Алғашқысы - жеңіл түрдегі эмоционалдық сөну

http://filed9-14.my.mail.ru/pic?url=http%3A%2F%2Fcontent-11.foto.my.mail.ru%2Fmail%2Fkuanyshevanazgul%2F_mypagephoto%2Fh-297.jpg&mw=1024&mh=1024&sig=51f3553124f0f8ca30b7892926d1ee1c

Куанышева Назгуль Дакеновна - педагог-психолог,

«Үміт» балалар үйі КММ

Эмоционалды сөну және оның алдын алу

Эмоционалдық сөну - қазақ тіліндегі психологиялық әдебиеттерде көп кездеспейтін терминдердің бірі. Бірақ, бұл оның маңыздылығын төмендетпейді. Себебі, күн санап қарыштап дамып келе жатқан нанотехнологиялар заманында адам психикасының толыққанды дем алуына жағдай жоқ. Жағдай жоқ емес - ау, уақыт жоқ. Эмоционалдық сөну (burn-aut ағылшын тілінен аударғанда «қатардан шығу») - қазіргі заман ауруы. Бұл адамның сезімдерінің тұйықталып, өмірге деген сүйіспеншілігінің жойылып, эмоционалдық ахуалының жүдеуі. Өкінішке орай, эмоционалдық сөну синдромы соңғы кезде жиілеп кетті. Біраз уақыт бұрын бұл синдром тек қана әлеуметтік мамандықтарға ғана қатысты болса, бүгінгі күні басқа мамандық салаларына ауысып, тіпті, адамның жеке өмірінде де кездесе бастады. Оның кең таралуына біздің өмір сүріп жатқан дәуірдің өзі ыңғайлы. Себебі, өмірден барынша ләззат алуды көздеген немесе жақсы өмір сүруге жағдай жасау мақсатында адам организмі шамадан тыс жүктеліп, өзін-өзі тоздыру жағдайында жұмыс істейді. Бұл заман талабы. Бірақ, адам психикасы осындай жылдамдықта жұмыс істеуге үйрене алмай келеді. Бұл қалыпты да, себебі, әр адамның өзіндік ерекшелігі болғанымен, барлығымыздың да толыққанды өмір сүруіміз үшін уақытымен тынығуымыз қажет. Ал, жылына бір рет берілетін еңбек демалысы бұл қажеттілікті өтей алмайды. Жылдар бойы жиналған стресс, қобалжу, қорқыныш сезімдері адамның эмоционалдық сөнуіне әкеп соқтыратыны да сондықтан.

Психологтар эмоционалдық сөнудің екі деңгейін қарастырады. Алғашқысы - жеңіл түрдегі эмоционалдық сөну. Кез келген адамның басынан өткен жағдай. Бұл, қатты қобалжу жағдайында болу, ауқымды іс-әрекет немесе үлкен деңгейдегі іс-шара атқарылған кездегі эмоционалдық ахуалдың жүдеуі. Мысалы, адам емтиханға дайындалғанда, ұзақ уақыт бойы қатты ауырғана, ғылыми жұмыс жазған кезде немесе осы сияқты көп уақыт бойы қобалжу жағдайында болған кезде жеңіл эмоционалдық сөнудің симптомдары пайда болады. Ол, ашушаңдық, дененің ауырсынуы, үнемі ұйқының қанбай қалуы, қандай да бір әрекетке деген мотивацияның жойылуы сияқты белгілер. Алайда, аталған жағдай өткеннен кейін, яғни адам қалыпты өмірге оралған соң психоэмоционалдық сөнудің симптомдары өздігінен жойылып кетеді. Бұл шамадан тыс қозу жағдайына деген адам психикасының жауап беру реакциясы. Бұл кезде психоэмоционалдық ахуалдың қалпына келуі үшін бір-екі күн тынығып, таза ауада серуендеп немесе спортпен айналысу жеткілікті.

Екіншісі - созылмалы эмоционалдық сөну. Егер жоғарыда аталған жағдай ұзақ уақытқа созылып, адамның басқа іс-әрекетке ауысу мүмкіндігі болмаса эмоционалды сөну жағдайы созылмалыға ұласып, психикалық ауытқушылыққа әкеп соғады. Психоэмоционалдық ахуалдың осылай нашарлауы күйзеліске (депрессияға) ұқсас келеді. Шетелдік психологтардың зерттеулерінде төмендегідей жағдай сипатталады: бір топ адамдардың өз кәсібіне деген қызығушылықтары о баста өте жоғары болған. Алайда, арада біраз ғана уақыт өткен соң сол қызғушылықтары бірте-бірте бәсеңдеп, ең соңында, мүлдем жұмысқа деген жеккөрушілік сезіміне ұласқан. Барлығының да симптомдары ұқсас: эмоционалдық жүдеу, үнемі нашар көңіл-күй, дененің ауырсынуы. Бір ғана «ертең жұмысқа шығу керек» деген ойдың өзінен оларда шаршағандық сезімі туындаған. Бұл адамдардың әріптестеріне деген көзқарастары да өзгерген. Алғашында, барлық адамдар қамқоршылар, жанашыр достар сияқты көрінсе, соңында негативті қарым-қатынасқа ұласқан. Бұл созылмалы эмоционалдық сөнудің белгілерінің бірінші тобы. Екінші тобында, адамның өзіне, өз күшіне деген сенімсіздік туындайды. Талап қоюдан қорқады, қандай да бір жұмысты орындаудан қашқақтайды. Сонымен қатар жиі-жиі ауыру сияқты симптомдар пайда болады. Психологтар созылмалы эмоционалдық сөнудің белгілерінің үшінші тобына өндірушілік қасиеттің төмендеуін жатқызды. Яғни, адамның өз әрекетіне, жетістіктеріне көңілі толмауы, өздерін шарасыз күйде сезінуі, өзін өзі бағалау деңгейінің төмендеуі сияқты құбылыстар сипатталады. Аталған белгілер байқала бастаса эмоционалдық сөну жағдайының басталғандығы деп білу қажет. Оның алдын алудың қандай жолдары бар?


Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың объектісі мен объективтік жағы және субъектісі мен субъективтік жағы объективтік жағы және субъектісі мен субъективтік жағы
Білу тапсырмалары
Ибрагим Бегімхан Керімханұлы
Алғашқы әсер тренингі
Топпен жұмыс түрі
География пәнінің мұғалімі
Қош бол, сүйікті Әліппем атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер
Баланың балабақшаға бейімделуі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде ата - ананың ролі
Ана тілі мен, балам
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz