Сөйлемді көшіріп жазу

Бекітемін:
Мектеп директоры: Н. Сарымбаева
Көмектес септік
Көмектес септіктің өзіндік белгілері және анықтамасымен таныстыру. Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады. Сауатты, таза, әдемі жазуға, сыйластыққа тәрбиелеу.
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Психологиялық дайындық
Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!
Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне
жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің тұсына қояды)
Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,
саусақтары күн сияқты)
Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады) .
1. тапсырма:
Семантикалық карта. (топтама)
Атау септік Ілік септік Барыс септік
Табыс септік Жатыс септікШығыс септік
Бөлмеде, құмда, суретшінің, кітаптан, оқушы, кітап, шеңберді, кітапты, Әсемді, ауылға, мектепке.
2. тапсырма: Септеу. (ауызша)
Барлығыңа үлгі болар, қарақтар,
Байсалды да, ақылды да Марат бар. А. с
Жеке басын ең алдымен Мараттың,
Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым. І. с
Сенбейсің бе, күнделікті парақта:
Талай «бестік» қойылыпты Маратқа . Б. с
Батыл емес дей алмайсың Маратты,
Сол үйретті ауылдағы бар атты. Т. с
Алғыссыз күн болған емес Маратта,
Жетеді онда ынта, жігер, талап та. Ж. с
Қай өнер де табылады Мараттан,
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан. Ш. с
Міне сондай жақсы бала Маратпен,
Дос бола алмай жүргендер де бар, әттең. К. с
3. тапсырма:жетекші сұрақтар арқылы «Миға шабуыл» жасау, қайта бағытталған сұрақтар қою
- Адам бойындағы жақсы қасиеттерді қайдан алады?
- Сенің бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар?
- Оны саған кімдер үйретеді?
- Жақсы болу үшін адамға не қажет?
- Есіңе түсір Абай атамыз қай өлеңінде бес нәрсеге асық бол деген?
- Ол қандай қасиеттер?
- Неге осы қасиеттерге асық бол деген?
4. тапсырма:
Көмектес септік
Сұрағы:
кіммен? немен? кімдермен? нелермен?
Жалғауы:
-мен, - бен, -пен,
Көмектес септіктегі сөз істің қандай құралмен істегенін білдіреді.
Мысалы: Орындықты балғамен шегеледі.
Істің бірлесіп істеуін білдіреді.
Мысылы: Марат үйге Асқармен келді.
5. тапсырма : Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердің қосымшасын табу. (тақтаға жазу)
Қоғамдық көлікпен жүру ережелерін білесің бе? Үлкен адамдармен қашанда «сіз» деп сөйлес. Әміре халық әндерін үлкен сезіммен шырқады. Әсет басқа ақындармен айтысқанда, өзінің білімділігін байқатты.
2-жаттығу . Жұмбақтарды оқу, жауабын табу. Көмектес септіктегі сөздерге сұрақ қою. (ауызша, топтамамен жұмыс)
Желмен ұшып жетеді,
Желмен ұшып кетеді. ( қаңбақ)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн)
3-жаттығу . Сөйлемді диктант түрінде жазу. Көмектес септіктегі сөздерді тауып, қосымшаларын белгілеу. (диктант)
Барлық ат күміс ер-тоқыммен ерттелген. Әжесі ГауҺармен музейге барды. Алмагүл сыпырғышпен еден сыпырып жүр. Ғани Әсетпен шахмат ойнады. Бұл шипажайда адамдар қымызбен емделеді.
Қымыз туралы мағлұмат бере кету.
4-жаттығу. Тиісті қосымшаларды орнына қойып, сөйлемдерді оқу. (ауызша) Кесте толтыру.
5-жаттығу. Суретте бейнеленген зат атауларын жалғау жалғап, әр сөзбен байланыстырып жазу. (тақтамен жұмыс)
сүрту ұштау
бүктеу
жазу
жуу салу
көпіршігі
ұстау
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру. «ауызша)
6. тапсырма: Кестені толтыру.
Сөздер: әліппе, анамның, Асқарға, Маратқа, ашықхатқа, әліппеден, шаңғымен.
Тапсырма: «қалам» «қаңбақ» «бәйтерек» «күн» сөздерін жеті
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz