Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақ барысымен таныстыру, топтарға бөлу

Сабақтың тақырыбы: Ерінбей еңбек етсең
Сабақтың мақсаты: Тиянақтылыққа баулу. Ұйымшылдыққа, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жарыс сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Көрнекілік: плакаттар мен нақыл сөздер

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
А) Психологиялық дайындық.Шаттық шеңбері.
Күлім қағып қолымды
Бір,екі,үш деп соғайын
Қарап тұрған досыма
Қолымды мен бұлғайын
Жылы - жылы сөзбенен
Маңдайынан сыйпайын
Жылы - жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын
Ыстық алақаныммен
Қолыңдыбер,қысайын
Ә) Сабақ барысымен таныстыру, топтарға бөлу
IІ. Негізгі бөлім
1. <<Жұмбақтар>> ағаштарды әсемдеу.
БІРІНШІ ТОПҚА
* Тікұшақтан аумайды,
Маса, шыбын аулайды (инелік)
* Судан шашақ шашылар,
Су тоқтаса, басылар. (фонтан)
* Аяғы біреу,қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді.
Салған ізі сөйлейді. Қарындаш.
* Бес ін,бес іннің
Аузы бір ін. Қолғап
* Жер астында жез қазық
Жеуге болар ас қазық Сәбіз
ЕКІНШІ ТОПҚА
* Сүрткен киімі тазарып,
Өзі қалды тым арып Сабын
* Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды. Сандық
* Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ ,тістеп алады Аяз
* Отқа жанбайды
Суға батпайды Мұз
* Асқар тауда қара орамал Шаш.
ҮШІНШІ ТОПҚА
* Отырмайды,тұра алмайды,
Түзу жолда бұраңдайды. Жылан
* Жаурағанды күлдірер, Тұмсығы мықты
Өз еркіне жіберсең, Қыр мен ойды тегістеп шықты.(Үтік)
Дүниені бүлдірер (От)

* Аласа ғана бойы бар, Асқар тауда
Тоғыз қанат тоны бар.(Пияз) Қалың орман,
Оны кейде
Шөптей орған. (Шаш)
2. <<Ребус шешу>> арқылы үй құрастырамыз
Еңбекқор
Еңбексүйгіш
Жалқаулық
3. <<Өлең оқу тізбектеп>> сандарды үзбей өлеңді оқып шығу, талдау
Гүл өсірсең терлеп
Мұнын аты еңбек
Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты - еңбек
Сабағына жөндеп
Әзірленсең - еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек
Гүлдерін аулаға отырғызады
4. <<Тақырып ашу>> қызықты сұрақтарға жауап алу арқылы
1.Қызыл сөзі заттың несін білдіреді? (сынын)
2. Бір ғасырда неше жыл бар. (100 жыл)
3. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
4. Көкжиектің негізгі тұстары ? (Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)
5.С- қандай дауыссыз дыбыс? (қатаң дауыссыз дыбыс)

1. Өрмекшінің аяғы нешеу?(8)
2. Ұзындықтың ең кіші өлшем бірлігі? (мм)
3. <<Көмекшілер>> сөзінде неше буын бар?(4)
4. Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды?
5. Суретші, мұғалім, дәрігер, ұшқыш сөздерін бір сөзбен айтқанда не деп айтамыз?

1.Азайту амалындағы ең кіші компонент. (Айырманың мәні)
2.Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
3.Әлемдегі ең үлкен құс? (Африка түйе құсы)
4. 48 санының ондығы және бірлігі неше?(4онд. 8 бірл)
5.Бала екі жасқа келгенде жер күнді неше рет айналады? (2 рет)
5. <<Мозайка>> мақалдар оқу,талдау
* Еріншектің ертеңі бітпес.
* Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті.
* Ұйқы - дұшпан.

ІІІ. Қорытынды
* Рефлексия
oo Көп ойнау.
oo Анаңа не әкеңе көмектесу
oo Бос уақытта сабақ оқу
oo Бос уақытта теледидар көру
oo Достарыңмен құстарға ұя жасау
oo Ағаштарды сындырып, кесу
* Не түйдің?
* Мадақтау

Лебяжі ауданының Қазантай жалпы негізгі білім беретін мектеп

(ашық сабақ)

Өткізген: Шайдолда Жанар
бастауыш сынып мұғалімі

2015 - 2016 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Топтарды бағалау
Өнер аялдамасы
Алгоритм түсiнiгi. Алгоритмнiң қасиеттерi. Алгоритмдi бейнелеу тәсiлдерi. Блок-схема
Компьютерлік графика. Сабақтың тақырыбы
Қазақстан 2050 стратегиясы: бір халық-бір ел-бір тағдыр туралы
Ақпаратты өңдеу тәсілдер
Ақпаратты сығу
Ақпараттың қасиеттері
Санау жүйелері
Қорытынды ұпай
Пәндер