Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ірі қара малдың цистицеркозы
Ф-Е-10/5.4
№ 22 сабақ жоспары
Пәні: Паразитология және инвазиялық аурулар.
Тобы:
В -14 - 3
Күні, мерзімі:
21.12.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың тақырыбы: Ірі қара малдың цистицеркозы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ірі қара малдың цистицеркозы туралы түсінік беру, білімдерін кеңейту, патматериалдармен жұмыс істеу арқылы тақырыпты меңгерту. Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін жетілдіру, қойылған сұрақтарға нақты жауап беруге жетелеу, ақпараттық технологиялар элементтерін қолданып білім деңгейін дамыту. Тәрбиелік: Сауаттылыққа, білімділікке, жауапкершілікке, келешектегі мамандығына деген саналы қарым-қатынаста болуына тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Жануарлар анатомиясы, жануарлар морфологиясы, фармакология, қазақ тілі, эпизоотология, зертханалық іс т.б.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Абуладзе К.И. Практикум по диагностики инвазионных болезней с\х животных
2. Мырзахметов И.М. Паразитология
3. Щевцов. А.А Паразитология
Қосымша:
1. Бұлашев. А.Қ. Ветеринария негіздері.
Сабақтың барысы мен мазмұны:
Сабақтың кезеңдері
Мазмұны
Әдіс-тәсілдері
Қолданылатын көрнекіліктер және ТОҚ
Уақыты
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, топ басшының мәліметі бойынша оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
2 мин
ІІ. Сабақтың жоспары мен мақсатын таныстыру. Оқушыларға малдан адамға жұғатын гельминтозды аурулардың жұғу жолдарын және аурулардан сақтандыру шараларын түсіндіру.
3 мин
III. Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін бақылау
I.<<Сиқырлы ұяшықтар>> (Нөмерлері бар тапсырма - ларға жауап береді)
1.Қой ценурозына анықтама.
2.Аурудың қоздырғышына сипаттама
3.Аурудың тіршілік кезеңі
4.Аурудың эпизоотологиясы
5. Клиникалық белгілері
6. Патанатомиялық өзгерістер
7. Ауруға диагноз қою
8. Аурудың емі
9. Сақтаңдыру шаралары
ІІ. Венн диаграммасымен жұмыс.
Сұрақ - жауап, фронтты бағытта,
ойын элементтері.
Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу
салыстыру, талдау.
Муляж, таратпа материалдар, дәрі-дәрмектер, слайдтар
25 мин
ІV. Оқушылардың білімдерін бағалау. Оқушылардың сабақтағы белсенділіктері- мен жауаптарына қарай бағалау.
2 мин
V. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсатын айқындау, жазу (тақтада және дәптерде)
Оқушыларға ірі қара малдың цистицеркозының қоздырғышы, тіршілі кезеңі, клиникалық белгілері, ауруға диагноз қою, балау әдістері, патанатомиялық өзгерістері, емі, сақтандыру іс шараларын түсіндіру.
3 мин
VI Жаңа материалды түсіндіру:
1. Цистицеркоз ауруына анықтама
2.Цистицеркоз ауруының қоздырғышы
3.Тіршілік кезеңі,өсіп- өнуі.
4. Аурудың эпизоотологиясы
5. Клиникалық белгілері
6.Патанатомиялық өзгерістер
7. Диагноз қою, балау әдістері
8. Аурудың емі
9. Сақтандыру шаралары
Иллюстративті түсіндіру, баяндау, салыстырмалы, тәжірибе жүзінде көрсету, патматериалмен жұмыс істеу.
Муляж, таратпа материалдар, бейнеролик, слайдтар
25 мин
VII. Жаңа материалды бекіту
І. 1. Цистицеркоз қоздырғышының құрылысы
2. Тіршілік кезеңіне сипаттама беріңіз
3.Эпизоотологиясына анықтама беріңіз
4.Клиникалық белгілері
5.Диагнозы қою әдістері.
6. Ауруға қолданылатын емдеу шаралары.
7. Малдәрігерлік сақтандыру шаралары
8.Медициналық сақтандыру шаралары
ІІ. <<Ойлан тап>>ойыны
ІІІ. Мақал - мәтелдердің жалғасын тап.
Сұрақ-жауап,
ой шақыру,
ойын элементтері, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу.
Муляж, интерактивті тақта, компютер, слайдтар
15 мин
VIII. Сабақты қорытындылау
Өтілген тақырыпты қорытындылап талдау жүргізу, белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау.
3 мин
ІХ. Үйге тапсырма беру А. А. Щевцов <<Паразитология>> 68 бет
2 мин
1. Цистицеркоз ауруына анықтама.
Цистицеркоз - бұл созылмалы, жасырынды түрде өтетін, бұлшық еттің зақымдануымен сипатталатын ларвалдық гельминтоз ауруы.
Ларвалды цестодоздар - таспа құрттардың балаң құрттарынан, яғни көпіршіктердің мекендеуінен пайда болатын аурулар.
Ларвалды цестодоздар екі топқа бөлінеді:
1. Адам арқылы тарайтын ларвалды цестодоздар, яғни бұл құрттарда ақтық иесі және мал арасында аурудың таратушысы адам боп саналады.
2. Иттер арқылы тарайтын ларвалды цестодоздар, яғни бұл құрттарда ақтық иесі және мал, адам арасында аурудың таратушысы иттер және т.б. ет қоректілер болып саналады
2. Цистицеркоз ауруының қоздырғышы. Бұл құрттың 3 сатысы бар: имаго, жұмыртқа, балаң- көпіршік. 1. Имаго - жынысы жетілген сатысын Тaeniarhynchus saginatus деп атайды. Қазақша - өгіз таспасы деп. атайды. Мұның ұзындығы 3-10 м, басы домалақ, қарусыз. Дене стробиласы 2000-ға жуық буылтықтардан тұрады. Қос жынысты бунақтардағы тұқымдық екі көлемі тең, дөңгеленген бөлшектерден құрылған. Ал, пісіп-жетілген проглотидалар, ұзындығы енінен көбінесе ұзынырақ, ішінде ұзынынан орналасқан жатыры бар. Өгіз таспа құрты адамның аш ішегінде өмір сүреді. 2. Жұмыртқасы сопақ, сыртқы қабының көлденең сызықтары бар, ішінде алты ілмекшелері бар онкосфера орналасады.
3. Цистицерк, яғни ірі қарада аурудың қоздырушысы, онысы Cysticercus bovis деп аталады. Кейде онысын <<финна>> деп те атайды. Бұл бір қуысты көпіршік, оның көлемі бидай дәніндей немесе бұршақтай болады. Екі қабықшасы бар: дәнекер, тоқыма қабы сыртында. Көпіршіктің ішінде мөлдір сұйық бар, бір қарусыз сколексі орналасқан. <<Финна>> немесе цистицерк мойын, қабырға, жақ еттерінде, тіл мен жүректе, ал, өте көп болса барлық бұлшық еттер мен көк еттен табылады. Финна ірі қарада, қодас, енеке, өркешті бұқаларда кездеседі.
3. Тіршілік кезеңі, өсіп - өнуі.
Бұл құрт биогельминт боп саналады, өсіп-өнуіне міндетті түрде екі ие керек.
Ақтық ие - тек қана адам. Таспа құрт адамның аш ішегінде мекендейді.
Аралық ие - ірі қара мал, қодас, енеке, өркешті бұқалар. Цистицерк, яғни көпіршік олардың бұлшық еттерінде, тілде, жүректе, қабырғаларында, көк етте орналасады. Ақтық иеден, яғни адамнан күніне 7-8 пісіп-жетілген бунақтар нәжісімен немесе өзінен-өзі өздігінен үзіліп сыртқы ортаға түседі. Бунақтар біраз жерде өрмелеп жүреді, жыныс тесіктерінен жұмыртқасы түсіп сыртқы ортаны ластайды. Содан соң бунақтар ыдырайды. Жұмыртқалары жерге, сыртқы ортада жиналады. Аралық иесі - ірі қара мал жем-шөппен немесе сумен құрт жұмыртқаларын болмаса оның мүше бөліктерін жұтып қояды. Малдың ішегінде онкосфера жұмыртқаның қабығынан босап, өзінің ілгешектерімен ішекті тесіп, қан айналымы арқылы қан тамырларына енеді. Сөйтіп, ағзаларға жетеді. Тоқтаған жерде 5-6 айдан кейін көпіршік-цистицерк қалыптасады. Осындай цистицерктермен зақымданған ірі қараның етін адам жесе оның аш ішегінде екі жарым - үш айда Т. saginatus деген таспа құрт өсіп жетіледі. Таспа құрт адам ағзасында 15 жылға дейін, кейде одан көп уақыт тоғышарлық етеді.
4. Аурудың эпизоотологиясы. Әр жерде таралған ауру. Жеке меншіктегі малда және тазалық жағдайлары өте төмен мал фермаларында жиірек кездеседі. Жануарға финноз көбінесе оның жас кезінде жұғады. Цистицеркоз ауруы адам және ірі қара мал арқылы өрбитін, эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тығыз байланысы бар гельминтоз. Адамдар арасында тоғышардың етек алуына малды аулада сойғанда және оның ұшасын ұқыпты тексеріп қарамау, бүршікпен зақымданған етті тамаққа жұмсау, жеткіліксіз зарарсыздандыру немесе оны сатып жіберу - осының барлығы негізгі себепкер болады. Осыған байланысты аурумен күресу шаралары медицина және малдәрігерлік қызметкерлеріне ортақ жұмыс. 5. Клиникалық белгілері. Малда цистицеркоздың айтарлықтай клиникалық белгілері байқалмайды. Залалдандыру мөлшері өте жоғары болған кезде ауру мал тұра алмай, тамақтан, судан қалады. Іші кебеді немесе тышқақтайды. Дене қызуы 39,8-41,8 градусқа дейін көтеріледі. Кейбір жағдайда мал өлімі орын алады, бірақ та ол жағдай өте сирек кездеседі. Адамдарда тәбеті болмайды, жиі құсады, арықтайды, олар әлсіреп, кейде құрттардың токсикалық әсерінен жүйке жүйесі бұзылады, көздеріне зақым келеді. Қатты зақымдалған адамда құсқан кезде таспа құрттың пісіп-жетілген бунақтары ауыз арқылы сыртқы ортаға түсіп тұрады. 6. Диагноз қою, балау әдістері. Малдың тірі кезінде цистицеркозға диагноз қою өте қиын. Сондықтан негізінен сойылған малдың ұшасын тексеріп, етте құрттардың көпіршіктерін іздеп, диагноз қояды. Мойын, жақ, жүрек, тіл және басқа бұлшық еттерін тіліп кесу арқылы цистицерктерді (финналарды) жай көзбен табуға болады. Олар бидай немесе бұршақ тәрізді, ақшыл, екі қабаты бар көпіршіктер. Адамда копрологиялық әдіспен таспа құрттың бунақтарын, жұмыртқаларын іздестіреді, сол арқылы диагноз қойылады
7. Емі.
Малдарда бұл аурудың емі жоқ.
Адамдарда антигельминтиктердің көмегімен дегельминтизация жасап таспа құрттарды түсіреді.
8. Сақтандыру шаралары.
Ірі қара цистицеркозы адам және малдар арқылы өрбитін эпизоотологиялық-эпидемиялық тығыз байланысты гельминтоздар болып саналады. Сондықтан аурумен күресу шаралары медицина және мал дәрігерлік қызметкерлеріне ортақ жұмыс. Сол шаралар екі бағытта өткізіледі:
І. Малдәрігерлік шаралар, олардың мақсаты адамдарға ауруды жұқтырмау, ол үшін келесі шараларды ұйымдастыру қажет:
- малды мал дәрігердің бақылауында, арнайы орындарда сою;
- ет комбинаттарда немесе жеке шаруашылықта малды сойған кезде қатаң мал дәрігерілік - санитарлық сараптан міндетті түрде өткізу. Әуелі бастың жақ еттерін тіліп қарайды. Тілді қолмен мыжып, қажетті болса оны ұзыннан бір рет кескен дұрыс. Жүректі ұшынан аяғына дейін қақ жарып, әр бөлігін ұзыннан екі рет, көлденеңнен бір қайтара тіліп тексереді. Егер жүректен финналар табылса, онда желке етін, жон етін, қабырға аралық етті, көк етті де тексереді. Бұлшық еттерді бірнеше жерінен тереңірек тіліп зерттейді. Цистицерктер бар болса оларды жай көзбен көруге де болады.
Сараптау ережелері. Егер зерттелген еттің 40 см2-де алаңында 3-тен астам ларвоциста, яғни көпіршік, финна табылса, онда малдың ұшасы мен бас-сирағы, ішек-қарыны, ет талшықтары бар басқа мүшелері сараптау ережелеріне сәйкес утилге жіберіледі немесе біржолата жойылады.
Ал шамалы зақымдалған етті (еттің 40 см 2 де алаңында көпіршіктердің саны 3-тен кем болса) тағамға пайдалану үшін оны зарарсыздандырады, ұзақ мерзім қайнатып пісіреді немесе мұздатады немесе тұздайды. Мөлшері 1,5 -2 кг етті міндетті түрде екі сағат пісіру 52 қажет. Егер ет көп мөлшерде болса оны 3 апта бойы тұздайды немесе жақсылап тоңазытқышқа қояды, 24 сағат уақыт бойы 6-12 градус суықта ұстайды.
II. Медициналық шаралар.
- мал күтушілерді, мал дәрігерлерді таспа құрттармен залалданғанын анықтау мақсатында әлсін-әлсін медициналық тексеруден өткізіп отыру қажет;
- егер, ауру адамдар кездесе қалса, оларды дегельминтизациялап, құрттан әбден стационарға жатқызып, тазалайды;
- санэпидстанциялардың қызметкерлері адамның санитарлық шараларын қатаң тексеру тиіс;
- адам нәжісінің суға, жерге, қораларға түспеуін әр уақыт бақылап отыру керек;
- санитарлық насихат жұмыстарын жүргізіп отырған абзал.

4. Бұлашев. А.Қ. Ветеринария негіздері.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz