6-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Шылау туралы түсінік

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы

«Жанкелдин атындағы орта мектебі» ММ - сі

Ашық сабақ

Өткізген: Нұрбердиева Қарлығаш Дәулеталықызы

Сыныбы:6

Сабақтың тақырыбы:Шылау туралы түсінік

Білімділік: оқушылардың шылау және шылау тұлғалас қосымшалар туралы алған білімдерін анықтауы және пысықтауы; Сөйлемдегі сөздердің байланысы «Шылау» туралы ұғымдарын бекіту.

Дамытушықлы : озық технологиялардың әдістерін, жабдықтарын қолдана отырып, оқушының ой-өрісін, дүниетанымын, көру, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: оқушы дүниетанымын дамыта отырып, табиғатты сүюге, жан-жануарды қорғауға тәрбиелеу, өзара достыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдісі: топтастыру, түсіндіру, мысалдар келтіру, талдау, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау.

Көрнекілік: үлестірме карточкалардағы ребус;

Технология: СТО элементтері

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру

-оқушылардың сабаққа қатысуын тбақылау;

-оқу құралдарын ретке келтіру;

-оқушыларды тәртіпке шақыра отырып, сабақтың мақсаты айтылады.

ІІ. Өткен сабақтарды пысықтау.

  1. Көмекші есімдер дегеніміз не? Мысалдар келтір
  2. Көмекші етістік дегеніміз не? Мысалдар келтір

Жаттығуларды тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. -ып, -іп, -п жұрнақтары бар етістіктің ерекше түрі;

2. қандай?қай деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын ата.

3. Табиғаттағы дыбысқа, қимылға еліктеуден туған сөздер.

4. Адамның түрлі көңіл күйін, сезімін, білдіретін, не жануарларға қаратып айтылатын сөздер.

5. Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, амалын, мақсатын, т. б. білдіретін сөздер.

І. Сабақтың құпиясы. Сөзжұмбақ.

1: 1
К: К
ө: ө
С: С
е: е
М: М
ш: ш
е: е
:
:
:
:
1:
К:
ө:
С:
е: 2
М: с
ш: ы
е: н
: е
: с
: і
: м
1:
К:
ө:
С:
е: 3
М: е
ш: л
е: і
: к
: т
: е
: у
1:
К:
ө:
С: 4
е: о
М: д
ш: а
е: ғ
: а
: й
:
:
1:
К: 5
ө: ү
С: с
е: т
М: е
ш: у
е:
:
:
:
:

ІІ . Топтастыру. Шылау.

Оқушылар оқулықтың 172-бетіндегі шылау туралы оқи отырып, топтастырады.

сұраққа жауап бермейді

Да, де, та, те шылаулары өзіне тірк. Сөзге үстеме мағына береді

Ш

Ы

Л

А

У

өз алдына толық мағынасы жоқ

Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай:

Жеке тұрып сөйлем мүшесі болмайды,

шылаулар түрленбейді.

Сөзден бөлек жазылады.

Бірыңғай сөздермен қайталанып келсе үтір қойылады.

Бірыңға қолданыста екі сын есім арасында келгенде тыныс белгі қойылмайды.

Мен/бен, пен/және шылаулары сөз бен сөзді байланыстырады.

Септеулік, жалғаулық, демеулік болып үшке бөлінеді.

септеулік
жалғаулық
демеулік
септеулік:

Атау с., Барыс с., Шығыс с., Көмектес септіктерде тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданады.

Үшін, сайын, дейін, туралы, сияқты, кейін, соң, бері, бірге, қабат, қатар

жалғаулық:

Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады.

Және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде, біресе, егер.

демеулік:

Сөздерді байланыстырмайды., қосымша мағына береді.

Ма, ме, ба, бе, -ақ, ау, -мыс, түгіл, ғана, тек, -ды, ді, ты, ті

ІІІ. Тақтамен жұмыс:

Сөйлемдерді талдау. Шылаулар туралы түсініктерін меңгерту.

Мектепке /неге?/ дейін бірге бардық.

Мен әкеммен /кіммен?/ бірге кешке /неге?/ шейін жұмыс істедім.

Көпір /не?/ арқылы өттік.

Мен оқушымын ғой!

Ол мектепке барды ма?

Дәмін таттық-ау.

Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.

Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

323-жаттығу: Шылауларды тауып, олардың сипатын анықтаңдар, қандай мәнде қолданылып, қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсетіңдер.

ЕСКЕРТУ:

  1. ма, ме, ба, бе, па, пе, да, де шылаулары бөлек жазылады.

Көктемде ауыл /да/, дала /да/, қала /да/ жайнап құлпырады.

Ауыл /да/ (қай жерде?) бірге оқығанбыз.

Қала/да/ зәулім үйлер салынып жатыр.

Телехабарда ән /де/, жыр/да/, кино/да/ кезектесіп жүрып жатады.

2. ма, ме, ба, бе, па, пе -етістіктің болымсыз түрінде жұрнақ ретінде бірге жазылады.

3. Барма, айтпа, жазба, төкпе, сөкпе, сындырма.

-ау, -ай, -ақ, -ды, -ді шылаулары дефис арқылы жазылады.

Ол көргенін айтқан-ды /сондай-ақ, көрген-ау, берген-ақ/

Ү. Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып жазыңдар.

-Сабақта көне және ірі қалалар . . . әңгіме болды.

-Мұрат сабақтан . . . спорт кешеніне барады.

-Кешке . . . мен анаммен бірге дүкенге барамын.

-Кітапханаға . . . жүз метр.

-Ол маусым айынан . . . Астана қаласына барады.

-Алматы қаласында болдың . . . ?

-Адасқан сен . . . , мен . . . ?

-Шіркін- . . . , керемет деген осындай болады екен?

Әрбір оқушыға үлестірме карточкада ребус таратылады. Оқушылар өздері шешеді.

1,

dub01

3) 3 874133
1,:

,

2) flag vb_prWm09hj

лы

3) 3: 4) 07-300x231

Үйге: Шылаулар туралы ережені түсініп оқу, ереже дәптерлеріне түсіру.

Шылаулар туралы сөзжұмбақ, ребус құрастыру.

Шылаулары бар мақал-мәтел жазу.

324-жаттығуды орындау.

Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
6-сынып қазақ тілі: еліктеу сөздер туралы түсінік (ашық сабақ)
Етістік туралы түсінік: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар: Шылау (1-сабақ)
6-сыныпқа арналған Шылау тақырыбы бойынша модульдік сабақ жоспары мен бағалау материалдары
Ертегілер туралы түсінік және түрлері: 5 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Зат есім туралы түсінік
6-сынып қазақ тілі: Үстеу туралы жалпы түсінік
Стиль, сән және костюм туралы түсінік: технология пәнінің сабақ жоспары
Қазақ тілі: фонетика және тіл туралы түсінік - сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Мәтін туралы түсінік - мақсаттары, әдістері және сабақ барысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz