Компьютерлік вирустардан қорғау жайлы ақпарат

Сабақ жоспары: Информатика 8 сынып

15 - апта: 15 - апта
07. 12. 12ж.: 07. 12. 12ж.
15-сабақ .: 15-сабақ .
15 - апта: Сабақтың тақырыбы:
07. 12. 12ж.: 5. 5. Компьютерлік вирустардан қорғау
15 - апта: Жалпы мақсаттар:
07. 12. 12ж.:

Оқушыларға ақпаратты қорғау туралы түсінік беру, антивирустық қорғауды үйрету

15 - апта: Міндеттері:
07. 12. 12ж.:

1. Оқушыларда компьютерлік вирус ұғымы, ақпаратты қорғау, антивирустық программалар туралы толық ой қалыптастыра отырып, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;

2. Оқушыларға тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, топта өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстай білуге тәрбиелеу;

3. Оқушыларды практикалық жұмыс арқылы, компьютермен жұмыс істеуге қызығушылығын арттыру.

15 - апта: Дереккөздер:
07. 12. 12ж.:

Кітап : Информатика 8 сынып. Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева

Реферат, интернеттен алынған қосымша мәліметтер, слайд.

15 - апта: Оқыту нәтижелері:
07. 12. 12ж.:

1. Оқушылар топ болып жұмыс істейді, топтық белсенділкке қол жеткізеді.

2. Оқушылар өз ойларын еркін айта біледі.

3. Оқушылар компьютерлік вирус терминімен танысады, антивирустер туралы толық мағлұмат алады.

4. Компьютерді, флешканы антивируспен емдеуді үйренеді.

15 - апта: Сергіту сәті
07. 12. 12ж.: «Аспаптар».
15 - апта: Жаттығулар:
07. 12. 12ж.:

1. Үй тапсырмасын тексеру.

2. Сергіту сәті «Аспаптар».

3. Тақырыпқа Power Point редакторында презентациялармен кіріспе беру.

4. Жаңа тақырып бойынша топтарға берілетін сұрақтар:

1 топ «Компьютерге вирус қайдан түседі?»

2 топ «Компьютерге вирус түссе не істейміз?»

15-сабақ .:

1. Бақылау сұрақтары арқылы:

1-қосымша

2. Сергіту сәті «Аспаптар». 2- қосымша

3. Мұғалімнің тақырып бойынша кіріспе сөзі. 3- қосымша

4. Әр топқа жаңа тақырып бойынша сұрақтар беріледі. Орындауға 7 минут уақыт беріледі. Әр топ тапсырмаларды орындап болған соң, флипчарт бойынша қорғап шығады. 3 мин. Оқушыларды ойландыратын сұрақтар қойылады.

15 - апта: Тапсырмалар
07. 12. 12ж.:

1. Тапсырма арқылы компьютерде практикалық жұмыстар орындау. Электронды поштада «Бүлінген хат» . 4- қосымша.

2. Тест жұмыстары. 5- қосымша

3. Кестеде адам мен компьютердің жұқпалы ауруларын салыстыру.

6- қосымша

15 - апта: Бағалау:
07. 12. 12ж.: Өзін-өзі бағалау. Оқушыларға бағалау критерийлерін ұсыну, сол бойынша әр оқушы өз-өзін бағалайды. 7-қосымша.
15 - апта: Рефлексия
07. 12. 12ж.: Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазу.
15 - апта: Оқуға арналған тапсырмалар:
07. 12. 12ж.: 5. 5. Компьютерлік вирустардан қорғау. - Тақырыбын оқу. Эссе жазу. «Компьютерлік вирус - жасанды құбылыс», «Компьютерлік вирустармен күресу әдістері». Сөзжұмбақ жасау.
  1. - қосымша

Үй тапсырмасын сұрау:

Бақылау сұрақтары арқылы:

1. Компьютерде қандай да бір файлымызды жоғалтып алсақ, оны қалай табуға болады?

Жауабы:

Жоғалаған файлды «Іздеу» немесе «Табу» командасы арқылы тауып алуға болады.

2. «Іздеу» командасы компьютерде жоғалған кез - келген файлды тауып бере ала ма?

Жауабы:

Ия, тауып бере алады.

3. Қандай белгілер бойынша «Іздеу» командасы арқылы обьектіні табуға болады?

Жауабы:

Ол үшін обьектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін білу керек.

4. «Іздеу» командасын шақыру әрекеттерін ата.

Жауабы:

1. ) Жіберу батырмасына шерту;

2. ) Іздеу пунктін таңдау;

3. ) Файлдар мен бумалар пунктін таңдау;

4. ) Файлдар мен бумалар атын іздеу өрісінде файл атын немесе файл атының фрагментін енгізіңіз;

5. ) Мәтінді іздеу өрісіне мәтін фрагментін енгізуге болады;

6. ) Қайдан іздеу өрісінен іздеу жүргізілетін диск немесе басқа объектіні таңдауға болады;

7. ) Табу батырмасына шерту.

5. «Іздеу» командасы арқылы бүгінгі сабақтың құжатын табыңыз. Құжаттың атты «Вирустар»

2 - қосымша

Сергіту сәті «Аспаптар».

Оқушыларға аспаптардың аты жазылған суреттердің қиындысы таратылады. Осы әдіс арқылы топқа бөлінеді және сурет қиындыларын біріктіру арқылы жасырылған аспаптың аты шығады. Оқушылар табылған аспаптың дыбысын дыбыстайды және қолымен тартылуын келтіреді.

  1. - қосымша

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Оқушылар, адамдар ауырған сияқты компьютерлер де ауырады, олда жұқпалы ауыру сияқты, вирус арқылы жұғады. Бұл ауыруларды компьютерлік вирустар деп атайды.

Қазіргі кезде ел аузынан «Компьютеріме вирус түсті», «компьютерім вирустан ұшып кетті» т. с. с. сөздерді естуге болады. Бұл не деген сөз? Компьютерге вирус қайдан түседі? Вирус түссе не істейміз? / проблемалық ситуация/

  1. - қосымша.

Тапсырма. «Бүлінген хат». Компьютерде практикалық жұмыс.

  1. хат.

Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтер пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок падаланамын.

  1. - хат.

Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдалануға болады. Ал сурет салғым келсе WordPad стандартты программасымен сала аламын. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын, өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш.

Дұрысталған хат

  • 1-хат.
  • Компьютерді іске қосып, сканер мен пернетақтаны қосу керек. Пернетақтамен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін сканер пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін принтер пайдаланамын.
  • 2- хат.
  • Компьютерде мәтін жазу үшін WordPad текстік редакторды пайдалануға болады. Ал сурет салғым келсе, Paint стандартты программасымен сала аламын. Мен сканермен жұмыс істегенді ұнатамын, өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Принтердің үш түрі бар: Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш.
  1. - қосымша.

ТЕСТ

1) Мекендеу ортасына қарай вирустарды нешеге бөлуге болады?

а) үшке

б) төртке

в) екіге

2) Сирек қолданылатын антивирустық программалардың бірі не деп аталады?

а) ревизор

б) полифагтар

в) детекторлар

3) Қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар не деп аталады?

а) жүктейтін

б) файлдық

в) макрофирустар

4) Өте қуатты Dr. Web (Doctor Web) полифаг - сканерін кім құрды?

а) И. Данилов

б) Е. Касперский

в) Д. Мостов

5) Бүкіл әлемге әйгілі, вирусқа қарсы бірден -бір сенімді программа не деп аталады?

а) Dr. Web

б) Kaspersky Anti - Virus

в) ADif

6) Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға жұқтыратын вирус не деп аталады?

а) файлдық

б) полифагтар

в) жүктейтін

7) Word құжаттары және Excel электрондық кестені құжаттарына жұқтыратын вирустың түрі?

а) детекторлар

б) полифагтар

в) макровирустар

8) «Вирус» атауы қай пәннен белгілі?

а) география

б) биология

в) физика

9) Д. Мостов дайындаған пргорамма - ревизор не деп аталады?

а) ADif

б) Kaspersky Anti - Virus

в) Dr. Web

10) Вирустарға қарсы программалар нешеу?

а) 2

б) 3

в) 1

Жауаптары:

1. А, 2. В, 3. Б, 4. А, 5. Б, 6. В, 7. В, 8. Б, 9. А, 10. Б.

6- қосымша

Адам мен компьютердің жұқпалы ауруларын салыстыр.

Адам
Компьютер
: Жұқпалы аурулар түрлері
Адам:
Компьютер:
: Пайда болу жолдары
Адам:
Компьютер:
: Қандай өзгерістер болады
Адам:
Компьютер:
: Емдеу жолдары
Адам:
Компьютер:
: Сақтану жолдары
Адам:
Компьютер:

6- қосымша

Адам мен компьютердің жұқпалы ауруларын салыстыр.

Адам
Компьютер
: Жұқпалы аурулар түрлері
Адам:

Вич - ақ қан түйіршігі - лимфоциттерді зақымдайды

А, В, С - бауыр ұлпасын зақымдайды

Компьютер:

Резиденттік - жедел жадқа өзін көшіреді, біраз уақыт бойы білінбейді.

Резиденттік емес - өзін жедел жадқа жазбайды, алдымен вирус программа іске қосылады.

: Пайда болу жолдары
Адам: Бөгде ауырған адамнан жұғады
Компьютер:

Желілерден

Ақпарат тасушылардан

: Қандай өзгерістер болады
Адам: өзін жайсыз сезінеді, қалтырау, температура көтерілуі т. б.
Компьютер: Компьютер дұрыс жұмыс жасамайды.
: Емдеу жолдары
Адам: Дәрі -дәрмек арқылы
Компьютер: Антивирустар арқылы
: Сақтану жолдары
Адам:

Жаман әдеттен аулақ болу,

Жеке бас гигиенасы,

Салауатты өмір сүру.

Компьютер:

Профилактикалық алдын - алу шаралары

Антивирустық программалар, оларды жаңалап отыру.

  1. - қосымша.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Оқушының аты-жөні, тегі

Бағалау өлшемдері
Баллдары (1, 2, …10)
№: 1
Бағалау өлшемдері: Мен үй тапсырмасын орындадым
Баллдары (1, 2, …10):
№: 2
Бағалау өлшемдері: Топтық жұмыста мен ой қостым
Баллдары (1, 2, …10):
№: 3
Бағалау өлшемдері: Топтық жұмыста мен жауап бердім
Баллдары (1, 2, …10):
№: 4
Бағалау өлшемдері: Топқа менің ойым көп көмектесті
Баллдары (1, 2, …10):
№: 5
Бағалау өлшемдері: Практикалық жұмысты өзім жасадым
Баллдары (1, 2, …10):
№: 6
Бағалау өлшемдері: Мен басқаларға көмектестім
Баллдары (1, 2, …10):

51 - 60 балл - “5” баға

41 - 50 балл - “4” баға

31 - 40 балл - “3” баға

21 - 30 балл - “2” баға

20 баллдан төмен - “1” баға

Рахмет! Білім алуда сәттілік тілеймін!

9- қосымша.

Рефлекция

Бүгінгі сабақта

Ұнады
Ұнамады
Сұрақ
Ұнады:
Ұнамады:
Сұрақ:

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп - гимназиясы

Бекітемін:

мектеп директоры Ж. Т. Айтова

Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Компьютерлік вирустардан қорғау»

Өткізген: Малдыбаева Ү. Ш.

Пәні: Информатика

Сынып: 8 «А»

2012-2013

оқу жылы

КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР

Компьютерлік вирус - арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с. ) . Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда ВОВ-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін: - кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді; - экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады; - компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды; - көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с. Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады. Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті одан да терең болады. Олар бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң бірден бел шешіп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалға, компьютердегі қатгы дискіні өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін программаларға аз тигізіп, бірақ қатты дискідегі мәліметтердің ішіен "мүжіп", құртып жататын вирустарға не істеуге болады?! Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ, оның келешекгегі әсері керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек. Вирус программасының байқалмау себебі олардың көлемі кішігірім ғана болады да, өздері ассемблер тілінде жазылады. Кез келген жағдайда вирус программасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәлімет алмасып жұмыс істейтін басқа компьютерлерге де тез тарап кетеді жөне өте көп зиянкестік әрекеттер жасауы мүмкін. Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді: - резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар; - резидегатік емес вирустар. Вирус жұққан программа іске қосылғанда резвирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазыльп, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады. Дискілерге мөлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазыльп алады да, оның қалай "жұққанын" адамдар білмей де қалады. Ал, резидентгік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтан немесе РАТН командасында көрсетілген каталоггардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішіне кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді.


Ұқсас жұмыстар
Вирус жүктейтін вирус макровирустар
Компьютерлік вирустардан қорғау
Қысқа мерзімді жоспар. 8-сынып күнтізбелік жоспар
Компьютерлік вирустардың зияны
Компьютерлік вирус
Компьютерлік вирустар
Вирус туралы түсінік, түрлері, антивирустық бағдарламалар
Жады. жедел жад, процессор, монитор, баспа құрылғысы, магниттік және оптикалық дискілер жатады
Мектеп информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау
Ақпаратты қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz