Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Саяхатқа бірге шығайық тренинг

Қызылорда қаласы,Қараөзек ауылы
№39 <<Қызылөзек>> орта мектебінің
педагог-психологы Әбілова Айнұр Жазықбайқызы

Тренинг: <<Мейірімді болса жүрек - орындалар тілек>>
(мұғалімдерге арналған тренинг)
Мақсаты: Мұғалімдердің психологиялық көңіл күйлерін көтеру,өздеріне құрметпен қарауға баулу, сыйластық қарым-қатынас орнату.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар.
<<Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек>>
Абай
<<Мейірімділікті анадан үйрен>>
Халық даналығы
Жүргізілу барысы.
Ұйымдастыру.
1. Ойын жаттығу <<Молекула>>
2. <<Саяхатқа бірге шығайық>> тренинг
3.Ән арқылы топқа бөлу
4 . <<Паравоз>> жаттығуы
5. Қорытындылау

-Сәлеметсіздер ме, құрметті семинарға қатысушы қонақтар! Мектебімізге хош келдіңіздер. Көңіл-күйлеріңіз қалай? Енді шаршағанымызды басып, сергіп алу үшін ортаға шақырамыз.

Ойын жаттығу: <<Молекула>>
Музыка қойылғанда барлық топ ортада билейді.Тоқтағанда жүргізушінің нұсқауымен 2-3-4 т.б. топтасады.Ойын соңында бәрі бірігіп атом құрайды. Мұғалімдердің ойын барысында алған әсерлері туралы ой бөлісу.Әрқашанда ортада өздерін дұрыс ұстай білу керектігін түсіндіру.
Ынтымақшыл,бірлікте,сыйласып жүру керектігін ойын арқылы түсіндіріп өту.

<<Саяхатқа бірге шығайық>> ойыны.
Шарты:Көңілді әуен ойнап тұрады.Әуен қосылған кезде алдыңғы ойын кезінде бөлінген топ бойынша тапсырмаларды жылдам әрі дұрыс орындау керек. Солай ойын жалғасады.
-бой өлшемдеріңізбен сап құраңыздар;
-жастарыңызбен (кім қай жылғы) сап құраңыздар;
-шаштарыңыздың ұзындығымен сапқа тұрыңыздар
- туылған айларыңыз бойынша (қаңтар ... желтоқсан)

Ойын ұнады ма, бір-бірлеріңізбен жақын танысты деп ойлаймын.
Ән арқылы топқа бөлу
Тренингімізді топқа болу жұмысымен жалғастырайық. Биылғы жыл біз үшін елеулі жыл. Олай дейтініміз <<Тәуелсіздігімізге 25 жыл>> .Сол үшін де қазір біз мынандай әдіс арқылы топқа бөлінеміз. Қазір сіздерге парақшалар таратамын. Ол парақшада патриоттық ән жазылған. Сол әнді ыңылдап айтып жүру арқылы өз тобымызды табамыз. Іске сәт!
1. Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.
Қол жетті міне аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса қазағым менің

2. Жасыл жайлау, түкті кілем көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның махаббаты деп білем

3. Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені

Ойын жаттығу: <<Паравоз>>
Көңілді әуен ойнап тұрады. Қатысушы топтар бірінің артынан бірі иықтарынан мықтап ұстап тұрады. Бірінші адам <<паравоз>> ал қалғандары <<вагондар>>. Қимылдағанда вагондардың көздері жұмылған күйде болады. Паравоз вагондардың еш жерге ұрылмай, соғылмай жақсы серуендегенін қадағалайды. Ендеше: <<Құрметті жолаушылар, Қызылорда-Көкшетау поезды 1-жолдан жүргелі тұр сақ болыңыздар!>> (поровоздың үні)

Қорытындылау.
<<Жақсы мінез - адам - өмірінің сарқылмас байлығы>>, <<Айнымас досы бар адам ең бақытты адам>>, <<Мінезі бірқалыпты адамның өмірі де жаймашуақ болады>>, <<Жақсы көңіл күй - жан тыныштығы>> нақыл сөздерін пайдаланып адам өмірінде жақсы қарым-қатынас жасау үшін мінездің алатын орны ерекше екендігін түсіндіре отырып жұмысты аяқтау.
Тренигімізде қатысқандарыңызға рахмет, келесі кездескенше сау болыңыздар!!!

Анықтама
2016-2017 оқу жылының 9-желтоқсан күні мектебімізде <<Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы - білім сапасын арттыру кепілі>> тақырыбында қалалық ашық есік күні болып өтті. Мектеп психологтары <<Мейірімді болса жүрек - орындалар тілек>> тақырыбында сырттан келген ұстаздармен тренинг өтті.
Мақсаты: Мұғалімдердің психологиялық көңіл күйлерін көтеру,өздеріне құрметпен қарауға баулу, сыйластық қарым-қатынас орнату.

Тренинг <<Молекула>> сергіту жаттығуымен басталды.

Бұл жаттығу кезінде мұғалімдер бір серпіліп, шаршағандарын басты.
Келесі <<Саяхатқа бірге шығайық>> ойын жаттығуында біршама танысып, өзара қарым-қатынас орнады.

Биылғы <<Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық>> мерекесіне орай келесі жаттығуда тренингке қатысушылар патриоттық әндерді ату арқылы топтарға бөлінді. Бұл жаттығуды қатысушылар өте бір қызығушылықпен орындап, бойларын ұлжандылық қасиет биледі десек болады.

Әр топ өз командасымен саяхатқа шығу үшін <<Поровоз>> жаттығуы ұйымдастырылды. Бұл жаттығу топтың ұйымшылдығын, бір-біріне деген сенімділігін артыру мақсатында орындалды.

Тренинг соңында қатысушылар осы тренингтен, бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісіп, жақсы көңіл-күйде тарқасты.

Мектеп психологы: А.Әбілова

Ұқсас жұмыстар
Паравоз жаттығуы
Орманға саяхат
Ойыншықтар әлемінде
Келді жылым бақытым, Кемелденді уақытым
Сәулет өнері жайлы ақпарат
10 саны
Отан. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Денсаулық - зор байлық жайлы
Денсаулық байлықтан қымбат
Ғарышқа математикамен бірге
Пәндер