Өзендер: 6-сыныпқа арналған физикалық география сабақ жоспары

Астана қаласы

№54 мектеп-лицей

Тақырыбы: Өзендер

Пән мұғалімі: Аяған Медет Ерланұлы

2016 жыл

Пәні: Физикалық география

Сыныбы: 6 «в»

Мерзімі: 21. 01. 2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Өзендер

Мақсаты:

Өзендер алабы, жүйесі, қоректенуі мен шаруашылықтағы маңызын гидросфера туралы білімін кеңейту.

Өзендердің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызына баға бере білуін, шығармашылығын және картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Оқушының өз бетімен жұмыстануға, ойын еркін жеткізе білуге, жаңа ұғымдарды меңгерте отырып, ой-тұжырым жасауға жетелеу, оларды түсіне білуге, өмірде пайдалана білуге үйрету

Күтілетін нәтиже:

1. Өзен бөліктерін, жазық және тау өзендерін ажырата алу

2. Картадан ірі өзендерді көрсете алуы

3. Қосымша ақпараттармен, оқулықпен жұмыс істей білуі

Сабақтың әдісі : баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, карта, глобус, плакат

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасы

Бұл не? Ол кім?

Бейнесіне қарап тап

Әуен

Жаңа сабақ

Сабақты қорытындылау

Кім жылдам?

Географиялық диктант

Уйге тапсырма

Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;

ә) сынып тазалығына мән беру;

б) оқушыларды түрлі түсті қағаздар қиындылары арқылы 5 топқа бөлу. Топ басшыларын сайлап алу

в) назарларын сабаққа аудару.

г) Оқушылар қаламдарын ортаға қояды, мұғалім қай оқушының қаламын таңдаса сол сұраққа жауап береді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

1-кезең. «Бұл не? Ол ким?» (5 топқа ортақ 15 сөз. )

Гидросфера
Сейсмолог
Промилле
Гидросфера: 361 млн км²
Сейсмолог: Толқын биіктігі
Промилле: Көк кит
Гидросфера: Атмосфера
Сейсмолог: Цунами
Промилле: 97%
Гидросфера: Саргассум
Сейсмолог: Толқын қыры
Промилле: 450 мыңкм ³
Гидросфера: Индонезия
Сейсмолог: Жак Ив Кусто
Промилле: Толысу және қайту

Жауаптары:

Гидросфера -жердің су қабығы.

361 млн км² - Дүниежүзілік мұхит үлесі

Атмосфера -жердің ауа қабығы.

Саргассум -мұхит бетіндегі балдырлар

Индонезия -1821 жылы биіктігі 20 м болатын Цунами елді жайпап кетті.

Сейсмолог - жер сілкінісін зерттейтін ғалым.

Толқынбиіктігі - оның табанынан қырына дейінгі қашықтық

Цунами - жер сілкінуден және жанартаулардың атқылауынан туатын толқындар. (жапонша цунами - қойнаудағы үлкен су)

Толқын қыры - тынық су бетінен деңгейінен жоғары көтерілген ең биік бөлігі.

Жак Ив Кусто - мұхитта ғылыми - зерттеулер жүргізген ғалым.

Промилле - судың тұздылығының өлшем бірлігі.

Көк кит -жер шарындағы ең ірі жануар. Денесінің ұзындығы - 33м, салмағы-160т, тілінің салмағы 3 т.

97% - гидросферадағы мұхиттар мен теңіздер үлесі.

450 мыңкм ³ - мұхиттар мен теңіздердің жыл сайынғы булану мөлшері.

Толысужәнеқайту - Айдың және күннің тарту күшінің әсерінен мұхит бетінің көтерілуі және төмен түсуі.

2-кезең. « Бейнесінеқарап тап» . Мұнда цунами, толқын, сейсмограф, саргассум, көк кит, ағыстар, мұхит, Жак Ив Кусто, Калипсо кемесі суреттері беріледі, соған қарап оқушылар табу керек.

Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа тақырыпты ашу алу мақсатында оқушыларға жұмбақ жасырылады.

Туған жердің белбеуі,

Шұбатылып қалыпты.

Керемет-ау кернеуі,

Тасты тесіп жарыпты. ( Өзен)

ІҮ. Жаңа сабақ

а) Ауызша баяндау;

ә) Картаменжұмыс

б) Оқулықпенжұмыс

в) Дәптерменжұмыс (конспект)

Ой қозғау стратегиясы.

Қазақстанда қандай өзендер кездеседі? Өз жерлеріңде қандай өзен бар?

Өзен дегеніміз - табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Біздің ғаламшарымызда миллионнан астам өзендер бар болса, ал Қазақстанда 85 мың өзен бар.

Бастау - өзеннің басталар жерін айтады. Әдетте өзендер басын таулардан алып көл, теңіз, мұхиттарға құяды. Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты өзен алабы деп атайды.

Өзенаңғары - өзен алқабындағы, ұдайы ағып жатқан судың әсерінен төмен түскен жері.

Өзенніңжайылмасы - өзеннің толысып, тасу кезеңінде жағалауларын екі жағынада уақытша жиналатын сулы алап.

Саға - өзеннің теңізге немесе көлге, мұхитқа барып құятын жерін айтады. Өзеннің екі саласы бар: Оң, сол.

Өзендер: Тау өзені, жазық өзені

Мысалы, Шу өзенін ІлиясЖансүгіров былай деп сипаттайды:

Шу әне, тауды тарпып, шыққан тулап,

Ойнақтап, ырғи, жосып таудан тулап.

Асқардың ақтарылған ағы емеспе,

Қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап.

Өзен жүйесінің бөліктері: 1- арна; 2-бастау; 3- атырау; 4- сала ; 5- саға; 6-суайырық .


Ұқсас жұмыстар
6-сыныпқа арналған физикалық география: Өзендер - мектепішілік семинар сабағының жоспары
Физикалық география: Өзендер - 6-сыныпқа арналған ашық сабақ (№15 орта мектеп, Ақтау, 2010)
Өзендер тақырыбына арналған география сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған Физикалық география пәнінің ұзақ мерзімді сабақ жоспары
Интеграцияланған физикалық география: 6-сыныпқа арналған практикалық маршрут
6-сыныпқа арналған физикалық география пәнінің күнтізбелік-тақырыптық жоспары (68 сағат), 2013-2014 оқу жылы
Географиялық карталар мен олардың жіктелуі (6-сынып, физикалық география)
6-сынып физикалық география: Литосфера тарауы бойынша сабақ жоспары мен әдістемелік материалдар
6-сыныптың Физикалық география пәнінің ұзақ мерзімді жоспары: атмосферадан географиялық қабыққа дейін
6-сынып физикалық географиясы: Өзен тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz