Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жер бедерінің формалары

БҚО Жаңақала ауданы <<Е.Ш.Орақбаев атындағы ЖОББМ>> КММ
География пәні мұғалімі Кажигумаров Нурболат Болатұлы
Тақырыбы: Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары.
Жер бедерінің формалары
Сыныбы: 7
1 Қатысқан оқушылар саны:
2 Қатыспағандар:
Оқыту мақсаты
7.3.1.3 Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттеу (эндогенді және экзогенді күштер, жер бедерінің тектоникалық құрылымдарға сәйкестігі)
7.2.1.4 Географиялық шартты белгілерді қолдана отырып, карталарды оқу
7.2.1.3 Географиялық дерек көздерімен жұмыс істеу (карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар)
Сабақтың мақсаты
Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары туралы біледі.
Жер бедерінің формаларының түрлерін ажыратады.
Тілдік міндеттер
Жердің геохронологиялық кестесін ауызша сипаттай алады.
Пән бойынша сөздер мен терминдер:
Геосинклиналь, платформа, тақта, қатпарлы, қатпарлы-жақпарлы, тау, жазық, ойпат, қырат, үстірт
Ауызша және жазбаша сөзге арналған қажетті сөйлемдер:
Геосинклиналды белдеулер........................................орналасқан. Себебі........................................................

Дағдылар
Оқушылар
Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді
Қолдану

Талдау

Литосфералық плиталардың қозғалысына байланысты болатын жер бедерінің түрлерін анықтап, оны картада көрсетеді, кескін картада ірі аймақтарды сызады, профилін бейнелей алады.
Сурет бойынша сол аймақтың жер бедерінің қалыптасуын талдап, зерттеулер жүргізеді.
Алдыңғы білім: Литосфералық тақталар қозғалысы
Уақытты жоспарлау
Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар
Дерек көзі

0-3

3-8

9-16

17-25

Жағымды орта қалыптастыру.
(Ж) Оқушыларды сабаққа ынталандыру мақсатында <<Жердің пайда болуы>> туралы мультфильм көрсету

(Т) Литосфералық плиталардың қозғалыс түрлерін және салдарын білу (дрейф, субдукция, коллизия, спрединг)
Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі(Презентация)
Оқушыларға осы процестерді литосфералық плиталарда қалай жүретінін көрсету ұсынылады.
І топ-Субдукция
ІІ топ-Дрейф
ІІІ топ -Коллизия
ІҮ топ -Спрединг
Әрбір топ осы процестердің литосфералық плиталарда қалай жүретінін ақ парақта бейнелейді және ортада көрсетеді.

Бейсенова А.С. География. Материктер мен мұхиттар. Изд. Атамұра, 2012

Бейсенова Ә., Карпеков Қ. Қазақстанның физикалық географиясы
Алматы: Атамұра, 2012 § 21

Жер бедеріне қатысты фотосуреттер

https://www.youtube.com/watch?v=dnEqzYi-xQQ

15-25

25-40

(Ж)Картамен жұмыс.
Жер қыртысы картасы мен физикалық картаны салыстыру және жер бедерінің қалыптасу заңдылығын анықтау.
Платформалар (қалқан, плита) және геосинклиналь және оларға сай жер бедері түрлерін анықтау. Жазықтар (ойпат, қырат, үстірт, таулы қырат, таулы үстірт) пен таулар (қатпарлы жақпарлы, жақпарлы қатпарлы) және олардың түрлерін анықтайды

Оқушылар ақ парақтағы жұмыстарын жалғастырады. Литосфералық тақталар бейнеленген ақ парақтарына жер бедерінің қандай формалары кездесетінін түсіреді және оның сол жердегі қалыптасу заңдылығын түсіндіреді.

http://ukrmap.su/ru-g6/734.html

Бейсенова А.С. География Материктер мен мұхиттар 8 б.

40-60

60-70

70-75

75-80

(Ж) Суретпен жұмыс: оқушыларға тектоникалық және жанартаулық таулардың суреттері беріледі, суреттерге қарап таулардың шығу тегін анықтайды және олардың картадағы орнын көрсетеді.

(Т) Таудың суреті және элементтері жазылған парақша оқушыларға таратылады. Оқушылар суреттен тау элементтерін сәйкестендіреді, биіктіктеріне қарай ажыратады.
Таулардың биіктігі бойынша жіктелуі

Аласа Орта Биік
1000 м-ге дейн 1000-2000 м 2000 м-ден жоғары
Қырым Карпат Гималай
Орал Скандинавия Анды

Картадан жазықтардың түрлерін шкала арқылы
анықтау жер бедерінің формаларын кескін картаға салады.

Ойпаттар 200 м-ге дейін
Қыраттар 200-500 м
Үстірттер 500-1000 м

РЕФЛЕКСИЯ
https://www.youtube.com/watch?v=LBwlE9pNeNk

https://www.youtube.com/watch?v=hRf-O1RiRwc

Қосымша ақпарат
Бөліп оқыту - Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?
Бағалау - Оқушылардың білімін қалай тексересіз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ
Құндылықтар
Қабілеті төмен оқушыларғакескін картаға түсіру.
Үй жұмысы: Жер бедері формаларының қалыптасу заңдылығы жергілікті жер бедерін зертттеу арқылы көрсету
Сабақ барысында бақылау және талқылауды үйлестіру, ал сабақ аяқталған кезде бағаға жұмыс орындау қарастырылады.
АКТ - оқушылар жоғарыда келтірілген сілтемелер бойынша жүктелген карталармен жұмыс істей алады, жер бедерінің формаларының алыптасу заңдылығына түсіндірме жасай алады.
Құндылықтар - жер бедері формаларының адам өміріндегі маңыздылығна қарай баса назар аударылу керек.
Ой толғау
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары нақты қойылды, оқушылар 6-сыныптағы білімдерін пайдалана отырып, таужыныстарының анықтамасын, пайда болу жолдарын айқындай алды, бірақ оқушыларды нақты мақсатқа жету үшін, жетектеу сұрақтарын қою қажеттілігі туындады. Әлі де болса тау жыныстарының түрлерін анықтау үшін қосымша материалдар дайындау керек деген түйін жасаймын.
\Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:
Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:
Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

Ұқсас жұмыстар
Материктер мен аралдар
Экология негіздері. таңдау курсы
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Солтүстік жартышар материктері
Орал тауының Қазақстандық бөлігіндегі таулар
Аласа таулар туралы
Картадан ойпатта орналасқан кез келген қаланы көрсет
Өзендер
Таулы өлке
Сарыарқа жайлы ақпарат
Пәндер