Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сыни ойлау

<<Бейнеу гимназиясы>> мемлекеттік мекемесі

<<Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету>> тақырыбындағы коучингке сәйкес 11 сыныпта өткізілген сабақтың қысқа мерзімдік жоспары.
Радиоактивті ыдырау заңы. Жартылай ыдырау периоды.

Сабақты өткізген физика пәнәнің мұғалімі Утегенов Жумабек Умирбекович

Бейнеу 2015 жыл

11.02.2015ж
Қысқа мерзімдік жоспар
Сабақ тақырыбы: Радиоактивті ыдырау заңы. Жартылай ыдырау периоды.

<<Бейнеу гимназиясы>> ММ
Мерзімі 11.02.2015ж
Мұғалім; Утегенов Жумабек
Сынып 11
Оқушылар саны 10. Қатысты;
Келмеген оқушылар;

Осы
сабақтың
міндеттер
Білімдік міндет: Радоиоактивтілік және радиоактив ыдырау заңын білу және оны практикада қолдану міндеті.
Дамыту міндеті: Радиоактивтілік құбылысы туралы сыни тұрғыдан ойлау дағдысын хәне білімдерін ҰБТ-да қолдану дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік міндет: Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір алмасуға,
шығармашылық өздігінен білім алуға тәрбиелеу және сыни тұрғысын ойлауға тәрбиелеу.
Сабақ
мақсаты
Радоиоактивтілік және радиоактив ыдырау заңын білу, түсіну және қолдану және құбылысқа сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру.

Құралдар:
Сұрақтар жазылған бетшелер, тесттер. Бағалау бетшелері мен дискрипторлары.
Тілдік
мақсаты
Оқушылар өз ойларын жеткізе және өз идеяларын дамыта отырып, радиоактивтілік жайлы білетіндерін ауызша және жазбаша түрде талқылай алады
Алдын-ала
үйрету
Радиоактивтілік, радиоактив сәулелер туралы біледі және оларды ажырата алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
мерзім
Жоспарланған іс-әрекет
Қорлар
2 мин

5-6 мин

14-17 мин

10-12 мин

7 мин

Оқушылардың тақырыптық дайындығын тексеру үшін берілген ақпаратты пайдалана отырып,
<<Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдар>> немесе<<сіз сенесіз бе>> ұсынған тұжырымдар ішінен дұрыстарын таңдайды. Оны негіздейді, берілген тақырыпты сипаттайды.

:: Оқушыларға өз беттерімен жұмыс жасауға мәтін беріледі, (жеке және топпен жұмыс). Одан кейін оқушылар мәтіндегі ақпаратпен жұмыс жасау үшін сұрақтар жазылған жұмыс парағын алады:
:: Мәтіндегі негізгі ұғымдарды тауып, алфавиттік ретпен жазыңыз.
:: Не күттіңіз? Мәтіннен өзіңізге беймәлім болған, сіздің көзқарасыңызға қарсы келетін, сіз күтпеген ақпаратты табыңыз.
:: Сіз енді соңғы жаңалықты білесіз? Сізге жаңалық болған ақпаратты табыңыз.
:: Белгілі және белгісіз. Мәтіннен өзіңізге бұрын белгілі және белгісіз ақпаратты көрсетіңіз.
:: Талқылауға тұрарлық тақырып. Мәтіннен
ерекше көңіл аударатын,сабақ деңгейінде талқылауға тұратын ойды көрсетіңіз.
Алты ойлау қалпағы
* Ақ қалпақ белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады
* Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақпен сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.
* Қара қалпақ бұл - <<әзәзілдің қорғаушысы>> немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейді.
* Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді
* Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.
* Көк қалпақ ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді.

Қорытындалу. Рефлекция
Сабақтың тілдік мақсаты сабақ барысында
орындалады.

Қосымша 1
Жүргізу тәртібі:
1. Сіздердің столдарыңызда нөмірленген кесте тұр.
2. Мен сіздерге сұрақты оқимын, сіздер оны топта талқылап отырып, оған жауап бересіздер. Сұрақтар <<сіз сенесіз бе? немесе сіз келісесіз бе? деп басталады.>>
3. Егер сіз келіссеңіз
немесе сенсеңіз <<+>> белгісін, келіспесеңіз <<->> қоясыз.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Сұрақ :
1) радиоактитілік құбылысы бір ғалымның қате қойылған тәжірибесі негізінде ашылды,дегенге сіз сенесіз бе ?
2) радиоактив элеметттердің " өздігінен " сәуле шығарады деген тұжырымға сіз сенесіз бе?
3) радио актив сәулелерді адамды емдеуде қолданылыды дегенге келісесіз бе?
4) радиоактив сәулелер адам денсаулығына зиянды дегенге сіз келісесіз бе?
5) Альфа сәуле 1 бет қағаздан өте алмайды жұтылады дегенге сіз сенесіз бе?
6) Бета сәуле дегеніміз әртүрлі энергиядағы электрондар ағыны дегенге сіз сенесіз бе?
7) Гамма сәуле 30-40 см қалыңдықтағы алюминийден өтіп кетеді деген сөзге Сіз келісесіз бе?
8) радиоактив элеметттердің балық уақытта үздіксіз сәуле шығаратынына сіз сенесіз бе?
9) радиоактив элеметттердің тұрысымен зиян дегенге сіз келісесіз бе?
10) радиоактив элеметттердің адамзатқа пайдасы көп дегенге сіз келісесіз бе?
Қосымша 2
2 тапсырма:
:: Оқушыларға өз беттерімен жұмыс жасауға мәтін беріледі, (жеке және топпен жұмыс). Одан кейін оқушылар мәтіндегі ақпаратпен жұмыс жасау үшін сұрақтар жазылған жұмыс парағын алады:
:: Мәтіндегі негізгі ұғымдарды тауып, алфавиттік ретпен жазыңыз.
:: Не күттіңіз? Мәтіннен өзіңізге беймәлім болған, сіздің көзқарасыңызға қарсы келетін, сіз күтпеген ақпаратты табыңыз.
:: Сіз енді соңғы жаңалықты білесіз? Сізге жаңалық болған ақпаратты табыңыз.
:: Белгілі және белгісіз. Мәтіннен өзіңізге бұрын белгілі және белгісіз ақпаратты көрсетіңіз.
:: Талқылауға тұрарлық тақырып. Мәтіннен
ерекше көңіл аударатын формуланы көрсетіңіз
Сұрақтар жазылған жұмыс парағы
р/с
Сұрақтар
Жауаптар
1
Мәтіндегі негізгі ұғымдарды тауып, алфавиттік ретпен жазыңыз

2
Мәтіннен өзіңізге беймәлім болған, сіздің көзқарасыңызға қарсы келетін, сіз күтпеген ақпаратты табыңыз

3
Сізге жаңалық болған ақпаратты табыңыз.

4
Мәтіннен өзіңізге бұрын белгілі және белгісіз ақпаратты көрсетіңіз

5
Мәтіннен
ерекше көңіл аударатын формуланы көрсетіңіз

6
Мәтінен үйренген құбылыстың қолдануын көрсетіңдер

Қосымша 3

Алты ойлау қалпағы
Алты ойлау қалпағын Эдвард де Боно әзірлеген, ол әртүрлі шешімдердің ішінен шоғырландырылған ойды жеделдететін қосарлас ойлау үдерісін көрсетеді.

Ақ қалпақ белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.

Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақпен сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.
Қара қалпақ бұл - <<әзәзілдің қорғаушысы>> немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейді.

Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.

Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.

Көк қалпақ ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың
бағыттарын бақылауға кепілдік береді.

Қосымша 4

Бағалау

Дескрипторлар

Нәтижесі

А Критерийі
Білу
Радиактивтіліктің ашылу тарихын біледі

Радиоактив сәулелерді біледі

Жартылай ыдырау периодын біледі

Радиоактив ыдырауды сипаттай біледі

В Критерийі
Түсіну
Радиоактив сәулелердің табиғатын түсінеді

Сәулелерді сипаттамасына сай айыра алады

Ыдыраудың түрлерін және ығысу ережесін түсінеді

Ыдырау заңы формуласын түсінеді

С Критерийі
Сыни ойлау
Радиактив элементтің жай элементтен айырмшылығын сипаттай біледі

Радиоактив сәулелердің қасиеттерін ажырата біледі

Радиоактив сәулелердің зияны мен пайдасын ажырата біледі

Д Критерийі
Қолдану
Радиоактивтілік және жартылай ыдырау периоды бойынша білгенін қолдана алады

Жартылай ыдырау периоды формуласын есептер шешуде қолдана біледі.

Жартылай ыдырау периодының археологияда қолдануын біледі.

Активтілік өлшемі. Қолданады.

Е Критерийі
Рефлексия және комуникация.
Өз бетінше оқып-білген, түсінігіне қорытынды жасай алады

Үйренген материалды ауызша және жазбаша тұжырымдай алады.

Өз бетінше кесте, графикті талдай алады

Білгендерін өмірде және ҰБТ-да қолдана алады.

Қорытынды

Рефлексиялық есеп
2015 жылдың 11 ақпаны күні физика пәнінен 11 сыныпта <<Радиоактивтілік >> тақырыбында ашық сабақ өттім. Сабақ өтудегі негізгі мақсатым, Искендирова Сания апайдың өзі жетекшілік жасайтын <<Ізденіс>> фокус тобына өткен коучингіндегі үйренген әдіс-тәсілдер мен стратегияларды амалда қолдануға арналды. Коучингте оқушыларды <<Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету>> стратегияларын сабақта қолданудың әдіс-тәсілдері сөз болды. Мен өзім өткен сабақта сыни тұрғыдан ойлаудың төмендегі <<Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдар>>, <<Дана үкі>> және <<Ойлаудың алты қалпағы>> және тағы да басқа стратегияларын қолдандым. Сабақ өте белсенді өтті , сыни тұрғыдын ойлауға үйретуде бұл стратегиялардың тиімді екеніне көзім жетті. Оқушылар тек мәтінмен ғана емес оның мазмұнымен жан-жақты танысты деп ойлаймын.
Сабақтан көріністер:

Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі мен биология пәндерінде сабақ беру кезіндегі сыни тұрғыдан ойлау әдіс-тәсілінің тиімділігі
Жинақтау деңгейі
Сыни тұрғыдан ойлау
Оқушыны ойлану үшін ойлауға үйрету
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға бағытталған сабақтың құрылымы
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін сабақта тиімді қолдану
4 «а» сыныбына арналған ана тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту модульін қолданудың тиімділігі
Пәндер