Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өткен топ

Тақырыбы: Ең алғыр электрмонтаждаушы интеллектуалды ойын
Акималы Мирас Миятович.
Мұхтарова Гүлсезім Амангелдіқызы ,
АҚТК өндіріс шебері
Өткен топ № 89-75
Мақсаты : танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісті кеңейту, ойлануды, танымдық белсенділікті дамытуға жағдай жасау, сыныптағы икемділіктерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қазылар алқасы үшін жауаптардың қорытындылары жөніндегі бланк, слайдтар, ойын ережелері
Барысы:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда дамыған елдердің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Ә.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім-патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгінгі сайысымыздың ұраны:

Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.

Құрметті Ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер №89-75топ оқушылары арасында өткелі отырған <<Ең алғыр электрик>> атты интеллектуалды сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Ойынға 2 команда 3 оқушыдан бөлініп қатысады. <<Батылдық-балалық шақта шыңдалады>> десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі-ойын екендігі белгілі. Ортаға сайысқа қатысушы үміткерлерді шақырамыз.
Команда капитандарын жеребе алу үшін ортаға шақырайық.(түрлі түсті карточкалар)
Не үшін көк және қызыл парақша екендігін білесіздер ме? Қызыл - фаза, көк - ноль. Сол себептен сіздердің топтарыңыз осылай аталады.

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық:
1.__________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
Біздің ойынымыздың мақсаты теориядан өткен материалдарыңызды тағы бір қайталау, сіздердің білімдеріңіздің қаншалықты мықтылығын тексере отырып, оны практикада қалай қолдана алатындарыңызды бақылау. Ойынды бастамас бұрын ойын ережелерімен таныс болыңыздар:
1. Тапсырмаларды шешеу үшін белгілі уақыт беріледі (жүргізуші белгілеген).
2. Әр бір команда дұрыс жауап үшін белгілі ұпайлар жинайды.
3. Жанкүйерлерден қосымша балл жинауға болады, дұрыс жауап берсе плюс -1 балл. Дұрыс емес жауап есептелмейді.
4. Әр бір конкурстың соңында нәтижесі шығарылып отырады. Әділ-қазылар алқасы жауапты тексере отырып, балл қояды.
5. Ойын соңында көп балл жинаған команда жеңіске жетеді және белсенді оқушы марапатталады.
6. Жеңімпаздарға марапаттау қағазын тапсырады.
Сонымен біз бастаймыз! Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!!!
Сайыс №1. <<Сергіту>>
Жарысты бастамас бұрын дайындалып алайық. Сонымен, бірінші сайыс <<Сергіту>>. Әр бір командаға кезекпен сұрақтар беріледі, сұрақтарға жылдам жауап беру қажет, әр бір дұрыс жауап-1 балл, егер команда жауап беруге қиналса басқа команда немесе жанкүйерлер жауап беруге болады. Және оларға да балл қосылады.
1. Тоқ күшін өлшейтін құрылға электрлік тізбекке қалай жалғанады? (амперметр тізбектей жалғанады)
2. Электр энергиясын өлшеу бірлігі қандай ғұламаның құрметіне берілген? (Джоуль)
3. Айнымалы ток дегеніміз не? ( бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы)
4. Айнымалы токтың жиілігі Қазақстанда нешеге тең? (50 Гц)
5. Электрлік қозғалтқыштың негізгі құрылысы қанда? (статор және ротор)
6. Айнымалы токтың үш фазалы генераторын кім ойлап тапты? ( М.О. Доливо-Добровольский)
7. Неміс философы Гегель былай айтқан: Әлемді құртқан үш алма; Адамның алмасы, Паристың алмасы және оның алмасы. Гегель кім туралы айтқан (Ньютон)
8. Айнымалы токтың кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған электр приборы (трансформатор)
9. Электр тізбегіндегі потенциалы әр түрлі нүктелердің мейлінше аз кедергі арқылы өзара электрлік жолмен байланысуы (қысқа тұйықталу)
10. Атомдар электрондарын жоғалтып немесе сырттан электрондар қосып алғанда пайда болатын электрлік зарядталған бөлшектер (ион)
11. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма)
12. Өлшеу құрылғыларында болмауы мүмкін емес (шкала)
13. Механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіретін құрылғы (генератор)
14. Кирхгофтың бірінші заңы (тізбектің кез-келген түйінінде түйіскен токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең)
15. Белгілі бір уақыт бірлігі ішінде істелінген жұмыстың сол уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама. (қуат)
16. Ток күші дегеніміз не? (уақыт бірлігінде тасымалданатын заряд)
17. Электрлік кедергіні өлшейтн шама (Ом)
18. Ом заңының формуласы (I = U/R)
19. Тізбектей жалғанған кедергілердің жалпы кедергісін қалай табамыз? (барлық кедергілерді бір біріне қосамыз)
20. Барлық тұтынушылар бірдей кернеуде болады, егер (параллель жалғағанда)
21. Вольтметр тізбекке қалай жалғанады (параллель)
Сайыс №2. Лабиринт <<Физикалық өлшемдер>>
Сайыста білімді меңгертеді.
Сұрақтарды білгендер тез шешеді.
Тез ойлауда тамаша қасиет қой.
Ұшқыр ойың осыдан білінеді.
Лабиринтте сіздерге белгілі 10 физикалық өлшемдер және құрылғылар жасырылған. Кез келген бағытта оқуға болады. Тапсырмаға 3 минут беріледі, әр бір дұрыс жауапқа 1 балл. Жауаптарыңызды сол қағазға жазасыздар.
т
р
а
з
а
р
к
ү
а
к
н
с
ф
я
д
ш
м
е
р
н
о
о
р
р
п
е
р
е
р
м
а
о
к
р
т
у
т
а
м
т
е
м
е
і
о
р
т
о
д
е
р
г
қ
у
а
р
№2 сайыстың жауаптары: трансформатор, амперметр, кедергі, кернеу, заряд, күш, қуат, ротор.

Жанкүйерлер арасында сайыс <<Әлемге әйгілі метр>>
Физикалық өлшеу аспаптары <<метр>> сөзімен аяқталады, тек қана зертханаларда ғана емес, мектептеде, уйде де, автомобильде де, фотозертханаларда да қолданылады.
Сіздерге неғұрлым көп <<метр>> сөзімен аяқталатын өлшеу аспаптарын табу керек және олардың нені өлшейтіндігін айту керек. Әрбір дұрыс жауап сіздердің командаларыңызға ұпай ретінде қосылады.
Мысалы: термометр - температураны өлшейді
Сайыстың жауаптары: динамометр - күш, метр - ұзындық, спидометр - жылдамдық, барометр - атмосферлік қысым, манометр - қысым, гигрометр, психрометр - ауаның ылғалодылығы, электрометр - электрлік заряд, амперметр - ток күші, вольтметр - кернеу, ваттметр - қуат және т.б.
Сайыс №3. <<Электротехникадағы өнертапқыштар>>
Келесі сайысымыз бойынша сіздерге электротехниканың даму тарихында елеулі орын алған, өз еңбектерін жариялаған өнертапқыштардың еңбектері аталады. Сіздер сол арқылы қай өнертапқыш туралы екендігін анықтап айтасыздар.
1. 1821 жылы ол магниттiң токтағы өткiзгiш бойымен айналатынын және токтағы өткiзгiштiң магнит бойымен айналатынын бақылап, электр қозғағыштың алғашқы моделiн жасады. 1831 жылы барлық тұрақты және айнымалы ток генераторларының жұмысы негiзделген - электромагниттiк индукцияны ашты. (Майкл Фараде́й)
2. 1784 жылы "Бұрау кезiнде бұрау бұрышына пропорционал реакция күшi бар металл жiптердiң қасиетiне негiзделген - электрлiк салмақтарды" ойлап тапты. 1785 жылы ол "электрдiң iргелi заңын" ашты, ол былай айтылады: аттас зарядталған екi кiшкене шариктердiң тебiлу күшi бұл шариктердiң центрлерiнiң арақашықтығының квадратына керi пропорционал. Бұдан кейiн ол электр күшiнiң зарядтардан тәуелдiлiгiн орнатып, физика тарихында заңды тұжырымдады. (Шарль Огюсте́н де Куло́н)
3. Оның негiзгi еңбектерi электромагнетизмге қатысты болды. 1833 ж. ол индукцияның ЭҚК-iнiң бағытын анықтау ережесiн ұсынды, ал 1842 ж. ол өз бетiнше (Джоульден тәуелсiз) токтың жылулық әсерi заңын ашты, кейiнiрек бұл заң Джоуль-... заңы деп аталды. (Эмилий Христианович Ленц)
4. Электротехника бойынша дәрісте Грамм машинасы жұмысын бақылап отырып, оның ойына тұрақты ток қолданатын машиналардың жетілдірілмегендігі түседі, бірақ профессор Яков Пешль оның ойын сынға алып, бүкіл сынып алдында айнымалы токты қолданудың мүмкін еместігі туралы лекция оқып береді. 1882 жылға дейін ол, сол кезде телефон желілерін жүргізу мен телефон станцияларын салып жатқан Будапешттегі әкімшіліктің телеграфтық компаниясында инженер-электрик болып істеген. 1882 жылдың ақпан айында айналатын магнит өрісі деп аталған құбылысты электрқозғалтқышына қалай қолдануға болатынын ойлап табады. (Никола Тесла)
5. 1820 жылы қыркүйектiң аяғында ол екi параллель ток өткiзгiшi арасындағы
тартылу күшi бар екендiгiн паш еттi. Бұл еңбектерiн жалғастыра отырып, катушка (тогымен) тұрақты магниттiк әсер туғызатынын тапты (кейiннен бұл саланы жалғастырып, Майкл Фарадей электромагниттiк индукция құбылысын ашты). Ол дат ғалымы жасаған тәжiрибенiң мәнiсi орасан зор екенiн түсiнiп, электр тогы мен магнетизм арасындағы байланысты зерттей бастады. Магнит өрiсiнiң бағыты өткiзгiштегi ток бағытымен қалай байланысқанын анықтады және магнит өрiсiнiң кернеулiгiн токпен байланыстыратын формуланы тапты.Сонымен қатар тогы бар екi өткiзгiш арасындағы әсерлесу күшiнiң формуласын қорытып шығарды. Ток күшiнiң анықтамасын ұсынды. (Андре́-Мари́ Ампе́р )
6. Электр шамдарының тарихы XIX ғасырдың басынан бастау алады. Электр
тоғы кедергісі көп сымнан өткенде үлкен мөлшерде жылу бөліне бастайды. Егер тоқ өтетін ортаның тоқ кедергісін одан сайын арттырса, жылудың көп бөлінуінен жарық пайда болады. Алайда, жылудың көп мөлшерде бөлінуі шамның ішіндегі кедергісі көп сымдарды күйдіріп жіберетін. Сол себепті ол көптеген тәжірбиелер жасау арқылы жылуға төзімді материал іздеді. Ақыры соңында, 10 000 рет жасалған тәжірбиеден кейін ол көмірленген бамбук талшығы ең қолайлы материал екеніне көз жеткізді. Сонымен қатар, ол талшықтың жанып кетпеуі үшін шамның ішінен барлық ауаны сорып алды. Осы талшықты қолдана отырып ол 100 сағатқа дейін жұмыс істейтін шам үлгілерін жасай алды. Оның еңбегі тек шамды жасауында ғана емес, сонымен қатар оны қолданушыға ыңғайлы, қауіпсіз және қолжетімді бағада жасай алуында жатыр. (Томас Алва Эдисон)

Сайыс №4 <<Епті қолдар>>
Бұл кезеңде үш топқа бірдей сұлба беріледі. Сұлбада екі бөлмелі үйді монтаждау берілген. Осы сұлбаны берілген электржабдықтармен уақытқа жинайды. Ең жоғарғы балл 10 балл
1 окушыға тапсырма. <<Ғимараттарды электрмен қамтамасыз ету>> стенді арқылы Жарықты реттеуші бар төменгі вольтті галогенді шамшырақты жалғау. Екі батырмалы ажыратып қосқышты жалғау. Қозғалыс датчигі бар жарықтандырғыш құрылғыны қосу. Розетканы жалғау. Алмастырып қосқышты жалғау. 2 оқушыға тапсырма. Резистивті тізбектер және Айнымалы резисторлар платасы арқылы тапсырмаларды орындау. Платаларды сұлбаға сай жинау және соңындағы сұрақтар мен тесттерге жауап беру.
3 оқушыға тапсырма. <<Электрмен қамтамасыздандыру>> кабинкасы арқылы екі бөлмені электрмен қамтамасыз ету. Яғни екі батырмалы ажыратып қосқыш арқыл екі шамды жағып, екі таратқыш қорапты жалғау.

Жанкүйерлер арасында сайыс <<Кім тапқыр?>>
Әрбір маман өзінің мамандығының материалдық бөлігін білуі шарт. Жанкүйерлер арасындағы әр топтың өкілдерін ортаға шақырамыз. Сіздер дорбадағы затты ашып қарамай, жабық көздеріңізбен дорбадағы заттың не екендігін, қай жерлерде қандай мақсатта қолданатындығымызды айтамыз. Айтып болған соң дорбадан шығарып, көрермендерге көрсетеміз. Дұрыс жауап -1 балл.
Қазылар алқасы қорытынды шығарғанша, біз сайысқа қатысқан көрермендермен бірге логикалық есеп шешейік.

Жанкүйерлер арасында сайыс <<ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!>> (логикалық есеп)

Тапсырма №1. Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?

Жауабы: Мысық

Тапсырма №2. Бір топ қаз ұшып келіп қонады, сол жерде бір қазбен кездеседі. Көп қаздың бастаушысы <<Ассалаумағалейкум, Жалғыз қаз>> - дейді. Сонда Жалғыз қаз: <<Уағалейкумассалам, сіздер нешеусіздер?>> - дейді. Бастаушы қаз : <<Біз бір топ, тағы бір топ, оған жарты топты, жартысының жартысын, оған өзіңді қоссаң, бәріміз 100 боламыз>> - депті. Сонда неше қаз болғаны?

Жауабы: 36

Жауап берген көрермендерге сыйлық таратылады.
Топтарды мадақтау қағазымен марапаттады.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды.
Хош болып тұрыңыздар, жолыққанша,
Осымен біздің сайыс аяқталды.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Алматы құрылыс-техникалық колледжі
Бекітемін
Директордың ӨОІ жөніндегі
орынбасары Айтжанов Т.Е
_______________________
<<____>>____________2017ж.

<<Ең алғыр электрмонтаждаушы>> интеллектуалды ойыны

Бинарлы сабақ

Сабақты дайындағандар:Акималы М.М.
Мұхтарова Г.А
Жалпы кәсіптік пәндер
оқу-кеңестік пунктің
отырысында қаралды.
ОКП төрайымы Ольхова С.А._____
<<___>>__________2017ж

Алматы 2017ж

Ұқсас жұмыстар
Өткен шақ және оның түрлері
Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндері
Етістіктің ішінен шақтарды табу
Етістіктің шақтары. 11 сынып
Word мәтіндік редактор
Етістік шақтарын қайталау, 7-сынып
Топпен талқылату
Keep warm
Шайқасқа қатысушылар
Өткен шақ
Пәндер