Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Үйсіндердің қоныстанған жерлері

Үйсіндер
/Ежелгі Қазақстан тарихы 6-сынып/
Арайлым Саниятоллақызы Джанбузова
Жаңажол негізгі мектебінің І санатты тарих пәні мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
> Білімділік: Оқушыларды ежелгі үйсіндер туралы тарихи деректермен, олардың қоныстарынан табылған археологиялық ескерткіштерімен таныстыру,үйсіндердің қоғамдық құрылысына сипаттама беру.
> Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін, ойлау,сөйлеу қабілетін ашатын түрлі әдістер арқылы білімін толықтыру.
> Тәрбиелік: Өз Отанын сүюге, өз елінің тарихына құрметпен қарауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар: <<гуньмо>>, <<бек>>, <<усунго>>, <<синго>>
Көрнекілік: карта, тірек-сызба, суреттер
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау,топтық жұмыс,картамен жұмыс,
Сабақтың жоспары
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
:: Оқу құралын тексеріп түгелдеу
:: Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Сөзжұмбақ шешу. /сөзжұмбақты шешу барысында жаңа тақырып шығады./
1. Сақтардың баспанасы. /киізүй/
2. Б.з.б. 519 жылы сақтарға жорықты басқарған кім? /Дарий/
3. Б.з.б. 570-520 жылы өмір сүрген сақ патшайымы. /Томираис/
4. <<Алтын адам>> табылған қорған. /Есік/
5. Арал теңізінің шығысынан табылған сақ қорымы. /Түгіскен/
6. <<Шошақ бөрікті сақтар>>. /тиграхауда/
7. <<Алтын адамды>> тапқан ғалым. /Ақышев/
8. Б.з.б 5-4 ғасыр аралығына жататын сақ мұрасы. /Бесшатыр/

Т

Т
И

Б

Т

Ү
Г

Е

О

Г
Р

С
К
Д
М

І
А
А
Ш
И
А
И

С
Х
Қ
А
І
Р
Р
Е
К
А
Ы
Т
З
И
И
С
Е
У

Ш
Ы Ы
Ү
Й

С
І
Н
Д
Е
Р
Й

К

А
В

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Үйсіндер туралы жазба деректер.
Үйсіндер туралы ежелгі қытай жазбаларында б.з.б. ІІ ғасырдан бастап кездеседі. Олар <<ат жақты, аққұбаша, сары шашты>> болып келеді.
Деректерде <<Үйсіндердің үлкен гуньмосы Чигу қаласында тұрады, халқы 630 мың адам, әскері 188800 жауынгерден құрылады>> деп жазылған.

2. Үйсіндердің қоныстанған жерлері. Үйсін тайпалары.
Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Үйсіндер Жетісу, Іле аймақтарында және Ыстықкөл өңірінде орналасқан. Орталығы - Іле аңғары.
Шекаралары: батысы Шу өзенінен бастап шығысы Тәңірі /Тянь-Шань/ тауының сілемдеріне дейінгі. Солтүстігі Балқаш көлінен оңтүстігі Ыстықкөлге дейінгі аумақты алып жатты. Олардың ордасы Қызыл Аңғар /Чигучен не Чигу/ қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.
3. Гуньмо-үйсіндердің билеушісі.
Қоғамдық құрылысы.

Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар.Үйсіндердің басшысын <<гуньмо>> /күнби/деп атаған. Оған <<бек>> деп аталған жеке тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары бағынды.
ІҮ. Сабақты бекіту:
+ Деңгейлік тапсырмалар:
:: Үйсін атты әскері туралы суретті сөйлету.

:: Тарихи сынақхат.
Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң ..... жерін үйсін тайпалары мекендеген. Үйсін атауы ..... жазбаларында б.з.б 2 ғасырдан бастап кездеседі.
Олар <<.. ....., ........, .... .....>> болып бейнеленеді. Олардың ордасы ..... ..... /Чигучен не Чигу/ қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Жетісу жеріндегі үйсін қорымдарынан алынған бас сүйектер - антропологиялық жағынан .............Бірақ олардың бет пішіндерінде монғолоидтық белгілер барлығы да анықталған.
Деректерде <<Үйсіндердің үлкен гуньмосы Чигу қаласында тұрады, халқы ... мың адам, әскері ...... жауынгерден құрылады>> деп жазылған. Үйсіндердің басшысын <<......>> /күнби/деп атаған. Оған <<...>> деп аталған жеке тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары бағынды.

Мына сөздерді көп нүктенің орнына қой /бек,ат жақты, аққұбаша, сары шашты,630,Қызыл Аңғар ,188800, Жетісу, еуропеоидтер, гуньмо,қытай, монғолоидтық/
:: Сен білесің бе?>> тапсырмасы
1. Үйсіндер туралы деректер қай ғасырларға жатады?
2. Ертедегі үйсіндер мекендеген жерлерді картадан көрсет.
3. Үйсіндердің қоныстары қай жерлерден табылды? Оларды сипаттап айтып бер.
4. Үйсіндер қай елмен сауда қарым-қатынасын жасаған?
5. Үйсіндерде бай адамдар қалай өмір сүрген?

Бағалау: Оқушылар өздерін өздері бағалайды.
Үйге тапсырма: §46-47. Қосымша материалды оқып, мағынасын түсіндіру. <<Қытай патшайымының өлеңі>>. Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

Ұқсас жұмыстар
тоқсан (18 сағат)
Үйсіндердің мекені
Қазақтардың рухани мәдениеті, дін, қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық мейрамдары
Меншік қатынастары
Сармат тайпаларының орналасуы. Сармат қоғамы
Қыпшақ хандығы 7-сынып
Қыпшақ хандығы
Хандық биліктің орталығы
Үйсіндердің шаруашылығы
Үйсіндердің қоғамдық құрылысы 6 сынып
Пәндер