Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәуелсіз елім

Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Б.Сүлейменов атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Шитпанова Жайнагүл Халыковна

Сабақтың тақырыбы: " Тәуелсіз елім -Қазақстаным " Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы, оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру. Тәуелсіздікке қалай жеткеннін баяндау, көрсету; оқушыларды өз елін сүюге, қастерлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін сүюге, әдемі сөйлеуге үйрету. Оқушыларға тәуелсіздіктің ұғымы түсіндіру.Еліміздің егемендік алғанынан бері жеткен жетістіктерін жеткізу. Мұғалім: Құрметті оқушылар! Қазақстан -қазақ халқының атамекені. Осы тұғырлы орданың айбарлы есімін естігенде сан қилы күй кешеміз.Асқар таудың биік белесінен жайнап бүкіл әлемге қуаттана қарап, өзін мәңгілікке хабарлап тұрған ,тұғырын тот баспайтын ел екенін мақтанышпен сезіп қуанамыз. Болашақта Қазақстанымыз әрі қарай дамып, әлемдік аренада өз орнына ие болады деп нық сенеміз. Бар игілігіміздің бастауы болған Тәуелсіздік күні барлығымызға құтты болсын ! Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында мемлекетіміз өркендеп келеді. Тәуелсіздік халқымыздың басына қонған бақ. Бұл күні байтақ еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн! Бабалар аңасаған ақиқатқа айналдырған еліміз үшін ұлан асыр тойІ Баршаңызды ұлыстың ұлы күнімен- Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
хормен: Тәуелсіздік-баға жетпес бағымыз, Қымбаттанда ең қымбатты барымыз. Тәуелсіздік- білектегі әліміз, тәуелсіздік- жүректегі әніміз. Топқа бөлу: 1 топ -"25 жыл" 2 топ- "Карта" 3топ- "Ту,елтаңба" ( (слайттан көрсету)
Дамир : Тәуелсіздік 11 әріптен құралған, Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман . Талай дара, даналардың көз жасы, Қаныменен атты таң боп бізге алдан.
Тәуелсіздік - қасиетті ұғым бұл, Ей, келешек, жан - тәніңмен үғып біл. Он бір әріп не мағына береді, Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл.
Т - білдіреді теңдейді. Ә - әдептілік ерлікті. У - уайымсыз, уақытты. Е - егеменді, елдікті. Л - дейді лағып, лепірме. С - сенімділік , секілді ең. І - ілтипат пен ізет қой. З - зиялылық тілек қой. Д - шақырады достыққа. І -ілкімді бол сақтыққа. К - дейді күн боп көктегі. Т ә у е л с і з д і к к е -- 25 ж ы л ( шармен жазамын) Мұғалім:Тәуелсіздік Қазақстанның 25 жылдық мерей тойына байланысты осы жылдарға көз жіберейікші, қандай тарихи даталар болып келді? Слайдтан көрсету 1.1991 жылы желтоқсанның 1-де республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Президент етіп сайлады. 2.1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа самғады. 1992 жылы- 3. 1993 жылы 28-қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата Заңы қабылданды. 4. 1993 жылы 15- қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңге айналымға енді . 5. 1995 жылы -Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды. 6. 1996 жылы - Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды. 7. 1997 жылы- 10-желтоқсанда Ақмола қаласы ел астанасы болып жарияланды. 8. 1998 жылы 10маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болды. 9. 2012 жылы- 1-желтоқсанда Тұңғыш президент күні алғаш рет аталып өтті. 10. 2016 жылы- 23 қарашада Тәуелсіздік Декларациясы қабылданды 25 жыл!
Ән:" Көк тудың желбіреді" хор Поезия минуты (оқушылар жаттаған өлең шумақтарын сіздерге тарту етеді) Слайдтан көрсету. Махамбет:
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы! Ол әркімге еркін өмір сыйлады.. Білімділер алға шығып елімде, Жақсы атаұпен ңұр шапағын жинады.
Тәуелсіздік -бабалардың ұраны, Бейуақытта бойға таққан тұмары. Тәуелсіздік -түнектерде тұншығып, Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы
Арсен: Тәуелсіз боп артты халқым сенімі, Мұз боп қатқан қайғы-мұңым еріді. Ақ шыңдары тауларымның биіктеп, .Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.
Тауымыз бар таңырқатқан шынымен. Ұл-қызым бар,даламыз бар ұлы кең. Алдарыңда басымды иіп, өр халқым, Құттықтаймын тәуелсіздік күңімен!
Елтізер: "Үзілмесін жыр әнім"
Жаса,жаса,туған халқым қазағым, Аз көрмеген қиыншылық азабын. Үш ғасырдай бодан болып өзге елге, Көрдің қатар достығын да мазағын!
Қанша асқарың аласарып сен үшін, Мерт болмады ұрпағы мен жер үшін! Енді міне,аңсап өткен ерлерің Тәуелсіздік беріп отыр жемісін!
Еш сөнбесін туған елім шырағым, Самғай берсін қос қанатты пырағың. Бейбітшілік билік құрып төрінде, Шалқи берсін үзілмесін жыр- әнім
Жұлдызай:
Төбем көкке жетпей қалды бір елі, Енді міне бүкіл әлем біледі. Қазақ деген жомарт халық едік қой, Аузын ашса көрінетін жүрегі.
Ынтымақ бар ел бірлігі жарасқан, Бізге қарап жол түзейді адасқан. Барлық ұлтты туыс-бауыр көреміз, Ешқайсысын бөліп жатырқамастан.
Қалықтасын көгімізде қыран құс, Ерлігіміз болсын елге жыр-аңыз. Ата- бабам армандаған сан ғасыр, Тәуелсіздікке тәубе, тәубе, мың алғыс!
Дәлелденді ,тура әділ жолымыз, Дос құшаққа әркез дайын қолымыз Ер Нұр -аға тек қана алға бастаңыз, Біз ереміз сіз аман -сау болыңыз.
Азамат: "Егемен елім ер жетті"
Жиырма бес жыл тәуелсізбін, дербеспіп, Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім. Бодандығым ғасырларға жалғасқан, Қазір міне артта қалды келмес күн.
Дамуымыз керек енді қарқынмен, Уақытымыз есептеулі алтынмен. Тәуелсіздік арқасында үкімет, Жатыр міне барлығына үңіліп.
Сүйінші елім, тәуелсіз елім, сүйінші, Көкейден күй, көмейден жыр құйылды. Барлық елмен бас қосатын жиында, Төрағалық қазағыма бұйырды.
Зарина: "Қазақстан-республикам менің"
Бойымда-жігер,тұрғанда сенім, Жалындап өтем жолында сенің! Өзіңсің мәңгі бақытым барым Қазақстан-Республикам менің!
Бойымда қайрат, тұрғанда сенім, Құрбаным болам, жолыңда сенің! Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса, Сүйікті Отан,сүйікті елім!
Айналдым сенің атыңнан,қазақ, Ел болдың еркін,ақ пейіл,азат! Желбіреп тұр ғой төрімді биік. Көк туың көркем,жібектей ғажап!
Түсініп терең, өмірдің мәнін, Жалында жастар,сендерсің сәнім! Беретін бойға күш-қуат,жігер, Шырқалсын шаттық, Әнұран әнім! Қазақстан - Республикам менің
Оразгүл Қ.Аманжолов "Туған жер"
Шықшы тауға,қарашы кең далаға, Мәз боласың,ұқсайсың жас балаға. О, шеті мен бұ шетіне жүгірсең, Шаршайсың ба,құмарың бір қана ма?
Уа,дариға,алтын бесік туған жер, Қадіріңді келсем білмей кеше гөр! Жаза алмас ем топырағыңды тебіренбей, Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің! Нендей күйге жүрегімді бөледің? Сенде тудым,сенде өстім мен,сенде өлсем, Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.
Мен өзіңдей байтақ едім,кең едім, Қызығыңды көріп еркін келемін. Сен де аямай бердің маған барыңды, Мен де аямай барым саған беремін.

Айкерім: М.Мақатаев "Қазақстан"
Жақсаттанды демессің сүйем десем, Табынатын тәңірім ием де сен. Адам болып күн кешу қиын маған, Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем. Сен менің сүйегіммен қанымдасың, Жанымдасың,ұятым, арымдасың. Саған деген махаббат дамылдасын, Тек сенің топырағыңды жамылғасын. Өзіңше түсің де ерек, ісің де ерек, Сырым бар саған айтар ішімде көп. Қомағай көзімді бір тойдыра алмай, Қорқамын бәрі осының түсім бе деп. Қазақстан! Пай,пай,пай! Ардағым-ай! Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай. Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт, Өлмейтін, махаббатым, арманым-ай!
Нұрдәулет: Қ. Жұмағалиев "Туған өлкем"
Қазақстаным, Өзіңнен алдым Бұрқанған асау жыр басын. Өзіңсің менің мұңдасым, Досым, Сырласым. Керіліп жатқан кермиық Далам, Сен барда Мынау әлемде Түнектен аман нұр басым.
Қазақстаным, Өзіңмен бірге Дүниеге келген егізім! Қойныңнан табам Ықылым күннің мен ізін... Көлбеген көлдер, Шөлдеген белдер, Өр таулар- Бәрі бар сен де, Тулайды арда теңізің.
Қазақстаным, Қып-қызыл құм да, Жап-жасыл нуда баршылық. Қиырсыз түзге Аспанның асты таршылық Еткендей- Толқып қарайсың, Көңілің аршылып...
Салтанат:
Еңіреген талай бабам ел деген, Тәуелсіздік бізге оңай келмеген. Үлесі бар онда сансыз ерлердің, Өр намысын жауға қолдан бермеген.
Орындалып ата-баба арманы, Азат қыран көгімізде самғады . Оған куә табыс толы жиырма бес жыл, Әр сәтінің ғасырға тең салмағы .
Татулықты ұран қылып күнде біз, Берекемен бірге болды іргеміз. Халқымызды күллі әлемге танытқан, Елбасымен қашандағы біргеміз!!!
Ашық болсын қазағымның аспаны, Биіктесін мәртебесі - асқары. Көк байрағы мәңгі тулап көгінде, Ел намысын қорғап жүрсін жастары!
Ақылжан:
Тәуелсіз елім
Ғажайып халқы бар, Бауырмал салты бар, Тәуелсіз қазақпыз Шыңдарға шар ұрар.
Бабалар ерлігін, Дәріптер ел бүгін. Салтанат құруда, Еркіндік теңдігім.
Аннұр: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мың тілімен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Мен қазақпын , бір биік белеспін мен, Еуропа да, Азия да емеспін. Аралықпын жетінші құрылықтай, Бірақ барша адаммен тең емеспін.
Дария: (слайттан көрсету) Оқушылар жазған шығармаларынан үзінді "Тәуелсіздік- тәтті ұғым" (слайдтан көрсету) Топтық жұмыс : Берілген тапсырмаларды қорғап шығу.
" Екі тілек- бір жұлдыз "- күн сәулесінің бейнесі
Ән "Гүлдей жайна -Қазақстан"- хормен
Қорытынды: Тәуелсіздік күні - Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі еді, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Осы Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәрбие керек. Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! деп бүгінгі "Тәуелсіз елім - Қазақстаным " атты тәрбие сағатымыз аяқтаймыз. Келгендеріңізге р а х м е т !!!

Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ атты ертеңгілік
1 желтоқсан-Президент күніне арналған кураторлық сағаттың тақырыбы Біздің Елбасымыз
«мен елімді әнге қосып мақтан етем!» атты патриоттық әндер кешінің бағдарламасы
Биік сенің мәртебең, дархан елім
Қара көз қазақ қыздары
Тәуелсіздік тәжі
Тәуелсіз елім Қазақстаным!
Қолға ұстаған сәт бүгін, Болсын дәйім шат күнім
Тәуелсіз елім - ұлы өлкем
Қазақ тілі. Ағылшын тілі
Пәндер