Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сұрақтардың түрлері

<<Диалогтік оқу>> тақырыбында өткізілген коучинг сабағы туралы рефлексивтік есеп.

Мектептегі оқу үрдісіне инновациялық өзгерістер енгізу үшін ІІ деңгей бағдарламасының талаптарына сәйкес мектептегі әріптестеріме <<Диалогтік оқу>> тақырыбында коучинг сабағымды өткіздім. Бұл тақырыпты алған себебім өткен коучинг сабағымда өткізген топтық жұмысты ұйымдастыру болса, енді біз сол топтық жұмыстар жүргізгенде оқушыларды қалай әңгімеге тарту керек екенін білмей жатамыз. Көп әріптестерім әңгімелесу түрлерін ажырата алмауы мүмкін. Сондықтанда әріптестеріме ең қажетті тақырып болғандықтан осы тақырыпқа тоқталдым. Сабақта қойған мақсатым: <<Мұғалімдерге диалогтік оқытудың топтық зерттеу жұмысында тиімділігін көрсету>> Бұл сабақтағы негізгі идеялар:
<<Білім алу диалог арқылы беріледі де ,оқушылардың сыныптағы топтық зерттеу жұмыстарында өзара байланыс пен келіспеу/келісу/ қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады . Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу - оқушының қызмет белсендігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құралы>>. Коучинг сабағыма 8 мұғалім қатысты. Олар әрине әр-түрлі , өзін- өзі тану, ағылшын тілі, биология, тарих пәнінің оқытушылары.
Сабақтағы ұйымдастыру кезінде мұғалімдерді ортаға шеңбер жасауға шақырдым. Мен бірден сергіту <<Өзін - өзі таныстыру>> сәтінен бастағым келді. Бұл ойынның мақсаты
<<сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру>> Ойынның барысында; Қатысқандар шеңбер құрады. Біреуі немесе коуч бастап өзінің атын атап, дүкеннен бір затты сатып алғанын айтады. Мысалы:
- Менің атым Зухра, мен дүкеннен зефир сатып алдым.
- Менің атым Айгүл, мен дүкеннен алма сатып алдым т.б. сөздерді айтуға болады.

1-2 суреттерде әріптестерімнің <<Өзін - өзі таныстыру>> сәтінен 3 - суретте топқа бөлу
Енді мен әріптестеріме топқа бөлу мақсатында санамақ <<Бір апта>> деп аталатын өлең шумақтарын тараттым. Әріптестерім осы бойынша топқа бөлінді. Мысалға:
І топқа-
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
ІІ топқа-
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
ІІІ топқа
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
Осы шумақтар бойынша өз топтарын тауып орындарына отырғыздым. Енді мен келесі тапсырманы ұсындым. Біз қалай оқимыз? Сәйкестендіру тесті.

1 - суретте апта күндеріне байланысты топқа бөлінді
2 - 3 суретте сәйкестендіру тестін жасауда
Сіздерге бес минут уақыт беріледі.
Сәйкестендіру тестін жасағаннан кейін тақтадан бұл тестің жауабын көрсетіп және осы күнгі коучингтің тақырыбы <<Диалогтік оқу>> бойынша қысқаша мағлұматтар беріп өттім.
Содан соң барып ортаға мәтін тараттым.
А) Диалогтік оқытудың түрлері сұрақ қою маңызды орын алады.
Ә) Сұрақтардың түрлері: Төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі. Сұрақ қою техникасы:
түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау
Б) Белсенді және белсенді емес сынып
Тапсырма, әріптестерім мәтінмен танысып <<инсерт>> әдісі бойынша оны плакатқа түсіреді. Содан соң барып ол жобаларын қорғаулары тиіс.

Суреттерде топтарға таныстырылым жұмыстары жүргізілуде
Таратылған мәтінмен танысып олар постер жасап шығарды. Мен жұмыс жасау барысында осы инсерт әдісін күнделікті сабақтарыңызда пайдалансаңыздар болады, мен өз сабақтарымда пайдаланып жүргенімді, плакат тапшы болса тақтаға бормен жазғыза беріңіздер деп өзім жазып көрсеттім.

Суреттерде әріптестерім топтық жұмыс постер дайындауда
Келесі кезекте жасаған постерлерін қорғаулары керек болатын. Әріптестерім кезекпен шығып өз жұмыстарын қорғады. Олар жобаны қорғау кезінде әңгіменің үш түрі болатындығын. Олар әңгіме - дебат, куммулативті әңгіме, зерттеушілік әңгімелерге анықтамалар берді. Келесі топ сұрақтардың түрлері ашық сұрақ, жабық сұрақ болатынын айтса, үшінші топ белсенді топтағы, белсенді емес топтағы мұғалім мен оқушының ролдерін айтып ойларын ортаға салды. Әріптестерімнің пікірлерін тыңдай отырып мен қазіргі сабақтағы қолданып жүрген тәсілдерім туралы, оларға оқушылардың қалай жауап қайтарып отырғандығын, олардың қызығушыығы неге басым болатынын атап айтып кеттім.

Суреттерде әр топтағылардың жоба қорғау кездері
Осы топтық жұмыстан кейін мен сыныптағы диалогтік оқытуда оқушылардың қызығушылығын дамыту мақсатында өткізуге болатын әр - түрлі ойын тәсілдері жазылған мәтіндерді ұсындым. Мысалы: ыстық орындық, тыңдайтын үшбұрыштар, кемпірқосақ, стикердегі диалог, балалар филасофиясы, алтын балық аквариумы т.б талқылау құралдары болатын материалдарды тараттым. Әріптестерім бұл тапсырмамен <<тыңдайтын үшбұрыштар>> әдісі бойынша танысты. Бірақ соңында ортаға шығып ойларымен бөлісті.

Суреттерде талқылау құралдарымен танысып ойларын бөлісуде.
Әрине сабақтың соңында әріптестерімнен кері байланысты таратылған стикерлерге жазып қалдыруларын өтіндім. Олар өз әсерлерін, яғни сабақтағы рефлексиясын жазып қалдырды.

<<Диалогтік оқу>> тақырыбындағы коучинг сабаққа қатысқан әріптестеріммен бірге суретке түскен кезіміз және жасаған кері байланыстары.
Бұл коучинг сабағынан менің әріптестерім мынандай нәтижеге жетті:
> Диалогтік оқыту тарихымен танысты;
> Әңгімелесудің тиімді түрлерімен танысты;
> Оқушыларды диалогқа тарту үшін қолданатын төменгі және жоғары дәрежелі сұрақ деңгейлерін білді;
> Белсенді және белсенді емес сыныптағы мұғаліммен оқушының ролін анықтады;
> Оқушыларды ынталандыру үшін, көбірек сөйлету үшін қолданылатын сабақты талқылау құралдарымен танысты.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, екінші негізгі деңгей.
2. МШО (ЦПМ) - ның порталынан алынған үлестірме материалдар.

Сергіту сәті <<Өзін - өзі таныстыру>> кезеңінен

<<Бір апта>> бойынша топқа бөліну және сәйкестендіру тесті

Диаогтік оқу туралы таныстырылым көрсету сәттерінен

Әр топтың топтық жұмыс жасау кездерінен

Топтық жұмыстарын қорғау сәттерінен

Ұқсас жұмыстар
Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы
Көмектес септіктің сұрақтары
Тиімді сұрақ қою
Өрнектерді ықшамдау
Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде
Жұқа тақтайшадан ұшақ модельін дайындау
Жеке құрам бойынша құжаттар
Әжесінің жаңадан тапқан әңгімелері
"Өзің таңдаған өмір."
"су. ерітінділер. негіздер" тарауы бойынша білім сайысы
Пәндер