Ақпаратты сығу программалары

информатика пәні бойынша дарынды оқушыларға арналған іс-жоспар 9-10 сыныпқа арналған
Сабақтың өтілген күні:
Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері.
Негізгі ұғымдар : Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз.
«Алгортим» сөзі ІХ ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі Әбу Жафар ибн Мұса әл-Хорезми (763-850 жж. ) осы атының латынша жазылуы - alqorithmi - жазылуынан шыққан.
Алгортимдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады.
Алгоритм орындаушысы дегеніміз -құрастырылған алгортиммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект.
Өзіне түсінікті командалар жүйесіне кіретін командалардан тізбегін автоматты түрде атқаратын адамды немесе техниканы орындаушы дейді.
Компьютер - кең тараған техникалық орындаушы болып табылады.
Мысал:
у = (ах+b) (сх -d) функциясын есесптеу үшін келесі қарапайым әрекеттерді орындау керек:
1) а- ны х-ке көбейтіп, оны У деп белгілеп аламыз;
2) У - ті b -ға қосып, оны У1 деп белгілейміз;
3) с - ны х - ке көбейтіп, оны У2 деп белгілейміз;
4) У2 -ден d - ны алып тастаймыз, оны У3 деп белгілейміз;
5) У1 -ді У3 -ке көбейтіп, нәтижені У4 деп белгілейміз.
Негізгі ұғымдар : Алгоритмдерді программалау тілінде көрсету программа деп аталады.
Тапсырма №1:
А) У функциясының мәнін табу алгоритмдерін жаз:
y=(4x + 2) 2 + x 3 ;
Б) Келесі алгоритм бойынша У функциясының формуласын тап.
1) х - ке 1-ді қосып, нәтижені b 1 деп белгілеу;
2) 1 - ді b 1 - ге бөліп, нәтижені b 2 деп белгілеу;
3) b 2 - ден 1 -ді алып тастап, нәтижені b 3 деп белгілеу;
4) b 2 -ге 1 -ді қосып, нәтижені b 4 деп белгілеу;
5) b 3 - ті b 4 - ке бөліп, нәтижені b 5 деп белгілеу;
6) b 5 - тен 1-ді алып тастап, нәтижені У деп белгілеу.
Тапсырма №2: Цинк, 96℅ -тік күкірт қышқылы, су, колба, пробирка берілген. Сутегін алу алгоритміндегі қатені түзетіңдер:
Колбаны үстелге қойыңдар.
Колбаға қышқыл құйыңдар.
Колбаға су құйыңдар.
Бөлініп шыққан газды пробиркаға жинаңдар.
Колбаға цинк тастаңдар.
Тапсырма№3: АВ кесіндісі берілген. Төмендегі алгоритм қандай есепті шешуге арналған:
Циркульдің ұшын А нүктесіне қою.
Циркульдің қадамын АВ кесіндісінің ұзындығына тең етіп алу.
Шеңбер сызу.
Цикульдің ұшын В нүктесіне қою.
Шеңбер сызу.
Шеңбердің қиылысу нүктелері арқылы түзу жүргізу.
Сабақтың өтілген күні:
Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі. Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі.
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі -кең таралған әдіс.
Негізгі ұғым: Блок-схема - алгоритмнің арнайы бекітілген фигуралар арқылы графиктік түрде жазылуы.
Есте сақта: - Блок-схеманың басын және соңын міндетті түрде көрсетіп тұратын блок болуы керек.
- Блок-схемада блоктар орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы қажет.
Мысал: екі санның қосындысын табатын алгоритмнің блок-схемасын құрайық: у = а + с .
Негізгі ұғымдар: Алгоритм тілі - бұл алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.
Компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілі немесе кодтар тілі деп аталады.
Алгоритмдерді және алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті құрылымдар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілі деп аталады.
Алгоритмдік тілде машина тіліне автоматты түрде аударатын аудармашы программа транслятор деп аталады.
Мыс: программада - end
Транслятордан соң - 11100010 10001110 1110
Алг алгоритмнің атауы
Арг А, В, С, D, Х
Нәт Y, R1, R2
Басы
Алгоритм командалары
. . .
. . .
. . .
соңы
Алг формула бойынша есептеу
Арг А, В, С, D, х
Нәт Y
Басы
R1:=A*x-B
R2:=C*x+D
Y:=R1*R2
соңы
Тапсырма №1: y=(at2+2) /(at-1), мұндағы t=a*x+xформуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у-тің мәндерін есептеу кезеңдерін алгоритмдік тілде жазыңдар және блок-схема түрінде құрыңдар.
Тапсырма №2:
y=cx 3 -d формуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у мәндерін есептеу алгоритмінің блок-схемасын құр.
Жалғасы бар
информатика пәні бойынша 5, 6-сынып үлгерімі төмен оқушыларына арналған іс-жоспар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz