Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жауқазындай құлпырған - қызғалдақтар

<<Қаратөбе мектеп - гимназиясы>>КММ

Тақырыбы: <<Жауқазындай құлпырған-қызғалдақтар!>> атты бастауыш сыныптар арсындағы қыз сыны байқауы.

Өткізген: А.Гиззатуллина
Ұзартылған күн тобының тәрбиешісі

2017жыл

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: „Жауқазындай құлпырған - қызғалдақтар!" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), шар.
Барысы:
1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер, ұстаздар, ата-аналар оқушылар!
Бүгінгі „Жауқазындай құлпырған - қызғалдақтар!!!" атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!Сіздерді алда келе жатқан 8 - наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!
2 - жүргізуші:
Ана, бала көзінің ақ пен қарасы,
Бір - бірінсіз таусылмайтын шарасы.
Әр ананы арманына жеткізер,
Әр баланың ақылы, ары, санасы.
Қыздар деген қызыл гүл ғой
Өсіп тұрған бақтағы
Қыздар деген қазақтың, асыл арман ақ таңы!
1-жүргізуші:
Құрметті аналар, қонақтар! Сіздерге зор денсаулық, бастарыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілейміз, ал оқушыларымызға оқуда озат болуларына жәнеде осы <<Жауқазындай құлпырған-қызғалдақтар!>> сайысымызда жеңіске жетуіне тілектеспіз!
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
-дей келе біз сайысымыздың шарттарымен таныс болайық.
2 - жүргізуші:
1-бөлім: <<Мен қазақтың қызымын>>- (жұптастырып өздерінтаныстыру ) 5 мин.
2 - бөлім: <<Қызық екен...>> (әр түрлі болжамда сұрақ-жауап) 10 мин
3 - бөлім: <<Таң қалмаңыз>>, (яғни қазақтың қарапайым әрбір қызы, әр ісімен ел жұртты таң қалдырарлықтай сыйлығын ұсынады) 7мин.
4 - бөлім: <<Қыздарға әсемдік жарасады>>(қуыршақтарды киім үлгісімен сәндендіру)10мин.
5 - бөлім: <<Мозайка>>. ( <<Винкас>>мульфилімінде көрсетілетін киіпкерлерді тауып, құрау.Олардың есімін тауып, жағымды қылықтарын таныстыру)
6-бөлім: <<Қонақ күте білеміз бе?>> (әр ұлттың тағамын дайындау.) 5мин.
1 - жүргізуші:
Әділдікпен баға берер аруларға
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Ару қызды таңдап бүгін алайық.
Ал, енді, қыздарымызға әділ баға беретін әділ - қазыларымен таныс болыңыздар:

1.Музыка пәнінің мұғалімі: Толқын Жәрдемқызы
2.Техналогия пәнінің мұғалімі: Жеңісгүл Исатайқызы
3 Тәлімгер: Ментай Талғатқызы
Сіздерді <<Жаухазындай құлпырған-қызғалдақтар!>> атты кешіміздің бағалауын өздеріңізге тапсыра отырып, өздеріңізден әділ баға күтеміз.
<<5>>-деген
<<4>>-деген
<<3>> деген бағалаулардан тұрады
2 - жүргізуші:
Ал, енді, сіздердің қошеметтеріңізбен бірінші сайысымызды бастайық.
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнерілері жетер деймін.
Бәсекеге түскен қызғалдақтар кезектесіп,
Таныстырып өз-өздерін өтер деймін. - деп ортаға 1сынып,2 сынып,3сынып,4 сынып аруларын шақырайық.(Жұптасқан қызғалдақтарымыздың сыныптағы силастық белгілерімен қатар, жүріс тұрысы сөз мақамдығының байланысы қаралса)
1 - жүргізуші:
2-ші бөлім <<Қызық екен...>> (әр түрлі болжамда сұрақ-жауап)бұл жерде біздер сіздерге әр түрлі карточкалар ұсынамыз. Осы қызық екен сұрақтарына сіздер қолдарыңыздағы карточкамен жауап берсіздер (Қай топтың дұрыс жауабы көп боласа сол бағаланады берілген сұраққа қызғалдақтарымыздың жауаптары нақты көрсетілегн, әрі шапшаңдық танытса)Олай болса кеттік.
2 - жүргізуші:
1сыныптың сұрақтары:
1.Анаға не силайсың?
2. Біраптаданешекүн бар?
3. Асханадакім бар?
4. Көлікті кім жүргізеді?
5. Қолданешесаусақ бар?
6. Дүкенде не сатады?
7. Сабақты кімдер оқиды?
8. Ауруханада кім жұмыс істейді?
2сыныптың сұрақтары:
1.Дүкенде не сатады?
2.Кім ойнайды?
3.Екі өркешті не?
4. Сенің жасың нешеде?
5.Әкелер не киеді?
6. Суда не жүреді?
7.Аспанда не ұшады?
8.Сен қайда тұрасың?

1 - жүргізуші:
3сынып сұрақтары:
1. Фудболды немен ойнайды?
2. Кімдер ән айтады?
3. Көкөніспен жемістерді кім сатады?
4. Үйді кім салады?
5. Көйлекті кім тігеді?
6. Күзде не сарғайады?
7.Бақшада не өседі?
8. Суретті кім салады?
9.Жолда кімдер жүреді?
10.Қыздарға не силайды?
4 сынып сұрақтары:
1.Адамдар суда немен жүреді?
2.Қорқақ не?
3. Ағашта не өседі?
4. Үйшікте кім жатыр?
5.Жасың нешеде?
6.Сахынада кім жүреді?
7. Жерді немен орады?
8.Сумканы арқалап жүрген кім?
9.Тарыны не жиді?
10.Қыздар не киеді?
2 - жүргізуші:
3 - бөлім: <<Таң қалмаңыз>>, (яғни қазақтың қарапайым әрбір қызы, әр ісімен ел жұртты таң қалдырарлықтай сыйлығын ұсынады) 7мин. (осы уақыт ішінде қыздарымыз қолынан бір істің келетінін дәлелдеп ұқыптылықты әрі шапшаңдықпен қатар сәндікті дәлелдесе)
1 - жүргізуші:
4 - бөлім: Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын деп,-келесі сайысымыз-
<<Қыздарға әсемдік жарасады>> (қуыршақтарды киім үлгісімен сәндендіру) 10мин. (бұл бөлімде киіндірген киім үлгілерінің сәнінің келісуімен қатар түсіндірме жұмыстары дұрыс жүргізілсе)
2 - жүргізуші:
5 - бөлім: Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар,
Барлығың ден қойыңдар-деп <<Мозайка>>бөліміне кезек берейік.
(<<Винкас>> мульфилімдегі көрсетілетін қыздардың киіпкерлерін есімімен тауып, жағымды қылықтарын таныстыру) 5мин
Блум-1 сынып,Флора-2 сынып,Муза-3сынып,Техна-4сынып.

1 - жүргізуші:
6-бөлім:
Арусыңдар таудай биік талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу қыздар үшін қиын шаруа болыппа? -дей отырыпқызғалдақтарымызды ортаға шақырайық <<Қонақ күте білеміз бе?>> (әр ұлттың тағамын дайындау.Үйге берілген тапсырма бойынша өздеріне берілген ұлттардың негізгі тағамымен таныстыру)5мин.
2 - жүргізуші:
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!-де келе <<Жауқазындай құлпырған-қызғалдақтар!>>сайысымызды аяқтаймыз!
Ендігі сөз кезегін
Ұлтымыздың әр сөзі,
Асып жатыр кәдеге.
Қыздар сыны мінекей,
Келіп жетті мәреге
- дей келе әділқазылар сөз кезегі сіздерде.

Ұқсас жұмыстар
Балалармен дүние
Айтылады төрт түлік мал
Мерекеңмен, анашым!
Өшірмейік балалар
Қол өнер
Қош бол, сүйікті Әліппем
Бастауышым-балбұлағым. бастауышпен қоштасу кеші сценарий
Гимназия аруы
Білсеңіздер ана болу
Тақырып - Бастауышым - балбұлағым
Пәндер