық конкурстың және пәндік олимпиадалардың қатысушылары болып табылады.

Халил Алишер -аудандық ағылшын тілі пәнінен олимпиадасынан 2 орын жеңімпазы (2016ж. ), облыстық олимпиаданың қатысушыcы (2016ж. ) ; Сейтказиева Мадина - аудандық ағылшын тілі пәнінен олимпиадасынан 3 орын жеңімпазы ( 2016 ж. ) ; Мүсен Бақытгүл- «Тіл-тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасы аудандық кезеңінің 3 орын иегері; Сейткозиева Альбина - «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұқсастығы мен айырмашылықтары» атты ғылыми жобалар сайысынан аудандық кезеңінің ІІІ орын иегері (2016ж) ; Сейтказиева Мадина - «Тіл-тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасы аудандық кезеңінің белсенді қатысушысы (2016 ж) ; Жеңіс Тамирлан, Ілияс Эльмира, Бауыржан Мадина халықаралық «British bulldog» 3 орын жеңімпаздары (2016 ж) ; Сейтказиева Альбина-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі -Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн аясында өткізілген облыстық шығарма байқауының қатысушысы.


Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабақтарында инновациялық әдістермен оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
ХХІ ғасыр мұғалімі: инновациялық әдістемелер мен педагогикалық құзыреттілікті жетілдіру
Нұрғалиева Сайра Сағынышқызының қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы педагогикалық тәжірибесі, инновациялық әдістері және оқу-тәрбие нәтижелері
Ағылшын тілін оқытуда инновациялық педагогикалық технологиялар мен жобалық тәсілдер
Мектепте ағылшын тілін оқытудың инновациялық және тиімді әдістері
Білім беру жүйесінде электрондық оқыту мен мультимедиалық ресурстарды қолдану: ағылшын тілі сабақтарындағы педагогикалық тәжірибе
Ағылшын тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамытудың педагогикалық әдістері мен тәжірибесі
Қазіргі заманғы ағылшын тілін оқыту: коммуникативтік бағыт және инновациялық модульдік технологиялар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту: инновациялық педагогикалық жоба
Ұстаз рөлі және заманауи оқыту әдістері: ағылшын тілі мұғалімінің тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz