Біз өрт сөндірушілерміз: балаларға арналған рөлдік ойын арқылы өрт қауіпсіздігін оқыту бағдарламасы

Желілі - рөлді ойын

Тақырыбы: Біз өрт сөндірушілерміз.

Мақсаты: Өрт сөндірушілердің еңбегі туралы білімдерін кеңейту, сюжеттік - шығармашылық ойын арқылы балаларды дамытып және қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.

Міндеттері: Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, балалар арасындағы жағымды қарым- қатынастарын, балалардың бойында өрт сөндірушілердің еңбегін құрметтеуге, қиын жағдайда көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Керекті құрал жабдықтар : балаларға арналған өрт сөндіру құралдары, үйшік, қуыршақ, киімдер: дәрігер киімі, диспечер киімі, өрт сөндірушілер киімі, өрт сөндіргіш көлік, жедел жәрдем, телефон, дәптер, қалам.

Ойын барысы:

Үш тілде амандастыру

Балалар, өскенде сендер кім болғыларың келеді?

Ал, тағы қандай мамандық иелерін білесіңдер?

Егерде біреу ауырып қалса кімге айтамыз? ( Дәрігерге)

Бізге тамақты кім дайындап береді? (Аспазшы)

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ойланып жауабын табыңдар

Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін.

Қақалса да түтінге,

Тайсалмайтын батыл кім,

Жасқанбайтын батыр кім? (өрт сөндіруші)

Өрт сөндірушілер қай кезде керек?

Өрт қандай себептерден шығады? 1. Шырпымен ойнаса;
2. Үтікті қосып кетіп қалса;
3. Газды ашық қалдырып кетсе;

Ал өрт болған жағдайда не істеу керек? Сөндіруіміз керек

Отты қалай сөндіреміз? ( Сумен, құммен, өрт сөндіргіш құралдармен)

От көп жамандық әкеледі, сол кезде түрлі мамандық иелері, жай адамдар көмекке келеді:

Балалар біз өзімізді ересек адамдар сияқты сезінейік. Біз бір- бірімізге қажетпіз, бір жағдай болған кезде көмекке ұмтыламыз.

1, 2, 3, 4- біз үйіміздеміз. Адамдар барлығы ұйқыда.

Шырылдаған сағат үні естіледі. Барлығым оянып, өз жұмыс орнымызға барамыз.

Өрт сөндірушілер - өрт сөндіру бөліміне, Дәрігер- ауруханаға, Диспечер- диспечерлік бөлімге барады. ( Киінеді, құралдарын реттейді)

Көшеде балалр ойнап жүреді: үйдің өртеніп жатқанын көріп айқайлайды: өрт, өрт, өртеніп жатыр.

Тәрбиеші : балалар не болды?

Балалар: Үй өртеніп жатыр.

Тәрбиеші: балалар енді не істейміз, қалай көмектесеміз ?

Балалар: өрт сөндірушілерге хабарлайық. 101 - ге

Алло, алло Жалағаш ауданы, Мөрәлі Шәменов ауылында, Бұхарбай көшесі 25 үйде өрт болып жатыр, хабарласып тұрған Серік Нұрмейір.

Өрт сөндірушілер келгенше отты немен сөндіреміз?

Балалар күрекпен құм шашып, кішкене шелекпен су шашады.

Өрт сөндірушілер келеді, шлангаларымен су шашады.

Бала үйшікке кіріп баланы алып шығады. Жерге жатқызып, алғашқы көмек көрсетеді.

Жедел жәрдем кіреді, баланы носилкаға салып алып кетеді.

Өрт сөндірушілер орындарына, дәрігер кабинетіне, диспечер үстеріндегі киімдерін шешіп орындарына отырады.

Міне балалар біздің бір күнгі жұмысымыз яқталды.

Қалай ойлайсыңдар үй неге өртенді?

Шырпымен ойнаған, дұрыс пайдаланбаған.

Оған кімдер көмектесті?

Жай өткінші адамдар, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем.

Үш тілде айтқызу: От- огонь- fairy, Су-вода-water, Құм- песок, sand

Міне балалар отпен ойнауға болмайды екен. Өрт көптеген қауіп -қатер әкеледі, сондықтан да шырпымен ойнамай, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңдар.

От туралы мақал -мәтелдер айтайық.
1. Отпен ойнама, күйерсің.
2. Ойын түбі -от.

Өрттен сақ болыңыздар !!!

Күтілетін нәтижелер

Не білді : Өрт қауіпсіздігі жайлы білді.

Не алды : Ойында балалар шынайы оқиғаларды көрсете өзін-өзі ұстаудың мәдени дағдылары, мейірімділік, қамқорлық қасиеттерін көрсете алды

Не істей алды : Ересектермен және құрдастырымен ашық жүзбен сөйлесуді, рөлдік қойылымға қатыса алды.


Ұқсас жұмыстар
№24 Аққу МДҰ тәрбиешісі Қалиева Қанымгүл өткізген балаларға арналған өрт қауіпсіздігі рөлдік ойыны
Ленгір қосалқы мектеп-интернатының есту қабілеті шектеулі балаларға арналған тәрбиелік сабақтар бағдарламасы: өрт қауіпсіздігі және әлеуметтік-тәрбие тақырыптары
Оттың маңызы, зияны және өрт қауіпсіздігі
Мектепішілік іс-шара: Өрт қауіпсіздігі және 101 нөміріне жедел хабарлау
Өрт қауіпсіздігі: оттың маңызы мен зияны, пиротехникалық заттар және төтенше жағдайдағы көмек көрсету
Ойын арқылы көше тәртібі мен жол қауіпсіздігін үйретуге арналған сабақ жоспары
Балаларға арналған Наурыз мерекесінің тәрбие-оқыту бағдарламасы
Практикалық сабақ: Ауылшаруашылық машиналары мен агрегаттарымен жұмыс істеу кезінде еңбек және өрт қауіпсіздігі талаптары
Рөлдік ойын арқылы балаларды әдептілікке тәрбиелеу - Әдептілік әлеміне саяхат сабақ-конспектісі
Балабақшада бағдаршам мен жол белгілері арқылы жол қауіпсіздігін оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz