Алтын сақа ойыны негізінде 5-сыныпқа арналған С. Бегалиннің Бала Шоқан әңгімесі бойынша ашық сабақ

«Жыланды орта мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі

С. Бегалин

«Бала Шоқан»

5- сынып оқушыларымен

«Алтын сақа»

ойыны негізінде өткізілген

ашық сабақ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Жанахметова Ғалия Жанатқызы

Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды көркем әдебиет оқуға ынталандыру,

ой-өрістерін кеңейту, сөйлеу тілін байыту,

тіл мәдениетіне көңіл аударту;

Салт -дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге,

өнерді бағалай білуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, асық, конверт. .

Түрі: «Алтын сақа» ойыны

Сабақтың барысы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Құрметті әдебиет сүйер қауым. Бүгін біз, , Алтын сақа,, ойынын өткіземіз. Бұл ойын барысы сіздерге теледидардан таныс. Ойынға 5- сынып оқушылары қатысады. Жалпы сұрақ қою арқылы ойыншыларды таңдаймыз.

Бүгінгі ойынымызға С. Бегалиннің, , Бала Шоқан,, әңгімесі нысана болып алынды.

Ойынға 4 ойыншы қатысады.

Сұраққа жауап берген оқушы ойынға қатысу құқығына ие болады.

1-сұрақ. Шоқан Уәлиханов кім?

2-сұрақ. Шоқанның шын есімі кім?

3-сұрақ Ш. Уәлиханов қай жылы, қай жерде туған?

4-сұрақ. Ш. Уәлихановтың қандай еңбектерін білесің?

Жауап берген оқушылар орындыққа жайғасады. Әр ойыншыда 6 асықтан бар. Асық саны ойыншы ұпайын білдіреді. Ойыншылар асық иіру арқылы ойнау ретін белгілейді. Жауап бергендер ілгері жылжиды . Жауап бере алмаса, ойыннан шығады,

І. , , ТАБАЛДЫРЫҚ,,

1-сұрақ. Шыңғыс ауылы күзекке келгенде, сары бала сондай қуанды. Ала жаздай зарыға жалғыз ойнағандағы ойынан кетпейтін бір досы бар. Ол кім?

/Ол - төре баласы -Шоқан. /

2-сұрақ. Шыңғыс Құсмұрын еліне аға сұлтан болып тағайындалысымен, осы күзекке екі бөлмелі кеңсе үйін салғызған. Сары баланың оған қандай қатысы бар?

/Сол үйдің жазғы, қысқы күзетшісі - сары баланың әке-шешесі/

3-сұрақ Сары баланың сол сағына күткен досы жолбарыстай шұбар құнанын елеңдете, аяңдатып жетіп келді. Ә дегенде тосырқап қалған сары балабалшықтан жасаған ойыншықтарын жия қойып, орнынан ербиіп түрегелді. Досы не деді?

/-Ей, Мысық, аман ба? Мына ойыншықтарды кім істеді?/

4-сұрақ. -Сен мына ойыншықтарыңды маған бересің бе? - деген Шоқанға сары бала не деді?

/ Жоқ, бермеймін, кешегі балалардай сен алып қашасың, -деп ойыншықтарын көйлегінің етегіне сала бастады. /

ІІ. ӘУДЕМЖЕР.

Асықты иіреді. Кімнің асығы алшы түссе сол бірінші бастайды.

1-сұрақ. Бұрынғыдай емес, Шоқанға бойы үйренген Мысық тартынбай келеді. Бұлар

үйге таянғанда, алдарынан кім шығады ?

2-сұрақ. Иә, мен кетемін. Бағана айтқаным қайда, ұрсады, сабайды деп. Осыны айтып,

Мысық есікке қарай шегіншектей бергенде не болды ?

3-сұрақ Бауырсақты бір-бірлеп жеп, қымызды имене жұтып отырған Мысыққа Шоқан

не айтты ?

4-сұрақ. Үлкен ақ сары әйелдің қасында отырған Жақып қолына не ұстап , әлі де

Мысыққа өшіге қарады?

ІІІ. ҚОЗЫКӨШ.

Асықты иіреді. Кімнің асығы алшы түссе сол бірінші бастайды.

Мынау кімнің сөзі?

1-сұрақ. Сен немене мені жатырқап қалғансың ба?, -деп өзіне тарта сөйледі.

2-сұрақ. Ей, мынау кім, қайдан ерттің, түу өзі сап-сары, - деп Мысықты бір нұқып қалды. 3-сұрақ Иә, дәл өзі. Бірақ мына қойының құлағы тым үлкен екен, -деді.

4-сұрақ. Түк те қойға келмейді, пәлі, құйрығын қара, тап иттің құйрығы, - деп сықылықтады.

5-сұрақ. Иә, мен кетемін. Бағана айтқаным қайда, ұрсады, сабайды деп.

6-сұрақ. Ә, Шоқанжан, осы баланы өзіңе дос қылып алдың ғой. Жарайды, көңілің түскен екен, алсын.

7-сұрақ. Кейін-ақ бармайсың ба, немене, ол бір жаққа кетіп қалар деп пе едің?

8-сұрақ. Сен істей ғой ондай шебер болсаң, -деді қабағын шытып.

ІV. БЕЛАСАР

Асықты иіреді. Кімнің асығы алшы түссе сол бірінші бастайды.

1-сұрақ. Мысық Шоқанға ең алғаш ненің мүсінін берді? /түйенің/

2-сұрақ. Мысықты таң қалдырған құс? /көк қаршыға/

3-сұрақ Шоқанның әкесінің атқосшысының аты кім? /Сыдық/

4-сұрақ. Жұмыскер әйелдің аты кім? /Кәмила/

5-сұрақ. Күзек деген не? / малдың күзгі жайылымдағы қонысы/

6-сұрақ. Қарғы деген не? /иттің мойнына тағатын бау/

7-сұрақ. Пәуеске деген не? /мініп жүруге арналған арқалығы бар жеңіл арба/

8-сұрақ. Әбдіре деген не? /киім-кешек, әртүрлі бұйымдар салатын үлкен сандық/

V. , , ЖОЛАЙРЫҚ,,

1-сұрақ. Шоқанның Мысықты бұл күнгі ертіп келуінде қандай себеп бар еді?

/ 2 түрлі себеп бар еді. Бірі: күзекке келгелі үйір болып, өнеріне сүйсінген шебер бала бөлініп, өзінің үйінде қалады. Екіншісі: күздің салқын күнінде аяғында етігі жоқ, үстінде шапаны жыртық Мысық тоңып жүр екен. /

2-сұрақ. Мысықтың өне бойына қайтадан көзі түскен сары бәйбіше оның кіші көйлегінің жағасы дал-дұл болып жыртылып тұрғанын көрді де, әлгі жұмыскер әйелге не айтты?

/Кәмила, мына балаға ана әбдіредегі кездемеден көйлектік шыт жыртып берші, шешесі бар шығар, тіктіріп кисін, -деді/


Ұқсас жұмыстар
5-сынып әдебиеті: С. Бегалиннің Бала Шоқан әңгімесіндегі Шоқан бейнесін талдау
Сапарғали Бегалиннің Бала Шоқан әңгімесіне арналған Алтын қақпа зияткерлік сайысы
Сапарғали Бегалиннің Бала Шоқан әңгімесіне арналған сабақ жоспары
Алтын сақа ұлттық ойыны: сабақ жоспары мен сайыс сценарийі
4-сыныпқа арналған Алтын сақа ойыны: Керқұла атты Кендебай ертегісіне негізделген ауыз әдебиеті сабағы
Информатика 5-сынып практикумы: аралас құжаттар құру және Алтын сақа ойыны арқылы білімді пысықтау
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері: Алтын сақа ойыны түріндегі кіріктірілген сабақ
5-сыныптағы төмен үлгерімді оқушылармен жұмыс: Алтын сақа танымдық ойыны арқылы Керқұла атты Кендебай ертегісін талдау
№4 С. Сейфуллин атындағы орта мектептегі Алтын сақа танымдық экономикалық сайыс жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған С. Мұқановтың Жылқы әңгімесі бойынша сабақ аннотациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz