Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Инновациялық оқыту технологиялардыпайдалану

ХИМИЯ САБАҒЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІ

Л.С.Мукатаева
№41 жаратылыстану - математика бағытындағы мектеп-лицейінің
химия пәнінің мұғалімі
Орал қаласы

Жұмыстың өзектілігі. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған <<Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына>> атты лекциясында <<Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді>> [1]. Мұндай философиялық ұстаным бүгінгі күні бүкіл әлемде жүріп жатқан жоғары мектеп реформасының негізін құрайды. Осы тұрғыда орта мектепте оқу процесінің негізін жаңа педагогикалық (инновациялық) технологиялар құрайды. Инновациялық оқыту технологиясы арқылы білім беру көп сатылы үрдістен тұрады, интербелсенді тақтаны пайдалана отырып оқушылардың химиялық білім денгейін көтеру, сонымен қатар қызығушылығын арттыру.
Мақсаты: Химия сабағында инновациялық технологиялар түрлерін интербелсенді тақтаны қолдану арқылы сабақ жүргізуде оқушылардың химиялық білім денгейін және қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
1.Қазіргі кезде оқушылардың санасына қоғам байлығы хал-ахуалдың толыққанды болуы мен анықталатындығын сезіндіре, ұғындыра отырып инновациялық технологиялармен оқыту және тәрбиелеу;
2.Химия сабақтарында білім мен тәрбие беру жүйесінде интербелсенді тақтаны пайдалану;
3.Жекелеген тақырыптарға арналған ғылыми инновациялық мазмұндағы химия сабақтарын өткізу.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың <<Қазақстан - 2030>> Қазақстан халқына арналған жолдауында <<Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңа тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді>>.Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйыдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойып отырған міндеттердің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
<<Инновация>> ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: <<Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея>>. Майлс <<Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз>>- дейді. Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді>>. Қазақстанда ең алғаш <<Инновация>> ұғымына қазақ тілінде анықтамаберген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол <<Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі>> деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов <<Инновация>> білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырап, өзінің жіктемесінде ииновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын). Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.
Модификациялық инновация - бұлбұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық инновация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалды инновация - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне - оның ілгерлігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктерін дамыту инновациялық технологияларды қолданумен жүзеге асады.
Динамика мен өзгерістерге толы ақпараттық дәуір экономикасы адамның білімді әрі білікті тұлғасына тәуелді, өйткені бұл дәуірдің идеологиялық, әлеуметтік, саяси сұраныстары адамнан келесідей құзырлылықтарды талап етеді:
- ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану;
- проблемаларды шешу және шешім қабылдау;
- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білу;
- социумда ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс жасай білу, жанжалдарды болдырмау;
-өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын жалпы адами құндылықтармен байланыстыру;
- өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашан да дамытып отыру.
Егерде дәстүрлі <<білім беру>> өз мақсаты мен мағынасын нақты белгіленген білім жиынтығын игерумен шектесе, тұлғалық даму мен өздігімен білім құрастыруды негізгі идеясы деп пәндер емес, ойлау мен рефлексияға негізделген инновациялықтехнологиялар құрауы керек деп түсінеді. Ал инновациялық технологиялар мен тәсілдер үйренушілердің тұлғалық тұрғыдан өзіндік және дербес түрде дамуына әкеледі, оларды өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді.
Инновациялық оқыту - әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, ал мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Кун-цзы) былай деген екен: <<Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң - үйренемін!>> [4].
Инновациялық технологиялар арқылы білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
- ақпаратты өздігінен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;
- ақпаратты жан-жақты талдау;
- өздігінен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
-оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция (көзқарас, дүниетаным) ұстану;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
- басқа да балама пікірлерді ескеру;
- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
- ортақ жұмысқа жұмыла білу;
- басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу Бұл біліктер тұлғаның тұрақты қасиеттеріне айналып, тек белгілі аудиторияда орын алып қана қоймай, сонымен бірге өмірдің басқа да жақтарынан тиянақты түрде көрінеді.
Дәстүрлі оқытуда басты мақсат <<нәтиже>> болып, ұстаз өзінің барлық күш-қайратын <<үйретуге>> бағыттайды, шәкіртті қорытынды нәтижеге ең қысқа жолмен жетелеуге тырысады. Мұнда оқытудың нәтижелігі бірінші кезекте ақпаратпен байланыстырылады: үйрету процесі оқушыға ақпарат <<беруге>> бағытталады, оны жаңа мәліметпен қамтамасыздандырумен шектеледі. Дәстүрлі оқытуда білім беру процесі көп жағдайда оқушының сабаққа <<таза парақ>> күйінде келіп мұғалімнің оны сабақта біліммен <<толтырумен>> айналысатын құбылыс деп түсініледі. Шәкірт сабақта ғана жаңа білім алып, сабақтан кейін оны бекіту жұмысымен ғана айналысады.
Ал инновациялық оқыту басты назарды <<процеске>>, яғни үйрену процесінің өзіне, оқушылардың <<қалай>> және <<қандай>> әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне аударады. Мұндағы мақсат - оқушылардың өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім игеруінде, оны ізденуінде, құрастыруында. Мұндай сабақтарға шәкірттер <<таза парақ>> күйінде келмей, алдын-ала дайындалып келеді, олар сабақ басында тақырып бойынша өз түсініктері мен пікірлерін жүргізеді, өзге пікірлерді тыңдап, балама көзқарастарды ескереді, Басқаша сөзбен айтқанда, шәкірт өмірде әр адамға қажетті білік-дағдыларды қалыптастырады. Ал сабақтан кейін сол білімдерін өздігімен дамыта түседі [5].
Сол себепті де инновациялық оқытуда үйренушілер келесідей әрекеттерді атқаруға дайын болуы керек:
- бірлескен жұмыс;
- танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту;
- бастамашылдық;
- кері байланыс жасау;
- проблема шешу, шешім қабылдау.
Инновациялық оқыту барысында үйренушілер әрқашанда белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тандауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді. Мұндай сабақтарда бір ғана дұрыс жауап болмайды, өйткені басты мәселе дұрыс жауапты табуда емес, керісінше үйренушінің жеке тәжірибесіне негізделген іздену процесінің өзі болып табылады (кесте 1).

Кесте 1. Инновациялық оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары
Қағидалар

Мақсаттар
Орта
қалыптастыру
- Білім алушы оқып/үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;
- Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнату;
- Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.

Әрекет арқылы
үйрету/үйрену
- Үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәеледеу;
- Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру.

Өмірмен
байланыстыру
- Үйрету/үйренуді рактикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру.

Өзіндік пен
дербестікке баулу
- Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуге өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру;
- Үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (күмәндау, өзіндік түсінікке ұмтылу, ақпараттан әртүрлі мағынаны көре алу, дәлелдеме келтіру).

Инновациялық оқу/оқыту орындарда келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:
- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),
- жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары,
- рөлдік және іскерлік ойындар,
- пікірталастар,
- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, интербелсенді тақта, мұражай, т.б.),
- шығармашылық,
- презентациялар,
- компьютерлік оқыту бағдарламасы,
- тренингтер,
- сауалнама, т.б.
Инновациялық оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанғандықтан, бұл жерде әсіресе бірлескен топтық жұмыс әдістерінің маңызын баса айту керек: олар өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың тиімді құралы болып табылады, дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.(кесте 2)

Кесте 2. Оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің 24 сағат ішінде есте сақталуы.
Тәсілдер
Есте сақталу мөлшері
Дәріс
5 %
Оқу (мәтін, кітапты оқу)
10 %
Аудио- және видео құралдарды қолдану
15 %
Көрсету (жобалар, кестелер, басқа да көрнекіліктер)
30 %
Пікірталас
50 %
Практикалық іс-әрекеттер
75 %
Үйренген білімді дереу қолдану, басқаларды үйрету
90 %

Жаңа педагогикалық (инновациялық) технологиялардың негізгі қағидаларына келетін болсақ Нидерландтық ғалым Карл ван Парререн келтірілген төмендегі қағидалар қазіргі күнгі инновациялық (интербелсенді) технологиялардың идеялары мен практикасын толығымен келтіреді [10].
1-қағида. Білім алушылардың үйренуге деген тұрақты қозғаушы күш (мотивация) қалыптастыру.
Мотивацияны білім алушылардың жеке тәжірибесіне негіздеу керек.
2-қағида. Диалог арқылы уйрету/үйрену.
Оқытушы білім алушылармен <<жоғарыдан төмен>> қарай қарым-қатынас орнатпай, олармен тығыз ынтымақтастықта болады.
3-қағида. Қадағалау арқылы уйрету/үйрену.
Оқу әрекеттерін үнемі бақылау, яғни мониторинг және диагностика жасау: қажет болғанда білім алушыларды түзетін және қуаттап отыру керек.
4-қағида. Білім беру мазмұнын қажетті оқу бірліктеріне және мақсаттарға бөлу.
Бұл ұстаным білім алушылардың әртүрлі таным және білім деңгейлерін ескеріп, көп варианттарға негізделеу керек. Сонда ғана білім алушылардың түрлі категориялары өздерінің танымдық мүдделері мен қызығушылықтарын қалыптастыра алады.
5-қағида. Оқу мазмұнын уйрену/үйретуге, пән мен тұлғаға бағытталған әрекеттермен қамтамасыздандыру сан алуан деңгейлерде жүзеге асырылуы керек (материалдық, танымдық, саналық).
Таным процесінің негізін белсенді әрекеттер құрайды, адам тек әрекет арқылы ғана үйрене алады.
6-қағида. Үйренуде қажетті қарқын және соған сәйкес тәсілдер (мысалы, оқу, сөйлеу, жазу, компьютерлік тілдер, графикалық үлгілер мен символдар) таңдалуы керек.
Таным процесі оңайдан күрделіге қарай ойысып, қарым-қатынас пен өзіндік түсініктің қажетті құралдармен қамтамасыздануы керек.
7-қағида. Үйрету мен білім игеруде көмектесу білім алушылардың оқу тапсырмаларын қандай деңгейде орындағанына байланысты оқытушының сырт көзбен пайымдаған мінездемесіне сүйенбей, олардың нақты қабілеттеріне (мәселен, қарым-қатынас жасау және ойлау әрекеттері, өз тәжірибесін жүзеге асыра білу) негізделуі керек.
Білім мазмұны оқытушы тұрғысынан субъективтік тұрғыдан анықталмай, үйренушінің мүдделерінен туындауы керек.
8-қағида. Үйренушілердің ой-толғанысы (рефлексия) мен өздерінің даму жетістіктерін бағалай білуі (құзырлылық сезімі).
Баға қоюды (мәселен, бес балдық немесе жүз балдық жүйемен) оқытушы мен үйренушілер бірлесе құрастырып, қабылдаған бағалау талаптарымен (критерийлермен) алмастыру қажет.
9-қағида. Үйренушілердің өзіндік тұрғыдан жасалатын жұмыстарына қажетті тапсырмаларды алдын-ала дайындау
Осы әрекет арқылы үйренушілердің әрекеттерін, сөздерін, ойларын үйренішті қалыптан басқа жаққа бұруға болады.
10-қағида. Үйренушілердің бастамашылдығы мен шығармашылығын ынталандыру.
Бұл арқылы үйренушілердің танымдық қабілеттерін едәуір көтеріп, олардың оқу мазмұнына тереңірек үңілуіне ықпал жасауға болады.
11-қағида. Субъективтікті қалыптастыруға ықпал жасау.
Бұл ұстаным үйренушілердің оқу материалын жағымды тұрғыдан қабылдап, өзін-өзі анықтауына, өз әрекеттеріне деген жауапкершілігіне, өзіндік тұрғыдан өмір сүруіне бастайды.
12-қағида. Білім алушылар аудиториясында әлеуметтік қасиеттері басым және қоғамға кіріктірілген үйренуші тұлғасын қалыптастыруға бастайтын жағдайларды қамтамасыздандыру.
<<Оқудың басты мақсаты - тұлға қалыптастыру>> деген қағиданы растайтын ұстаным.
Инновациялық оқу дәстүрлі оқытудың негізгі идеялары мен үстанымдары болып келген авторитарлық пен үстемдікті, үйретушінің мызғымас беделін, монологты, сырттан (үйретуші тарапынан) күштеуді демократиялық коммуникациямен алмастырады.
Бүгінде білім игеру процесінде ортаның маңызы дау тудырмайтын аксиома іспеттес. Американдық философ Джон Дьюи білімді тәжірибе деп түсініп, оны құрастыруда ортаның алатын орнын ерекше атап кеткен: <<Тәжірибе индивид пен оны қоршаған ортаның әрекеттесу процесінде пайда болады>>. Ал қоршаған ортаны Джон Дьюи <<жеке бастың қажеттіліктері, қалаулары, мақсаттары және қабілеттерімен әрекеттесу арқылы тәжірибенің іске асырылуын қамтамасыз ететін қандай да болмасын ситуация>> деп атайды [9].
Ғұлама ғалым Альберт Эйнштейн кезінде <<Мен өз шәкірттерімді ешқашанда үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын>> деп айтса, суда жүзу бойынша он бір Олимпиада чемпионын дайындаған атақты австралиялық жаттықтырушы Фред Корлайль <<Мен чемпиондарды даярлап шығармаймын, мен тек жеңімпаздар қалыптасатын орта дайындаймын>> деген екен.
С.Мирсейітова егер <<сыныптағы ортада оқушылар арасында еркін қарым-қатынас, өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық қалыптасып, оқушыларға өзіндік идеяларды ұсыну мүмкіншілігі берілсе, онда олар ешнәрседен қаймықпай, берілген тапсырмаларды ынтамен орындайды>> деген ұйғарым жасап, әрі қарай былай деп жазады: <<Мұндай сыныпта мұғалім қуаттаушы (фасилитатор) болып, таным процесін бағыттайды, олар өздерін үйренуші деп таниды, әр оқушының жеке тәжірибесі, әлеуметтік қарым-қатынас пен ізденуге негізделген орта құрады>>. Мұндай орта таным, ізденіс және еркін пікір алмасуға жағдай жа - сайды және әрбір үйренушіге өз білімі мен сыныптағы барлық оқушылардың біліміне жауапкершілікті жүктейтін, тіл және басқа да коммуникативтік құралдар бірлесе проблема шешу мен жаңа идеяларды зерттеу социумы болып табылады [10]. Мұндай орта педагогтардың негізгі ұмтылысына айналады: <<Білім берудің басты мақсаты - ешкімге ұқсамайтын дербестігі, рухани әлемі, шығармашылық потенциалы бар адамның қалыптасуы мен дамуы үшін орта құру>> [11].
Бұл секілді ортада бірінші кезекте жағымды психологиялык климат құрылады, яғни оқушылар тобының (аудитория, сынып) ішінде тұлғаның жан-жақты дамуы, бірлескен өнімді әрі тиімді жұмыс жасауына қолайлы тұлға аралық қатынастар мен жағдайлар жасалады.
Оқушылар тек осындай жағдайда ғана оқу процесінде тиімді сипаталатындығын түсінуі керек. Жағымды психологиялық климат құру - әр сабақтың және жалпылама алғанда бүкіл білім игеру процесінің басты мақсаты. Үйренушілер әр сабақта жағымды атмосфераны орнатуға ұмтылу - жақсылық пен ізгілік нышаны деп түсіну абзал [12].
Үйренушінің оқуға деген ықылас-ынтасы, ниеті мен зауқы болмаса, оқу нәтижесінің мардымды болуы екіталай. Фран - цуз жазушысыАнатоль Франс кезінде <<Тамақ тек зор тәбетпен ішкенде ғана сіңеді>> деген екен. Оқу мотивациясы дегеніміз дәлосы сияқты білімге, білуге деген <<тәбет>>.
Мотивация - әр үйренушінің білімге деген қажеттілігі мен мұқтаждығы, құлшынысы мен ұмтылысы, ынтасы мен көңілі, қызығушылығы мен құмартушылығы, оның білім процесінде алдына қойған мақсаттары мен мүдделері.
Мұнда басты мәселе әр үйренушінің жеке <<Мен>>-імен байланысты, яғни мотивация үйренушінің білімге деген қатынасымен тікелей байланысты болып, оқу процесінде шәкірттің үйрену әрекеттерімен айқындалады.
Мотивацияның түрлері:
1. Танымдық мүдделер
1) Кең ауқымды мотивтер
білім алу;
кәсіп алу, маман болу.
2) Оқу-танымдық мотивтер
- білім игеру тэсілдерін меңгеру,
- белгілі бір тақырыпты (ақпарат, мәлімет, ұғым, пән, білік, дағды, машық, құзырет) игеру.
2. Әлеуметтік мүдделер
1)Кең ауқымды
- қоғам (адамзат, Отан, жанұя, үжым, т.б.) алдындағы борышпен жауапкершілік,
- білім алудың әлеуметтік маңызын түсіну жауапкершілігі.
2) Қоғамдагы өзінің орнын табу (Абай айтқандай: <<Сен де бір
кірпіш... Дүниеге кетігін тап та, бар - қалан!>>)
белгілі бір мақсатқа жету,
басқа адамдардың ішінен белгілі бір позицияны иемдену,
- қоғамда беделге, материалдық құндылықтарға, атақ, лауазым, абырой, даңқка, мақтау мен марапаттауға ұмтылу.
3) Әлеуметтік қарым-қатынас
қоғамдагы басқа адамдармен қарым-қатынас құру,
карым-қатынастың тиімді тәсілдерін меңгеру.
Оқушылар әр сабақ пен тақырыптың өз өміріне, оның ішінде өзінің түлға және маман ретінде дамуына тікелей қатысы бар бо - лып, елеулі пайда әкелетіндігін білгенде ғана таным процесіне белсене араласады. Сол себепті де студенттің <<мен>> сезімі арқылы оның оқу материалына қызығушылығын тудыруға болады.
Қызығушылықты ояту дегеніміз оқуға деген <<тәбетті>> шақыру іспеттес, онсыз білімнің <<сіңірілетіні>> екіталай немесе <<сіңірілу>> саналы және ерікті түрде болмайды. Үйренуші игерілетін білімге тек өзінің тікелей қатысы бар екендігін сезінгенде ғана оған именуге, зер салуга, оны қарастыруга дайын болады [13]. Басқаша сөзбен айтқанда, қызығушылықты ояту дегеніміз қажеттіліктерді айқындау.
Бұл үшін үйренушілер қарастырылатын тақырыпты жеке тәжірибесі түрғысынан ой елегінен өткізіп, ол бойынша не білетіндігін естеріне түсіреді, оларды талдайды. Бұл әрекет оларды белсенді жұмысқа ынталандырады және өздерінің бұрынырақ алған білімдеріне баға беруге шақырады, өйткені мүнда әр үйренуші <<Мен осы тақырып бойынша не білемін? Менің білетінім қандай дәрежеде екен? Менің есімде нендей білім жатталып қалды екен? Ол маған калайша қажет болып еді?>> сияқты сұрақтарға жауап береді. Осы арқылы оқушылар бұрынғы білімін жаңа біліммен салыстырып, байланыстырады. Осы әрекеттер арқылы ол жаңа білімді игеруге ынталанады, онда қызығушылық пайда болады. Оқушы жаңа білімнің бұрынғы білім негізінде қалыптасатындығына көзін жеткізеді, әр білім алдыңғы білімнің жалғасы екендігін және білім игеру ісінің үздіксіз процесс екендігін түсінеді. Өз кезегінде бұл тұжырымдар оқушының өз біліміне деген жауапкершілігін арттыра түседі.
Жаңа тақырып оқушыларға таныс болмаса да, оның бұрында кезікпегенін айқындау ісі белсенді жұмысқа жетелейді. Мұнда <<Бұл не нәрсе екен? Мұны білу керек те болар? Қалайша білуге болады?>> сынды ойлар мен мақсаттар студенттерді алға бағыттайды, олардың жаңа тақырыпқа деген құлшынысының себепкері болады.
Әдетте сабақта оқушы көбіне-көп екі жұмыс атқарады, олар - тыңдау мен жазу. Ал белсенді әрекеттер дегеніміз өздігімен түсіну, тандау, талдау, шешім қабылдау, жаңа мазмұн құрастыру, өз білімін бағалауга негізделген. Ойлану, талқылау, өз пікірінді қалыптастыру, оны дәлелдей және қорғай білу, пікір алмасу мен таластыру, өзгенің пікірін тындап, оны қабылдау, өз пікіріңді жазу секілді, жеке және бірлескен жұмыс түрлері. Осындай белсенді әрекеттер түлғаны жан-жақты дамыта түсіп, оның білім игерудегі көкжиектерін кенейтеді.
Әрбір адамда жаңа нәрсеге деген құлшыныс болады: біз жа-ратылысымыздан таныс емес жәйттерге әуеспіз, соларға қызығушылық танытамыз.
Адамның осы қасиетін оқушы сыныпта ұтымды қолданған абзал. Сол себепті де оларға шығармашылық талабы жоқ жұмыстарды ұсынбау керек. Олардың қатарына репродукцияга негізделген көшіру, қайталау, жаттау сынды әрекеттерді жатқызуга болады.[12].
Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл ұстаным құрастырылған (конструктивтік) білімнің басты идеяларының бірі. Осы бағытты ұстанған оқу жобаларының барлығы да бірлескен әрекеттерді үйренудің негізі деп таниды. Ж.Пиаже бұл туралы келесідей жазады: <<Адамның ақылы (<<ми>> деген мағынада) өзін таниды, яғни, психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа адамдармен қатынаста ғана болады>> [13]. Адамның санасы так басқа адамдармен қарым-қатынаста ғана дамиды, тек қарым-қатынас әрекеттері ғана бізді жаңа түсінікке әкеледі. Ал қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға (олардың пікіріне, идеяларына, көзқарастарына, мінезіне) бейімдеу деген сөз.
Бірлескен жұмыс барысында шағын топ мүшелерінің (ең тиімдісі әр топ құрамында 4-6 оқушы болғанда) барлығы да өзара қарым-қатынасқа негізделген (интербелсенді) әрекеттерді атқарады (мәселен, тыңдай білу, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткізе білу, ортақ пікір қалыптастыру, туындаған егес пен дау-дамайларды шеше білу, бірлесе шешім қабылдау). Әдетте дәстүрлі сабақта бірнеше үйренуші ғана әрекет жасайды: олар ұстаз талабы бойынша берілген тапсырманы жеке-жеке орындап, жасалған жұмысы бойынша есеп және жауап береді.
Ал мезетте қалған оқушылар белсенді әрекеттер атқармайды. Бұған керісінше, топтық жұмысқа барлық оқушылар қатысады, өйткені берілген тапсырма бірлескен жұмыс арқылы ғана орындалуы тиіс. Әр оқушы идеяларды келтіру мен оларды талқылау, таңдау және шешім қабылдау ісіне белсенді қатысады: топтық жұмыста әрбір пікір мен көзқарас құнды.
Дәстүрлі сабақта үйренушілерді жұмысқа жұмылдыру ұстаз тарапынан қатаң талап қою арқылы жүзеге асырылады (мәселен, бұйрық, нұсқау, жарлық, үкім арқылы). Ал топтық жұмыста үйренушілерді белсенділендіру кеңес, сұраныс, ұсыныс арқылы жасалады. Дәстүрлі сабақта ұстаздың өзі үйренушілердің жұмысын бақылауға алса, топтық жұмыста бақылауды топ мүшелерінің өздері жүргізеді.
Дэвид Джонсон және Роджер Джонсон құрастырған бірлесе оқудың элементтері келесі кітаптардан келтірілді [11,12]:
1. Өзара позитивтік тәуелділік.
Оқушылар қандай да болмасын жұмыс пен тапсырманы орындау үшін және сәтті нәтижеге жету үшін бір-біріне тәуелді (жағымды тұрғыдан ) екендігін, бір-бірімен байланысты екендігін сезінуі керек. Мұндай тәуелділікті оқушылар сынып ішінде келесі түсініктерді ұстану арқылы құрастыруға болады:
oo оқушыларға ортақ мақсаттар қою;
oo оқушылар арасында еңбекті бөлу;
oo оқушылар арасында материалдарды, ресурстар немесе ақпараттарды топ мүшесі арасында бөлу;
oo оқушылардың шағын топтарын марапаттау.
2. Бетпе-бет тұрғыдан өзара әрекеттесу.
Аудиторияда оқушылардың бір-бірімен әрекеттесуі үшін тиімді жағдайлар жасау қажет: парталарда студенттер бір-біріне бет қаратып отырып, оларда бірлескен әрекеттердің нәтижесін көрсетуге болатын материалдар болуы керек (плакат, маркерлер), оларға өзара әрекеттесуді қажет ететін тапсырмалар беру керек. Оқушылар бір-біріне жәрдемдесу өзара пікір алмасу, бірін-бірі демеу, бірін-бірі үйрету арқылы өз оқуын жақсарта түседі.
3. Жеке жауапкершілік.
Топтың әрбір мүшесінің мақсаттары мен жауапкершілігін айқындау қажет. Әр оқушылардың орындаған тапсырмасы жееке бағаланып (тест немесе жауап беру арқылы), оның нәтижелері топқа жарияланып отырады. Жауапкершілік тек жақсы оқитындарға ғана қоймай, барлық оқушыларды да қамтуы қажет.
4. Тұлға аралық жұмыс дағдылары.
Үйренушілерде әлеуметтік дағдылар қалыптаспаса, олар тиімді түрде жұмыс жасай алмайды. Мұндай дағдылар оқыту процесінің басты мақсаттарына айналып, әр сабақтың негізін құрауы керек. Өзара әрекеттесу келесідей дағдыларды мінзделеді:
oo басқара білу,
oo шешім қабылдау,
oo сенімге негізделген қарым-қатынас құру,
oo жанжалдардың алдын-алу, оларға жол бермеу.
Топтардың өз мақсаттарына қалай жететіндігін және өзара тиімді қарым-қатынасты қалай құратынын талқылау үшін оқушыларға қажетті уақыт берілу керек. Ұстаздың топтың дамуын келесі әрекеттерді қолдану арқылы жоспарланады:
oo Берілген тапсырманы орындауда топ мүшелерінің ұтымды үш әрекетін келтіру.
- Келесі сабақта топ жұмысының тиімділігін арттыруы мүмкін бір әрекетті келтіру
- Аудиторияны жұмысқа дайындау.
Тиімді жұмыс жасау үшін аудиторияда (сынып бөлмесінде, кабинетте) компьютер, LCD-проектор, тақта (оған қоса жылжымалы тақта да болса тіпті жақсы) немесе интербелсенді тақта, қол астында бор, флип-чаттар (плакаттар), маркерлер, А-4 форматындағы қағаз болғаны дұрыс.
Аудитория үйренушілердің еркін түрде жұмыс жасауына қолайлы болуы керек. Мәселен, әр сабақта үйренушілер шағын топтар құрамын бірнеше рет өзгертуі ықтимал, сол себепті парталар мен үстелдер олардың емін-еркін қозғалуына кедергі болмауы қажет.
Парталарды қоюдың да көптеген тәсілдері бар. Ең бастысы үйренушілердің бәрі де бір мезгілде сабақ жүргізушіні көре отырып, топ ішіндегі жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік алуы керек.
- Топқа бөлу.
Әр сабақта әсіресе семинар және практикалық сабақтарда шағын топтарға бөліп, интерактивті тақта арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек.
- Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.
- Жұмыс ережелерін қабылдау
- Жазбаша жұмыстар.
Химиялық білім жүйесін қалыптастыру. Химиялық білім - химиялық тәрбие - химиялық сана - химиялық мәдениет - жалпы халықтық міндеті.
Сабақта химиялық білім және тәрбие берудің бірнеше әдіс - тәсілдерін, химия жайлы ғылыми материалдарды жинақтау, көгілдір экрандағы хабарларды пайдалану.
- химияның білім жүйесін үздіксіз жетілдіру, оқушыларға химиядан хабарламаларды жан-жақты кеңейтілген түрде беру;
- оқушылардың ойлай білу жүйесін қалыптастыру және оған химиялық тұрғыдан қорытынды жасай білу;
- іздену мен ғылыми зерттеу жұмыстарының элементтерін меңгеру, химиялық мәселелерді шешуге дұрыс шешім қабылдау -проблемаларды шешуде оқушылардың тәжірибиелік іс-әрекетін дағдыландыру (химиялық ұйым мен үйірмелер құру, соқпақ ұйымдастыру, экологиялық үгіт-насихат жұмыстары; дәріс, пікір-сайыс т.б.)
Ол үшін:
1) дәстүрлі емес сабақ формалары арқылы әртүрлі химиялық мазмұныдағы танымдық ойын (КВН, сайыс сабақ, жәрмеңке сабақ, саяхат сабақ, т.б) сабақтар өткізу;
2) жекелеген сабақтарға арналған ғылыми мазмұндағы химиялық конференциялар өткізу;
3) химиялық мазмұндағы қабырғалық материалдар жинау;
4) химиялық мамандармен кездесулер өткізу;
5) өндіріс орындарына экскурсия жасау және оны қорытындылау;
6) сабақтарда химиялық білім мен тәрбие беру жүйесінде аймақтық компоненттерді пайдалану.
Мектептерде химиялық мәселелерді танып - білудегі тиімді әдіс түрі - химиялық мәселелерді ортаға салып талқылау арқылы пікір алмастыру, жарыссөз ұйымдастыру. Бұл оқыту әдісі қарастырылған материалды оқушыларды бір жақты беріп қана қоймай, осыдан туындайтын әртүрлі көзқарастарды бір жүйеге келтіруге және бірыңғай ой - пікірдің қалыптасуына мүмкіндік береді [10].
Еліміздің жекелеген аймақтардағы экологиялық мәселелер жөнінде, мысалы, Семей полигоны, Арал аймағының геоэкологиялық мәселелері, Каспий су алабының экологиялық мәселелері, өнеркәсіптік қалалар мен жекелеген өндіріс орындарында қалыптасып отырған экологиялық мәселелер мен экологиялық проблемаларды шешуде атқарылып жатқан іс - шаралар туралы 9 -10 сыныптарда сайыс сабақтарын өткізіп, ғылыми - әдістемелік тұрғыдан сараптама жасау оқушылардың химиялық білімдерін жетілдіре түсетіні сөзсіз.
Химиялық білім берудің құрамдас бөлігі, ол оқушылардың табиғат пен тікелей қарым - қатынасынан туындайды.
Қазіргі мектептердегі басты міндеттердің бірі - оқушылардың химиялық білімін көтеру, табиғи қорларды тиімді, саналы түрде пайдалану және жас ұрпақты жоғары деңгейдегі химиялық тәрбиеге баулу. Жалпы мәдениет көпшілік жағдайда химиялық білім беру мен тәрбиелеудің сапалық деңгейімен анықталады. Оқушылардың ой-өрісін жан - жақты, жеке басын үйлесімді дамытуда химиялық мәдениет комплексті тұрғыда қарастырылуы қажет. Мұны мұғалімдердің мектепте жүзеге асырылатын мүмкіндікте адамдық тәрбиені әр пәннен беруге болады. Оқушылар химиялық тәрбие нәтижесінде адамдардың табиғи ортаға орнықты қатынаста болу қажеттігін түсінеді.
Оқушылар адамдардың айналадағы табиғи ортаға ілтипатпен қарау негізгі байлығы болып есептелінелетін әрбір адамдардың денсаулығына қамқорлық жасау екендігіне көз жеткізеді. Сондықтан да қазіргі уақытта әрбір оқушыны айналадағы табиғи орта жағдайына жауапкершілік сезіммен қарап, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу көзделіп отыр. Оқушылардың химиялық мәдениетін тек сонда ғана жоғары сатыға көтеруге болады. Нақтылаудың бір жолы инновациялық технологияларды, оның ішінде модульдік оқыту деңгейде саралап, оқыту және компьютерлік, ақпараттық технологияларды сабақтарда пайдаланады [8].
Осындай инновациялық технологиялар түрлерін химия сабағында пайдаланудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Қазіргі кезде балалардың санасына қоғам байлығы химиялық хал-ахуалдың толыққанды болуымен анықталатындығын сезіндіре, ұғындыра отырып тәрбиелеу - химиялық білімі беруші мұғалімдердің басты міндеті.
Химия сабақтарында инновациялық оқыту технологиясын пайдалану әр тиімді, әрі бүгінгі заман талаптарының қажеттілігін қанағаттандырады. Осылайша республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінде жалпыға бірдей химиялық білім мен тәрбие берудегі мақсат пен міндеттерді 1-суреттен көре аламыз.
Химиялық білім берудегі инновациялық
оқыту технологияларды пайдаланудың
педагогикалық негіздері
Жаналықтың сатылары
Инновациялық технологияларды меңгеру

Инновациялық ізденіс қажеттілігі
Инновациялық технологиялар-дың тиімді жолдарынқарастыру
Инновациялық технологиялар-дың нәтижелі болуы
Инновациялық технологиялар жайлы білім
Инновациялық оқыту технологиялардыпайдалану
Инновациялық оқыту технологиялары бойынша білім беруді ұйымдастыру

Сурет 1. Химиялық білім берудегі инновациялық оқыту технологияларды пайдаланудың педагогикалық негіздері

Химиялық білім негізі жоғары білімді білікті маман болып қалыптасуға дейін тәрбие өзегіне айналуы шарт. Бұл қазіргі қоғамдағы химиялық сананы дамыту үшін оның мақсат - міндеттерін анықтау қажеттігін байқатады.
Бұл мәселеде білім мен тәрбие беру денгейі халықтың жасы мен кәсібіне қарай да түрліше болып келетіндігі анық. Химиялық білім мен тәрбие беру аясында қоршаған ортаны сақтау мен қатар, оны жақсарту шараларында қамтылуы тиіс. Яғни табиғатпен адам және табиғатпен қоғам арасындағы үйлесімділікті сақтап, олардың маңыздылығы мен құндылықтарының өсіп отырылуын ескеру керек.
Инновациялық оқыту технологиясы арқылы химиялық білім беру көп сатылы үрдістен тұрады.
Оны кешенді тұрғыдан қалыптастыру қажет. Біріншіден, адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қалыптастыру. Екіншіден, жеке тұлғанын адамгершілік дүниетанымдылығын тәрбиелеу. Үшіншіден, білім мен тәрбиенің жүзеге асуын ықпал ететін ерекше факторды қалыптастыру.
Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушыларға химиялық білім берудің үш үлгісі бар.
Біріншісі - көп пәнді үлгі. Бұл жағдайда дәстүрлі пәндердің оқыту мазмұндарына, химиялық мәселелердің жеке білімі, жекеленген тақырыптар енгізіледі және бұрыннан оқытылып келген тақырыптардың мазмұндары қосымша жаңа химиялық мәліметтермен баяндалады.
Екіншісі - бір пәнді үлгі. Орта мектептердің химияның оқу жоспарына арнайы химия курсын оқыту арқылы іс - жүзіне асады.
Үшіншісі - аралас сабақтар үлгісі. Мұнда жоғарғы сынып оқушылары үшін химиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қосымша қарастырылады. Ол сабақтарды біріктіріп қорытындылайтын арнайы сабақ өткізіледі [9].
Инновациялық технологияның түрлерін пайдалана отырып, химиялық білім беру оқушылардың сөздік қорын дамытады, сонымен қатар ғылыми ізденушілігіне жол ашады (2 сурет).

Сурет 2. Инновациялық технологиялардың түрлері

Орта мектепте химия пәнінен модульдік жүйемен оқытуда деңгейлік тапсырмаларды дайындау ерекшеліктері. Модульдік жүйе арқылы оқытуда деңгейлік тапсырмаларды дайындау-бұл оқу процесінің негізгі жетістіктері мен олардың арасындағы байланыстарды жүзеге асыру.
Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыс әр пән бойынша жүйелі білім қалыптастыратын күрделі әрі ұзақ процесс, яғни белсенді интерактивті іс-әрекет. Мұғалім осы процесті ұйымдастырып, оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін анықтап, оқушылардың іс-әрекеттерін басқара отырып, оқыту, дамыту және тәрбиелеу процесін іске асырады. Оқытушылар белсенді оқу танымдық іс-әрекет барысында қажетті білімді меңгереді.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар оқу материалының мазмұнынан алған білімі мен іс әрекет түрлерін практика жүзінде пайдалана алатындай дәрежеде меңгертуге бағытталған.
Мысалы: <<Азот топшасы>> модуліндегі деңгейлік тапсырмалар білім беру стандартындағы оқушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес даярланады. Мәселен:
oo элементтердің атом құрлыстарының сұлбасын, элементтердің тотығу дәрежесі бойынша формулаларын, химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
oo азоттың және фосфордың периодтық жүйеде орны мен атом құрлыстарының ерекшеліктерін, осы элементтердің жоғары оксидтерінің қышқылдары мен тұздарының қасиеттерін, табиғаттағы айналымын және өндірістік маңызын сипаттау;
oo азоттың және фосфордың сутекті және оттегі қосылыстарын, тұздарын атау;
oo химиялық реакциялардың негізгі белгілерін көрсету, анықтау;
oo азоттың және фосфордың қосылыстарының сандық және сапалық құрамын, қосылыстардағы азот пен фосфордың тотығу дәрежелерін және химиялық байланыстың түрлерін атау;
oo элементтердің қосылыстарындағы массалық үлесін, берілген зат мөлшері бойынша зат массасын және мөлшерін, реакциядағы өзара әрекеттесуші немесе реакция нәтижесінде түзілген заттардың біреуін массасы (зат мөлшері) берілген жағдайда зат мөлшерін (массасын), біреуі артық берілген жағдайда әрекеттесуші заттарды, берілген мөлшері бойынша түзілген заттардың массасын, көлемін және зат мөлшерін, салыстырмалы тығыздығы бойынша газ тәрізді заттардың молекулалық формуласын есептей білу;
oo техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, тәжірибелер жасауға, жылыту аспаптарын, тыңайтқыштарды анықтауда лабораториялық және газдарды алуға арналған құралдарды қолдана білу.
Деңгейлік тапсырмалар сынып оқушыларының психологиялық жас ерекшеліктері мен білім қорларын ескеріп жасалады. Сонымен бірге мемлекеттік стандартта белгіленген білім беру қызметінің көлемі мен сапасы, жеке тұлға қалыптастыру талаптары ескеріледі Сабақта қолданылатын түрлі көрнекліктер оқушыларды әр түрлі ойлау әрекеттеріне бейімдейді. Түсіндірілген материалдарды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды. Оқу - тәрбие ісінде ең қажетті - бұл мұғалімнің дайындығы.
Сабақта оқушыға деңгейлік тапсырма беру оның мүмкіндігін ескеру, қабылдауы мен сұранысына жауап беру, оған сыйластықпен қарау деп түсіне отырып, химиядан білім беру тұжырымдамасында:
oo жалпы орта химиялық білім беру деңгейімен және минимальді баға алуына, сонымен қатар жартылай және толық орта білім беру туралы құжаттың берілуімен қамтамасыз ету;
oo оқытудың міндетті деңгейін әрбір оқушы меңгерді;
- деңгей көлемі бақылау мен бағалау мазмұның сәйкестігі;
- деңгейлеп оқытудың тиімділігі атап көрсетілген.
Сынаптағы оқушылар өзінің шамасы жетерліктей қиын тапсырмамен жұмыс жасайды және ол өзінің алдағы уақыттағы мақсаттарымен міндеттерімен жақсы түсінеді.
Тапсырманы да ауыр, жеңіл деп бөлуге болмайды. Ғылыми - әдістемелік мәліметтерге сүйене отырып, тапсырмалар үш деңгей бойынша даярланады, яғни бірінші деңгей - стандарт тапсырмалар, екінші деңгей үшін - алгоритмдік тапсырмалар, үшінші деңгей- эврикалық тапсырмалар.
Барлық оқушыларға I, II, III, деңгей тапсырмалы бірден беріледі, орындау барысында әр оқушы өз деңгейіне көтеріледі, өз күшін сезеді, өзін өзі бағалайды. Оқушыға тапсырма бергенде оның ықпал ету пәрменділігі, маңызы, тәрбиелік мәні ескеріледі. Берілген тапсырма оушының іске деген жауапкершілігін арттыруы тиіс. Берілген білім оқушылардың ой елегінен өтіп қана қоймай, сезіміне әсер еткен жағдайда ғана білім мен сенімге айналады.
Модульдік жүйе арқылы оқытуда деңгейлік тапсырмаларды дайындау - бұл оқу процесінің негізгі жетістіктері мен олардың арасындағы байланыстарды жүзеге асыру.
Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру оның мүмкіндігін ескеру, физиологиялық жағдайымен санасу, қабылдауы мен сұранысына жауап беру оған сыйластықпен қарау деп түсінген жөн. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз - балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше, оқушының біліміне мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім - бақылаушы, кеңесші деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл - ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқшыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік нұсқауы кешенімен ұсынылады. Модульдік жүйе арқылы оқытуда деңгейлік тапсырмаларды әрбір модульге сай он тапсырма дайындалады. Он тапсырманың алтауы стандарт тапсырма (1 - деңгей), келесі үшеуі алгоритмдік тапсырма (2 - деңгей) және соңғысы (3 - деңгей) эврикалық тапсырма. Оқушылар тапсырмаларды мүмкіндіктерінше орындайды. Он тапсырманың алғашқы алтауын орындаған оқушы <<қанағаттанарлық>> не <<жақсы>> деп, тоғыз тапсырманы орындаған оқушы <<өте жақсы>> деп бағаланады.
Бірінші деңгей - стандартқа сай - репродуктивті іс - әрекеттің ең қарапайым және алғашқы деңгейі. Бұл деңгейде тапсырманың барлық компонненттері (мақсат, жағдай және әрекет) белгілі. Оқушылар тапсырманың құрылымындағы барлық үш компонентті сәйкестігі жөнінде қорытынды беру ғана талап етіледі. Осы түрдегі іс - әрекеттаным бойынша іс - әрекет болып табылады. Мұндай іс - әрекеті оқушылар тек таныс ақпараттарды қабылдағанда ғана орындай алады.
Екінші деңгей - алгоритмдік - репродуктивті іс - әрекеттің күрделірек деңгейі. Бұл деңгейге арналған тапсырмаларда да мақсат және жағдай белгілі. Оқушылар тапсырманы орындау үшін бұрын меңгерілген әрекет тәсілдерін өз беттерінше көрсетіп қолданулары қажет. Әдетте мұндай мәселені типтік дейді.
Үшінші деңгей - эврикалық - продуктивті іс - әрекеттің күрделі деңгейі. Бұл деңгейдегі тапсырманың мақсаты ғана белгілі. Қойылған мақсатқа жетуде қолдануға қажетті жағдай да, әрекет те берілмеген және белгісіз. Оқушылардан жағдайы анықтап, берілген типтік емес тапсырманы шешуде сәйкес келетін бұрын меңгерілген әрекеттерді таңдап алу талап етіледі. Оқушылар белгілі ақпараттарды өздігінен өңдеу барысында субъективті жаңа ақпараттар жинақтайды. Бұл деңгейдегі іс - әрекет дайын алгоритм немесе ереже бойынша орындалмайды, әрекеттің орындалу барысында құрылатын ереже бойынша орындалады.
Деңгейлік тапсырмаларды қолданып, модульдік жүйе арқылы оқытуда сыныптағы оқушылар өзінің шамасы жетерліктей қиын тапсырмамен жұмыс жасайды және ол өзінің алдағы уақыттағы мақсаттары мен міндеттерімен жақсы түсінеді. Оқушы өзі меңгере алатын тапсырманы орындай отырып, қалғандары қалай жұмыс жасайтындығын, ол өзін - өзі әділ бағалай біледі. Өз жұмысынан қорытынды шығарады.
Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижесі және оны талдау.
Сабаққа қойылатын өмір талабы мұғалімнен зор шеберлікті қажет етеді.Мұғалім оқушы ізденісіне, пәнге қызығуына жол ашатындай іс-әрекеттерді таңдап алып, оқушыны шығармашылықпен жұмыс жүргізуге үнемі баулап отыру керек. Сонда ғана шәкірттер шын мәнінде ойлау қабілеті бар жеке адам болып қалыптасады. Жаңа педагогикалық (инновациялық) технологияларды сабақта жиірек қолданып отырса, білім сапасы да көтерілетіні сөзсіз.Мұндай сабақтар пәнді оңай игеруге, оқушылардың жалықпауына, ғылымды тереңірек меңгеруіне жол ашады.
Әрбір ұстаз, өз алдында отырған жас жеткіншіктердің білімді, қабілеттіболып өсуіне күш салады, яғни біздің жауапкершілігіміз өте жоғары. Сол мақсатта оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін пайдаланамыз. 8-сыныпта <<Судың кермектігі және оны жою жолдары>> тақырыбындағы сабақты ұсынамын.
Тақырыбы: Судың кермектігі және оны жою жолдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды судың кермектігі ұғымымен таныстыру, кермектің пайда болуы, оны кетірудің иондық механизмін түсіндіру, суды жұмсартудың негізігі тәсілдерін айту. Су кермектігін жоюдың өнеркәсіптегі және тұрмыстағы маңызын көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың металдар туралы түсініктерін химиялық реакция және тәжірибе икемділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, табиғат байлығын үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: компютер, интербелсенді тақта.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын пысықтау
1. Сілтілік металдарға қандай металдар жатады?
2. Олардың ішіндегі маңыздысы қайсы?
3. Са маңызды қосылыстары (әктас, мрамор, практикалық маңызы, тыңайтқыш) .
4. Құрамында Са бар табиғи қосылыстар (жұмыртқа қабығы маржандар, ұлу тастар) .
5. Деңгейлік тапсырмалар:

А. Ca, Mg периодтық жүйедегі орны атомдық құрылысы.
В .CaCO3 -- -- CO2 -- -- -- CaCO3 -- -- -- Ca(HCO3)2 -- -- -- CaCI2
С . Теориялық шығымы 90 % болса 10 кг әктас ыдырағанда қанша СаО түзіледі?

III. Дайындық кезеңі
1. Са тұздарын табиғатта еріген күйінде кездестіруге болама?
2. Ой жинақтау сұрағы: Табиғатта барлық су адамзаттың пайдалануына жарамды ма?

IV. Жаңа сабақ

Табиғи су
I.


Ащы таза су тұщы су

теңіз, мұхит жаңбыр, қар өзен

1. Судың физикалық қасиеті: иіссіз, түссіз, сұйық зат т.б.
2. Қандай құбылыс?

Мұз су бу су бу

3. Химиялық қасиеті:
4P + 5O2 -- -- 2P2 O5
P2 O5 + 3 H2O -- -- -- 2H3PO4 лакмуспен тексеру
Na + H2O -- -- -- NaOH +H2 фенолфталеинмен тексеру

II. Эксперименттік тәжірибе

өзен суы құдық суы

Сұраққа
жауап береді.
сабын
тез ериді ерімейтін қосылыс түзеді Тәжірибеге

қорытынды
жұмсақ су кермек су
жасайды.

тұзы аз тұзы көп

IV. Су кермектігі дегеніміз:Са2+,Мg2+ иондарының суға беретін қасиеттерінің жиынтығы

V. Судың кермектігі және оны кетіру әдістері:

Кермектікті жою жолдарын тәжірибе арқылы көрсетеміз:
Уақытша кермектігі бар суды қыздыру. (Реакцияның иондық теңдеуін жазамыз.)
Тұрақты кермектілігі бар суға сода ерітіндісін құю.

V. Қорытындылау.
Мұғалім:
а) тұрмыста (шаш, киімнің өңі);
ә) ыдыста қақ тұру ( отын шығыны)
б) құбырлардың таттануы (тез істен шығуы)
в) жылу қазандықтарында т.б.
VI. Бекіту сұрақтары:
1. Су кермектігінң түрлері
2. Жою әдістері
3. Өзен суыеа кальций, магний тұздары қайдан келеді?
4. Шәйнектегі қақты қалай кетіруге болады?
5. Кермек суды неге машина двигателіне құюға болмайды?
6. Медицинада қандай су пайдаланылады?
7. Мұхит суын ауыл шаруашылығында қолдануға болама?
VII. Үйге тапсырма: оқулықтан § 39
1) Сабынмен судың кермектігін анықтауға тәжірибе жаса, қорытындылау.
2) Кермектік Ca (NO3)2 қатысуынан болса қалай жоюға болады?Реакция теңдеуін жаз.
3) 150 г суда 15 г NaCI ерітілді.Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есепте.
VIII. Бағалау.

Қорытынды
Қазақстан Республикасы <<Білім туралы>> заңында мектеп шәкіртін оқу процесіне қатысатын басты субъект ретінде қарап, сондай-ақ жеке тұлға заман талабына сай оқыту, тәрбие беру ісін ұйымдастыру туындап отыр.
Бүгінгі педагогиканың дидактикалық ұсыныстарына жүгінсек, оқытудың басты міндеті мұғалімнің білім беру және оқушының білім алу қызметтерінің біріккен түрі екендігін көреміз. Нақырақ айтсақ оқу процесіне екі жақ та бірдей жауаптылықпен белсене кіріскенде ғана қазіргі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас серіктесе істейтін қызметке айналды. Қазіргі заман талабы, керісінше әр оқушы сабақ кезінде жаңа білім қосып қоймай, соны көбіне өзі игеріп, ізденіп, талдап пікір таластыру деңгейіне жетіп, үнемі даму үстінде болуын қалайды. Сондықтан мектепте химия пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге лайықтап өзгертуді талап етеді. Бұл талап химияны модульдік жүйе арқылы деңгейлеп оқыту әдістемесін қолданған кезде ғана жүзеге асатындығы дәлелденген.
Химия пәнінен білім беру стандартты талабына сай оқытудың негізгі мақсаты-бұл оқушының пәнге деген ынтасын арттыра отырып, өзіндік және топта жұмыс істеу қабілетін жетілдіру.
Химия пәнін жаңа педагогикасы (инновациялық) жүйе арқылы оқытуда интербелсенді тақтаны қолдана отырып деңгейлік тапсырмаларды орындау жүйелі жүргізілсе, оқушының өзіндік жұмыс жасау дағдысы жетілдіруге жағдай туады. Осыған орай, химияны иновациялық жүйемен оқытудың мазмұны оқушының шығармашылықпен ойлау қабілеттерінің дамуы мен өзіндік іс-әрекеттерін жетілдіреді.
Химия пәнін мемлекеттік білім беру стандартты талаптарына сай инновациялых жүйе арқылы оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып ұйымдастырылуы оқушылардың өзіндік және топта жұмыс жасау қабілетін арттыруға ықпалы зор.
Оқушыға химиялық білімді терең меңгеруде деңгейлік тапсырмаларды пайдалану оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін, химия пәнін оқуға деген ынтасының жоғарлауына мүмкіндік береді.
Химия пәнін білім беру стандарты талаптарына сай инновациялық жүйе арқылы оқытуда деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өзіндік жұмыс жасауына дамытушылық, проблемалық т.б. әдістерді пайдалану тиімді. Жүргізілген эксперимент нәтижесі бойынша химияны инновациялық жүйемен оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамытуға мақсатталған тиімді дара, жұптық, топтық іс-әрекетін ұйымдастыру; дербестілік үлесін үнемі ұлғайту және дамыту; оның оқушыларға білімді өздігінен талдау білігін, оларды орындау дағдысын қалыптастыруға және игеру деңгейін бақылауға мүмкіндік береді.
Деңгейлік тапсырмаларды қолдану, өзара көмек есебінен оқушыларды белсендіру, олардың қарым-қатынас жасау қабілетін ашу, пәнге деген қызығушылығын күшейту.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Н.Назарбаев. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы. - Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр. 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. - Астана: 2004. - 46 б.
1. Нұғыманұлы И., Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаева З.О. <<Химияны оқыту әдістемесі>>. Алматы, 2005 ж.
2. Шоқыбаев Ж.Ә. <<Бейорганикалық және аналитикалық химия>>. Алматы, Білім, 2003 ж.
3. Корнеева Л.И. Современные интерактивные методы обучения в системе повышения квалификации руководящих кадров в Германии: зарубежный опыт/ Университетское управление: практика и анализ. - М.: 2004. - № 4 (32). С.78-83.
4. Организация, формы и методы проведения учебных занятий и самостоятельной работы: требования, условия, механизмы. Учебно-методическое пособие. / Под ред. Н.А.Волгина, Ю.Г.Одегова. - М.: Изд-во Рос.экон.акад., 2004. 132 с.
5. Косгров Ю., Шил Дж., Софрониу С., Шорт Ф. Ирландиядағы <<Өмірлік білім>> халықаралық тестінің қорытынды есебінен үзінді. - Дауыс және көрініс.Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау туралы ұлттық журнал. № 1-2 (21), 2005.
6. Стилл Дж., Мередит К., Темпл Ч., Вальтер С. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарлама жобасы үшін дайындалған әдістемелік құрал. - Алматы: 1998. - 33 б.
7. Жанпейсова М.М. <<Технология модульного обучения>>. Алматы, 1998 г.
8. Нұғыманов И., Жұмаділова Р., Кембебаева Ж. <<Химия 9>>. Алматы: мектеп, 2005 ж.
9. Нұрахметов Н., Сарманова К., Жексембина К., Темірболатова Ә., Заграничная Н., <<Химия 9>>. Алматы: мектеп, 2005 ж.
10. Досанова Б., Нұрахметов Н,. <<Химияны модульдік оқыту әдістемесінің тиімділігін зерттеу нәтижесі>> // Химия мектепте - Алматы, 2004. №6
11. Шардарбеков Д.Ш., Қалиақпанова А. <<Химия сабағында модульдік оқыту технологиясын пайдалану жолдары // Білім технологиялары - Алматы>>, 2006, №2

Ұқсас жұмыстар
Білім технологиялары
Инновациялық технологиялар
Инновациялық мәдениет
Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Ақпараттық құралдары негізінде балалардың танымдылық құзыреттілігін жетілдіру
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Физикада инновациялық технологияны пайдалау
Жаңа педагогикалық технологиялар
Инновациялық технология
Пәндер