Сызу пәнінен сыныптан тыс іс-шара Сызу әлеміне саяхат сайысының әдістемелік әзірлемесі

foto

Жаксылыкова Лазат Акановна

Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі, сызу пәнінің оқытушысы,

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

Сызу пәнінен сыныптан тыс іс-шара

«Сызу әлеміне саяхат» сайысының әзірлемесі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз еркімен ізденіп, ой-өрісін қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, ұжымдылыққа, ұқыптылыққа баулу, өз мамандығына жауапкершілікке тәрбиелеу.

Қатысушылар:

І топ - «Изометрия», ІІ топ - «Диметрия»

Әр топта 5 студент.

Бөлімдер:

  1. Таныстыру
  2. Кім білімді? (сұрақ - жауап)
  3. Кім тапқыр?
  4. Кім жылдам? (сұрақ - жауап)
  5. Сөзжұмбақ

Орындалған жұмыстарды бағалап әділ шешім қабылдайтын әділ қазылармен таныстыру.

Әр топ өз топтарын таныстырады.

І. Кім білімді? Әр топқа 6 сұрақ қойылады. Әр сұраққа дұрыс жауап 1 баллдан.

І - топтың сұрақтары:

1. Қаттылығы орташа қарындашты қалай белгілейді -ТМ

2. Сызбада неше тұтас сызық бар? - 4

3. Өлшем сызығын ата? - Тұтас жіңішке

4. А4 форматының өлшемі? - 297х210

5. Масштабты неше топқа бөлеміз? -3

6. Аксонометрия сөзінің қазақша баламасы? - Осьтер бойынша өлшеу

ІІ - топтың сұрақтары:

  1. Көріністерді қалай орналастырамыз? - Проекциялық байланыс

2. Аксонометрия нешеге бөлінеді? - диметрия, изометрия

3. Қай кескін негізгі деп аталады? - Алдыңғы көрініс

4. Көз мөлшерімен сақтай отырып қолмен орындалатын кескін? - Техникалық сурет

5. Алдыңғы көрініс қалай аталады? - Фронталь

6. Сол жақ көрініс қалай аталады? -Профиль

ІІ. Кім тапқыр? Жауаптар 5 баллға дейін.

1- тапсырма : «Қандай сызықтар жетіспейді?» тапсырмасының жауабы:

1.

2. 3.

2- тапсырма : «Адасқан көріністер» тапсырмасы.

3- тапсырма : Сызықтардың атын атаңыз. 1- жуан тұтас сызық (контур сызығы),

2 - жіңішке үзік сызық (көрінбейтін сызық), 3- жіңішке тұтас сызық (тілік сызығы),

4- үзік нүктелі жіңішке сызық (ось сызығы) .

img7

4- тапсырма: А, В, С суреттерінің қайсысы дұрыс орындалған?

Дұрыс жауап: В.

5-тапсырма: Модельдің изометриялық проекциясы бойынша оның комплексті сызбасын анықтаңыз.

Жауаптары: 1- нұсқа- 11а, 2-нұсқа - 9а.

6-тапсырма : Бөлшектің А-А тілігінің жауабын көрсетіңіз.

1- нұсқа жауабы: 1-12а, 2-1а. 2- нұсқа жауабы: 23-19а, 24- 16а.

ІІІ. КІМ ЖЫЛДАМ? Тапсырмасы бойынша сұраққа бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауап - 1 балл.

  1. Кубтың неше қыры бар? - 12
  2. Циркуль сөзінің қазақша баламасы? - Шеңберсызар
  3. Үзілме сызық не үшін керек? - Көрінбейтін сызықтар үшін
  4. Формат қай елдің сөзі? - Француз
  5. Параллель сызықтар дегеніміз не? - Қанша созсаңда қиылыспайтын сызықтар
  6. Проекция қай елдің сөзі, оның қазақша баламасы? - Латын сөзі “алға қарай тастау”
  7. Диметрия дегеніміз не? - Қосарлап өлшеу
  8. Кескіннің неше түрі бар? - Аксонометрия және жазба
  9. Сызба қағазы қалай аталады? - Ватман
  10. Қарындаштар графиктеріне қарай неше топқа бөлінеді? - 3 топ
  11. Сызбада неше сызық қолданылады? - 9
  12. Бір түзу сызықтың екінші түзу сызыққа біртіндеп көшуі? - Түйіндесу
  13. Горизонталь қандай көрініс? -Үстіңгі көрініс
  14. Изометрия дегеніміз не? - Тең өлшеулер
  15. 4 жақта пирамида үшін неше көрініс жеткілікті? - 2. Алдыңғы, үстіңгі
  16. Алдыңғы, үстіңгі сол жақ, оң жақ, астыңғы, артқы көріністер жалпы қалай аталады? -Негізгі көріністер
  17. Нәрсенің неше есе үлкен немесе неше есе кіші екенін көрсететін шама?- Масштаб
  18. А3 форматының өлшемі? - 420х297
  19. Шардың проекциясында өзгеріс бола ма? - Жоқ
  20. Проекциялардың профиль жазықтығындағы кескіні қалай аталады? - Сол жақ көрініс

ІV. СӨЗЖҰМБАҚ. Екі топ бір-біріне дайындаған сөзжұмбақтарды шешеді. Жоғарғы балл -5.

І. Тапсырма бойынша әр дұрыс жауапқа - 1 балл.

Топтар
Кім білімді?
Сұрақтар
Барлығы
1
2
3
4
5
6
Топтар: Изометрия
Кім білімді?:
Топтар: Диметрия
Кім білімді?:

ІІ. Тапсырма бойынша әр дұрыс жауапқа - 5 балл.

Топтар
Кім тапқыр?
Сұрақтар
Барлығы
1
2
3
4
5
6
Топтар: Изометрия
Кім тапқыр?:
Топтар: Диметрия
Кім тапқыр?:

ІІІ. Тапсырма бойынша әр дұрыс жауапқа - 1 балл.

Топтар
КІМ ЖЫЛДАМ?
С Ұ Р А Қ Т А Р
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
Барлығы
Топтар: Изометрия
КІМ ЖЫЛДАМ?:
Топтар: Диметрия
КІМ ЖЫЛДАМ?:

ІV. Сөзжұмбақ - 5 баллға дейін.

Топтар
Балл
Топтар: Изометрия
Балл:
Топтар: Диметрия
Балл:

Ұқсас жұмыстар
Математика әлеміне саяхат: сыныптан тыс танымдық іс-шара
2-сыныпқа арналған мектептен тыс іс-шара: Математика әлеміне саяхат
Тарихқа саяхат: тарихи-танымдық сайысқа арналған сыныптан тыс іс-шара жоспары
Информатика пәнінің сыныптан тыс іс-шарасы: Ақпараттар әлеміне саяхат көрме-ойыны (7-9 сынып)
Информатика әлеміне саяхат: 5-сыныпқа арналған сыныптан тыс сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған сыныптан тыс ойын-сайыс сабақ жоспары: Тігістер әлеміне саяхат
3-сыныпқа арналған ана тілі пәнінің сыныптан тыс сабағы: Ойланбақтар әлеміне саяхат
Физика әлеміне саяхат: 8 «А» сыныпқа арналған сыныптан тыс сайыс сабақ - жоспар және әдістемелік нұсқау
Физика әлеміне саяхат: сыныптан тыс ойын-сабақ және пәнаралық сайыс
Сыныптан тыс іс-шара - Биология әлемі: 8-сынып оқушыларына арналған сайыс сабақ (20.10.2014)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz