Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Табиғат ғажаптары
<<Өзін-өзі тану>> сабағының жоспары
Мектеп: Б.Сүлейменов атындағы орта мектеп
Мұғалiмі: Куватова Меруерт Елтаевна
Класс: 5 Оқушылар саны 27
Тақырып:№29 сабақ.Табиғат ғажаптары
Құндылық: Қиянат жасамау_
Қасиеттері:мейірімділік,қамқорлық,татулық
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға <<табиғат ғажаптары >> туралы түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- оқушыларды мейірімді болуға үйрету;
-оқушылардың табиғатқа қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту;
- оқушыларды мейірімді болуға, қамқорлық жасауға және татулыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) үнтаспа, бейнефильм,кеспе қағаздар,оқулық,жұмыс дәптер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастырукезеңi. Сәлемдесу.
5Т.
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
Тыныштық сәті. <<Нұрға бөлену>> (баяу музыка қойылады)Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрдықұлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыза тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.... Ойша айтыңыз: <<Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын.>>Осыдан Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру
29 <<Бала және інжугүл қоңыраулары>> (105 бет) ертегісі бойынша сұрақ қою арқылы ертегінің мазмұнын айту.
"Бала және інжугүл қоңыраулары"(Ертегі)В. Сухомлинский
Көктем келді. Жерден жебе тәрізді екіге бөлінген көк жапырақша көрінді. Оның жапырақтары тез өсіп, көлемі үлкейе бастады. Ал олардың арасынан кішкентай өскін өсіп шықты. Өскін бой көтеріп, басын жапырақтың біреуіне қарай бұрып, бір күні таңмен аппақ қоңырауларға толып, гүлденді.Бұл інжугүл қоңыраулары болатын.Бұл аппақ қоңырауларды кішкентай бала көріп, олардың әдемілігіне таңырқай қарады. Ол көзін гүлдердің қоңырауларынан ала алмай, ұзақ тұрып, оны жұлып алуға қолын соза бастаған кезде гүл былай деп сыбырлады.Сен бізді не үшін жұлғың келеді?Сендер маған ұнайсыңдар. Сендер сондай әдемісіңдер, мен өте қызығып тұрмын, - деп жауап берді бала.Жарайды, - деп күрсінді інжугүл қоңыраулары.Жұлып ал, бірақ жұлмастан бұрын біздің қандай әдемі екенімізді айтшы.Бала інжугүл қоңырауларына қарап, олардың соншалықты кереметтілігіне таңдаңды. Бала оларды аппақ бұлттарға, ақ көгершіннің қанаттарына сонымен бірге таңқаларлық кереметке ұқсатты. Осының бәрін сезінген бала ештеңе айта алмай үнсіз тұрып қалды.
Мәтін бойынша сұрақтар қою:
1. Балалар, інжугүл дүниеге қалай келді?
2.Інжугүл балаға қандай өтініш айтты?
3. Бала неліктен інжугүлді жұлмады?
Құндылық бойынша сұрақтар қою:
1.Балалартабиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер? ?
2.Табиғатқа біз қандай көмек бере алып жүрміз?
3.Мейірімділігімізді қоршаған ортаға қалай бере аламыз?
Ескеру
Дәйексөз.
<<Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды>>.
Ш.Құдайбердіұлы
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
2-рет ұлдар, 2-рет қыздар айтады. Бәрі қосылып 1-рет айтады.
Мұғалімнің сыйы.
<<Табиғат ана>> туралы видеороликті көру .
Балалар табиғат аясында ненің үнін естіді?
Табиғат ана неге өзін ауыр сезінді?
Табиғаттың жақсаруына балалар қандай көмек көрсетті?
Құндылық бойынша сұрақтар қою:
Сендер солай жасай аласыңдар ма?
Қандай істер адамды қуанта алады?
Табиғаттан біз нені үйрене аламыз?
Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.Әр түрлі фигуралар арқылы топтастыру.
<<Қиянат жасамау - адамгершіліктің белгісі>>тақырыбында жоба қорғау
Топпен ән айту.<<Табиғат тамаша >> Нұр-Мұқасан
Таң атып,күн батады,
Жүректі жырлатады,
Табиғаттың әні тамаша!
Ақша бұлттар тіл қатады,
Таулары сыр тыңдатады,
Көңілмен сезіп қараса.
Жусан аршаларым,
Таңданып тамсанамын,
Жұпар аңқыған балдай
Тәтті таң самалын,
Әндетіп қарсы аламын,
Табиғатым менің, шынымен де керемет қандай.
Қайырмасы:
Жайнаған жазы,көктемнің ерке назы,
Күздің қоңыр сазы ғажап,
Жапалақтап аққары, Қыстың күлім қатқаны
Жаныңа сыйлайтын ләззат!
Кең дала жайнағанда, құстарым сайрағанда
Бойды кетер шаттық аралап,
Өнер көңілім қайнағанда,
Толқындар ойнағанда
Көз тоймас неткен ғаламат.2 рет
Көркем көлдерінде, құлпырған белдерінде,
Түрлі түске боялады.
Момын шөлдерінде,сұлу әсем көлдерінде
Табиғатты мәңгі- жүрекке сүйіп аялат.
Қайырмасы:
Момын шөлдерінде,
Сұлу әсем көлдерінде
Табиғатты мәңгі, жүрекке сүйіп аялат.
Қайырмасы
Үй тапсырмасы.
№30 сабақ,А.Лопатиннің ізімен жазылған <<Суретші туралы ертегі>> мәтінін оқып келу.
№29 сабақ,дәптердегі 2-3 тапсырмаларды орындап келу.
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
-Барлық айтылған жақсы сөздерді жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
-Енді көздеріңді аша ғойыңдар.Сабақ аяқталды.Рахмет

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz