Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құрмаштың қайғылы тағдыры

Сыныбы: 7 Пән мұғалімі: Нурсалимова Гүлжан Нұрсәлімқызы
Cабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың <<Көксерек>> әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Бүгінгі өскелең ұрпаққа жазушының кім екендігін, оның шығармаларының тақырыбын , идеялық мазмұнын ашу

Мақсатқа байланысты қойылатын міндеттер:
Мазмұнды игеруге байланысты міндет:
жазушыны жаңа қырынан таныту, талдау жасатуға үйрету;
өмірге, тарихқа жаңаша көзқарас қалыптастыру;
қаламгер өміріндегі ұлтжандықты ұғындыру .
<<Көксерек>> әңгімесі туралы мәлімет алу.
Сын тұрғысынан ойлауға немесе дамытуға байланысты міндет:
шығармашылық ойлау сұрақтарына жауап береді;
берілген сұраққа ой қорыта жауап береді;
сауатты талдауға үйренеді.
Топтық жұмыс және тәрбиеге байланысты міндет:
бірлесіп, ұжыммен жұмыс жасай біледі;
топтық ережелерді сақтай отырып жұмыс жасайды;
бір-бірінің пікірін, ойын тыңдау арқылы сөйлеге дағдыланады.
- топтағы оқушылар бірін-бірі тыңдап, пікір алмасады.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ізденіс-зерттеу сабағы
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топпен жұмыс, сатылай талдау, ой шақыру, шығармашылық жұмыстар, мәнерлеп оқу
Қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, тақырыпқа арналған слайд,талдау кестелері,бес жолды өлең.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, тарих
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

А) Амандасу Ә) Түгендеу Б) Психологиялық ахуал <<Әріптер сөйлейді>>
В) Топқа бөлу
1-топ <<Орындаушы>> , 2-топ <<Сыншы>> , 3-топ <<Қорғаушы>> , 4-топ <<Бағалаушы>>
ІІ. Жаңа сабақ
Сабақ эпиграфы <<Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады>>
(Шыңғыс Айтматов)
М. Әуезов <<Көксерек>> әңгімесі.( мақсатын айту)
Көксерек - табиғаттың тағы перзенті. Сабақ 3 бөлімнен тұрады.
І. Талдау.
ІІ. Жалғау.
ІІІ. Самғау.
Алдымен бүгінгі сабағымызға байланысты Анықтама бетін ашамыз.
( М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы, қосымша деректер)

І. Талдау бөлімі
Композициялық құрылысына талдау жасау ( кинофильмнен үзінді көрсетіп отыру)
Оқиға қалай басталған еді?- Қараадыр қасқырлар мекені. Тағылар тірлігі.
2. Байланысы - Адамдар шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры. Қаталдық.
3. Дамуы - Бөлтіріктің Көксерек атануы. Оның адамдардан көрген жәбірі.
4. Шарықтау шегі - Көксерек және Құрмаш. Сәбидің таза көңілі, мейірімі
5. Шиеленісуі - Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяластарымен тез табысуы.
Тағылардың тағылық істері.
1. Шешімі - Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары.

ІІ. Енді сабағымыздың <<Жалғау>> бөліміне көшейік. Жазушы ойын жете түсіне білу үшін, көңілге түю үшін көңіл көзімізді ашып, жүректегі сезімді оятамыз. Ол үшін мәтіннен үзінділер келтірелік. Жатқа мәнерлеп оқу.
1. <<Қасқырлар мекені>>.
2. <<Көксерек - көкжал қасқыр>>.
3. <<Құрмаштың қайғылы тағдыры>>.
4. <<Көксеректің өлімі>>.
ІІІ.Қорытындылау . Енді сабағымыздың <<Самғау>> атты соңғы бөліміне келдік. Шығармашылық жұмыс .
<<Мақал - мәтел>> жарысы
Қасқырды қанша бақсаң да,тауға қарап ұлиды
Қасқырды қасқыр қылатын да адам
Қасқыр қасқырлығын істемей қоймайды
Қанша өсірсең де ит болмайды

Ойын <<Автор орындығы>>
Сұрақтар:
1. Дала тағылары мен адамдар іс - әрекетіндегі ұқсастық неде?
2. Көксеректің жойқын дүлей күшке айналу себебі не?
3. Құрмаштың қайғылы тағдырына кім кінәлі?
4. Жалпы табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыз.
5.Көксерек неге табиғаттың тағы перзенті?
6. Оқырманға не айтпақшысыз?
Бағалау ( Топбасшыларының қорытынды сөзі)
Рефлекция ( Бүгінгі сабақтан алған әсеріміз қандай? Смайлик немесе бармақ көтеру арқылы көрсету)
Үйге тапсырма : <<Құрмаштың қайғылы тағдыры>> тақырыбына эссе жазу.
Сонымен, балалар біз өз сөзімізді айттық, өз дауысымызды бердік, үнімізді қостық.
Сабағымызды былайша аяқтасақ:
Табиғат - Ана!
Табиғаттың сырын танып білейік,
Табиғаттың тілін ұғып көрейік.
Тыныштығын сақтап өмір - өзеннің,
Ізгіліктің шамын жағып жүрелік!

Ұқсас жұмыстар
М. әуезовтың «көксерек» әңгімесі
М. Әуезов көксерек әңгімесі жайлы ақпарат
Мұхтар әуезов «көксерек»
Тілдік мақсат
Көксерек. 7 сынып
«көксерек» әңгімесі
Көксерек - табиғаттың тағы перзенті
Жиынтық бағалау
М.о.әуезов «көксерек»
М.әуезов "көксерек" әңгімесі
Пәндер