Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Аналардың жүрегі
№23 жалпы орта білім беретін мектеп
<<АНА - өмірдің шуағы>>
Ашық шара
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі:
Байменова Жаркынай
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: Ана - өмірдің шуағы
Сабақтың мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау. Ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіну. Ана еңбегін қадірлеу білу.Адамда не қасиет болса да,бәрі күннің көзі мен ананың ақ сүтінен жаралған. Балалардың жүрегіне <<Ана>> деген есімді мәңгі ұялату мақсатын көздедім .
Сабақтың көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, қанатты сөздер.
Мұғалім: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл. ! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі ашық шара аналарға арналады. Бүгінгі <<Ана-өмір шуағы>> атты ашық шараны бастауға рұқсат етіңіздер!
Мұғалім:
Ана.
Өмірде ана-бұлақ, ана пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол- біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы - Отанды да
<< Ана>> деп біздің халық текке айтпаған.
Ал, балалар, барлығымыз бірдей аналарымызды құттықтап жіберейік:
Барлығы:
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймыз, анашым.
1-бала: Ана - өмір шырағы,
Ана- өмір бұлағы.
2-бала Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаршамасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Ән: <<Құттықтаймын, мама, туған күніңмен>>
3- бала: Ана- біздің гүліміз
Ананың біз гүліміз.
Бар баланы қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
4- бала: Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана- күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
5- бала: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
7-бала: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз,
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Мұғалім: << Менің балам>> ойыны. Мақсаты: Ана мен бала арасындағы қарым- қатынас. Түрлі- түсті шарлардың ішінде сұрақтар бар. Сол түрлі- түсті шарларды әрбір ана өзіне ұнаған түсті таңдап алып, сол шарды жарып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.Әрбір таңдаған шарлардың түстеріне қарай психологиялық сипаттама беріледі.
Түстер жайлы:
Ақ түс - Бейкүнә жан.
Қызыл түс - Өткір тіл, басқара білу, қабілетті жан.
Сары түс - Байлық, сән салтанат.
Қоңыр түс - Көндіру.
Жасыл түс - Данышпандылық пен ойлау.
Апельсин түстес сары - бейімділік.
Шарлардың ішіндегі сұрақтар.
Сіз балаңызды қалай еркелетесіз? - - - - - - - - - -
Балаңыздың ең жақсы көретін түсі қандай? - - - - - - - - - -
Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді? - - - - - - - - - - - - -
Сіз балаңыздың қандай азамат болғанын қалайсыз? - - - - - - -
Балаңызға кімді үлгі тұтасыз? - - - - - - - - - - -
Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс ба?- - - - - - - - - - -
тағы басқа да сұрақтар.
Мұғалім:
Ана - ол өмірдің тірегі, перзенттің жүрегі, отбасының ұйтқысы. Қандай ана болмасын, ол мақтауға, марапаттауға, құрметтеуге лайық жандар! Ендеше балалар, Ана туралы кім қандай мақал - мәтел біледі?
1-оқушы: Атадан- өсиет, анадан - қасиет.
2- оқушы. Қызымның баласы, балдан тәтті анасы.
3- оқушы: Ананың сүті - бал, баланың тілі-бал.
Мұғалім:
Құрметті қонақтар бүгінгі біздің мектепалды даярлық сыныбының оқушыларының дайындаған << Ана - өмір шуағы>> атты ашық шарамызды жабық деп жариялаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz