Өзін-өзі тану пәнінен 5Ә сыныпқа арналған ашық сабақ: Сүйіспеншілік - өмір негізі

Өзін - өзі тану пәнінен ашық сабақтың жоспары.
Тақырып: Сүйіспеншілік - өмір негізі
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, аялау, жақсы көру Сыныбы: 5 Ә
Мұғалімі: Кенжина Арайлым Темірғалиқызы

Сабақ мақсаты: оқушыларға қарым - қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ұғындыру
Міндеттері:
• жақсы көру, сүйіспеншілік ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
• сүйіспеншілікпен қарым - қатынас жасауға баулу;
• оқушыларды туған елін, жерін, ата - анасын сүюге тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер) суреттер, дәптер

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті:
Су асты патшалығына ойша саяхат. (Жайлы, баяу музыка қойылады)
Көзімізді жұмып және бірнеше рет терең тыныстап, денемізді бос ұстаймыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайлап отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан - жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз . . . бұл орасан сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. /бірнеше секунд үнсіздік/.
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орыңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
- Рахмет. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
Тыныштық сәті барысында толық тыныштық сәтін сезінді.

2. Үй тапсырмасын тексеру:
Алтын жүректі анамыз С. Назарбаева апамызға арнаған тілектерін ортаға салып айтып, сыйға тарту.

3. Дәйексөз:
«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді» В. Белинский
Ананың қолы ең қасиетті, аялы қол, ол нені болса да атқара алады. Ананың жүрегі ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі ешқашан сөнбейді, оның көзінен еш уақытта еш нәрсе де қалтарыс қалмайды. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан - ана.
4. Әңгімелеу(Мұғалімнің сыйы)
«Ана махаббаты»
(аңыз әңгіме)
Төле бидің алдына бір балаға таласқан екі әйел шешім сұрап келеді. Екеуі де «бала менікі» деп бет бақтырмайды. Біреуі «бұл баланы мен тудым, бесіктегі жатқан шағында ұрлап кеткен еді. Бұны пәлен жеріндегі алақандай қалынан таныдым» десе, екіншісі «Ұрлаған түгім жоқ, 9 ай көтеріп тапқан ұлым» десе керек.
Сонда Төле би қолына қылыш алып «Бұл баланы екеуіңе қақ бөліп берейін» деп баланы қақ бөлмекші болады. Баланы 9 ай көтердім деген әйел бұл әрекетке міз бақпастан қарап тұрса, «ұрлатып алдым» деген әйел «Ойбай-ай, шаппаңыз! Қайда жүрсе де аман жүрсін!» деп жер тізерлеп отыра кетеді. Сөйтіп би баланы өз анасына қайтарып береді.


Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану пәнінен 4-сыныпқа арналған ашық сабақ: Жақсылықтан жақсылыққа - сүйіспеншілік пен мейірімділікті қалыптастыру
Өзін-өзі тану (9-сынып): Салауатты өмір салты - өмір негізі
Денсаулық - өмір негізі: 4-сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінің кіріктірілген сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ: Мейірімділік - асыл қасиет
Кеңпейілділік пен жомарттық: Өзін-өзі тану пәнінен 5 ә сыныпқа арналған ашық сабақ
7-сынып Өзін-өзі тану сабағы: Өмір, қымбатсың маған - сүйіспеншілік пен адамгершілік қасиеттер
Еңбекқорлық пен еріншектік: Өзін-өзі тану пәнінен аудандық ашық сабақ
Отбасындағы сүйіспеншілік: өзін-өзі тану сабағының мақсаты мен әдістері
4-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану сабағы: Жақсылықтан жақсылыққа - сүйіспеншілік пен мейірімділікті тәрбиелеу
6-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану сабағының жоспары: Отбасының жылуы және сүйіспеншілік құндылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz