Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Нұр менің ішімде
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Жаңақала ЖОББМ
Тақырып: Сенім - менің серігім. 20-сабақ Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: ұқыптылық, әділеттілік, басқалар туралы жаман ойламау.
Мұғалiм: Кенжина Арайлым Темірғалиқызы
Сыныбы: 5<<а>> Оқушылар саны: 14
Сабақ мақсаты: Оқушылардың адамдардың бір-біріне деген сенімді қарым-қатынас жасауы арқылы дұрыс әрекет құндылығын ашу.
Міндеттері:
- Оқушылырды сенім арқылы ұқыптылыққа үйрету;
- Өз замандастары арасында әділеттілік қабілеттерін дамыту;
- Өзі туралы , қоғам туралы, басқалар туралы жаман ойламауға дағдыландыру Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(баяу әуен)
<<Нұрға бөлену>> Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: <<Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын>>. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Б. Тұрсынбаевтың <<Жаңа дүкенде>> мәтінін оқу.
1. Сендер Ерланның сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
2. Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай орындарды айта аласын?
3. Мәтіннен дұрыс әректетті ашып оқы. Сабақ барысын талқылау:
3. Дәйек сөз.
Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу - әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.
М.Жұмабаев
1. Өзіңнің жақын адамдарынның сенімін ақтау дегенді қалай түсінесің?
2. Сенім, әдептілік, адамгершілік қасиеттерін байланыстыратын не?
3. Әрдайым айналандағы адамдарға сене аласыңба?
4. Әңгiмелеу (сұхбат).
Аңыз әңгіме: <<Екі дос>>
Екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: <<Бүгін мені жан досым ұрды!>>
Екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерден ішерміз деп келісіп алады. Бір кезде досынан таяқ жеген батпаққа аяғы кіріп шыға алмай қиналады. Тіпті тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы кұтқарып қалады. Батпақтан кұтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: <<Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды>>, - деп жазады.
Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы:
- Ұрған кезімде құмға жаздың, ал енді не үшін тасқа жазып жатырсың? - деп сұрайды.
Сонда досы:
- Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын!..
1. Досының ұрғаны қатты батқан бала, не себепті қарсыласқан жоқ.
2. Екі достың арасындағы шынайы достықты байқадыңба?
3. Екі достың тартысып қалғаны дұрыс па?
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
жағдаятты талдау
1. 5 <<Б>> сынып оқушыларына мектеп мерекесіне арнап, көркем қойылым дайындау керек болды. Сынып жетекшісі оқушыларға сенім артып, өз бетінше дайындауды тапсырды. Ер балалар ұзақ ойланып, бүкіл сынып болып <<Брейк - данс>> биін билеуді ұсынды. Қыздар оған түбегейлі қарсы болды...
2.5-сынып оқушылары арасында өткізілетін <<Өнерге қанат қаққандар>> атты жарысқа достары Әлиханды ұсынып,үлкен сенім артты.Жарыс болатын күні Әлихан сабаққа келмей қалды.Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім қатыспады.
Әлиханның бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер оның орнында болғанда не істер едіңдер?
3.Сен асығып барасың,ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар.Досың саған тез келіп кетші бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.?
3. <<Сенім>> сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар
С - сенімді, сыпайы,сүйкімді, сыйлы, сымбатты, сұлу
Е - ерен, ерекше,еркін, ержүрек, елпек
Н - намысшыл, нәзік, нағыз ер,
І - ілтипатты, ізетті, ізгілікті, іңкәр
М - мәдениетті, момын, мейірімді
6. Топпен ән айту.
<<Сенім>>
Мәдина Садуақасова
1.Сездірмей жүрген,
Тек өзім білген.
Бір сенім бар,
Жоғалмас мүлдем.
Сол сенім бар да,
Асығам алға,
Ақ тілегім, биікке самға.
Қ-сы
Тағдыр жолы көп торабы,
Ақ пен қара жолағы.
Сенім - маған серік болады.
Ақ таңдарды мен көремін,
Дауылды да жеңемін.
Жүрегіммен сенемін.
2. Жылуын берер,
Шапағат төгер,
Махаббатым адаспай. Асқардай биік,
Армандар жиып,
Мен өтемін
Өмірді сүйіп.
Қ-сы
Тағдыр жолы көп торабы,
Ақ пен қара жолағы.
Сенім - маған серік болады.
Ақ таңдарды мен көремін,
Дауылды да жеңемін.
Жүрегіммен сенемін.
7. Үй тапсырмасы.
<< Мен жастарға сенемін>> (жаттау) М.Жұмабаев
21-сабақ
8. Соңғы тыныштық сәтi.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлерінді жүректеріне орнатып, өзгелер туралы жаман ойламауға және оларға сенім артуға үйренейік.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz