Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНОНИМДЕР

Аубакирова Аяулым Серикболатовна
Талдықорған қ, ДБАЛ №24 М.Арын атындағы"Экономика және бизнес" лицейі
aijaulim@mail.ru
Кейбір сөздер өзінің ерекше нақты мағынаға ие болуымен қатар, кейде басқа бір сөздермен ұқсас мағынада болады. Белгілі бір тілдің лексикасында мүлде бір мағынада айтылатын екі немесе бірнеше сөз жоқ; сондықтан, бұл сөздердің ұқсастығы абсолюттік ұқсастық деуге болмайды.
Синоним туралы сөз еткенде қазақ тілі оқулықтарында мынадай жалпылама анықтама беріледі: мағыналары бір-біріне жақын бірнеше сөздерді синонимдер дейміз. Бірақ, синонимдер туралы сипаттама мұнымен бітпейді. Тереңірек зерттей келе синонимнің қызық құбылыс, тілдік байлық екенін аңғаруға болады. Синоним тек қазақ тіліне тән құбылыс емес. Жер жүзінде қанша тіл болса, солардың балығында да мағына жағынан бір-біріне ұқсас, мәндес сөздер кездеседі. Ендеше, тілдегі синонимдер - сөз қорының асыл қазынасы. Әрбір тілдің қандай дәрежеде дамып жетілгендігі, оның байлығы мен оралымдығы синонимдердің молдығы арқылы көрінеді.
Синонимдер - бұл бір мағына беретін, бірақта лексикалық белгілермен бір-бірінен және сөйлемде қолданылуымен ерекшеленетін бір сөз тіркесінің сөздері. Тілде синонимдер жүйелік сипаттағы сөздер тобын және сөз тіркесін құрайды. Синоним деп мағынасы бір сөздерді, мазмұны бірдей немесе заттық - логикалық мазмұны өте жақын сөздерді, мағынасы бойынша жақын бірін - бірі ауыстыра алатын сөздерді атайды.
Синонимдердің тілдегі мән - мағынасын , сыр-сипатын, қолдану тәсілін нақты мысалмен тап болып, дәл айтқан Ахмет Байтұрсыновтан бұрын қазақта ешкім болған жоқ. Ол былай дейді: "Біз қазақ тіліндегі сөздің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішінде орын орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз. Қазақ тілі қазақ ортасының бәріне бірдей ортақ мүлік болғанымен бәрі бірдей пайдаланбайды. Әркім әр сөзді өзінше қолданады, өзінше тұтынады."
Синоним сөздер - кез- келген тілдің қаншалықты дамығанын, оның оралымдылығын көрсететін сөз байлығының құнарлы бір саласы. Сонымен қатар ол әр халықтың ұлттық ерекшелігін де танытады. Сөз логикалық дәлдігімен , ойлаған ойдың реңктерін һз бояуымен нақтылы көрсете алса ғана мәнерлі сипатқа ие болады. Мазмұн мен мақсатқа сайма-сай лайықтап алынған сөздер ғана мәнерлі деп танылады. Шешен де шебер сөйлеудің бір ұшы - тілдегі синонимдерді қыбын тауып орнымен үйлестіріп, жұмсай білуде. Дикторға белгілі бір тексті дауыс ырғағымен әлденеше құбылтып, мәнерлі түрде оқып беру қандайлық қажет болса, сөйлеуші мен жазушыға да синонимдердің реңктерңн айқын ажыратып, тап бастырып дәл қолдана білу де соншалықты қажет. Ана тілінің синонимдер байлығын еркін білу - өз ойыңды дәлме - дәл етіп жеткізе алу деген сөз.
Қазіргі кезде тіліміздегі синонимдер мән- мағынасы мен қолдану аясына қарай сала- салаға бөлініп, саралана бастады. Бірақ бүтіндей бір-біріне жігі ажырады деп әзірге айту қиын. Қазақ тілінің синонимдері саны көлемі жағынан да, синонимдік қатарлардың молшылығы жағынан да өте бай. Бір ұғымды білдіру үшін кейде 20-30 синоним сөз қолданыла береді. Синонимдердің қолданылу өрісі өте кең, сөйлегенде, жазғанда белгілі бір ойды сегіз жаққа жүгіртіп, тілді соншалықты оралымды етеді. Әр адамның ойлаған нысаналы мақсатына, көңіл-күйі көзқарасының әуеніне қарай айтайын деген пікірін басқа кісілерге нақтылы, дәл әрі көркем етіп жеткізуде синонимдердің атқаратын қызметі соншама үлкен.
ХVIII ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Д. Аланбер : " Түптеп келгенде, бірінің қызметін бірі мүлтіксіз атқаратын синонимдер болмайды. Синонимдік қатардың әрқайсысы бір ұғымның мәнін толық жеткізе алады деп мойындаудың өзі бір ғана тілде екі бірдей тілдің қаз- қатар өмір сүруін мойындаумен бірдей." - деп түйген еді. Ал орыс ғалымы Д.И.Фонвизин: " Бір мағыналы сөздер өмірде тіптен кездеспейді. Егер он шақты, не одан да көп сөздер бір ғана идеяны білдірген болса, онда одан өткен сорақы байлық болмас еді." - деген еді. Ендеше синонимдер бір мағынаны білдіретін сөздер емес, мағынасы бір- біріне жақын мәндес сөздер екен. Мұндай сөздер синонимдік қатар түзеді. Яғни, белгілі бір ұғымды білдіретін мәндес сөздердің топтамасын синонимдік қатар дейміз. Әрбір қатарда бір сөз басқа синонимдерге қарағанда басым айтылып, басқа сөздерді өзінің негізгі төңірегіне топтауға негіз болады. Ондай сөздер тіркес сөз (доминант ) немесе басым синоним деп аталады. Басым синоним болатын сөздер өзінің негізгі мағынасында ғана келуге тиіс. Тіркес сөз әрбір қатарға енетін сөздердің әр түрлі мағыналық, стильдік қолданылу ерекшеліктеріне қарай таңдалып алынады.
Мысалы, мықты сөзінің мынадай синонимдері бар: берік, күшті, қуатты, әулетті, қарулы. Қазіргі қазақ тілінде бұл сөздер мынадай тіркестерде қолданылады: берік ағаш, қуатты электростанция, күшті ағыс, мықты шеге. Бірақ , бұл топтағы сөздер әр уақытта бірінің орнына бірі қолданыла бермейді. Мысалы, күшті, қатты дегендер ағыс деген сөзбен тіркесіп, күшті ағыс, қатты ағыс делінсе, ол қатардағы басқа сөздер бұған келмейді, қуатты ағыс, әулетті ағыс деп айтылмайды. Әулетті, қуатты, қарулы деген сөздер әдеби тілде синоним ретінде жиі қолданылады. Бұл синонимдік қатардағы сөздер де әрқашан конкретті жағдайды, логикалық байланысты талап етіп, айтушының стиліне сай болып отырады.
Лексикологияда синонимдер туралы айтқанда, сөздің сөздіктік мәнін салыстыруды айтады. Қандайда бір жағдайда, бір затқа көрсететін, бірақта көлемдері әр түрлі болатын сөздер синоним болмайды. Мысалы, бір адам құрылысшы, шахматшы, ақын болуы мүмкін. Бірақта бұл сөздерді синоним деп санауға болмайды, себебі олар әр түрлі сөздіктік мәнге ие және олардың мәндерінің көлемдері сәйкес келмейді: ақындардың барлығы шахматшы бола бермейді, барлық құрылысшы ақын бола бермейді. Синоним ретінде бір класс сөздерінің аталуы пайдалнылуы мүмкін. Кез келген доктор дәрігер болып табылады, кез келген астронавт- космонавт, кез келген көшірмені оригинал деп айтуға болады. Сондықтан, доктор және дәрігер, астронавт және космонавт, оригинал және көшірме сияқты зат есімдер синоним болып келеді. Мысалы, company сөзі association, corporation, partnership қатарында, сонымен қатар troop, platoon, squad қатарына да қатысты болып табылады.
"Қазіргі ағылшын тіліндегі сөздер және олардың синонимдарының семантикалық және функционалдық байланыстарының анализі" - деген еңбегінде В.Г. Вилюман , синонимнің барлық белгілерін толық ашады, және сөзді синонимия деп мойындау үшін осы сөздерге семантикалық және функционалдық белгілердің жалпы болуы, ал синонимияның проблемасы сөздердің ұқсастығы мен ұқсастықтағы айырмашылықтар және мәндері мен функциядағы айырмашылықтар бірігу негізінде көрінеді. Мұндай тәсілдің дұрыстығы бірнеше ғалымдардың еңбектерінде дәлелденді.
Ағылшын тілінде сөзүйлесушілік - синонимдер және синонимдік жұптар көп, олардың бір синонимі сөзүйлесушілік болып табылады. Мысалы, insane, nor all there, in the upper storey, weak, go the way of all flesh, have a crash on smb. , be soppy on smb., join the great majority, keep silent, be in love with smb., keep mum, walk into the trap, screw loose, hold one`s tongue, hold one`s jaw, rise to the bait, take the ferry, pass away, kick the bucket.
Жалған синонимдер - бұл бір өрісті категориялы бірдей сөздер. Олар әр түрлі кластағы заттарлы атайды. Жалған синонимдар логикалық көзқарастан қарағанда байланысты болатын( жақтық және түрлік ұғым) немесе ішкі байланысты ( бір жақты түрлер), ұғымды өрнектейтін мәнді белгілері бар заттар атауы. Мысалы, тұрғын үй, үй, палатка, киіз үй, чум; академия, институт, университет, колледж, мектеп; қызыл, қызғылт; writer, novelist, poet, essayist, playwright; red, pink, scarlet; boil, roast, fry, grill, stew; associate, companion, colleague, partner, ally; accident, incident; execute, hang, shoot, shorten, abbreviate, abridge, adapt; move, walk, fly, run, crawl.
Синоним сөздердің мағыналық бірлестігі - сол сөздердің негізгі мағыналарының жақындығында деп айтқан болатынбыз. Бірақ бұл жақындық әрдайым синоним бола бермейді. Сөйлеу тілінде немесе әдеби тілінде, прозада болсын, поэзияда болсын синоним сөздер әр түрлі кейіпте қолданылады. Сондай- ақ синонимдер жеке сөздерден ғана емес, фразалық тіркестерден де кездеседі. Көңілдегі көрікті ойды сөзбен кестелеп айтып беру үшін фразалық тіркестер де тілде орасан зор қызмет атқарады.
Кез келген тілді алсақ, синонимдер - сол тілдің сөздік құрамы мен сөз байлығы дәрежесінің бірқатар көрсеткіші. Оның тілдегі сөздік қордың дамуына емес, жалпы көркем әдебиеттің, өнердің кемелденіп, толысуына, көркем сөздің жетілуіне, күнделікті өміріміздегі қарапайым сөйлеу тілінің нәрленіп қалыптасуына тигізер әсері мол. Синонимдер- сөз қорының асыл қазынасы. Ендеше қазақ және ағылшын тілдерінің байлығы мен оралымдығы синонимдердің молдығы арқылы көрінсе екен.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев "Қазіргі қазақ тілі" Алматы, 1975ж.
2. А. Байтұрсынов " Тіл тағылымы" Алматы, 1992ж.
3. Антрушина Г.Б. , Афаносьева О. Б. , Н.Н. Морозова "Лексикология английского языка , English lexicology ", М - "Дрофа "- 2001, 288 с.
4. The All Nations Dictionary ( International Phonetic Alphabet). All Nations Literature, Colorado Springs, 1992
5. Flower J. Berman M Build your vocabulary 2. LTP, London, 1998.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz