Қазақ халқының қалыптасу негіздері

VII-сынып. Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ», «алаш», «жүз» сөздерінің пайда болу тарихы, мағынасы.

Мақсаты: Қайталанатын, өтілетін тақырып арқылы оқушылардың интеллектуалдық және

танымдық біліктерімен дағдыларын жетілдіру. Оқушылардың осыған дейін алған

білімдерін жаңа сабақпен байланыстыра қолдана білуге үйрету, қабілетін

жан-жақты дамыту. Тарихи құндылықтарды құрметтеуге баулу.

Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында оқушылардың интеллектуалдық және танымдық

біліктері мен дағдылары жетіледі. Өткен сабақтан алған білімдерін жаңа

сабақпен байланыстыра қолдана біледі, қабілеттері жан-жақты дамиды.

Тарихи құндылықтарды құрметтеуді үйренеді.

Көрнекілігі: Таблица, схема, электронды оқулық, иллюстрациялық суреттер, карта

Жүрісі.

  1. Ұйымдастыру.
  2. Өтілген материалдармен байланыстыра отырып жаңа сабақты түсіндіру.

Тақырып қазақ халқының қалыптасуы болғандықтан бірінші сұрағымызды

  1. Этнос дегеніміз недеген сұрақтан бастаймыз.

Монитордан:

Этнос дегеніміз - белгілі бір тарихи мекемеде өсіп-өнген, сондай-ақ өздерінің біртумастығын әрі өзгелерден ерекшелігін сезінетін сана-сезім қалыптасқан әлеуметтік қауым.

Демек, этнос ұғымын ел-халық деп те түсінеміз

Жер бетінде мыңнан астам халық бар. Әр халықтың өзінің қалыптасу тарихы бар. Халық болып қалыптасу бірнеше мыңдаған жылдардың жемісі. Халықтың қалыптасу тарихына тоқталмас бұрын адамдардың қалыптасу тарихын еске түсіріп алайық.

(Оқушылардан сұралады)

Монитордан.

Адамзаттың даму барысы:

  1. «Епті адам» - Шығыс Африкадағы Олдувэй шатқалынан
  2. «Тік жүретін» адам.

Питекантроп - 1891жыл Ява аралынан.

  1. Синантроп - Солтүстік Қытайдан
  2. Неандерталь - Германиядан
  3. «Саналы адам» Кроманьондық адам. Франциядан табылған.

Бүгінгі адамзат баласы осы саналы адамға жатады екен. (Даму сатысы 5-класстан тұрады) .

Енді халықтың шығу тарихын зерттейтін ғылым салаларына тоқталайық. (антропология, этнография, расогенез, глоттогенез, археология)

Монитордан:

1. Этнография - халықтардың қоғамдық құрылысын, олардың арғы тегін, өзара қарым-қатынасын, материалдық және рухани мәдениеттілігін зерттейді.

2. Археология - қазба жұмысы. Заттай тарихи деректер.

3. Расогенез - түр сипаты

4. Глоттогенез - тілдің шығуы.

5. Антропология - адам қаңқасын зерттеу арқылы адамның дене бітімін, сипатын анықтайды.

Осы сыртқы биологиялық қасиеттеріне қарай адамзат баласы үлкен үш нәсілге бөлінеді:

  1. Европоид
  2. Негроид
  3. Моңғолоид

Суреттері.

Біздің жерімізде ерте заманнан бастап мекендеген тайпалардың бет пішіні, түр-тұлғасы туралы деректер қола дәуірінен бастап кездеседі. Одан бұрынғы адамдардың бас сүйектері сақталмаған.

Анторполог Герасимов бас сүйегі бойынша адамдардың пішінін жасаған (суреті)

Андрондықтарға қарағанда сақтарда, сақтарға қарағанда үйсіндерде монғолоидтың белгілері көбейе түскен. Бұл жағдай Қазақстан жерінде әртекті, әр түсті, әр тілді жұрттың тоғысып араласқандығын көрсетеді.

Енді қалай араласқанына тоқталайық.

  1. Ұлы қоныс аударуды бастаған қандай тайпа еді? (ғұндар)
  2. Ғұндар келіп жергілікті қандай тайпалармен араласты? (сақ, сармат, үйсін)
  3. Ғұндар келгенге дейін жергілікті халық қандай нәсілге жататын еді? (европоидтың)
  4. Олармен араласқаннан кейін қандай нәсілдік белгілер қалыптаса бастады? (монғолоидтың)

Түрік дәуірінде түрік тілдес монғолоидтың ру-тайпалар мен жергілікті европоидтың тайпалар арасындағы араласу бұрынғыдан күшейе түседі. Мұндай байланыс келешектегі қазақ халқының антропологиялық құрамының негізін қалайды.

Фенокейпі (түсі) - ат жақты, сұрша, аққұба, сарғыш, көз аясы кең, маңдайы жазық.

Краниологиясы (бас сүйегі) - көз шұңқыры дөңгелек, сопақ, иегі сүйір.

Самотологиясы (дене сүйегі) - ірі

Сонымен, Алтайдан Еділге дейінгі, Оңтүстік Сібірден Сырдарияға дейінгі кең-байтақ қазақ жерінде өмір сүрген ру-тайпалардың тек антропологиялық ұқсастығы ғана күшейіп қоймай, этникалық жағынан да байланыстары дами түсті.

Осы халық болып қалыптасуды қандай жағдай тежеп еді?

(XIII ғасырдың басындағы монғол-татар шапқыншылығы) .

Қанша жылға (150-200 жылға кешеуілдеді) .

Енді мына тапсырмаға назар аударайық.

Ерте, орта ғасырдағы мемлекеттер және монғол империясының ыдырауына байланысты жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер.

Монитордан:

1
2
3
4
5
6
1:

Түрік қағанаты

552-603

2:

Батыс Түрік қағанаты

(603-704)

3:

Түргеш қағанаты

704-756

4:

Қарлұқ мемлекеті

756-940

5:

Оғыз мемлекеті

IХғ соңы-

XІғ басы

6:

Қимақ қағанаты

IХғ соңы

XІғ басы

1: 7
2: 8
3: 9
4: 10
5: 11
6: 12
1:

Қарахан

942-1212

2:

Қыпшақ

XI-XIIIғ басы

3:

Ақ Орда

XIV-XVғ басы

4:

Моғолстан

XIVғ ортасы

XVIғ басы

5:

Әбілхайыр хандығы

1428-1468

6:

Ноғай ордасы

XIV-XVIғ

(Таблица оқушыларға беріледі. Олар қағанаттар мен мемлекеттердің өмір сүрген жылдарын қояды. Тақтамен тексеріледі) .

Бұл тапсырманы бергендегі мақсатымыз қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар осы қағанаттар мен мемлекеттерде бытырап жүрген екен.

  • Әбілхайыр хандығы қанша тайпадан тұрады деп едік (92 баулы өзбек шежіресі) .
  • Тарихшы Рузбихан бұл туралы не айтып еді? (Бұл хандық негізгі үш халықтан - шайбанилерден, қарақалпақтардан, қазақтардан тұрған. Олардың ішіндегі ең көбі және ержүректері қазақтар еді дейді)

Бұл тайпалардың барлығы түрік тілдес болған. Шыңғыс тұқымдарының өздері XIVғ бастап толық түркіленіп, жергілікті тайпалармен сіңісіп кеткен. Қазақтар халық ретінде тарих сахнасына көтеріле бастады.

Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалары басты роль атқарды. Себебі? (онда қыпшақтар басым болды) .

Сонымен қазақ халқы қыпшақ тайпалар одағы мен үйсін тайпалар одағының негізінде қалыптасқан

Халықтың халық болып қалыптасуының бірнеше шарттары бар.

Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тілі тобына жатады.

Этникалық бірлестіктің қалыптасқан үш түрі бар.

Әрқайсысының өзіне тән этностың саласы болады. Бірақ әлі күнге дейін бізде рулық-тайпалық сана басым. «Қай елсің, қай рудансың» деп сұрап жатамыз.

Сонымен осыған дейінгі мәліметтерімізді жинақтай келгенде қазақ халқының қалыптасу тарихын былай көрсетуге болады.

Бірінші кезең - б. з. д VІІI- VІ ғ. ғ (алғашқы)

Ерекшелігі: үйсін, қаңлы тайпаларының шығыстан келген ғұндармен араласуы.

Екінші кезең - Түркі дәуірі б. з. VІІ- ІХғ. ғ

Ерекшелігі: Жергілікті тайпалармен түркі тайпаларының біржолата араласып кетуі. Түркеш, қарлұқ, дулат, нушеби, шігіл, яғма, болат т. б жаңа тайпалардың пайда болуы

Үшінші кезең - б. з. Х-ХІІІ ғ. ғ.

Ерекшелігі: Монғол хандығының күшеюінің әсерінен жеріміздің шығысына найман, керей, меркіт, жалайыр сияқты тайпалардың келіп қоныстануы.

Төртінші кезең- Б. з. ХІІІ- XIV ғ. ғ

Ерекшелігі Жерімізде монғол дәуірі кезіндегі этностық топтардың пайда болуы. Халықтың қалыптасуын тежеген ауыр кезең болды.

Бесінші кезең - XIV-XV ғ. ғ.

Ерекшелігі: Қазақ хандығының құрылуы.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқы қалыптасыуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері
Экология негіздері
Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы
Курсты оқытудың мақсаты
Қазақ халқы қалыптасуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері
Мемлекет және құқық
Қазақ халқының қалыптасуы, 10-сынып
Абайтану таңдау курс бағдарламасы 9 сынып
Республикасының экономикалық және саяси дамуы
Экология негіздері. таңдау курсы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz