Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ана тілмен безеніп
Тақырыбы: <<Қош бол, сүйікті әліппем!>>
Мақсаты:
Флешмоб:
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, бүгін қуанышты күн. Міне, менің кішкентай балапандарым кеше ғана құшақтары гүлге толып мектеп табалдырығын аттап, қолдарына сүйікті де, сүйкімді Әліппе кітабын алған болатын. Сол әліппемен бүгінгі күні қимастықпен қоштасқалы отыр. Сіздердің алдарыңызда осы бүлдіршіндермен бүгін біз <<Қош бол, сүйікті әліппем!>> атты ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз. Балаларымыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын дей отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!
Сынып оқушылары қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, оқушылар, сөз кезегі өздеріңізде.
1-оқушы: Мирас
Армысыздар, аналар,
Бармысыздар, балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр, әніміз!
2-оқушы: Сымбат
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
3-оқушы: Ақылбек
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Өсті білім, ойымыз,
Құтты болсын тойымыз!
Мұғалім: Балалар мына жұмбақтың шешуін табыңдаршы.
Әр білімнің бастауы
Бар ғылымның бастауы
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан?
Бәрі: Әліппе!
Мұғалім: Дұрыс балалар, енді ортамызға өздеріңнің сүйікті достарың Әліппені шақырайық.
Барлығы: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
<<Әліппе>> ән айтып шығады.
Әліппе:
Менің атым Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де
Армысыздар, жан достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға
Мерекеңмен құттықтаймын,
Бүлдіршіндер балғындар.
Не үйреніп, не білдік.
Кәне ортаға салайық.
Мұғалім: Олай болса Әліппе кел, төрлет, оқушыларымыздың өнерін тамашала.
4-оқушы: Алибек
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа бөленген,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
5-оқушы: Медина
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес алыс жол,
Тырысып бақ алысқа.
6-оқушы: Даниал
Құтты бол қане әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
7-оқушы: Асем
Ашыла берді алдымнан,
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдап алтыннан,
Әліппе білім есігі.
8-оқушы: Расул
Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің Әліппе,
Ақылды сен мұғалім!
Мұғалім: Балалар Әліппе сендерге бір сұрақ дайындап келіпті сол сұрағына жауап беріп көріндер.
Әліппе сұрақтары:
Балалар сендер санамақ айту білесіңдерме? Олай болса маған санамақ айтып беріңдерші.
Балнұр: 1-дегенім - бесік, Шықтың содан өсіп
Меирбек: 2-дегенім - елім, Далам, тауым, көгім
Фариза: 3-дегенім - үміт, Үміт артар жігіт
Алибек: 4-дегенім - төзім,Төзе білем өзім
Медина: 5-дегенім - бақыт, бағалайтын бақыт
Арман: 6-дегенім - ақыл, Тыңдағаның мақұл
Сымбат: 7-дегенім - жалау, Жүректегі алау
Ақылбек: 8-дегенім - сөзің, Серт беретін кезің
Акмаржан:9-дегенім - тоқтау, Елдің жоғын жоқтау
Меиржан: 10-дегенім - Отан, Қорға соны, ботам!
Мұғалім: Оқушылардың орындауындағы <<Әліппе>> әнін қабыл алыңыздар.
Хор: <<Әліппе>>
Мұғалім: Тамаша, балалар Әліппеге өз өнерімізді әрі қарай көрсетейік.
9-оқушы: Нұрасыл
Үйретті бізді әліппе,
42- дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен,
Лайық болдық дәріпке.
10-оқушы: Акмаржан
Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын.
Әліппе атты кемемен,
Кеземін білім мұхитын.
11-оқушы: Ринат
Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
12-оқушы: Динара
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе!
13-оқушы: Арман
Әліппе - білім анасы
Әліппе - кітап данасы,
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?
14-оқушы: Фариза
А-ны айтқанда дауысымыз дірілдеді,
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем.
Сөз оқимын, айырып әріпті енді.
Мұғалім: Ал енді балалар Әліппе сендермен қоштасұалы тұр. Сөз кезегін әліппеге берейік.
Әліппе:
oo Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын
ана тілі пәнімен танысасыңдар.
Ана тілі:
Сәліметсіңдер ме, менің жан достарым?
Туған елдің тілімін,
Ақылымын танымал.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі мен болам.
Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Әліппе саған балаларға 42 әріпті танытып, жазуды,оқуды үйреткенін үшін айтар алғысым шексіз.
Әліппе: Иә, Ана тілі оқушылар тек қана менің арқамда ғана емес, өздерінің білімге деген құштарлықтарының арқасында осындай дәрежеге жетті деп ойлаймын. Солай ғой балалар?
Ал енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
<<5>> болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Ана тілі: Мен әліппеден оқып - білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрін өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқысаңдар қуанамын.
Ана тілі ән айтады.
Мұғалім: Балалар Ана тілінің айтқан керемет өсиетін көкейлерінде сақтап жүріңдер. Сендердің білімдеріңді, өнерлеріңді көріп, Әліппе сендерге риза болып кетті. Ана тілі оқулығына өз өнерімізді әрі қарай көрсетейік.
15-оқушы: Меиржан
Ана тілін ақтандар,
Ана тілін сақтандар.
Ана тілмен безеніп
Ата берсін ақ таңдар.
16-оқушы: Гульзинат
Ана тілі ұраным,
Ана тілі-құралым.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
17-оқушы: Меирбек
Ана тілің - біліп қой,
Бостандығың теңдігің.
Ана тілің - біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
18-оқушы: Гаухар
Ақыл - ойын дананың
Ана тілден аламын.
Анам тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
19-оқушы: Аюп
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
20-оқушы: Нұрила
Ана тілім - болашақ келешегім,
Сен арқылы биікпен теңесемін.
Өлең жазып,ой толғап өз тілімде,
Шыңға қадам басамын мен өсемін.
Мұғалім: Балалар Ана тілі де сендерге өзінің бірнеше сұрақтарын дайындап келіпті. Сол сұрақтарға жақсы жауап береді деген үміттемін.
Ана тілі: Сұрақтар:
1.Балалар алда қандай мереке келе жатыр? (16 желтоқсан Тәуелсіздік күні)
2.Біздің еліміз қалай аталады? (Қазақстан Республикасы)
3.Біздің еліміздің елбасы кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
4.Еліміздің астанасы қалай аталады?
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астана-
Әсем қалам, бас қалам!
5. Қазақстан деген сөзі қалай түсінесіңдер?
Қазақстан- Туымен тұғырлы. Елтаңбасымен-еңселі.
Әнұранымен-айбатты.
6.Отан деген не?
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман-тоғай көлімізді.
Мұғалім: Оқушыларымыздың <<Отан>> туралы әнін тыңдайық.
Хор: <<Отан>>
Ертеңгілігімізге жиналған барша ұстаздарға арнаған өлең жолдарына кезек берейік.
21-оқушы: Балнұр
Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың,
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім
22-оқушы: Ислам
Анамыздай аялап
Ақылшы болған ұстазым.
Өзіңнің ғана еңбегің
Бүгінде биік ұшқаным
23-оқушы: Толғанай
Достастырған өзіңмен,
Ұстазыма мың алғыс!
Иландырған сөзіне
Қамқоршыма мың алғыс!
24-оқушы: Айкын
Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
25-оқушы: Нұржанат
Білімнің ғана тиегі,
Мектебін жаны сүйеді.
Қарапайым мамандық
Ұстаздық атты киелі.
26-оқушы: Алмурат
Бәрімізіді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен
27-оқушы: Жания
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ - даңқын асырды бар әлемнен.
"Ұстаз" деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
Мұғалім:
Өте тамаша балалар! Мен сендерге риза болып отырмын. Ендігі кешімішді Сыныбымыздың биші қызы Нұриланы араб биімен тамашалайық.
Би: <<Араб биі>>
Мұғалім:
Жүздерінен көркем шаттық арайын,
Болсын солай, әр бір күнің ,әр айың
Тойларыңыз құтты болсын ағайын
Тойларыңыз тойға ұлассын әр дайым- дей келе сөз кезегі мектебіміздің директоры Есмаганбетов Арарат Мылтыкбаевичке беріледі.
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар
Балалар есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашар аналар
Құттықтау сөзі ата- аналарға беріледі.
Мұғалім:
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,ерінбейтін еңбекқор мықты болсынОсымен бүгінгі 1 сыныбында өткен <<Қош бол, сүйікті Әліппе>> атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz