Міндетті достық

13. 05. 2016ж.

«Тексерілді»

Директордың оқу

ісі жөніндегі орынбасары

Байзақов А.

Шебер сынып сабағы

Тақырыбы: Жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың сыни ойлауын дамыту.

Мақсаты: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізу. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін ойлау арқылы ойлануға дағдыландыру.

Күтілетін нәтижесі:

  • Жаңа әдіс тәсілдерді сабақта қолдануға мүмкіндік алады.
  • Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады.
  • Белгілі бірлескен зерттеу топтары қалыптасады.
  • Басқа мектептермен іскерлік қарым -қатынас орнайды.

Түйінді идеялары: Жаңаша әдіс - тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін меңгереді

Әдіс-тәсілдері: « Ойлан, Бірік, Бөліс» «Синектика», «Кезбе тілші», «Сиқырлы қобдиша», «ПОПС» .

Уақыты
Сабақтың кезеңдері
Бірінші деңгей мұғалімінің іс-әрекеті
Мұғалімдердің іс-әрекеттері
Қолданылатын ресурстар
Уақыты: 3 мин
Сабақтың кезеңдері: Кіріспе
Бірінші деңгей мұғалімінің іс-әрекеті:

Слаид № 1

Психологиялық ахуал тудыру, топтастыру. «Сағат» ойының ойнату арқылы ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау, топтастыру.

Тақтаға сағаттың суреті ілінеді, ал топтарға стикерлер таратылады. Ұстаздарға «Сіздің өз біліктілігіңізді арттыруға арналған ең қолайлы уақытыңыз?» деген сұрақ қойылады, әр мұғалім стикерге атын жазып, өзінің унатқан уақытына стикерді жабыстырады. Уақытты атаған кезде мұғалімдер топтасады да келесі әрекеттер жасайды:

  • 6-9 (18-21) сағат аралығындағылар - амандасады,
  • 9-12 (21-00) сағат аралығындағылар - құшақтасу,
  • 12-15 (00-03) сағат аралығындағылар - арқа түйістіру
  • 15-18 (03-06) сағат аралығындағылар - жақсы сөз, тілек айтады бір-бірлеріне.

Топтар осы уақыт аралығы арқылы топтасып отырады.

Мұғалімдердің іс-әрекеттері: Мұғалімдер сағат тілі бойынша бөлініп, жаттығулар жасайды да, топтарға бөлінеді.
Қолданылатын ресурстар:

Сурет қиындылары

Стикер, маркер

Уақыты: 10 мин
Сабақтың кезеңдері: Негізгі бөлім
Бірінші деңгей мұғалімінің іс-әрекеті: Слаид № 2. «Ойлан, Бірік, Бөліс» әдісі арқылы «Өмір жаңғырығы» мәтінін талқылау. Берілген мәтін бойынша өз ойларын немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан) . Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында бүкіл идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс) .
Мұғалімдердің іс-әрекеттері: Алдымен өз ойларын жеке жазады, одан кейін әріптесімен бөліседі соңында талқылап, ортақ бір пікірге келеді
Қолданылатын ресурстар: слаид
Уақыты: 3 мин
Сабақтың кезеңдері:
Бірінші деңгей мұғалімінің іс-әрекеті: Слаид № 3. Жаңа әдіс -тәсілдер туралы таныстырылым жасау
Мұғалімдердің іс-әрекеттері: Мағлұмат алады, жаңа әдіс-тәсілдің қыр-сырын ұғынады
Қолданылатын ресурстар: слаид
Уақыты: 10 мин
Сабақтың кезеңдері:
Бірінші деңгей мұғалімінің іс-әрекеті:

Слаид № 4. «Синектика» әдісі бойынша бірлескен

жұмыс жұмыс жүргізу:«Достық, достық түрлері» тақырыбын тұжырымидамалық карта арқылы талдау.

C:\Users\Lenovo\Desktop\Новая папка (5)\images (14).jpg « Бетпе-бет достық»:

« Қашықтықтағы достық»:

«Үндемейтін достық»:

«Міндетті достық»:

«Күндердің бірінде өлетін достық»:

«Күтімсіз достық»

Мұғалімдердің іс-әрекеттері: Мәтін мазмұны тыңдалып, сыни ойлау арқылы ой жасалады, белгілі бір қортындыға келеді. Көбірек мағұлмат, пікір, түсінік, дәлелдер жиналуына мүмкіншілік береді
Қолданылатын ресурстар:

Слаид, А4 парақшалары,

флипчарт

Уақыты: 10 мин
Сабақтың кезеңдері:
Бірінші деңгей мұғалімінің іс-әрекеті:

Слаид № 5. «Кезбе тілші» әдісі бойынша «Ұры» оқиғасын рольдік ойын арқылы жүргізу

Нұсқау:

1-топ: телефон соғылып жатқан ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.

2-топ: телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді

3-топ: тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады

4-топ: тілші сұхбат алатын куәгер

Мұғалімдердің іс-әрекеттері: Рольдерге енеді «Кезбе тілші»әдісімен танысады
Қолданылатын ресурстар: Сурет, мәтін
Уақыты:

3 мин

5 мин

Сабақтың кезеңдері:

Қорытынды

КЕРІ БАЙЛАНЫС

Бірінші деңгей мұғалімінің іс-әрекеті:

Слайд № 6 .

Өзара бағалау жетістік, кемшіліктеріне қарай жиынтық бағаны шығару, номинация беру, мадақтау, жүлде беру

Мұғалім сөзі :

Нұсқау: Құрметті әріптестер, сабағымызды «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы арқылы бекітсек. Қатысушылар барлығымыз шеңбер құра тұрамыз. Ортада сиқырлы қобдиша бар. Сыйлықтар - кеспеқағазға жазылған бірлесіп жұмыс жасауға қажет қасиеттер.

Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады, бұл қасиеттің бірлесіп жұмыс атқаруға неліктен қажет екендігіне комментарий береді.

( ол сыйлық қасиеттер мыналар: жауапкершілік , ізденімпаздық , креативтілік, еңбекқорлық)

Нұсқау: Кері байланыс « ПОПС» әдісі бойынша жүргізіледі. Алдарыңыздағы парақшаларда мына сөз тіркестерін толтырыңыздар.

  1. Менің ойымша
  2. Мен мұны былай дәлелдеймін
  3. Мен бұған мынандай мысалдар келтіремін
  4. Мен мынандай қорытынды шешімге келдім
Мұғалімдердің іс-әрекеттері:

Әр топ төрағасы қарсы топ пен өздерінің жетістіктері мен ұсыныстарын айтты сыни пікірлер айта формативті түрде баға берді, Оқушылар өзара бағалады, қорытынды баға бірлесіп қойылды Сабақ соңында оқушылар табысына «Аукцион» өткізеді. Жеңімпаздар 5 номинация бойынша

1. «Ең дарынды»

2. «Ең білімді»

3. «Ең ақылды»

4. «Ең сауатты»

5. «Ең тапқыр»

деп бағаланып, марапатталады.

Шеңбер құрады, кеспеқағаздар бойынша жұмыс істейді, комментарий жасайды.

Қолданылатын ресурстар:

Кеспе қағаздар

А4 парақшалары

Мұғалім: ___Қарабекова Рыскүл

» тақырыбында өткізілген коучинг-сессия бойынша рефлексивтік есеп

Әріптестерім коучинг-сессияға сабақтарын аяқтап болып келгендіктен, шаршаңқырап енді. Коучингті бастамай жатып біз топтарға бірігуіміз қажет екендігін айтып, түрлі геометриялық фигуралардың бірін таңдауды сұрандым. Бірдей фигура таңдағандар бір топқа бірігіп алған соң, енді өздері таңдаған фигураға сәйкес мінездемемен таныстырып өттім. Барлығына жақсы мінездемелер айтып, ойларын коучингке бұрдым. Өзім топқа бөле отырып, олардан : Сабақта оқушыларды топқа біріктірудің маңызы қандай деп ойлайсыздар? Сыныпта жайлы психологиялық ахуал тудырудың қажеттілігі туралы не ойлайсыздар? Өз сабақтарыңызда жағымды ахуалды қалай ұйымдастырасыздар? Деген тәрізді сұрақтар қою арқылы, ұстаздарға ой салдым.

Келесі, «» ретінде топ назарына туралы суреттерді ұсындым. Суреттерден не көріп отырсыздар? ны сабақта пайдаланудың пайдасы бар деп ойлайсыздар ма? Және тағы да басқа сұрақтар қойып, топ мүшелерінің ойларын білдім. Т. Р есімді апайымыз өзінің ны пайдалануға дағдылы екендігін, қажетті ақпараттарға тез арада қол жеткізуге болатындығын, жалпы жағымды жақтарын айтып өтті.

Келесі кезең: Таныстырылым « » тақырыбына бейнеролик тамашалады. Онда жақтары айтылды.


Ұқсас жұмыстар
Бақыт - алда тұрған арман, мақсат
Ертегілер еліне де - жол тәртібі қажет. 1-4 сынып
Бүгінгі сабақта сайыста достық жеңді
Өнеге отбасынан басталады жайлы ақпарат
Ата заңым
Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы
Оқушы жетістіктері
Мамандығым - мақтанышым
Шығармашылық ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасында
Сатылған ақыл
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz